ӘЛЕУМЕТТІК ДЕВИАЦИЯ



ӘЛЕУМЕТТІК ДЕВИАЦИЯ

Девианттық мінез-құлық термині
Девиантты мінез-құлық ( лат. deviatio - ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы.
Кең мағынасында девиантты мінез-құлық кез келген әлеуметтік ережелерден (мысалы, оның ішінде жағымды: батырлық, аса еңбек-қорлық, альтруизм, өзін құрбан ету, аса үлкен рөл ойнау, жетістіктермен қатар, жағымсыз: қылмыс, қоғамдық тәртіпті бұзу, адамгершілік ережелерін, дәстүрді, әдет-ғұрыптарды аттап өту, өзіне-өзі қол жұмсау және т. б. ) ауыт- қушылықты білдіреді.

Девиантты мінез құлыққа тұжырымдама
“Девиантты мінез-құлыққа жауап ретінде қоғам немесе әлеуметтік топ арнайы әлеуметтік санкциялар қолданып, өз мүшелерін ондай қылықтары үшін жазалайды. ”
Әлеуметтенудегі девиантты мінез-құлық тұжырымдамасын қалыптастырған француз әлеументтанушысы Эмиль Дюркгейм. Ол әлеуметтік девиацияны түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын ұсынды.
«Аномия» термині француз тілінен аударғанда ұжымның, заңның болмауы.
“Девиантты мінез-құлық әлеуметтік өмірді ыдыратып, әлеуметтік аномияға әкеп соқтырады. Ол конформизмге қарама-қарсы. Девиантты мінез-құлық әлеуметтік себептері қоғамның мәдени құндылықтары мен оларға қол жеткізудің әлеуметтік қолдау тапқан құралдарының арасындағы алшақтықта әлеуметтік құндылықтардың, ережелердің, қатынастардың әлсіздігі мен қарама-қайшылықтығында. ”
Роберт Мертон мінез-құлық ауытқушылығының себебін қоғамның мәдени мақсаттары мен оған жетудің әлеуметтік мақұлданған жолдарының арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді.
Эмиль Дюркгеймнің тұжырымдамасы
Роберт Мертонның анықтамасы

Девиантты мінез-құдақтың сыртқы физикалық жағдайлары
Климаттық
Экологиялық
Геофизикалық

Әлеуметтік орта әсері
Девиантты мінез-құлықтың қалыптасуына әлеуметтік орта әсерлері де өз ықпалын тигізеді:
қоғамдық үрдістер (әлеуметтік-экономикалық жағдай, мемлекеттік саясат, салт-дәстүр, бұқаралық ақпарат құралдары, т. б. ) ;
тұлға бар әлеуметтік топ мінездемесі (этикалық құрылым, әлеуметтік мәртебе, референтті топ, ) ;
микроәлеуметтік орта (отбасының өмір стилі және деңгейлері, отбасындағы өзарақарым-қатынас типі, отбасындағы тәрбие стилі, достар, басқа да маңызды адамдар) .

Девиация типтері
Девиантты мінез-құлық
Делинквентті мінез-құлық
Криминалды мінез-құлық
Әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Кейбір әдебиеттерде бұл типті «антидисциплиналық» деп те атайды.
Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді
Заң бұзушылық болып табылады. Балалар сот үкімі арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады.

Девиантты мен делинквентті мінез құлық
Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне:
Агрессия
Демонстрация
Оқудан, еңбектен бет бұру
Үйден кету
Алкоголизм
Наркомания
Қоғамға жат қылықтар
Жыныстық жат мінез-құлық
Суицид т. Б. Жатады.
Делинквентті мінез-құлықтың мынадай типтері бар:
Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру және т. Б.
Ашкөздік мінез-құлық. Пайдакүнемдікке байланысты жат мінез-құлық.
Наша сату және тарату.

Патология болып табылатын девиацияның негативті формалары
Әлеуметтік патология болып табылатын формаларға мыналар жатады:
Алкоголизм
Токсикомания
Нашақорлық
Жезөкшелік
Суицид
Заң бұзушылық
Қылмыскерлік.
Олар жалпы қоғамға, айналадағы адамдарға және ең бірінші өздеріне үлкен зиян келтіреді

девиантты мінез-құлықтың пайда болуы
Девиацияны зерттеуші көптеген ғалымдар девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын түрліше түсіндіреді.
Біріншілері оларды екі үлкен топқа ішкі және сыртқы факторлар деп бөлсе, екіншілері оларды бөлмей:
жанұяда берекенің болмауы;
ата-ананың «ерекше» қамқарлығы;
тәрбие берудегі кемшіліктер;
өмірде кездесетін қиыншылықтар мен күйзелістерді жеңе алмау;
өмірлік дағдының болмауы, айналысындағы адамдармен, құрбыларымен жарасымды қатынасқа түсе алмауы;
сырттан келген қысымға төтеп бере алмау, өз бетінше шешім қабылдай алмау, сынаушылық ойды дамыта алмау;
психоактивті заттарды жиі пайдалануы;
агрессиялық жарнаманың ықпалды болуы;
мектептерде психологиялық көмек көрсету қызметінің нашар дамуы;
балалар мен жасөспірімдердің бос уақытының проблемалары

девиантты мінез-құлықтың пайда болуының тағы бір көзқарасы
Оларды негізгі бес факторға бөліп қарастырады. Оларды жекеше қарастыратын болсақ: 1. Биологиялық факторлар - баланың әлеуметтік бейімделуіне кедергі жасайтынфизиологиялық және анатомиялық жағымсыз ерекшеліктер. Оларға мыналар жатады:
Ұрпақтан-ұрпаққа берілетін немесе ананың жүкті болғанда дұрыс тамақтанбауы, арақ-шарап, нашақорлы заттарды пайдалануы, темекі тартуы, ананың физикалық, психикалық т. Б. Сырқаттары себеп болатын генетикалық факторлар: ақыл-ой дамуының бұзылуы, есту, көру кемшіліктері, жүйке жүйесінің зақымдауынан пайда болған денедегі кемшіліктер.
Психофизиологиялық факторлар: психофизиологиялық күш, дау-жанжал, келіспеушілік жағдайлар, адам организмдеріне кері әсер ететін, қоршаған ортаның химиялық құрамы, соматикалық, аллергиялық, токсикалық ауруларға душар ететін энергетикалық технологияның жаңа түрлері;
Физиологиялық факторлар: сөйлеу дефекттері, адам бойындағы соматикалық кемшіліктер.
Бұлардың бәрі адамның қоршаған ортаға, жеке адамдарға деген жағымсыз қарым-қатынасын тудырады, ал балалар болса, өзіндік сезім мен танымдық деңгейіне байланысты, құрбы-құрдастары арасында, ұжымда еркін сезіне алмайды, қатынасы бұзылады.

2. Психологиялық факторлар. Бұған баладағы психопатологиялар мен мінездегі кейбір қасиеттердің басым болуы т. Б. Жатады. Бұл ауытқушылықтар жүйелік-психикалық ауруларда, психопатияда, неврастенияда т. Б. Көрінеді. Акцентуациялық сипаттағы мінезді балалар өте ашушаң, дөрекі болады. Оларға міндетті түрде әлеуметтік-медициналық реабилитация, сонымен қоса, арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жұмыстар жүргізу керек. Баланың әрбір даму сатысында, олардың психикалық қасиеттері, тұлғалық және мінездегі ерекшеліктері қалыптасып, дамып отырады. Бала даму барысында әлеуметтік ортаға бейімделуі немесе керісінше бейімделмей, жатсынып кетуі мүмкін. Егер, балаға ата-ананың жылуы, махаббаты, ықыласы жетіспесе, онда, ол ата-анасынан шеттеніп кетеді. Шеттену - невротикалық реакциялар, қоршаған ортамен қатынастың бұзылуы, сезімдік (эмоциалық) тепе-теңсіздік және суықтық, ашуланшақтық, психикалық аурулар және психологиялық патологиялар сияқты жағымсыз мінез-құлықтың пайда болуына жол ашады. Егер, балада адамгершілік құндылықтар қалыптаспаса, онда, олпайдакүнемдік, қанағатсыздық, зорлаушылық, дөрекілік т. Б. Сияқты жағымсыз қасиеттерге бейім тұрады.

3. Әлеуметтік-педагогикалық факторлар. Олар мектептік, отбасылық, қоғамдық тәрбиедегі кемшіліктердің нәтижесінде, баланың оқудағы үлгермеушілігіне байланысты. Мұндай балалар көбінесе мектепке дайындығы жоқ, үйге берілген оқу тапсырмаларына және бағаларға парықсыз қарайтындар. Бұның бәрі баланың оқудағы бейімсіздігін көрсетеді. Оқушының оқудағы бейімсіздігінің (дезадаптация) қалыптасуы мынадай сатылардан өтеді:
оқудағы декомпенсация - баланың жалпы мектепке деген қызығушылығы жоғары, бірақ бір немесе бірнеше пәнді оқуда қиыншылықтарға тап болуынан;
мектептік бейімсіздік (дезадаптация) - бала сабаққа үлгермеуімен қатар, оның мінез-құлқы өзгеріп, мұғалімдермен, сыныптастарымен қарым-қатынасы бұзылып, сабақтан қалуы көбейеді немесе мектептен біртіндеп қол үзе бастайды;
әлеуметтік бейімсіздік - баланың оқуға, мектепке, ұжымға деген қызығушылығы жойылады, асоциалдық топтармен араласып, алкогольге, нашақорлыққа қызыға бастайды;
криминалдылық - кейбір отбасындағы әлеуметтік жағдайдың өте төмен болуы, балаларды да өз ортасындағы әлеуметтік теңсіздікке әкеледі, ал мектеп оқушысы, жасы жетпегендіктен жұмыс істей алмайды, содан барып олар қылмысты іс-әрекеттрмен айналыса бастайды.

Баланың психоәлеуметтік дамуындағы ауытқушылықтардың негізгі факторы - ата-ана. Баланың бойындағы асоциалды мінез-құлықты қалыптастыратын отбасы қатынасының бірнеше жағымсыз стилдері бар:
дисгармонды стиль - бір жағынан ата-ана баланың барлық тілектерін орындайды, үлкен қамқорлық жасайды, екінші жағынан конфликті жағдайларға баланы итермелейді;
тұрақсыз, конфликті стиль - толық емес отбасындағы, ажырасу кезіндегі, ата-ана мен балалар бөлек тұрған жағдайдағы тәлім-тәрбиелік кемшіліктерден туындайды;
асоциалды стиль - ата-ананың арақ ішуі, нашақор заттарды пайдалануы, криминалды іс-әрекет, аморальді өмір сүру жағдайы, отбасылық қаттыгездік, зорлаушылық жатады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz