Бұлғынды өсіру


Slide 1

Бұлғынды өсіру

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Орындаған: Советбаева Ж

Тобы: ОЗ-407

Тексерген:Тугамбаева. С. м

Семей қаласы 2016 жылы

Slide 2

Жоспар:

Жалпы сипаттама

Таралған жері

Қоректенуі

Терісі мен жамылғы түгінің құрылысы

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Глоссарий Қақпан - аңшылық құралы. Темірден жасалады. Бала Қ. қарсақ, түлкі, суыр, т. б. ұсақ аңдарды ұстауға, ал қазақ Қ. мен тісті Қ. қасқыр, аю, сілеусін, қабылан аулау үшін құрылады. Аңшылық - түз жануарларын аулау кәсібі. Тұзақ - қоян мен құс ұстауға арналған құрал. Аң өсіру - құнды терісі, шипалы мүйізі үшін аңды көбейту; мал шарушылығының бір саласы.

Slide 4

Бұлғын (лат. Martes zibellina) - сусар тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Дене тұрқы 40 - 55 см, құйрығы - 20 см-дей, салмағы 0, 4 - 1, 6 кг. Қазақстанда Алтайдың қылқан жапырақты ормандарында кездеседі. Құлақ қалқаны жалпақ, дөңгеленген ұшы үшбұрышты. Денесіндегі жүндері қалың қою жібектей, түсі - бурыл, сарғыш, қара қоңыр, алқымында кішкене ақшыл дағы болады. Сирағы қысқа, қимылы икемді келеді. Ұсақ жәндіктермен, самырсын жаңғағымен, жидекпен қоректенеді. Кейде жабайы бал арасының балын да жейді. Шыршалы, майқарағайлы ормандардағы ағаш діңдері мен тас қуыстарды мекендейді. Мекендейтін жерлерінен көп ұзамайды, азығы азайған жылдары орманның бір жерінен екінші жеріне қоныс аударады. Табиғи жағдайда 1 жыл 3 айда жыныстық жағынан жетіледі. Бұлар 2 рет (наурыз - маусымда және тамыз - қарашада) түлейді. Бұлғын маусым - тамызда шағылысып, 245 - 300 күннен кейін наурыздың аяғында, 2 - 6 соқыр күшіктен туады. Күшіктерінің салмағы 30 г-дай, дене тұрқы 11 - 12 см. 30 - 36 күнде олардың көздері ашылып, тістері шыға бастайды, ал 3, 5 айда тұрақты тістері қалыптасады. Бұлғын - терісі өте бағалы аң. Терісінен бас киім тігіледі.

Slide 5

Ғылыми топтастыруы Дүниесі:Жануарлар Жамағаты:Хордалылар Табы:Сүтқоректілер Сабы:Жыртқыштар Тұқымдасы:Mustelidae Тегі:Martes Түрі:M. zibellina

Slide 6

Бұлғын- денесінің ұзындығы43-53 см, салмағы 1-2 кг келетін терісі өте бағалы аң. Жүні ұзын, сәнді әрі жылтыр келеді. Аяқтарының және бауырының жүндері сәл тақырлау, ал құйрық жүндері ұзын, қалың болады. Табандары жүнді келеді. Ол жұмсақ қар үстінде оның жүгіруіне қолайлы. Қыста бұлғынның жүні әдемі, үлпілдек, жібектей жұмсақ, қылышықтары жылтылдап тұрады. Жүнінің түсі ашық қоңыр, сарғыштау келеді. Кейде қара қоңыры да кездеседі. Қылшық жүнінің астындағы түбірі ашық күлгін түсті болады. Тырнақтары қысқа және өткір. Осы тырнақтарымен ін де қазады, ағашқа да өрмелеп шығады. Бұлғын - икемді, өте шапшаң қозғалатын аң.

Slide 7

Таралған жері Ол Манғолияның солтүстігінде, Қытайда Жапонияда, Кореяда тараған. Совет одағында бұл аң негізінен Оралда, Батыс және Шығыс Сібірде, Қиыр Шығыста, Алтай өлкесінде кездесетін. Мұндағы бұлғынның мекендейтін жерлерінде 1974 - 1977 жылдары оның саны 665 - 690 мыңдай болған. Бұлғын көбінесе жер бетінде тіршілік етеді. Бұл аң Алтай тауларындағы майқарағай қылқан жапырақты орман аралас, шыршалармен балқарағайлар немесе бұталар аралас өсетін шыршалар аралас ормандарды мекендейді.

Slide 8

Ағашқа шапшаң өрмелеп шығады, соның қуыстарына тығылып жатады, қалың бұталардың арасында да қоныстанады. Ол орман ішінде кездесетін үлкен жақпар тастардың қуыстарында да мекендейді. Кейбір жағдайларда бұлғын қорегі мол жерлерді іздеп, сол маңдағы бұталардың жартастардың, кәрі ағаштардың қуысын паналайды. Ал қайсыбірі жағдайларында жабайы жемістері бар ағаштардың арасын мекендеп, сонымен қоректеніп жүреді.

Slide 9

Қоректенуі Бұлғынның тіршілік еткен жеріне қарай қорек түрлері де алуан болып келеді. Ол көбіне орман тышқанын, шақылдақты, боршаны, ақтиынды, қоянды және басқа да кеміргіштерді ұстап қоректенеді. Бұлғын жаңғақты өзі жұлып жемейді, ол көбіне боршанның, ақтиынның және ұсақ кеміргіштердің жинап қойған қорларын тауып алады да, оларды бітеулей жұтады. Бұлғын қоректерін көбіне іңір қараңғылығында бастап аулайды. Дегенмен де кейде ол азығын күндіз де іздейді. Бірақ негізгі азығы - ұсақ кеміргіштер көбіне іңірде және түнде жүретіндіктен, Бұлғын да сол мезгілде шығады.

Slide 10

Бұлғын бір күнде 150-170 грамм қорек жейді. Егер жемтігі тым үлкен болса, жегеннен қалғанын қардың не бұтаның астына тығып тастайды. Ал ұсақ кеміргіштнрді көп ұстаса, оларды қатарлап жинап қояды. Бұлғын ұстаған жемтігін алдымен миын, бауырын және бүйрегін, кейін қалған жерін жейді. Сондай-ақ бұл аң кішкентай торғайларды, олардың жұмыртқаларын, кездессе аққкіс және аққалақ сияқты ұсақ жыртқыш аңдарды да жейді. Бұлғын қорек іздеп күніне 15-20 километржер жүреді екен.

Slide 11 Slide 12

Тері мен жамылғы түктің құрылысы

Бұлғында 1 тікенекті түкке 44 түбіт, ал жазда 22 түбіт сәйкес келеді. Бұл салыстырмалы қысқа - жіңішке цилиндр пішінді түк. Көп - аз иірілген. Түбіттің негізгі рөлі жеке түптердің аралық өабатындағы ауа арөылы жылу сақтау қабатын құрайды. Түбітті аңдардың әрбір түбі қабықша және жүрек тәріздес қабаттан тұрады. Кутикула немесе қабықшалы қабатбелгілі бір ретпен орналасқан қабықшадан тұрады және қорғаныс қызметін атқарады. Әр түрлі аңдардың түктерінің категорияларының әр түрлігіне Черепицца құрастырып жоғарғы қабықшаның шеті төменгі қабықшаның шетіне жабысады. Осындай формалы қабықшада түктер арқылы су болмауынан сақтайды. Қабықшаның бір - біріне жануының характерімен Степени түктің жылтырауына тәуелді. Жоғарғы жағы тегіс болса, жылтырауы да мықты болады.

Slide 13

Бұлғындар болса құрлықта тіршілік етеді, бірақ олар қыста баспаналарды пайдаланады, сондықтан олардың жүн жабыны түлкілерге қарағанда аз жетілген, бірақ денесі біркелкі түктенген. Нутрий көп уақытын ұсақ су қоймаларында өткізеді, соның әсерінен оның құрсақ бөлігіне арқа мен бүйірге қарағанда суық көп әсерін тигізеді. Нәтижесінде денесінің астыңғы бөлігі үстіне қарағанда қою, бірақ қысқалау болады.

Slide 14

Бұлғындарда алдымен беті және құйрық түбіндегі аймақтар түлейді. Ал жүкті аналық түлкілерде мойын бөлігі бірінші түлейді

Slide 15

50 -60 күні жыртқыш күшіктерінде алғашқы қылдарының жаздық қылға ауысуы жүреді, ол өмірінің 20 -25 күнінде өсе бастайды. Осы кезде бұлғындарда ость пен мамықты қылдары, түлкі мен ақ түлкілерде тек жапқыш қылдары ауысады, ал мамықты қылдар екінші түлеуге дейін сақталады.

Slide 16

Жабайы бұлғындардың терісін түсі бойынша 7 категорияға бөледі.

І - жүн жабыны ерекше қою осьтік қышықтары қара және мамықты қылшығы қою-көгілдір.

ІІ - жүн жабыны қою, осьтік қылшықтары қара-қоңыр және мамықты қылшығы қою-көгілдір.

ІІІ - жүн жабыны аса қою емес, мамықты қылшығының түбі көгілдір және ұшы қою-қоңыр қызыл.


Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылық малдарын өсіру әдістері
Жасанды қоректік ортада өсетін клеткалардың артықшылықтары
Температураға байланысты саңырауқұлақтардың өсу коэффициенттері
Уыт өсірудің морфологиялық және физикобиохимиялық процестері
Латона сорты Романо сорты
Өсімдік клеткаларын өсіру
Клеткаларды өсіру әдісі
Каллус клеткаларын алу және өсіру
Клетка культурасы
Жануарлар жасушаларын өсіру ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz