Адам ресурстарын тұрақты дамыту: басқару, даму факторлары және бағалау әдістемесі


Slide 1

Топты басқару және тиімділік

Slide 2

Адам ресурстары

«Адам ресурстары» түсінігі - экономика ғылымының негізін салушы санаттардың бірі болып табылады. Бұл түсінік әлеуметтік-экономикалық жүйенің ауқымды мәселелерін шешуімен байланысады. Адам ресурстарын дамыту, басқару және жүзеге асыруға қатысты «Адам ресурстары» санатын және мәселелерін талдау тұрақты даму шартында ерекше өзектілікке ие. Адам ресурстарының тұжырымдамалық ережесінің теориясы, қазіргі постиндустриялды қоғамның даму үдерісінде ең маңызды басымдығы және белсенді субъектісі, басты мақсаты адам болып табылатынын білдіреді.

Адам ресурстарын дамыту сыртқы ортаның өзгеруіне бейімделген адамның мүмкіндіктерін үздіксіз, тұрақты кеңейту үдерісі болып табылады. Бұл кезде адам дамуының әр кезеңінде негізін қалаушы ретінде үш басты мүмкіндіктер танылады - лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ететін ресурстарға еркін қол жеткізу; белсенді, салауатты, ұзақ өмір сүру; өмір сүру ағысында үздіксіз қажетті, кәсіби білім алу. Бұл тұжырымдамалар адам ресурстарын дамыту теориясының негізін қалайды және қоғамның әлеуметтік прогрестік өлшемдерін қалыптастырады.

Slide 3

«Адам ресурстары» түсінігіне көзқарастардың қалыптасуы

Шетел экономистері

А. Смит

Негізгі капиталға еңбек құралдарын, ғимараттарды, жерді, сонымен қатар «қоғамның барлық тұрғындары мен мүшелерінің бойындағы пайдалы қабілеттерін» енгізді. Бұл қабілеттер нақты бір тұлғаның ажырамас бөлігі болып табылады, сонымен қатар осы тұлғаның өмір сүріп отырған қоғам байлығының бір бөлігіне айналады.

Г. Беккер,

Т. Шульц

Адам капиталы - индивидуумның пайда әкелу істерін, жеке жұмыскердің қабілеттерін, білімдерін, біліктілігі мен дағдыларын бағалау.

Р. Макинтайр

Адам ресурстары кең мағынада тауарлар мен пайдалы қызметтер өндірісінде қолданыста бар немесе қолданыла алатын тұрғындардың белсенділігін, кәсіби біліктілігін, дарыны мен білімін сипаттайды.

Slide 4

С. А. Капелюшников

Адам ресурстары - бұл әрбір адамда бар, капиталды құрастырушы болып табылатын білімдердің, қабілеттер мен мотивациялардың қоры, өйткені оның қалыптасуы ағымдағы тұтынуға зиян келтіре отырып қаражат бөлуді талап етеді де, олар өнімділікті арттырудың қайнар көзі ретінде қызмет етеді.

Г. Г. Меликьян, Р. П. Колосова

Адам ресурстары материалдық ресурстар сияқты елдің экономикалық дамуында көрініс табады. Бұл бір жағынан материалдық игіліктерді дайындайтын, екінші жағынан олардың тұтынушысы болып табылатын адамдар.

Ресейлік экономистер

Slide 5

Қазақстандық экономистер

Slide 6

Адам ресурстарын оқыту және қайта даярлау кезінде әлемдік стандарттарға сүйену қажет.

Бұл қағидаттардың әлі де кеңейтілетініне келісеміз, әйтсе де, азаматтар үшін келесі үш басты мүмкіндіктер өзгертілмейтіндей болу қажет: сапалы өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге қажетті ресурстарға қол жеткізуде еркін мүмкіндіктері болу қажет; ауырмай, ұзақ және белсенді өмір сүруге мүмкіндігі; өмір сүруі кезінде үздіксіз өзі қалайтын және кәсіби қажетті білім алуы қажет.

Адам ресурстары дамуының үдерісі болып жатқан экономикалық және әлеуметтік құбылыстар мен үрдістердің қозғалыс күштері болып табылатын көп түрлі факторлардың әсерімен жүзеге асырылады. Осы үдерістің ерекшелігінен адам ресурстарының даму факторларын тікелей (ішкі) және жанама (сыртқы) деп жіктеуге болады. Тікелейге адам ресурстарының даму нәтижесіне шешуші әсер ететін және адамның басты қажеттілігіне сәйкес келетін - демографиялық жағдай, денсаулық сақтау және білім беру, материалдық жағдай, жұмыспен қамту және қоғамның криминогендік деңгейін жатқызылады. Жанама немесе сыртқы фактор ретінде, адам қабілеттерін қалыптастыруды қамтамасыз ететін жалпы жағдайлар және оларды кейінгі әртүрлі өмірлік іс-әрекеттерінде жүзеге асыруында, автор табиғи, техникалық, экономикалық, экологиялық, ақпараттық және аймақтық институционалдық жағдайларды қарастырады. Осы факторларға мемлекеттік шарттардың әсерінен аймақтың адам ресурстарын дамытуды басқару үдерісі туындайды

Slide 7

Адам ресурстарының дамуы қағидаттары

Slide 8

Адам ресурстарының тұрақты дамуы

Адам ресурстарының тұрақты дамуы - олардың табиғи, әлеуметтік-психологиялық және интеллектуалдық қабілеттерінің позитивті өзгеруі нәтижесіндегі сыртқы орта мен қоршаған ортаға зиянын тигізбейтін әртүрлі іс-әрекет саласындағы әрбір адамның мақсаттарын жүзеге асыруы мен мүмкіндіктері ауқымының кеңеюін қамтамасыз ететін үздіксіз үдерісін білдіреді. Бұл үдерістің жүзеге асырылуы адам ресурстарын дамытуға жеке адамның өзімен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік билік органдарының, әртүрлі деңгейдегі қоғамдық институттардың үйлесімділігін талап етеді адам ресурстарының тұрақты дамуын басқару жинақталған әлеуетті жетілдіру және сақтауды қамтамасыз ететін, адам ресурстарына үздіксіз және мақсатты әсер ету үдерісін білдіреді. Адам ресурстарының тұрақты дамуын басқарудың алғышарты болып олардың даму жағдайына дұрыс баға беру болып табылады.

Slide 9

Кәсіпорынның адам ресурстары

Аймақтың адам ресурстары


Ұқсас жұмыстар
Адам ресурстарын басқару стратегиясы және кадрлық саясаттың негіздері
Адам ресурстарын басқару: тұжырымдамалар, кадрларды кәсіби бағдарлау және бейімделу
Тұрақты даму тұжырымдамасы: тарихи қалыптасуы, факторлары және халықаралық ынтымақтастық
Швециядағы адам ресурстарын басқару және шведтік еңбек моделінің ерекшеліктері
Кәсіпкерлік тәуекелдер: түрлері, факторлары, бағалау және басқару әдістері
Ұйымдағы персоналды басқару: тұжырымдамасы, жүйеге әсер ететін факторлар және адам ресурстарын жоспарлау
Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер: түсінігі, жіктелуі, факторлары, бағалау және басқару әдістері
Адам мінезінің қалыптасуы: қасиеттері, құрылымы және даму факторлары
Еңбек ресурстарын басқару және жоспарлау: ҚазМұнайГаз тәжірибесі
Кәсіпкерлік қызметте еңбек ресурстарын қалыптастыру: көрсеткіштер және персоналды басқару мен бағалау әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz