ШЫҒЫНДАРДЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫ


Slide 1

ШЫҒЫНДАРды басқару ЖӘНЕ ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫ

Орындаған:

Тексерген:

Slide 2

Шығындар

Өндірістік факторларды пайдалану ең алдымен шығындарды есепке алумен тікелей байланысты.

Кәсіпорын шығындары - өнім өндіру және оны сату мақсатында пайдаланылатын өндірістік факторлардың ақшалай көрінісі.

Нарықтық экономикадағы шығындар:

- айқын (бухгалтерлік) ;

- жүктеме (арттыру) ;

- қайтпайтын шығындар болып бөлінеді.

Slide 3

Бухгалтерлік басқару есебінің мақсаты басқару шешімдерін, яғни келешекке арналған шешімдерді қабылдауға қажетті ішкі пайдаланушылар үшін ақпаратты дайындау болып табылады.

Slide 4

Кәсіпорын шығындарының түрлері

Өндірістік шығындарды тұрақты және өзгермелі деп те бөледі

Slide 5

Тұрақты және өзгермелі шығындар

Тұрақты және өзгермелі шығындар кәсіпорынның іс - әрекеттерінің уақыт аралықтарына қарай қысқа және ұзақ мерзімді болып екіге бөлінеді.

Қысқа мерзімді өндіріс шығындары кәсіпорынның өндірістік қуаттылығын өзгерте алмайды. Бұл тек материалдық және еңбек қорларын арттырады немесе төмендетеді, сондай - ақ өнім шығындары көлемін соншалықты шамада өзгертеді. Осы кезеңде шығарылған өнім өзгермелі шығынға байланысты болады, тұрақты шығынның шамасы сол қалпында қалады .

Ұзақ мерзімді кезеңдерде кәсіпорынның барлық өндірістік қуатын пайдаланудың маңызы зор.

Slide 6 Slide 7

Тиімді және тиімсіз шығындар

Тиімді шығындарға өнімділігі жоғары шығындарды жатқызуға болады, шығындарды жұмсау нәтижесінде жоғары табысқа қол жеткізілсе, шығындар тиімді.

Тиімсіз шығындар, оларды жұмсау нәтижесінде табыс алынбайды, сондықтан өнім өндірілмейді. Көп жағдайда, тиімсіз шығындарға өндірістегі жоғатулар жатады. Оларға өндірістегі ақаулардан, тоқтаулар мен тауарлық-материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі мен бұзылуынан болған жоғалтуларды жатқызуға болады.

Slide 8

Өндірістік шығындардың жіктелуі

Жіктелу белгілері

Жіктелу белгілері бойынша шығындар

Шығындардың мазмұны

Экономикалық мазмұны

Шығын сметасы

Тұтынылған қорлардың жалпы көлемі

Калькуляция

Белгілі бір түрінде

Өндіріс процесіне қатысу деңгейі

Негізгі

Дайындалатындарды орындаудағы технологиялық процеспен байланысты (материалдар, жалақы және т. б шығындар)

Үстеме

Өндірісті басқару процесімен байланысты (жалпы зауыттық, жалпы цезтық шығындар және т. б)

Өнімнің жекелеген түрлеріндегі өзіндік құнды есептеу әдістері

Тікелей

Өнім дайындауға тікелей қатысты (шикізат, т. б) шығындар, негізгі жұмысшылардың жалақылары т. б.

Жанама

Кәсіпорынның, цехтардың жұмысына байланысты: өзіндік құнға жанама түрде қатысты

Шығын құрамы

Қарапайым

Бір ғана экономикалық элементтен тұрады (шикізат, материал, жалақы)

Кешенді

Бірдей бірнеше экономикалық элементтерден тұрады.

Өндіріс көлеміне тәуелді

Шартты өзгермелі

Өндіріс көлемінің өзгеруіне тікелей тәуелді де табылады

Шартты тұрақты

Өндіріс көлемінің өзгеруінде белгісіз деңгейде болады немесе еш әсер етпеді

Slide 9

Шығындарды басқару

Шығындарды басқару - бұл кәсіпорынның ресурстарын тиімді қолдану, өндіріс процесінің барлық кезеңдерінде ресурстарды үнемдеу және олардан болатын пайданы максимизациялау. Ол тек қана шығындарды азайтуды көздемейді, себебі басқарудың барлық элементтеріне тарайды. Шығындарды басқару арқылы кәсіпорын жоғары экономикалық нәтижелерге қол жеткізеді .

Шығындарды басқару құралы болып кәсіпорын шығындарының барлық көптүрлілігі табылады. Шығындарды басқару объектісі болып ұйымның өзіндік шығындары, олардың құрылу және азаю процесі табылады. Ал шығындарды басқару субъектісі болып өндіріс бөлімшелері, басшылар және ұйым мамандары, яғни басқару жүйесі табылады.

Slide 10

Шығындарды басқару жүйесін құрудың мақсаты

Slide 11

Шығындарды басқарудың функциялары

өндіріс шығындарын болжау, жоспарлау, нормалау және есептеу, өзіндік құнды калькуляциялау, инвестициялық қызмет пен капитал салымдарына деген шектелген (ұзақ мерзімді) шығындарды жоспарлау және есептеу;

шығындарды әр түрлі бағыттары, сегменттері, өнімдері мен бөлімшелері бойынша, көрсеткіш динамикасы, шығындар сметасы мен нормадан ауытқуы бойынша бақылау және талдау;

белгілі бір шаруашылық қызметті басқаруда қолдану үшін, қызметті бақылау мен персоналды ынталандыру үшін ішкі сандық және сапалық ақпаратты қалыптастыру;

кәсіпорынның өндіріс процесінің барлық кезеңдері мен барлық өндірістік бөлімшелерінде шығындарды азайту резервтерін анықтау.

Slide 12

Шығындарды басқарудың негізгі функциялары

Шығындарды басқарудың негізгі функциялары болжау және жоспарлау, есептеу, бақылау (маниторинг), реттеу және координациялау, сонымен қатар, талдау болып табылады.

Шығындарды бақару жүйесінің негізгі элементтері болып шығындарды басқару объектілері (бұл шығындардың деңгейі, құрамы мен құрылымы) мен шығындарды басқару технологиясы (шығындардың нақты көрсеткіштерінің жоспарлыдан ауытқуын анықтау үшін қажетті шараларды жүзеге асыру) табылады.

Slide 13

Шығындарды басқарудың маңызды міндеттері

шығындарды нормалау әдісін таңдау;

өндіріс процесін, ассортименттік және баға саясатынын қалыптастыруды, инвестициялау нұсқасын таңдауды, өнім өтімі мен өндіріс көлемін болжауды жетілдіру бойынша басқарушылық шешімдерін қабылдау мақсатында шығындарды талдауды жүргізу.

Slide 14

Қандай да бір өндіріс факторын пайдалануға, өлшемдерге, оларды баламалы пайдалануды жақсартуға жасалған шығындар жүктеу шығындары деп аталады.

Slide 15

Өнімнің өзіндік құны

Өнімнің өзіндік құны

Кәсіпорын жұмысы тиімділігінің аса маңызды көрсеткіші оның өндірген өнімінің өзіндік құны мен өндіріс рентабельділігі болып табылады.

Кәсіпорынның өнім өндіру мен оны өткізуге жұмсаған шығындарының ақшалай көрінісі өнімнің өзіндік құнын құрайды. Ол - өнімді өндіріп, өткізудің кәсіпорынға қаншаға түсетінін көрсетеді.

Өнімнің өзіндік құнын үнемі кемітіп отыру шаруашылықтың заңдылығы болып табылады.

Өндіріс көлемі ұлғайған сайын өнімнің өзіндік құнын кеміту жолындағы күрестің маңызы арта түседі және мұның өзі үлкен пайда береді.

Slide 16

Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындардың топталуы

материалдық шығындар;

жалақы шығындары;

әлеуметтік қажеттіліктерді өтеу аударымдары;

негізгі қорлардың амортизациясы;

басқа да шығындар.

Slide 17

Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар мына төмендегі элементтерге топталады:

- материалдық шығындар;

- жалақы шығындары;

- әлеуметтік қажеттіліктерді өтеу аударымдары;

- негізгі қорлардың амортизациясы;

- басқа да шығындар.

Материалдық шығындарға жататындары:

- кәсіпорын иелігіндегі өнімдерді дайындау құрамына кіретін немесе технологиялық процесті қамтамасыз ететін және буып - түю үшін дайындалатын шикізаттар мен материалдар;

- сатып алынған, қосымша өңдеуге және монтажға ұшыраған комплекті бұйымдар мен жартылай фабрикаттар;

- соның иелігіндегі барлық отынның түрлері;

- сатып алынған энергияның барлық түрлері (электрлік, жылу, сығылған ауа, суықтық және т. б) .

Жалақы шығындары:

- кәсіпорынның өнеркәсіптік - өндірістік қызметкерлерінің жалақысы;

- жұмысшылар мен қызметкерлерге өндірістің тиімділігі есебінен берілетін сыйлықтар;

- ынталандыру немесе өтем ақы төлемдері;

- заттай түрінде берілген өнімдердің құны;

- жұмысшыларға келісім - шарттардың орындалу қорытындылары бойынша берілетін төлемақы;

- басқа да төлемдер.

Әлеуметтік қажеттіліктер аударымдарына:

- зейнетақы қорына;

- әлеуметтік сақтандыру қорына;

- халықты жұмыспен қамту қорына;

- медициналық сақтандыру қорына аударылатын қаржылар жатады.

Басқа да шығындар құрамына:

- салықтар;

- алымдар;

- арнайы бюджеттен тыс қорларға аударымдар;

- жалға төлеу;

- мүлікті міндетті сақтандыру;

- ластанған заттарды шығарып тастауға байланысты шектелген төлемдер кіреді.

Негізгі қорлардың амортизациясы есебіне : негізгі өндірістік қорларды толық қалпына келтірудегі амортизациялық аударымдардың сомасы жатады.

Slide 18

Өнімнің өзіндік құнын есептеп шығару тәртібі:

- шығын мақсатына, негізгі қордың мазмұнына қарай есептеу объектілеріне бөлінеді;


Ұқсас жұмыстар
Орындалған контрактан алынған пайда есебі
Өндіріс шығындары
Өзіндік құнды талдау міндеттері
Өндірістік шығындар есебін ұйымдастыру туралы
КӘСІПОРЫН ШЫҒЫНДАРЫН ТАЛДАУ
Өндірістік шығындар
Өнімнің өзіндік құнын төмендету, пайда, рентабельділікті арттыру әдістері
ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫ
ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУ МЕН ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІНІҢ ҮРДІСПЕ - ҮРДІС ӘДІСІ
Өнімді өндіру және өткізу шығындары туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz