Астық массасы туралы түсінік. Астық сапасы мен жағдайы


Slide 1

8 ДӘРІС Тақырыбы: Астық массасы туралы түсінік. Астық сапасы мен жағдайы

Жоспар

1. Астық массасының құрамы.

2. Астық массасының құрамына және қасиетіне әсер беретін факторлар.

3. Астық массасы мен оның сапа көрсеткіштері.

4. Астық өнімнің сапасы және оған әсер ететін факторлар

Slide 2

Астық қоймалары көптеген дән, бұршақ, майлы және құрама жемдік дақылдары қабылданады. Көптеген сыртқы өзгешеліктеріне қарамастан барлық астық партияларының өңдеу және сақтау объектісі ретінде ұқсастық жақтары бар.

Астықты өсіру, ору, оны қоймаларға тасымалдау кезінде көптеген қоспа компоненттер қосылады, сондықтан оның құрамын білген дұрыс. Астық массасының құрамына мыналар кіреді:

1. негізгі дақылдардың дәні, тұқымы және басқа түрдегі дәндер де кіреді;

2. минералды және органикалық түрдегі қоспалар;

3. микроорганизмдер;

4. зиянкес жәндіктер;

5. дән ауалық арасы бар қуыстар.

Slide 3

Сонымен астық массасының құрамы тірі организмдер комплексінен тұрады.

Астық массасының жалпы қасиеттері екі топқа бөлінеді: физикалық және физиологиялық болып аталады.

Астық массасының құрамына және қасиетіне әсер факторлардың қатарына мыналар жатады:

- табиғи климаттық жағдай;

- дән және тұқымның сорттық өзгешеліктері;

- астық өнімін ору және оны тасымалдау жағдайлары;

- бастапқы кездегі астықты сақтау жағдайы.

Slide 4

Табиғи-климаттық жағдай дән дақылдардың өсіп дамуына, дәндерінің химиялық құрамына, олардың сандық мөлшеріне көп әсер береді.

Жаңбыры көп болатын ылғалды жерде дақылдың өнімділігі жоғары болады да, бірақ азот мөлшері аз жиналып дәннің белоктық шамасы төмен келеді.

Астық дақылының өнімі пісіп келе жатқан кезде ауаның ыстығы 35°-40°С шамасына көтерілсе, дән құрғап кетеді, керекті пластмасса түріндегі заттардың қозғалысы тоқтап қалады. Ол толығымен пісіп жетілмейді. Егін даласынан келіп түскен астық массасының құрамында өлшемі, салмағы, қалпы, химиялық құрамы, биологиялық өзгешеліктері бар әр түрлі дәндерден құралады. Осының көп өзгешілікте болуы табиғи-климатттық жағдайға көбірек байланысты болады.

Slide 5

Сонымен, астық қабылдау мекемелеріне түсетін әр түрлі дақылдардың астық массасы құрамы бойынша біркелкі болмайды және түрлі-түрлі құрауыштардың жиынтығын құрайды.

Негізгі құрауыш - негізгі астық тобы деп аталған дақылдың (бидай, арпа ж. б. ) дәндері немесе тұқымы.

Астық массасының әрбір дәнінің өзіне тән морфологиялық және физиологиялық айырмашылықтары болады. Олар аналық өсімдіктер мен масақта әркелкі орналасады, толысу кезені де әр мезгілде жүреді. Егін жинағанда астық массасында уатылған дәндер, басқа дақылдар мен арамшөптердің тұқымдары, сабақ пен масақ бөлігінің бөліктері, масақша қауыздары, қылтықтары, құм, шаң т. б. ұшырасады.

Slide 6

Астық массасында әрқашанда микроорганизмдер де болады. Жекелеген дәндер, тұқымдар мен астық массасының қоспалары пішіні мен көлемі бойынша біркелкі болмайды және қоймаға, олар тығыз орналаспайды.

Қатты құрауыштардың арасында ауамен толтырылған саңылаулар болады, ал олар сақтаудағы астық массасының барлық құрауыштарына әсер етеді. Залалданған астық массасында зиянкестер (жәндіктер, кенелер) болуы ықтимал.

Барлық астық топтары, дақылына қарамай, мынадай физикалық қасиеттерімен ерекшеленеді:

-сусымалылығымен,

өздігінен сұрыпталынуыен,

қуыстылығымен,

- газдар мен булардың сорбциясы жөне десорбциясы,

жылылық-физикалық және масса алмасу қасиеттерімен.

Slide 7

Астық массасының қасиеттерін ескермей астық сақтау, өндірістік үлкен шығындарға ұрындырады.

Астықтың сапасын зерттеу негізінде бағалайды.

Көптеген белгілерді тек астық массасынан анықтайды. Өйткені адамдар әр түрлі мақсатта пайдаланғандықтан тауар партияларын ұсынады.

Астық массасының құрамы негізінен егінді техникалық деңгейде өсіруіне, жылдың климаттың ерекшелігіне, астықты жинаудан кейінгі өңдеуіне және егінді жинау сапасы мен әдісіне байланысты болады.

Егінді жинау үрдісіне астық массасында минералды қоспаларда (жер, құм, галька және тағы басқалары) түседі. Қоспалар астық сапасының сақталуы мен қайта өндеу мүмкіндігіне әсерін тигізеді.

Астық партиясы айтарлықтай дәрежеде олардың технологиялық санымен қатар оларды қайта өндеу, тазарту кезінде кенінен қолданылатын толықтығын жақсы сипаттайды.

Slide 8

Астықта массасында болатын микроорганизмдер барлығы астықтың сапасы мен оның сақталуына бірден әсер етпейді. Сақтау кезінде астық массасында тек сапрофитті микроорганизмдер жетімді, және бірінші ретте тасымалдау, бұзылу, ауа және тағы басқа арқылы түсетін торлы саңырауқұлақтар жақсы жетіледі.

Сапрофитті микроорганизмдердін жетілуі астық массаның сапасының органолептикалық көрсеткіштерінін түсінің өзгеру, астық массасына тән емес иістің пайда болуы сияқты көрсеткіштердің төмендеуіне әкеп соғады.

Астық массасының сыртқы түрлері бойынша біртекті және сапа көрсеткіштері болып қабылдау, тапсыру, тиеу, бір қоймадан екінші қоймада сақтауға арналған түріндегі астық партиясы салмағымен есептеледі.

Қазіргі кездегі сапа мәселесі біріншілік мәнге ие болып отыр. Астықтың және оның өнімнің сапа стандартына сәйкес - өнім құрамы қажеттілікті қанағаттандыруға жарамды және тағайындалуына сай болуы керек.

«Сапа» түсінігінің өзі абсолютті емес, керісінше қатысты мағына білдіреді. Тағайындалуына сәйкес бір өнім бірнеше сапаға ие бола алады.

Slide 9

Астық өнімнің тазалығы мен рафинациясы деңгейінің жоғары болуы, оның адамзатқа пайдалылығымен қарама -қарсылықта болады. Тазалық деңгейі жоғары өнімдер экстра кластағы өнімдер қатарына жатады, бірақ биологиялық тұрғыдан алғанда бұл өнімдер тазалығы бойынша төмен өнімдерден пайдасыз болып есептеледі.

Тұтынушы объектісі сапасы-астық өнім құрамының сипаттамасы, оның көмегімен адамзаттың қажеттілігі қанағаттандырылады.

Астық өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігі қазіргі таңда әмбебап сипаттамаға ие.

Сапа және бәсекеге қабілеттілік - бұл кез-келген өндіруші мен кез-келген мемлекеттің тауарлар мен қызметтерді көрсетуге және шығаруға мүмкіншілігінің біріктірілген ұғымы. Бәсекеге қабілеттіліктің факторы мәжбүрлік сипаттамаға ие, ол өндірушіні сапа мәселесімен айналысуға мәжбүрлейді.

Slide 10

Бәсекеге қабілеттілік - көп аспектілі түсінік, оған тауардың нарық, баға, қызмет көрсету, жарнама, сапа және т. б. шарттарына сәйкес белгілері жатады. Сапа бәсекеге қабілеттіліктің аса маңызды көрсеткіші.

Астық өнімнің азық - түлік сапасына әртүрлі факторлар әсер етеді. Олардың аса көп маңыздыларына: шикізаттың сыртқы түрі мен сапасы, өндіру әдісі мен шарттары, буып-түю, тасымалдау мен сақтау жатады. Астық өнім сапасы оның құрамы мен технологиялық қасиеттеріне қарай анықталады.

Шикізат сапасының негізгі көрсеткіштері болып ондағы тағамдық заттардың көп болуы жатады. Олардың мөлшері мен сапасы сәйкес стандарттармен көрсетіледі.


Ұқсас жұмыстар
Астық және бұршақ тұқымдастарын ветеринарлық санитарлық сараптау
Астықтың орудан кейінгі пісіп жетілуі
Астық шаруашылығы - дәнді дақылдар өндіру жүйесі, Қазақстандағы егіншілік кәсібінің негізгі саласы
Еркекшөп Қылтықсыз арпабас
Тың игеру мағынасы
Тың игерудің мағынасы
Өздігінен қызудың шығу көздері
Украинаның логистикалық жүйесі
Тың және тыңайған жерлерді игеру
Қарабидай
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz