САЯСАТ ҚОҒАМДЫҚ ӨМІР ЖҮЙЕСІНДЕ


Slide 1

Саясат қоғамдық өмір жүйесінде

Slide 2

«Саясат» ұғымы

Көне грек тілінде «мемлекетті басқару өнері» дегенді білдіреді.

Саясатты анықтау саясаттың орталық элементі ретінде мемлекетті көрсетеді, ал мемлекеттің өзін саясат туралы ғылымның орталық санаты ретінде қарастырады, ол өзінің ресми бастауын Аристотельден алған, ол саясатты мемлекетпен тығыз байланыстырып, бұл терминді ғылыми айналымға енгізген. Оның анықтауы бойынша, саясат - бұл «отақ игілікке» және «бақытты өмірге» қол жеткізуге қызмет ететін қауымының өркениетті нысаны. Қазіргі заманғы өлшемде саясатты осы тәріздес түсіндіруді баяндауда екі негізгі үрдіс туралы айтуға болады:

мемлекет пен саясатты таптық санаттарда марксизм түсіндіру.

мемлекет пен саясатты үкімет қызметі санаттарында американдық «саясат туралы ғылым» және француздық «саясат ғылымы» түсіндіру.

Slide 3

Саясат түсінігі мен оның шығу тегі

«Саясат» термині мемлекетпен, өкімет билігі қатынастарымен, адамдар мен қоғамға басшылық ету ғылымымен байланысты көне заманғы ұғымдарға негізделген. Мәселен, «полис» қала-мемлекет, «политикос» мемлекет қайраткері, «политейя» конституция.

Дәстүрлі түсінік. Саясат дегеніміз, мемлекеттік және қоғамдық істер, адамдар, әлеуметтік топтар, халықтар мен мемлекеттер арасындағы айқын көрінетін және өкімет билігі жөніндегі қатынастарымен байланысты қызмет саласын білдіреді. Әлеуметтік құбылыс ретінде оған саяси институттар мен ұйымдардың қызмет атқаруы, саяси нормалар мен дәстүрлері, адамдардың басқару қызметі, олардың әлеуметтік-саяси мүдделері мен қажеттері, саяси идеялары мен көзқарастары жатады. Саясат қоғамнан тыс өмір сүре алмайды, қоғам, өз кезегінде, адамдардың өмірлік қызметінің: шаруашылық экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани қызметтерінің өзара байланысты, өзара тәуелді, бірақ едәуір дәрежеде дербес салалар жиынтығынан тұрады.

Slide 4

Қоғам өміріндегі саяси саланың мәртебесі

Саяси саланың басқа салалардан айырмашылығы: ол сөздің белгілі бір мағынасында осыларға қатысты үстемдік рөлін атқарады. Саяси саланың мұндай жағдайы оның ауқымында қабылданған заңдарды, шешімдерді, жарлықтарды, нұсқауларды барлық қоғамдық салалардың міндетті түрде орындауына байланысты болады. Осыған орай, саяси саланың, әсіресе, қоғам дамуының өтпелі және күрделі кезеңдерінде тиісінше артықшылықтары болады. Сонымен бір мезгілде, саясат саласы қоғамның барлық басқа салаларымен тығыз байланыста, соларға тәуелді болады.

«Саяси» және «әлеуметтік» бірегей құбылыстардың ара-қатынасы. Кез келген әлеуметтік құбылыс өзінің өкімет билігі ығына еруінің дәрежесі мен деңгейіне қарай саяси белгілерін, саяси сипатының «алуы» немесе олардан «айрылуы» мүмкін. Қоғамдағы «саясат» атаулының бәрі әманда әлеуметтік, бірақ әлеуметтік атаулының бәрі әлеуметтік болмайды немесе «саясатқа» айналмайды.

Демек, қоғамда тәртіпті сақтау мен басқа міндеттерді шешу үшін өкімет билігі мен беделі бар қоғамдағы құбылыстарға, институттар мен қатынастарға қатысы бар нәрселердің бәрін саясат деп түсінеміз.

Slide 5

Маркстік теория

Маркстік теорияда саясат мемлекетпен және мемлекеттегі билікпен байланысты таптар күресінің саласы ретінде анықталады. Саясат туралы ағылшын тілді және француздың саясат туралы ғылымында саясат термині мемлекеттік басқару мен басқару қызметін жүзеге асыратын адамдар қызметімен бір мағынада байланыстырылады.

«Саясат ғылымы»- бұл мемлекеттің, сондай-ақ оның өкіметінің сипаты мен қызметтері туралы ғылым, үкімет органының көмегі арқылы мемлекет билігін жүзеге асырады. Саясатқа мұндай түсінік беруге саясатты әлеуметтану тұрғысынан ұғыну қарсы тұрады. Саясат саласында әңгіме жиынтық әлеуметтік субъектілер - ұлттар, таптар, ірі қоғамдық қозғалыстар туралы болуға тиіс. Атап айтқанда, олар істің шын мәнінде, «сайып келгенде» саясат субъектілері болып табылады және саяси партияларға, одақтарға, т. т ұйымдасқан өздерінің өкілдері арқылы жария өмірге қатысады.

Slide 6

Қазіргі көзқарас

Адамдар мүдделер бөлінісі туралы мәселеде келісе алмайтын, бірақ мұндай алауыздықтарды шешудің бері салғанда бірнеше процедурасын қолданатын жерлерде саясат бар. Демек, адамдар өздерінің төл мүдделері үшін бір- бірімен соғысатын, «Менің оны алуға хақым бар» деудің орнына, «Мен оны аламын» деп өңеш жыртатын табиғи ахуалда (табиғат ахуалында ) саясат болмайды. Саясат, сондай-ақ қоғамда құқықтар мен міндеттер туралы берік те толық келісім бар жерлерде де жоқ. Әрине, осынау анықтама сананың ықтимал ерекшеліктеріне және адамдар жасалған ережелерді қабылдамай ма деген сұраққа байланысты саясаттың болатын - болмайтыны туралы ештеңе айтпайды деп дауласуға болады, Егер адамдар «жасырын алауыздықтар» ұғымын мойындайтын болса, онда саяси қызмет өрісі үшін тағы да шектеу жоқ. Саясаттың мазмұны қоғамның жетекші әлеуметтік топтарының, таптарының немесе күштерінің мүдделерімен анықталады. Саясат мазмұны оның мақсаттарынан, бағдарламалары құндылықтарынан, ол шешетін проблемалары мен міндеттерінен, саяси шешімдерді қабылдау мен жүзеге асырудың себеп - салдарына, тетіктерінен, тәсілдері мен әдістерінен көрініс табады.

Slide 7

Саясатты әр алуан тұрғыда түсіндіру

Саясат және билік

Көптеген саясаттанушылар саясат «билік» санаты арқылы түсіндірілуге тиіс деген пікірді ұстанады. Билік санатын пайдалану қажеттілігі саясат саласы тек мемлекет пен саяси жүйенің ғана қызметі шегінен шығады дегенді негізге алады.

Саясат және мүдде

Саясаттануда саясатты мүдделер тұрғысынан қарап ұғыну бар. Мұндай көзқарасты жақтаушылар саяси процестер мен құбылыстардың жасалуының алғашқы тетігі ретінде адамдардың топтық қажеттері мен осының негізінде пайда болатын әлеуметтік ( экономикалық, саяси, мәдени және басқа да) мүдделер болатынына назар аударды.

Slide 8

Саясат түрлері мен бағыттары

Ішкі саясат

Қазіргі құрылысты сақтауға немесе реформалауға бағытталған мемлекеттің, оның құрылымдары иен институттарының экономикалық, демографиялық, әлеуметтік-ықпалдастық, мәдени, жазалау және т. Т қызметі бағыттарының жиынтығы болып табылады. Ішкі саясатты жүзеге асыру үшін мемлекет әртүрлі құралдарды: заңды, нормативтік кесімдерді, салық тұтқалары мен жеңілдіктерді, әлеуметтік - беделді және әлеуметтік беделді емес қоғамдық мәртебелерді және басқаларын пайдаланады

Сыртқы саясат

Мемлекеттің сыртқы саясат қызметінің басқа да субъектілерімен: мемлекеттермен, шетелдік партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, дүниежүзілік және аймақтық ұйымдармен қатынастарды реттейтін халықаралық аренадағы қызметі. Сыртқы саясат мемлекеттің экономикалық, демографиялық, әскери, ғылыми-техникалық және мәдени әулетіне негізделеді.

Slide 9

Саясаттың объектісі және субъектісі

Субъектісі дегеніміз белсенді іс-қимыл жасайтын және сана-сезімді, ерікті тани білетін, ие болатын жеке дара адам немесе әлеуметтік топты; объекті дегеніміз субъектінің танымдық немесе өзге де қызметінің бағытын білдіреді. Осыны негізге ала отырып, саясат субъектісі саясат объектісіне бағытталған мәндік-тәжірибелік саяси қызметті иеленуші ретінде түсіндіріледі. Саясат субъектісі не дәстүрлі түрде мыналар жатады: жеке дара адамдар (қатардағы немесе саяси көшбасшылар) ; әлеуметтік топтар-ұжымдар, этникалық топтрар, діни қауымдар, саяси бекзаттар, таптар, бұқара халық, азаматтық қоғам, халықтар, ұлттар, өркениеттер, саяси институттар (мемлекет, саяси партиялар, қоғамдық-саяси және азаматтық қозғалыстар) . Батыс саясаттануында саясат субъекттісін үш топқа бөледі: А) парохиальдық субъектілер - бұл өздерінің тікелей, жергілікті, күнделікті мүдделерін іске асыру жөнінде қам-қарекет жасайтын және өзінің қатысуын, өзінің саяси ролінің саяси салдарын мойындамайтын жеке - дара адамдар; Б) қоласты субъектілері - өзінің саяси рөлі мен мақсатын түсінеді, бірақ олардың шегінен шығу, саяси өмірге дербес ықпал ету мүмкіндіктерін көре алмайды ; В) қатысушы субъектілер - өздерінің мақсаттарын және оларды іске асыру жолдарын айқын түсінеді, сондай-ақ бұл үшін институциялық тетіктерді ( партияларды, қозғалыстарды және т. т ) пайдаланады.


Ұқсас жұмыстар
ПЕДАГОГИКАНЫҢ ШЫҒУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
ДӘРІС Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану
Огюст Конттың еңбектері
Тұлғаның дамуы
Тіл білімінің салалары
Қазақстандық елжандылық, этносаралық келісім туралы ақпарат
САЯСАТТАНУ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ
Саясат және оның қызметтері}
Саясат
Әлеуметтік топтар, қатынастар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz