Ежелгі Үнді философиясы туралы


Slide 1

Ежелгі Үнді философиясы

Slide 2

Ежелгі Үнді философиясының ерекшеліктері

Көне Үнді философиясын зерттеуші ғалымдар философия ғылымының бастауы, бүкіл Шығыстың философиялық идеяларының қайнар көзі Үнді елі, ең бастысы - Үнді ойшылдары адамзатты осы күнге дейін толғантып келе жатқан мәселелерді көне заманның өзінде-ақ қоя білді деп есептейді.

Slide 3

Варна

Көне Үнді қоғамы төрт варнаға бөлінді: брахмандар, кшатрийлер, вайшьялар және шудралар. «Варна» сөзі «түс, қабық, бояу» дегенді білдіреді, әр варнаның өз түсі болды.

Варна - тұйық жүйе, варнадағы орны және әр варнаның қоғамдағы орны қатаң сақталынды. Мысалы, некелік қатынастар тек бір варнаның щеңберінде ғана жүзеге асырылуы тиіс, бір варнадан екінші варнаға өтуге болмайды және әр варнаның өкілдері кәсіптің белгілі бір түрімен ғана айналысты. Брахмандар - ой еңбегімен, кшатрийлер - әскерн істермен, вайшьялар - жер өңдеумен, қолөнермен және саудамен, ал шудралар - қара жұмыспен шұғылданды. Тағы бір ерекшелік - варналарға қатаң бөліну қазіргі заманғы Үнді мемлекетінде бүгінге дейін қатаң сақталып отыр. Қазіргі заманғы Үнді мемлекетінің дамуын тежеуші факторлардың бірі осы болуы да мүмкін.

Slide 4

Көне Үнді философиясының басты ерекшеліктері:

ғылыми оймен байланысының аздығы;

жеке тұлғалық сипатының нашарлығы;

діни-мифологиялық оймен тығыз байланыстылығы;

философиялық ой ескерткіштерінің хронологиялық жағынан жүйесіздігі және белгісіздігі;

негізгі философиялық үғымдардың мән-мағынасының күрделілігі және сантүрлілігі.

Slide 5

Негізгі философиялық ескерткіштері

Ежелгі Үнді философиясының бастауы - біздің дәуірімізге дейінгі II және I мыңжылдықтарда қалыптасқан Ведалар, олар тек Үнді елінің ғана емес, бүкіл адамзаттың көне әдеби ескерткіштері болып саналады. Кейінірек Көне үнді тілі санскритте жазылып алынған Ведалар Үнді қоғамының рухани мәдениетінің, философиялық ойларының қалыптасып-дамуында айқындаушы рөл атқарды.

Slide 6

Самхиттер - кұдайларға арналған гимндер жинағы; ең көнесі Ригведалар 1028 гимннен тұрады;

Брахмандар - діни салт өлеңдер жинағы, философиялық маңызы зор болмаса да, Самхиттер мен Упанишадаларды байланыстырып тұр.

Аранъяктар - «Орман кітаптары» - қоғамнан бөлектенушілерге, орман кеңістігінде ақиқат пен табиғат туралы ойға берілушілерге арналған ережелер жинағы. Қоғамнан бөлектенудің өзі «іс-әрекет жолынан» «білім жолына», тереңірек пайымдау жолына көшуді білдіреді.

Упанишадалар - философиялық мазмұны терең, рационалистік сипаты басым бөлім, Ведаларды аяқтаушы болғандықтан кейде веданта («Ведалардың соңы») деп аталады. Алғашқы упанишадалар шамамен алғанда біздің дәуірімізге дейінгі VII-VI ғасырларда қалыптасып, ХІІ-ХІІ ғасырларға дейін жалғасты. Upani-sad («қасында отыру»), яғни ұстаздың аяғының жанында отырып, уағыз тындау, «жұмбақ білім» дегенді білдіреді. Упанишадалар - ұстаздың шәкіртпен диалогәңгімесі, оның тақырыбы - болмыстың алғашқы бастауы, сол арқылы табиғат пен адамның бойындағы құбылыстар түсіндіріледі.

Ведалар 4 бөліктен тұрады:

Slide 7

Көне Үнді философиясының негізгі мектептері

Жайнизм - көне Үнді философиясының маңызды бағыттарының бірі, аттары аңызға айналған 24 тақуа-тиртханкар дамытқан. Олардың соңғысы - біздің дәуірімізге дейінгі VІ-V ғасырларда өмір сүрген, Джина (Жын) немесе, Жеңімпаз деген атқа ие болған ойшыл Махавира болды. Жайндардың көзқарастарында олардың өмір сүрген кезендеріне байланысты ерекшеліктер болғанымен, мынадай төрт тиым салуды олар бұлжытпай сақтады: ахимса - тірі мақұлықтардың ешқайсынының өміріне зиян келтірмеу; астейя - ұрлық жасамау; сатья - шыншылдық; апариграха - үйірсектікке (М. Әуезов өзінің «Будда» еңбегінде осы ұғымды «жабыспау» деп аударған) тиым салу. Махавира бұл тиымдарға бесіншісін -брахмачаръя - некеден бас тартуды қосты. Жайн монахтары ұстанулары тиіс осы тиым салулар екі мың жарым жыл бойы қатаң сақталып отырғанын ескерте кеткен дұрыс. Уақыт өте Махавираның жолын қуушылар екі бағытқа бөлінді: дигамбаралар («ауа киіндіргендер») және шветамбаралар («ақ кигендер») .

Slide 8

Жайндардың онтологиясының субстанциясы

джива - тірі, жан, рухани субстанция; дживалардың саны шексіз көп;

зат;

кеңістік;

қозғалыс пен тыныштықты бейнелейтін дхарма мен адхарма;

уақыт.

Slide 9

Субстанция

Жайндардың пікірінше, субстанциялар мәңгі және өзгермейді, өзгеретін олардың көріністері ғана, заттан басқа субстанциялар бөлінбейді және формалары жоқ, яғни, олар сезім мүшелері арқылы қабылданбайды, сезілмейді және денесіз. «Тірі» болып есептелетін дживадан басқа субстанциялар «тірі емеске» жатады.

Бұл субстанцияларды қысқаша сипаттасақ, барлық субстанциялар оларды өзіне сиғызатын кеңістікте өмір сүреді. Кеңістік үздіксіз, бірақ адам оны көз алдына елестете алуы үшін жайндар оны сансыз көп идеалдық бірліктерге - прадешаларға бөлінеді деп түсіндіреді. Жайндар шексіз кеңістікті екіге бөледі: көрінетін әлем кеңістігі - «дүние» (лока) және «дүние-емес» (а-лока), соңғысына көрінетін кеңістік пен прадешалардың шексіз саны кіреді

стхула-стхула - «өте дөрекі», қатты заттар.

стхула - «дөрекі», сұйықтар;

стхула - сукшма - «дөрекі-нәзік», көлеңкелер және айнадағы бейнелер;

сукшма-стхула - «нәзік-дөрекі» көзге көрінбейтін газдар, иістер;

сукшма«нәзік», ешқандай сезім мүшелері қабылдамайтын карма, энергия;

сукшма-сукшма - атом секілді «өте нәзік» зат.

Slide 10

Үнді философиясының басты ағымы

Буддизм - көне Үнді философиясының басты ағымы, буддизм дінінің негізінде дүниеге келген. Негізін қалаушы - біздің дәуірімізге дейінгі 560-480 жылдары Гималайдың бауырындағы Капилавасту мемлекетінде өмір сүрген Сидхартха Готама (философиялық әдебиеттердің көбінде Сидхарта Гаутама деп жазылып жүр) . Жас шағында бақытты, төрт құбыласы тең болып өмір сүрген Гаутама өмірдің кәрілік, ауру, өлім секілді жағымсыз құбылыстарымен кездескен соң адамды азап-қасіретке толы мұндай өмірден құтқару керек деп шешті.

Slide 11

Мұхтар Әуезов «Будда» еңбегінде

«Адам біткен ауырады, қартаяды, өледі. Ендеше несіне бұл адам өмір сүріп жүр? Бір сағатта ауырып қалатын болса, сағат сайын әлі азайып, сиқы бұзылып, қартаятын болса, болжаусыз бір сағатта өліп қалатынын біліп отырғанда не қуаныш, не жұбаныш бола алады. Бұны біле түра қызық көріп қуануға бола ма? Бұл жөн емес, бұдан құтылу керек» («Абай» журналы. 1918 ж., №3) .

Slide 12

Азапты өмірден құтылудың екі жолы бар: сыртқы дүниені өзгерту арқылы адамдардың бәріне ортақ утопия құру және өзіндік «Менді» өзгерту, өзгеріске, яғни, ішкі болмыстың қасіретіне ұшырамайтын «ішкі утопияны» құру. Будда екінші, экзистенңиалдық жолды тандап, тақуалық өмір кешуге, адамзаттың рухани ұстазына айналуға бел байлайды. Әкесінің үйінен кетіп, Урувилланың маңындағы-Бодхи ағашының астындағы оңаша жерге орналасқан Сидхартха ханзада жеті күннен соң қасіретті өмірден тазару жолдарын тауып, нұрланады. Азап шегу мен қасіретке толы өмірден құтылудың жолын ол төрт ақиқат арқылы белгілейді:

өмір - тынымсыз күрес, азап, бейнет;

азап, бейнет нәпсіден, құмарлық-құштарлықтан (өмір сүруге құмарлық, рахатқа құмарлық, өлуге құмарлық) туады;

азаптың себебі бар. Оны танып-білуге болады;

азап пен бейнеттен құтылу жолы сегіз қағидадан тұрады.

Slide 13

Көне Үнді философиясындағы материалистік бағыт


Ұқсас жұмыстар
Даосизмнің негізін қалаушы
Ежелгі Мұсылман философиясы
ЕЖЕЛГІ ДҮНИЕ ФИЛОСОФИЯСЫ
Ежелгі Қытай Ежелгі Үнді Сократқа дейінгі кезең
Ежелгі үнді философиясы
Шығыс философиясы
Үнді философиясы
Көне Үнді философиясының негізгі мектептері
Ежелгі грек
Брахмандар Абыздық варна
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz