ҚАЗАҚСТАН САЯСИ ОЙЛАРДЫҢ ТАРИХЫ


Slide 1

Қазақстан саяси ойлардың тарихы

Slide 2

Құлдық дәурінің саяси ой-пікірлері

Б. э. дейінгі (І-ІІ мың жылдықты) ежелгі Египеттіктердің қытайлықтардың, үнділердің, гректердің, римдіктердің әлеуметтік саяси түсініктері діни-аңызға негізделген сипатта болды. Олардағы өкімет билігі, басқару тәртіптері көбінесе құдаймен байланыстырылды.

Б. э. д. VIII -VI ғасырларда сол кездегі өмірде, тіршілікте адамдар арасындағы қатынастарда оның ішінде мемлекет, билік, құқық, ұғымдары, бұрын беймәлім болып келген өзге де жаңа пікірлер айтыла бастады. Соңдай-ақ, діни-аңызға негізделген көзқарастардан біртіндеп арылу тенденциясы да байқалды. Ендігі жерде өмірге көзқарас көбінесе ғылыми негізге сүйене бастады. Көзқарастардың бұлай өзгеруіне Заратуштраның (Перссия), Конфуцийдің, Мо-цзының (Қытай), Будданың (Индия) ілімдері басты рөл атқарды.

Slide 3

Ежелгі Шығыс және Грек ойшылдарының саяси идеялары

Конфуций

Ежелгі Қытай ойшылы Конфуций (б. з. д. 551-479 ж. ж. ) өзінің саяси доктринасын моралды максималарға негіздендірді, үлгілі адам концепциясын жасады. Конфуций бойынша, ондай адам адмгершілікті (жень), адал, таза ниетті болуы керек. Ойшыл идеяларын жанұйя, қоғамға, мемлекет ұйымдастыруға байланыстырған. Конфуций ел басқарудың «адамгершілікті басқару» принципін ұсынды. Басшы адам негізгі шешім қабылдауда тұрақты және адал болып өз халқының жағдайын ойлап түру керек деген. Дана адам-басқарушы жақсы біледі - адамның бәрі абырой мен байлаққа үмытылады, ал кедейлік пен беделсіздіктен қашады. Жалпы айтқанда, Конфуций үшін әлеуметтік дифференциацияны жақтау және қоғам мүшелері арасында міндеттерді иерархиялық бөлу сипаттамалы.

Гераклит

Гректің ойшылы Гераклит б. э. дейінгі шамамен 520-460 жылдарда өмір сүрген. Ол: "Әлемде бәрі қозғалысқа түсіп, бәрі біртіндеп өзгеріске ұшырайды" - деп әлеуметтік теңсіздік жаратушы күш арқылы реттеледі деп түсінді. Аристократия жағыңдағы Гераклит құлдықтың сақталуын қорғап, мемлекеттегі зандардың тұрақты болуына үлкен мән береді.

Гераклит: "қарама-қарсылықтар бірінсіз-бірі өмір сүре алмайды. Яки белгілі бір қарама-қарсылық, екінші бір қарама-қарсылыққа өтеді. "Суық жылынады, жылылық суынады, ылғал кебеді, құрғақ ылғалданады" деген тұжырымға сүйенген ол өмір мен өлімді, түзу мен қисықты, жақсылық пен жамандықты, күн мен түнді, жоғары мен төменді бір таяқтың екі ұшы іспетті деп біледі. Бұлар бір-бірімен бірлестікте әрі қарама-қарсылықта. Қарама-қарсылық өзара мәңгі күресте.

Slide 4

біртүтас ілім тарихы

Әйгілі ежелгі грек ойшылдары Платон және Аристотель алдынғы тарихи материалдарды талдап саяси өмір туралы біртүтас ілім құрастырған. Платонның (б. з. д. 427-347) мемлекет жайлы ойының философиялық негізі - идеализм болып табылады, ол мемлекеттің идеалды ұлгісін құрастыруін мақсат еткен. Идеалды мемлекет туралы Платон «Мемлекет», «Заңдар», «Софист», «Парменид» еңбектерінде айтады, бұнда ол адал мемлекетті адам мен салыстырады, мысалы: адамның жанының үш бастамасына (ақылдығы, каһарлығы мен қозулығы) мемлекеттің үш бастамасы сәйкес (келісімділігі, қорғаныстығы, іскерлігі) . Ал осы соңғы үш бастамаға елдің ұш қатары сәйкес: басшылар, жауынгерлер, жұмысшылар. Адалдыққа келгенде, осы әр қатардың адамдары тек өз қатарымен араласып тек өзінің ісімен айналысуы керек, сонымен басқа қатардың жұмысымен араласпасын дейді. Және де осы бастамалар бір бірінің алдында иерархиялық бағынуда болғаны міндетті, мысалы: ақылды бастаманың өкілдері - философтар басшы болу керек, қаһарлық - жауынгерлер елін қорғау керек, қозулық бастаманың өкілдері - жұмысшылар ел басшыларына жағдайын жасап бағынуі міндет.

Slide 5

Платон

Платон, ең дұрыс идеалды мемлекетті іріктелген, асыл тұқымның адамдары басқарады, басшысы бір болса - монархия, ал ақ сүйекті басшылары бірнеше болса - аристократия болады. Платон аристократиялық басқаруды идеалды деп белгілейді және оған керісінше нашар мемлекеттті басқару түрлерін көрсетеді. Егер елде осындай иерархиялық бағыну жойылса, жер мен ұйлер жеке меншікке айналса, құлдар еркін адам қатарына қосылса, таза асыл тұқымды ақ сүйекті адамдар шекке шығарылып, атаққұмарлық адамдардың билігі - тимократияорнайды. Бұл мемлекеттің адамдары басшылыққа дана, ақылды адамды жолатпайды, және байлық біршама адамның қолында ғана болғандықтанолигархия - азғантай бай адамдардың билігі орнайды. Сонымен, кедейлік көбееді, бай адамдарға жек көрушілік белгілі бір уақыттан кейін міндет түрде төнкеріске келтіреді, ал осының нәтижесінде халық билігі - демократия пайда болады. Платон бойынша, осы кезде «шексіз бостандық» адамдарды бұзады, қара тобыр адамдар билікке сайлаған адамын шығарады, ал қара тобыр халық көбіне сауатсыз болғандықтан билікке ешқандай дайынғы жоқ адамды шығарады. Ондай адамның билігі белгілі бір уақыттан кейін тиранияға - қатал, мейірімсіз, езуші адамның билігіне айналады. Сондықтан, тирания - басшылықтың ең нашар түрі. Платон айтқан: «Заңға бағынбайтын мемлекет тез қирайды, ал егер де басшы - заң болса мемлекет өрлейді, елі Құдайлардың ризалығында болады».

Slide 6

Аристотель

Аристотель(б. з. д. 384-322) мемлекет деген де оны Полис - ежелгі грек еліндегі қоғам мен мемлкеттің саяси-экономикалық ұйымы, қала-мемлекетті айтады. Негізгі саяси еңбектері - «Саясат», «Афиналық полития», «Этика», «Риторика». Аристотель бойынша, биліктің дұрыс түрі - монархия, аристократия, политияны жатқызады. Ал бұрыс түріне - тирания, олигархия мен демократияны.

Аристотель бойынша, демократия белгілі бір уақыттан кейін охлократияға - қара тобыр адамдардың билігіне айналады. Жалпы айтқанда, ойшыл демократияның барлық түріне қарсы болған. Аристотель: «адам - саяси жануар» деген.

Орта Заман саяси ой діннің ықпалы түседі. Үкімет басында дін иелері болды. Билік Құдайдың құдіретінен деп шығарылды. Осы заманның көрнекті өкілдері -Аврелий Августин, Фома Аквинский және көптеген басқалары. А. Августиннің саяси көзқарасы «Құдай қаласы туралы» деген еңбегінде баяндалған.

Христиан дінінің теориясын жасап, шыңына жеткізген монах Фома Аквинский (1225-1274) өмір сүрді. Оның саяси көзқарастары "Билеушілердің басқаруы туралы", "Теологияның жиынтығы" деген еңбектерінде қаралды.


Ұқсас жұмыстар
Аристотель - саяси ғылымның негізін қалаушы
Ежелгі батыс елдері
Әлемдегі саяси ойлардың дамуының негізгі кезеңдері
Қазақстандағы дамуы, саяси ойшылдар
Қазақстандағы экономикалық көзқарастардың пайда болуы және дамуы
Саяси ойлардың Қазақстандағы дамуы, саяси ойшылдар
ҚҰҚЫҚТЫҚ ІЛІМДЕР
Римнің саяси ойлары
Ежелгі Грекияның мемлекеттік формасы
Даосизм - байырғы Қытай философиясындағы негізгі бір бағыт
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz