Көшбасшылық басқару стильдері
Презентация қосу
Көшбасшылық: басқару
стильдері
Көшбасшылық
Көшбасшылық (ағылшын тілінен lead – басқару, ал leadership – басқара алу
қабілеті деген мағынаны білдіреді) – бұл адамдарды өз-өзін белгілі бір мәнерде
ұстауына мәжбүр ету арқылы олардың мінез-қылықтарына әсер ету үшін
басқарушының қолданатын құралы.
Көшбасшы (ағылшынша leader – басқарушы деген мағына білдіреді) – бұл басқа
адамдарды, олардың алғашқы ниеті қандай болғанына қарамастан, өзі қалаған
нәрсені жасауға көндіре алатын адам болып табылады, сонымен қатар топтағы
адамдардың қасиеттері мен қабілеттерін қолдана отырып, оларды көшбасшы
мақсатын іске асыруға бағыттай алады. Көшбасшылықты әдетте ақыл,
сауаттылық деңгейі, сенімділік пен әлеуметтік қатысу, әлеуметтік-экономикалық
статус түсініктерімен байланыстырады. Көшбасшы мен Басшы деген ұғымдардың
мағынасы ажырата білу керек.
Басшы – бұл жұмысты беруші және сол жұмыстардың орындалуына жауап
беруші адам. Бұл адамның лауазымы. Жақсы басшы қызметкерлері орындаған
жұмысты реттеп қабылдап отырады. Ал, Көшбасшы адамдарды жандандырады,
мақсатқа жетуде болашақты көр қасиеті арқылы адамдарды ортақ мақсатқа
бағыттайды
Көшбасшылық теориялары
Көптеген көшбасшылық теориялары бар. Қазіргі кезде олардың ішінде үшеуін жеке қарастыруға
болады:
● Тұлғалық;
● Қылықтық;
● Жағдайлық.
Тұлғалық теория – Оған сәйкес менеджерлердің ең үздіктері белгілі бір жеке қасиеттер
топтамасына ие болады. Олардың арасында: ақыл мен білім деңгейі, тартымды сыртқы көрінісі,
адалдылық пен инициативтілік, өзіне деген жоғарғы сенімділік.
Қылықтық теория – Бұл теорияға сәйкес басқару түрлерін классификациялауға негіз салған
болатын. Ол бойынша тиімділік менеджердің тұлғалық ерекшеліктерімен емес, оның
қарамағындағы адамдарға қатысты қылықтардың сипатымен анықталады. Бұл көшбасшылық
түсінігін одан әрі тереңдетіп, адамдарды мекеме мақсаттарын орындауға бағыттаған менеджердің
мінез-қылықтарына ерекше назар аудартқызды. Оның негізгі кемшілігі басқару түрлерінің белгілі
бір жалғыз түрі бар деген тенденцияға негізделу. Алайда тек бір ғана ең тиімді басқару түрі
болуы мүмкін емес. Белгілі бір түрдің тиімділігі нақты жағдай мен адамдардың жеке басына тән
қасиеттеріне байланысты болады.
Жағдайлық теория – Жағдайлық теория бойынша тиімді басқару үшін менеджердің жеке
қасиеттері мен өз-өзін ұстауы нақты жағдайларға сәйкес болуы керек. Көптеген жүргізілген
зерттеулер бойынша менеджер-көшбасшы әр түрлі жағдайларда әр түрлі әрекет етуі қажет.
Көшбасшының орындайтын
функциялары
Егер көшбасшы төменде көрсетілген үш функцияны орындап
жүрсе, онда оны көшбасшы деп толығымен атауға болады
Бағыттаушы Ұйымдастырушы Ынталандырушы
Бағыттаушы рөлдің негізін қарастыратын болсақ, көшбасшы
іскерлік тапсырмаларды қойған және қабылдаған кезде, анықтағанда,
жұмыстың ой мен стиліне аса мән беруі қажет. Көшбасшы қойылған
мақсатқа жету үшін топты біріктіріп, топтық жұмысты жақсы
бақылай алу керек. Бұл Ұйымдастырушы рөлінің
негізі. Ынталандыру рөлі ретінде қойылған тапсырмалардың
маңыздылығын түсінуін, өзінің ісін сыртқы дүниемен қатынас кезінде
қорғауы қарастырылады. Егер көшбасшы өзінің рөлін сәтті
атқарғысы келсе, бұл үш рөлді бір-біріне ажыратып қолдана алмайды
ұжымның эталонға жақын топтың әр мүшесіне бағ бере
тәртібін (тілектестік, отырып, бұйрықмен емес,
жауапкершілік, өзара нәтижелі сөзбен немесе дене
еңбек) және ұжымның келеңсіз қимылымен топтың әр
тәртіп түрлерін орнатады мүшесін ұжымның
және қолдайды (мысалы, эталондық тәртібін
агрессиялық, бөлектену, қабылдауға мәжбүр етеді.
тартысу).
Көшбасшы
міндеттері
Көшбасшының іс жүргізу бағыттары
Көшбасшы жұмысы үш бағыт бойынша жүруі тиіс
Жеке
қажеттіліктер – Тапсырма Топ
әрқайсысының қажеттілігі – қажеттіліктері –
жеке негізгі топты белгілі бір
қажеттіліктерін мақсаттың тапсырманы
анықтау және орындалуын орындау үшін құру,
олардың қамтамасыз ету; сақтау мен
арасындағы ынталандыру,
топтық жұмысты
татулықты марапаттау;
сақтау;
ыттары
ыттары
Көшбасқарушының екі полярлық түрі
Іскер – мәселе шешуде өз қолына
алатын және білімді, жан жақты
хабарлы
Сезімтал лидер — ұжымның қөңіл-
күйін реттеу функциясын қолына алады
Беделдік формалары
Көшбасшылықтың негізі ретінде беделділік
қарастырылады. Көшбасшы рөлі белгілі бір
беделділік формасына негізделіп, келесі
түрлерден құралады:
Біліктілік
беделділігі
Құқықтық
бедел
Рөл мен орын
беделділігі
Харизматикалық
бедел
Дәстүрлі
бедел
Беделдік формаларының анықтамасы
Харизматикалық бедел – Мықты жеке қасиеттерге негізделеді. Бұл жердегі
көшбасшы харизматикалық беделділікке ие немесе ең кемі сол харизматикалық
беделділіктің бар болғаны туралы сезім қалыптастырады, ол туралы әдетте «тума
көшбасшы» деп айтады;
Дәстүрлі бедел – Беделдің бұл түрі қоғамда қолданылатын негізгі форма болып
табылады. Ол белгілі бір дәстүрлер мен шарттаға құрметпен қарау және ол бойынша
өз-өзін ұстау формаларына негізделеді. Кейде беделділіктің бұл түрі өсім мен
жаңашылдыққа өзінің кері әсерін тигізеді;
Рөл мен орын беделділігі – Тұлғаның жеке бір қасиеттерімен емес, әлеуметтік
ортада алатын орнымен және рөлімен анықталады. Беделділіктің бұл түрінде
адамдарға берілетін билік оның алатын орны мен титулына байланысты болады. Көп
уақытта көшбасшының жетістікке жетуі мен табысты болуы билікке ие болу мен
басқаларды басқару қабілетіне қарай анықталады;
Құқықтық бедел – Беделділіктің ең формальды түрлерінің бірі, өйткені ол белгілі
бір ережелер шеңберіне негізделеді;
Біліктілік беделділігі – Оның негізі ретінде басқарушының тәжирибесі, білімі
мен ерекше қабілеттіктері қарастырылады.
Басшылық пен лидерліктің ұқсас белгілері
Басшы мен лидер ұжым қызметін үйлестіру poлiн атқарады,
тек басшы әкімшілік, заңдылық өкілеттің негізінде атқарады,
ал лидер жеке өзінің бастамасы арқасында
Басшы мен лидер ұжымдағы әлеуметтік ықпалын әр
түрлі жолмен жүзеге асырады.
Басшы мен лидер арасындағы қатынас реттеленіп,
субординацияны ұсталған болуы керек.
Лидердің ерекше қасиеттері
қиындыққа төзімді болу
ұжымның алдағы мақсатын түciнy
мейірбан, ізетті
парасатты болу.
Ерекшелігі
Көшбасшының тағы бір ерекшеліктердің бірі – алдына мақсат қойып,
оған жете алуы. Ол өзінің нені нақты қалайтынын жақсы білуі керек және
оны іске асыру үшін керекті қадамдарды алдын ала жоспарлай алуы қажет.
Ол мақсаттар жұмысқа, қарым-қатынастарға, өзін-өзі дамытуға немесе
материалды нысандарға бағытталса да, ең бастысы үдеріс әр уақытта
бірдей жүреді. Белгілі бір мақсатқа жету үшін көшбасшыға мәселелерді
шешіп, соған сәйкес шешімдер шығару керек. Болашаққа мақсаттарды құру
мен оларды орындауға бағытталған адамның ұмтылысы оның бойында
керекті қасиеттерді сіңіртеді, белгілі бір әрекеттерге ынталандырады.
Сондай-ақ ол неғұрлым тезірек тиісті шешім қабылдаса, соғұрлым оның
жұмысы өнімді болады. Мақсатқа жету кезінде көшбасшы сабырлы және
дипломатты болуы керек. Ол қасиеттер өзіне деген сенімділікпен және
жақсы жасалынған жұмысты көре алумен қатар жүруі тиіс. Екінші
жағынан, ол қайсарлығымен де танылу керек, басқа жағдайда жоғарыда
айтылған қасиеттер әлсіздіктің белгісі болып қалмақ.
Басқару мен биліктің ұйымдастырушылық анықтамалары
● Билік, оны әлеуетті қолдай алатын адамдарда бар, яғни ол тек қолданылған кезде
ғана болады деген сөз емес. Мысалы, егер қызметкер ереже бойынша жұмыс істеп
жатса, онда басшыда оған қарай өзінің билігін қолдануға қажеттілігі жоқ;
● Билік өзара тәуелділік функциясы болып табылады, яғни билік қолданған және кімге
қолданғаны арасында өзара тәуелділік бар. Неғұрлым бір адам басқа адамға тәуелді
болса, солғұрлым билік біреуінде көп, ал екіншісінде аз болады;
● Билік абсолютті емес, яғни бағынышты адамның да шешім қабылдау мүмкңндігі
бар
Билік – әлеуметтік үдеріс. Билік теориясы ұйымдағы адамдар мен топтардың өзара әрекетке
түсуіне бағытталған зерттеулерге негізделеді. Қызметтік билік қызметтің өзінен емес, оған қарасты
қызметкерлерден келетін билік. Негізгі формалары: мәжбүр ету, ынталандыру, ресурстарға ие болу мен
байланыс билігі.
Жеке билік – басшының жақын болуы мен мақсаттардың ортақ болуына негізделген бағынышты
адамдар тарапынан құрметті, жақсы мен адал қарым-қатынас деңгейі. Менеджердің басты мақсаты
ұжымның еңбектерін ортақ бір мақсатқа жету үшін бағыттау болып табылады. Билік диапазоны оның
басқалардың әрекеті мен сезіміне әсер ете алу деңгейімен анықталады.
Басқару түрлері
демократиялық авторитарлы либералды
Демократиялық стиль - басқарудың ғылыми қағидалары мен қызметкерлердің
қабілеттерін максималды түрде қолданудан құралатын басқару түрі. Бұны қолданатын менеджер
қарамағындағы адамдарға дос ретінде қарап, пайда болған мәселелерді өзі жалғыз емес, оған
бағынатын адамдарға хабарлап, олармен бірге ақылдасып шешуге ұмтылады және оларды үнемі
керекті ақпаратпен қамтамасыз ете отырып, жақын арада өтуге тиіс кедергілері мен белестерін
ескертіп тұрады. Бұндай менеджер қызметкерлер тарапынан түсетін әр түрлі сын-пікірлерге
дұрыс, сабырлы түрде әсер етеді. Бұл қызметкерлерге олардың біліктілік пен атқаратын
функциясына сәйкес белгілі тапсырмалар мен мәселелерді шешуде дербестік береді.
Биліктің авторитарлы стилі басқарудың қызметкерлерге әсер ету кезінде басшы
тарапынан біржақтық әдістерінің қолданылуымен сипатталады. Сұрақтар мен өндірістік
мәселелерді менеджер өзі шешеді, қызметкерлермен ақылдаспай, ойларын ескермейді және
олармен күнделікті қатынасты шектеп отырады. Жазалау немесе марапаттау бойынша
шешімдерді қабылдағанда, тек өз ойымен санасады. Ондай менеджерді сыртқы белгілерінен
тануға болады, оған белгілі қасиеттер тән: сирек күлімсірейді, әрдайым бір нәрсені ойлап,
қызметкерлер алдында қабағын түйіп жүреді. Айтылған сын-пікірлер мен ойларға назар
аудармайды, әсіресе егер ол пікірлер оның ойымен сәйкес келмесе, сынды ұнатпайды.
Либералды стиль. Басқарудың бұл түрін қолданатын басшы жұмыс барысында нақты
жағдайға сәйкес билік түрін қолдана алады. Қызметкерлермен жақсы қатынаста, кейбір
сұрақтар бойынша олармен ақылдасып, пікірлеріне назар аударады. Мақсатқа жету жолында
олардың белсенді болуын талап етіп, жақсы жұмыс пен ұмтылыс нәтижелерін марапаттап, түрлі
шаралармен ынталандырады. Ал керек кезде шешімді өзі қабылдап, қызметкерлерге бұйрықтар
мен тапсырмалар бере алады. Өзін жоғары ұстамай, достық қатынаста жүреді. Нақты жағдайға
бейімделген басқарудың бұл түрі бүгінгі күнде кей ұйымдарда ғана қолданылады. Ең жиі
қолданылатын билік түрлері сәйкесінше авторитарлы немесе демократиялық стиль болып
табылады.
Демократиялық стиль:
шешім қабылдаудың алдында бағыныштыларымен
ақылдасады
бағыныштыларына тапсырманы ұсынады
жауапкершшілігі өзіне берілген өкілеттікпен таратады
бағыныштыларының ынтасын қолдау
icкep, білімдi мамандарды таңдайды
үздіксіз өзінің білімін толықтырып отырады
бағыныштыларымен ара қатынаста болуды жақсы
көреді
саналы тәртіптi жақтайды.
Либеральды стиль:
•басшыдан жоғарыдан жарлық күтеді немесе
кеңестің шешім күтеді.
•бағыныштыларына тапсырманы бергенде өтінеді.
•өзінен бар жауапкершілігін алып тастайды.
•кадрларды таңдаумен шұғылданбайды
•өзінің білімін толықтырып отырады
•бағыныштыларымен өзара қатынасқа бармайды
•жұмсақ
•формальды тәртіпті қолдайды.
Авторитарлы стиль:
мәселені жеке өзі шешеді
команда береді, бұйырады, жарлық береді
жауапкершілікті өзіне алады немесе бағыныштыларына салады
ынталандыруды толық басып тастайды
билікті мамандардан қорқады
жан жақты білімді
қызметкерлерімен алшақ, арақатынаста болмайды
қатал тәртіпті қолдайды
жазаны негізгі әдіс ретінде қолдайды, тандаулы адамдарды тек
мейрамдарда мадақтайды.
Басқару стильдерінің критериялары
i. Басшы қарамағында жұмыс істейтін қызметкерлердің
керекті ақпаратты білуі мен тәжірибесінің бар болуы;
ii. Басқарушылық шешімге қойылатын талаптардың
деңгейі;
iii. Қызметкерлердің мекеме жұмыстарына қатысу деңгейі;
iv. Менеджердің шешім қабылдағаннан кейінгі оның қолдау
табу мүмкіндігі;
v. Орындаушылардың мақсаттарға жетудегі
қызығушылығы;
vi. Басқарушылық шешімді қабылдағаннан кейін
қызметкерлер арасында даулардың пайда болу мүмкіндігі.
Билік түрлерінің негізгілері
Заңды билік. Орындаушы
қасиеттерге ие болғысы келеді. басшының бұйрық беруге
тартымды болып, ол сол құқығының бар болуына және
қасиеттері орындаушы үшін өте оның міндеті оған бағыну
сипаттамалары мен жеке екендігіне сенеді. Заңды билік
Эксперттік билік. Орындаушы
Эталонды билік. Әсер етушінің түрін әдетте дәстүрлі деп те
әсер етуші оның атайды.
қажеттіліктерін келетінін біледі.
қанағаттандыра алатын белгілі жағдайда қалғандай сезінуге алып
бір қабілеті бар екендігіне сенеді. тигізетін немесе өзін ыңғайсыз
қажеттілігіне кері әсерін
Марапаттауға негізделген және нәтижесінде өзінің белгілі бір
билік. Орындаушы басшының жазалай алатындығына сенеді
өзінің қажеттіліктерін өтеп, берілген құқықтар негізінде оны
қанағаттандыра алатындығына билік. Орындаушы басшының оған
сенеді. Мәжбүр етуге негізделген
Формальды және шынайы билік
Формальды билік Шынайы билік
Жұмыс істейтін ұйымының ішінде басқару Басқаларға әсер ету мен беделділіктің
құрылымында қандай орын алатындығына билігі. Ресми орнына ғана емес, сонымен
байланысты берілетін қызметтік билік. Ол ресми емес қарым-қатынастар
тура немесе жанама түрде бағынатын жүйесіндегі орнымен немесе оған еркін
адамдар санымен, басқа адамдармен
бағынатын адамдар санымен, басқа
ақылдасуынсыз және олардың рұқсатынсыз
қолданыла алатын материалды ресурстар адамдарға тәуелділігімен де анықталады.
қорымен өлшенеді. Бұл билік пен басқару Шынайы билік қызметке сәйкес болмауы
қызметтік иерархия ретінде кез келген мүмкін. Бағынуға дайындық, бұйрық пен
ұйымның басқару құрылымын құрайды. тапсырманың мәнін түсінетіндігіне, сол
Формальды билікпен қатар ұжымда қызметті, істі жасау қабілеттілігінің бар
формальды емес билік те кездеседі. Бұл кезде
формальды билік пен шынайы билікрті болуы, қызметкерлердің құндылықтары
ажырату қиын. мен мақсаттарынан анықталады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz