Қызыл Кітапқа енген түрлердің санын жоғарлатуға арналған биотехниялық шаралар. арналған биотехниялық шаралар. Қарақұйрықтың ҚР-ның оңтүстік аймағында Қарақұйрықтың ҚР-ның оңтүстік аймағында популяциясын ұлғайтуға арналған популяциясын ұлғайтуға арналған биотехниялық шаралар биотехниялық шарала


Slide 1

Қызыл Кітапқа енген түрлердің санын жоғарлатуға арналған биотехниялық шаралар. Қарақұйрықтың ҚР-ның оңтүстік аймағында популяциясын ұлғайтуға арналған биотехниялық шаралар

Орындаған: Советбаева Ж

Тобы: ОЗ-407

Тексерген:Жилкыбаева. С. Д

Slide 2

Шетелдiктер үшiн Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау құқығы аңшылық шаруашылығы субъектісімен жасасқан аң аулауды ұйымдастыру шартының және оның аң аулау құқығын куәландыратын тұратын елінде берiлген құжаттың және жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат алуының, сондай-ақ ішкі істер органдарынан аңшылық атыс қаруын және оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсатының негiзiнде туындайды (Заңның 33-бабы) .

Slide 3

Аң аулау тәртібі

Аң аулау уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлімшелері беретін аң аулауға тиiстi рұқсаттың негiзiнде жүргiзіледi (бұдан әрі -рұқсат) .

Кәсiпшiлiк аң аулауға аңшыда мынадай құжаттар:

1) аңшылыққа қойылатын ең төменгi талап бойынша емтихан тапсырғаны және аң

аулау құқығына рұқсат беру үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасы белгiлеген мемлекеттiк бажды төлегені туралы белгiсi бар аңшы куәлігі;

2) рұқсат; 3) аңшылық атыс қаруын қолданып аң аулаған кезде - аңшылық атыс қаруын сақтау және алып жүру құқығына берген Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының рұқсаты; 4) аушы жыртқыш құстармен аң аулаған кезде - белгiленген тәртiппен берiлген оларды тіркеу туралы құжаттар;

5) аңшылық шаруашылығы субъектісімен жасалған шарттар;

6) аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамалары;

7) кәсiпшiлiк журналы болған кезде жол беріледі. Кәсiпшiлiк аң аулаудың ұжымдық (топтық) нысаны кезiнде аңшылық шаруашылығы субъектісі рұқсатты пайдалану үшiн жауапты тұлға тағайындайды.

Slide 4

Заңсыз аң аулау, жануарлар дүниесін пайдалану(Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 298-бабы) бойынша жазаға тартылады

Slide 5

Балық аулау және балық қорларын қорғау ережелерiн бұзу (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 298-1бабы)

Slide 6

Қасқырларды, шибөрiлердi және сұр қарғаларды олжалауға: 1) жануарлар дүниесiн қорғауды уәкiлеттi органның және оның мамандандырылған ұйымдарының лауазымды тұлғалары, сондай-ақ аңшылық шаруашылығы субъектісінің қорықшылық қызметi қызметтік қаруды пайдаланып және авиа, автомото, көлік құралдарын, оның ішінде қарда жүретін техниканы пайдаланып жүзеге асырған; 2) жануарлардың басқа түрлерiн аулауды аң аулауға берілген рұқсат қолданылатын аңшылық шаруашылығы субъектісінің аумағында жүргізілген (авиа, автомото, көлік құралдарын, оның ішінде қарда жүретін техниканы пайдаланбай) кезде рұқсат талап етiлмейдi.

Slide 7

Мына жағдайларда:

1) аңшы куәлігінсіз;

2) аңшы куәлігінде тиісті жылға аң аулау құқығына рұқсат беру үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгілеген мемлекеттік баждың төленгені туралы белгісіз;

3) iшкi iстер органдарының аңшылық атыс қаруын сақтау және алып жүру құқығына берген рұқсатынсыз, ал шетелдiк азаматтарға - iшкi істер органдарының Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге аңшылық атыс қаруын әкелуге және әкетуге берген рұқсатынсыз; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркеуден өткiзiлмеген аушы жыртқыш құстармен;

5) егер уәкілетті орган өзгеше белгілемесе, аңшылық алқаптардың резервтiк қорында;

6) аңшылық шаруашылығы субъектісімен шарт жасаспай кәсiпшiлiк мақсатта;

7) қолданылуы осы Ережеде көзделмеген олжалау құралдарымен;

8) тегiс ұңғылы аңшылық қаруын қолданып, елдi мекендердiң жерлерiнде, сондай-ақ олармен іргелес аумақтарда, олардың айналасында екі шақырым және ойық ұңғылы аңшылық қаруын қолданып үш шақырым радиуста;

9) уәкілетті органның рұқсатынсыз өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс жерлерiнде;

10) өнiм жинау аяқталғанға дейiн ауыл шаруашылығы дақылдары егілген жерлерде;

Slide 8

11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен табиғатты пайдаланудың жекелеген түрлеріне жол берiлетiн аумақтарды қоспағанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда;

12) қозғағышын iске қосып, авиа-, авто-, мотокөлiк құралдарын, қарда жүретiн техниканы (қасқыр аулауды қоспағанда), шағын көлемдi кемелердi, әуесқойлық (спорттық) мақсаттарда;

13) алкогольмен немесе есірткі заттармен масаю немесе өзге де түрдегі интоксикация жағдайындағы адамның;

14) мүшкiл және дәрменсіз күйге ұшыраған (дауылдан, су тасқынынан, өрттен бас сауғалаған, су айдындары арқылы жүзіп өту кезінде, көктайғақта, аштықтан тұралаған, жылым суларды паналаған суда жүзетiн құстарға) жануарларға;

15) жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупі төнген түрлеріне (оларды Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес олжалау жағдайларынан басқа) ;

16) өзен құндызына, кәмшатқа, күзенге, су тышқанына аңшылық қаруды қолданып;

17) кейiннен қалпына келтiре отырып, аң аулайтын иттердi құтқару үшiн iндердi қазуды қоспағанда, жануарлардың тұрағын бұзып және зақымдап;

18) өзен құндызы тұрғызған бөгеттерді бұзып;

19) түнгi көздеуіштерді және дыбыссыз атуға арналған құрылғыларды, лазерлiк нысана көрсеткiштерді қолданып;

20) жарықтандыру аспаптарын қолданып;

21) дыбыс шығарғыш электрондық құрылғыларды қолданып;

22) пневматикалық, лақтыратын қаруды қолданып (жануарлар дүниесi объектiлерiн иммобилизациялауға және егуге байланысты ғылыми-зерттеу және алдын алу жұмыстарын жүргiзу үшiн садақтар мен арбалеттерді пайдаланудан басқа) ;

Slide 9

23) сауыт бұзатын, өртегіш немесе жарғыш қуаты, ауыртпалық орталығы ауыстырылған оқтары бар патрондарды қолданып;

24) тегiс ұңғылы аңшылық мылтығына қолдан жасалған иір ойықты салмалы (қосалқы) ұңғыны қолданып;

25) бос жерлерді, су бетiндегі өсiмдiктердi жағумен, басқа да өсімдiктерді түбiрiмен қопарып және жойып;

26) өздiгiнен атылатын қаруды, қысқышты, қаусырманы, қапсырманы, кескiштi қолданып, құлама, аулау орларын құрып, адам байқамайтын айқындаушы белгілерінсіз ірі қақпандарды, шатырларды, бастырмаларды, iлмектердi, найзаларды, сүңгі құс желiмін орнату жолымен, түтін салып, жылтыр мұзға, қатқыл мұзға, терең қарға және топырағы жабысқақ сортаңға, шабылған қамысқа айдап шығарып, аюды, тұяқты жануарларды және құстарды аулау кезiнде қақпанды қолданып, қоршауға алып, тағамен аулап;

27) торларды қолданып; су құю арқылы iнінен шығарып (уәкiлеттi органмен келісiм бойынша жабайы жануарларды мекенiн ауыстыру немесе оларды қолда ұстау үшін оларды аулауды қоспағанда) ; 28) жарылғыш құрылғыларды, химиялық және улы заттарды қолданып, уәкiлеттi органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келiсім бойынша тышқан тектес кемiргiштердi (саршұнақтарды, сұр егеу құйрықтарды, аламандарды) жойған кезде, сондай-ақ жануарлардың құтыру эпизоотиясы және басқа аурулары жағдайында улы химикаттарды қолдануды қоспағанда;

Slide 10

29) жануарлар түрлерін рұқсатта көрсетілген мөлшерден тыс және рұқсатта көрсетiлмеген жануарлардың басқа түрлерiн олжалау жолымен;

30) аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамасынсыз;

31) басқа елдерден әкелінген аушы жыртқыш құстарды пайдалана отырып аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлеріне;

32) бүйірден (сақинадан) от алатын оққа арналған бес бүтін оннан алты миллиметр калибрлі иір ойықты қаруды қолданып, әуесқойлық (спорттық) мақсатта суырға;

33) қорықшының немесе жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспектор бастап жүрмей тұяқты жануарлар мен қоңыр аюға;

34) көктемгі аң аулау кезінде аталық үйректі алдамшы үйрексіз немесе тұлыпсыз аулау;

35) тыныштық аймақтары мен өсімін молайту учаскелерінде

аң аулауға тыйым салынады!!!

Slide 11

Жануарлар түрлері

Аң аулау мерзiмдерi

Су тышқан (ондатра)

1 қазан - 15 ақпан

Кәдiмгi тиiн

20 қазан - 15 ақпан

Жанат тектес ит, қарсақ, түлкi, бұлғын, құну, сарғыш күзен, ақ қалақ, ақкiс, сары күзен, сасық күзен, американ су күзенi, кәмшат (ортаазиялықтан басқасы), Сiлеусiн (түркістандықтан басқасы), жанат, қоян (құм қоян, ақ қоян, ор қоян)

1 қараша - 15 ақпан (аң аулайтын ит түрлерімен және аушы жыртқыш құстармен қарсақ, түлкі және қоян аулау солтүстiк аймақта** 15 қазаннан бастап аулау)

Зорман (сары тышқан)

ұйқыдан шыққаннан бастап - 30 сәуiрге дейін

Суырлар*

15 маусымнан бастап ұйқыға жатқанға дейін

Шалшықшылар, жылқышы

1 шілдеден бастап 30 қарашаға дейін (аталық жылқышыны көктемгі аулауға 1 наурыз-30 сәуір кезеңінде 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге рұқсат етіледі)

Бөдене, кептер, түркептер

20 тамыздан бастап 30 қарашаға дейін (аң аулайтын иттермен және қыран құстармен 15 шілдеден бастап ұшып кеткенге дейін бөдене аулау)

Қазақстан Республикасының аумағында жануарларды аулауды өткізу мерзiмдерi

Slide 12

Маймаққаз, қаз*, қарашақаз, үйрек*, қасқалдақ

қыркүйектің алғашқы сенбісінен бастап 30 қарашаға солтүстік өңірлер бойынша**, 15 желтоқсанға дейін оңтүстік өңірлер бойынша *** (аталық үйректерді көктемгі аулауға 1 наурыз - 15 мамыр кезеңінде 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге рұқсат етіледі)

Шiл (аққұр, тундралық, сұр, дала шiлi, сақалды шiл), шіл

қыркүйектің алғашқы сенбісінен - 15 қарашаға дейін (аулайтын иттермен және аушы құстармен 15 тамыздан бастап)

Құр

қыркүйектің алғашқы сенбісінен - 30 қарашаға дейін солтүстік аймақтар бойынша**, 15 желтоқсанға дейін оңтүстік аймақтар бойынша *** (аталық құрларды көктемгі аулауға 1 наурыз - 5 мамыр кезеңінде 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге рұқсат етіледі)

Қоңыр аю (тянь-шань аюынан басқа)

қыркүйектің алғашқы сенбісінен - 30 қараша аталықтары мен қысыр қалған аналықтарын көктемгi аулауға 15 сәуір - 15 мамыр кезеңiнде 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзiмге рұқсат етiледi

Борсық

қыркүйектің алғашқы сенбісінен - 31 желтоқсан

Марал, аскания бұғысы, қабан, құдыр, бұлан

1 қыркүйек - 31 желтоқсан

Сібір елігі

20 қыркүйектен бастап 31 желтоқсанға дейін (аталығына 1 тамыздан бастап)

Сібір тау ешкісі

1 қыркүйектен бастап 31 желтоқсанға дейін (аталығына 1 тамыздан бастап)

Саңырау құр

1 қазан - 30 қараша аталықтарын көктемгi аулауға 1 наурыз - 15 мамыр кезеңiнде 15 күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмге рұқсат етіледi

Гималай ұлары, кекiлiк

1 қазан - 15 желтоқсан

Құндыз

15 қазан - 31 желтоқсан

Қырғауыл

15 қазан - 31 желтоқсан (аң аулайтын иттермен және аушы құстармен 1 қазаннан бастап)

Slide 13

Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы

Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған және республика аумағында сирек кездесетiн, саны азайып келе жатқан әрi құрып кету қатерi төнiп отырған жануарлар мен өсiмдiктер түрлерiнiң жай-күйi туралы мәлiметтердiң, оларды зерделеу, қорғау, өсiмiн молайту және ұтымды пайдалану жөнiндегi қажеттi шаралардың жиынтығы бар негiзгi құжат болып табылады. Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы сонымен қатар Жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi мемлекеттiк кадастрының құрамдас бөлiгi болып табылады («Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1330 Қаулысының 1-т) .

Slide 14

Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына Қазақстан Республикасының аумағында құрғақта, суда, атмосфера мен жер қыртысында еркiн жағдайда тұрақты және уақытша мекендейтiн жануарлар (сүт қоректiлер, құстар, бауырымен жорғалаушылар, қос мекендiлер, балықтар, сондай-ақ ұлутектiлер, шыбын шiркейлер және басқалары) мен өсiмдiктердiң түрлерi (тұқымдастары, өсiп-өнуi) енедi (Қызыл кітап туралы ереженің 2-т. ) .


Ұқсас жұмыстар
Үйректерге арналған биотехниялық шаралар биотехниялық шара
Құстардың тіршілігіндегі маусымдық құбылыстар. Жабайы аңдарды есептеу әдістері
Қызыл кітапқа енген өсімдіктер
Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылықта пайдаланылатын су ресурстары(Өсімдік шаруашылығы)
Transparency International ұйымы - жемқорлықпен күресуге және оның әлем бойынша деңгейін анықтауға бағытталған халықаралық үкіметтік емес ұйым
БҰЙРАТАУ ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІ ТОБЫ
Қызыл кітап беттері
Қазіргі жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкының ақшанесие саясаты
Ұлттық банкының ақша - несие саясаты
Частных детских сада
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz