ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ФУНКЦИЯСЫ



Қаржы нарығының экономикалық мәні мен функциясы.

Қаржы нарығының экономикалық мәні
Қаржылық қатынас кез келген ел экономикасының даму негізі болып табылады. Қаржы ресурстарының айналымы мен қайта бөлінуі қаржы нарығын анықтап, оның айналысының өзіндік аймағын қалыптастырды. Нарықтық экономика жағдайында каржы нарығы тұтастай алғанда елдегі нарықтық қатынастар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.
«Қаржы нарығы» ұғымы қалыптасқан әлемдік тәжірибе мен әрбір мемлекеттің экономикалық дамуының өзіндік ерекшеліктеріне сай әр түрлі түсіндіріледі. Ол ақша, депозит, несие, валюта, қор, сақтандыру, зейнетақы нарықтарының қаржылық құралдарымен ұйымдастырылған сауда жүйесін білдіреді. Мұнда ақша қаражаттарының ағымын меншік иелерінен қарыз алушыларға бағыттап отыратын каржы институттары негізгі рөлді атқарады. Онда төлем құралдары мен бағалы қағаздар тауар ретінде қолданылады. Қаржы нарығы кез келген нарық секілді қаржы ресурстарының сатушылары мен сатып алушылары арасындағы тікелей байланысты орнатуға бағытталған.
Қаржы нарығы - бұл капиталға деген сұраныс пен ұсынысты қалыптастыру шеңберінде делдалдардың көмегімен несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы капиталды қайта бөлу механизімінің жүйесі.

Қаржы нарығының негізгі функциялары

қаржы нарығының міндеті
Қаржы жүйесімен жүзеге асырылатын уақытша бос ақша ресурстарының әр түрлі инвестицияларға айналу процесі қаржы нарығының қызмет етуімен және қаржы институттарының қызметімен тікелей байланысты. Егер қаржы ресурстарын шоғырландыру мен орналастыру процесінде қаржы институттарының негізгі рөлі меншік иелерінен қарыз алушыларға қаражаттардың мүмкіндігінше тиімді өтуін камтамасыз ету болып табылса, онда қаржы ресурстарын сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы қаржылық активтер мен міндеттемелердің саудасын ұйымдастыру қаржы нарығының міндеті болып табылады.
Қаржы нарығы - ғылыми-техникалық прогрестің базасында дамитын, жалпы қоғам жағдайының қажетті деңгейіне қол жеткізу және экономикалық тиімді өсу үшін барлық экономиканың салаларын ресурстармен қамтамасыз ететін жеке бастамалар мен бәсекелестікке үлкен мән беретін қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың озық формасы.


Экономикалық субъект ретінде
Нарықтардағы сатушылар мен сатып алушылардың экономикалық субъект ретіндегі үш тобы бар:
үй шаруашылығы (жеке түлға) ;
меншік формасына тәуелсіз шаруашылық жүргізуші субъектілер;
мемлекеттік басқару органдары.
Олардың кез келгені нақты уақыт кезеңінде өз бюджетінің балансталған, оның дефициті мен профициті жағдайында болуы мүмкін. Шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекетте қаржылық қаражаттарды қарызға алу қажеттілігі немесе уақытша бос қаражаттарды өзіне тиімді шартпен орналастыру мүмкіндігі пайда болады. Қаржы нарығы түпкі мәні бойынша әлеуетті сатушылар мен сатып алушылардың, сондай-ақ делдал-институттардың мүдделерін тиімді ескеріп, жүзеге асыруға арналған.

қаржы нарығының функциясын анықтайтын факторлар

Қаржылардың екі аспектісі
материалдық
Материалдық мағынада қаржылар мемлекеттің қаржы ресурстарын білдіреді, яғни мемлекеттің меншігіндегі қолма-қол және қолда жоқ ақшалардың жиынтығы ретіндегі орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша құралдарының қорларының жиынтығы.
экономикалық
Экономикалық категория ретінде қаржы деп, мемлекеттің ақшалай ресурстарын жоспарлы түрде қалыптастыратын және бөлетін, сондай-ақ олардың пайдаланылуын ұйымдастыратын экономикалық қатынастардың жүйесі

Қолма-қол ақшалар белгілі құны көрсетілген қағаз ақша немесе тиын ақша түрінде көрініс табады. Ал, қолда жоқ ақшалар белгілі шоттардағы жазба түріндегі ақша құралдары.
«Қаржы» категориясын материалдық мағынада және «ақша» терминімен байланыстыра қарастыра отырып үш мағынасын көрсетуге болады.
Кең мағынада «қаржылар» «ақша» түсінігінің синонимі ретінде қарастырылады.
Тар мағынада «қаржы» терминіне мемлекеттің және заңды тұлғалардың ақша құралдары кіреді.
ҚАРЖЫ
Қаржылар да жеке және мемлекеттік деп бөлінеді.
Арнайы мағынада қаржылар деп тек мемлекеттің ақша құралдары айтылады, яғни қаржылар
мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру негізіндегі ақша айналысында пайда болатын қатынастардың жиынтығын білдіреді. Осы мағынадағы түсінік қаржылық құқықта кеңірек пайдалынады. «Мемлекеттік қаржылар» ұйымдастыру процесінде пайда болатын экономикалық қатынастардың жиынтығы, яғни тұрақты субъектісі мемлекет болатын қайта бөлу сипатындағы императивтік экономикалық (ақша) қатынастарының жиынтығын білдіреді. Мемлекеттік қаржылар жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру және қоғамдық мүдделерді қамтамасыз етуге бағытталады. нақты бағыты бар. жалпы мемлекеттік мүдделер, жергілікті басқару саласында нақты міндетттерді шешуге бағытталады.

Мемлекеттік қаржылардың негізгі қағидалары

Қаржы жүйесі

Мемлекеттің қаржы жүйесін материалдық мағынасы
Материалдық мағынадағы мемлекеттің қаржы жүйесі деп ақша қорларының (орталықтандырылған және орталықтандырылмаған) жиынтығын айтамыз:
қаржы ресурстарының орталықтандырылған жалпы мемлекеттік қоры;
әкімшілік-аумақтық бірліктердің орталықтандырылған ақша қорлары;
мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар; мемлекеттің орталықтандырылған қарыз беру қоры;
мемлекеттік сақтандыру қоры;
мемлекеттік үйымдар мен мемлекеттік мекемелердің орталықтандырылмаған ақша қорлары.
Материалдық мағынадағы мемлекеттің қаржы жүйесі деп қаржы экономикалық институттардың жиынтығын айтамыз. ¥йымдастырушылық мағынадағы мемлекеттің қаржы жүйесі қоғамдық қаржы қатынастарының қозғалысын қамтамасыз ететін мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығын білдіреді: Қаржы министрлігі жэне оның аумақтық бөлімдері; салық органдары; Үлттық банк жэне оның аумақтық бөлімдері.


Мемлекеттің қаржы жүйесінің аясы
Мемлекеттің қаржылық қызметі қаржылық қызмет барысында ақша қоралдарының мемлекеттік қорларын жоспарлы жэне мақсатты бағытталған қалыптастыру, бөлу жэне пайдалануды ұйымдастыру жүзеге асырылады.
Мемлекеттің қаржылық қызметі - мемлекеттің ақша қорла- рын қалыптастыру, бөлу жэне пайдалануды ұйымдастыруға бағытталғын қаржы, несие, салық жэне басқа да уэкілетті мемлекеттік органдардың жоспарлы, мақсатты бағытталған қызметі.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАЗМҰНДЫҚ ФУНКЦИЯЛАРЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ
мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру, мемлекеттік қаржы ресурстарын бөлу, мемлекеттік қаржы ресурстарын пайдалануды ұйымдастыру;
мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру, бөлу жэне пайдалануды ұйымдастыруға мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізу;
елдегі ақша инфрақұрылымын қалыптастыру жэне дұрыс эрекет етуін қамтамасыз ету;
ақша жэне бағалы қағаздардың эмиссиясы;
мемлекеттің қаржылық, несие жэне салық органдарын қалыптастыру;
мемлекеттің қаржылық қызметі саласында мемлекеттік органдардың қаржылық құзыреттерін анықтау, қаржы заңдылықтарын бұзғаны үшін заңды жауапкершілікті белгілеу;
мемлекеттік қаржыларды қалпына келтіру; банк жэне қаржы жүйесіннің қызметтерін қалпына келтіру;
әкімшілік- аумақтық бірліктердің қаржылық- экономикалық дербестігін жэне жауапкершілігін көтеру,
мемлекетің алтын валюталық қорларын арттыру жэне капиталдың шетелге кетуін азайту;
ішкі жэне сыртқы қарыз алуларды инвентаризациялау; жекешелендіру жобаларын, инвестициялық бағдарламаларды, қаржы ағымдарын басқару саласында мемлекеттік реттеуді күшейту;
шетел валюталарына шаққанда теңгенің құнын жоғарылату; орталық жэне жергілікті басқару органдары арасында қаржы ресурстарын жэне құзыреттерді бөлу жүмысын жалғастыру.

Қаржылық қызметті жүзеге асыру
1) елдегі ақша инфрқұрылымын қалыптастыру және дұрыс әрекет етуін қамтамасыз ету
2) өз қызметтерінің жүзеге асуын және өзін-өзі қамтамасыз ету үшін ақша құралдарын табу
3) қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық процестерге ақшаның көмегімен әсер ету.
Қаржылық қызметтің әдістері
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz