МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСТАРЫ



МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСТАРЫ

Мемлекетке анықтама
Мемлекет - қоғамның саяси ұйымдастырылуының формасы болып табылады.
Оның негізгі міндеті - қалыптасқан құрылымды қорғау мен тəртіпті қорғау.
Мемлекеттің белгісі - бұл белгілі бір территорияның болуы, онда сол мемлекеттің заңы, құқығы, билік қызметі, басқару жүйелерін жүзеге асырушы ерекше органдар құрылымы мен мекемелердің болуы.
Мемлекеттік басқару жүйесі - өзіне мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызмет персоналдарының ұйымдастырушылық құрылымдарын, қолданылатын əдістер, қаржылар мен ресурстар кешенін қосады.

Кең және тар мағыналары
Мемлекеттік басқару түсінігіне көптеген ғылыми еңбектер арналған. Соның негізінде мемлекеттік басқару түсінігін кең мағынада жəне тар (кəсіби) мағынада түсіндіреді: кең мағынада мемлекеттік басқарудың бірнеше нұсқасы бар:
мемлекеттің ұйымдастырушылық қызметі (оның органдары арқылы) ретінде;
мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық орындаушы - бөлуші қызметі;
мемлекеттің қоғамдық жүйеге билік ету əсері.
Тар (кəсіби) мағынада мемлекеттік басқаруды - мемлекеттің орындаушы-бөлуші органдардың құқықты-биліктік қызметі деп түсінуге болады. Бұл жағдайда мемлекеттік басқару теориясы пəніне тек мемлекеттің орындаушы-бөлуші органдардың (мемлекеттік басқару органдары) қызметін айтамыз.

Мемлекетті ғалымдар қалай түсінді
Неміс политологы М. Вебер «Мемлекет - əдіс ретінде мəжбүрлеуді заңды деп танып, соған сүйенген адамдардың адамдарға билік қатынасы»
Г. Еллинек «Мемлекеттің жалпы теориясы» атты еңбегінде «Мемлекетті бір анықтамамен түсіндіруге болмайды, зерттеу тəсілінің мазмұнын көрсететін - əлеуметтік-ғылыми, құқықтық жəне т. б. болып, мемлекеттік түсінік болады», - деген.
Аристотель, мемлекет - территорияның, халықтың жəне биліктің бірлігі деп түсіндірді. адамдар бір мемлекетке бірігіп тұру үшін ғана емес, өмір сүру үшін біріккен, сондықтан заңдардың болуы шарт.
Ағылшын философы Томас Гоббс - мемлекетті - «тұтас тұлға, тəуелсіз жоғары билеуші, оның қалауы халықтың қалауы болады, сондықтан ол барлық адамдардың əрқайсысының күші мен мүмкіндігін ортақ бейбітшілік пен қорғаныс үшін қолдана алады» - деп санайды


Мемлекеттік басқару
Мемлекеттік басқару - бұл мемлекеттің қоғамдағы ұйымдастырушылық - реттеушілік жəне қызметтік функцияларын орындау мақсатындағы заңдық, атқарушылық, соттық жəне басқа да биліктік қызметтерін жүзеге асыруы болып табылады.

Мемлекеттік басқару жүйесінің функциялары


Басқару және оның объектісі мен субъектісі
Басқарудың субъектісі - бұл басқарушылық шешімдерді қабылдау өкілеттілігіне ие (басқаларға интеллектуалды) индивид немесе адамдар тобы, яғни бұл басқару органы жəне де оның негізгі қызметі мен міндеті басқаруды жүзеге асыру болып табылады.
Басқару объектісі - бұл жұмысшылар, коллективтер, басқа да объектілер, яғни басқару шешімдерін орындайтын, басқару мақсатын жүзеге асыратын адамдар тобы.
Басқару субъектісінің объектіні сапалы жаңа жағдайға аударуға мақсатты түрде бағытталған іс-əрекеті.

Мемлекеттік басқарудың түрлері
Мемлекеттік басқарудың негізі - адамның, қоғамның басқарудың объектісі ретіндегі орны мен ролін анықтау. Осы принциптер бойынша демократиялық жəне авторитарлық басқару түрлерін бөліп көрсетуге болады.

Басқарудың координациялық және субординациялық түрі
Координациялық басқару федерациялық немесе конфедерация формасында жүзеге асырылады. Федерацияның мемлекеттік билігінің бірыңғай органы болса, конфедерацияның биліктік бірыңғай органы болмайды. Федерация мүшелерінің жеке конституциясы, заңдық, атқарушылық, сот органдары болады. Сонымен қатар, мемлекеттік билік пен басқарудың бірыңғай федералдық органдары құрылады. Мысалы, Ресей федеративтік мемлекет болып табылады жəне де федерация субъектісі мен жергілікті өзін-өзі басқарудың түрлі формаларын қосады.
Субординациялық басқару қатаң əкімгершілік бағынуға, басқару органдарының төменгі қызметтік тұлғаларға əсер етуге, басқарудың жоғарғы органдарынан түсетін бұйрықтарды орындауға күштеуге негізделеді. Басқарудың бұл түрі өзінің құрамында федеративтік бірлік жоқ, əкімгершілік-территориялық бірліктерге (облыс, аудан, т. б. ) бөлінетін унитарлық мемлекетке тəн. Унитарлық мемлекетте барлық деңгейдегі билік органдары бірыңғай нормативтер бойынша жұмыс жасайды, басқару аппараты қоғамдық жүйенің қажеттіліктеріне жауап береді, сол сияқты биліктің бөлінуі іс жүзінде болмайды. Субординациялық басқарудың мысалы ретінде бұрынғы КСРО-ның мемлекеттік жүйесін алуға болады.

Əкімгершілік жəне экономикалық басқару

Объектіге байланысты
Салалық басқару - орталықтан бастап кəсіпорынға дейінгі параллельді вертикальді бағынушылықтың болуын пайымдайды. Басқарудың бұл түрі министрліктер арқылы тиімді жүзеге асады. Министрліктер салада бірыңғай техникалық саясатты жүзеге асырады, қажетті ішкі салалық жəне салааралық пропорцияларды қамтамасыз етеді. Функционалдық басқаруды қамтамасыз ету үшін мына бағыттарда атқарушы билік органдары құрылады: экономика, əлеуметтік даму, қорғаныс, мемлекеттік қауіпсіздік, т. б. бұл мемлекетке тиісті ішкі жəне сыртқы саясатты жүргізуге мүмкіндік береді. Мысалы, экономика саласындағы атқарушы билік органдары орталықта, аймақтарда мынадай функцияларды орындайды: болжау мен жоспарлау, меншікті басқару, кəсіпкерлікті реттеу, аквестициялар, салық салу, қаржыландыру, сыртқы экономикалық байланыстар жəне т. б.
Территориялық басқару - Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік билік органдары арқылы, жергілікті өкілетті жəне атқарушы органдары арқылы, жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылады. Территориялық басқару өндірістің тиімді орналасуына, аймақтардың тереңірек мамандануына, кешенді дамуына, олардың экономикалық, əлеуметтік даму деңгейін теңестіруге жəне басқа да мемлекеттік аймақтық саясаттың міндеттерін шешуге бағытталған.

Шешімдердің орындалу мерзіміне қарай басқару


Идеалды мемлекеттік басқару
Вебердің пікірі бойынша, идеалды мемлекеттік басқару - бұл бюрократиялық сатының қатаң принциптеріне негізделген басқару: басшының авторитарлық билігі, оның қол астындағыларға бұйрық, тапсырма беруі мен оның орындалуын бақылау.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz