БАСҚАРУ ҚЫЗЫМЕТ СТИЛІ ТҮСІНІГІ, МАЗМҰНЫ, ТҮРЛЕРІ



БАСҚАРУ ҚЫЗЫМЕТ СТИЛІ ТҮСІНІГІ, МАЗМҰНЫ, ТҮРЛЕРІ

Басқару түсінігі
Басқару - әр түрлі табиғат жүйелерінің биологиялық, техникалық, әлеуметтік ұйымдасқан бүтіндігін қамтамасыз ететін функциясы, яғни алдарында тұрған міндеттерге жету, олардың құрылымын сақтау, олардың қызметінің жағдайын тиімді қалыпта ұстау.
Басқару - қандай да бір жүйенің элементтерін құрайтын өзара әрекеттік мүддесіне қызмет етеді.
Басқару - бүтін жүйенің ішкі саласы, оның негізгі ісін ұйымдастыру (өзін басқару) бастауында, өзара әрекеттік ететін элементтері субъект (басқару элементі) және нысан (басқарылатын элемент) болып саналады.
Басқару - қызмет, әкімшілік - бұл қызметтің негізгі субъектісі, билік - оны жүзеге асырудың негізгі құралы, атқарушы билікті жүзеге асыратын субъект. Бұл өзіне үш негізгі белгіні құрайтын түсінікпен байланысты. Басқару (атқарушы, әкімшілік), аппарат (қызметкерлер органдар жиынтығы), атқаратын қызметі (басқарушылық, атқарушы, әкімшілік) және осыған байланысты қолданатын басқару (атқарушы әкімді билік) .
Басқару - іс мәнісі жағынан субъектінің нысанға басқарушылық әсер етуі, оның мазмұны болып жүйені реттеу, оның қызмет етуін қамтамасыз ету. Бұл мақсатта бағытталған реттеумен әсер ету - субъекті мен нысанның арасындағы байланыс және оны басқарудың нақты субъектісі жүзеге асырады.

А. Файольдің «Басқару» анықтамасының алты функциясы

Басқару қызметінің стилі түсінігі
Басқару қызметкерлерінің мәдениеті әр түрлі қасиеттері бойынша көрініс тапса да, олардың мәдениетінің толық және нақты бағасын жүмыс істеу стиліне қарап беруге болады.
Басқарушылық қызмет стилі дегеніміз - билік органдарының, қызметкерлерінің күнделікті қызметінде қолданатын әдіс -тәсілдер, құралдар жүйесі, бағынышты қызметкерлерге қатысты жүріс - тұрыс үлгісі.
Оның қоғамның басқа салаларындағы қызмет стилінен ерекшеліктері мемлекеттік-биліктік өкілеттіктерге сүйеніп, оны қолданумен байланысты болатын, нақтылай және толықтай нормативтік реттеліп отыратын, басқару әсерін қалыптастыруды және іске асыруды мақсат тұтатын басқару қызметкерлерінің әлеуметтік белсенділігімен айқындалады.


Басқару стильдері
Басқарушылық қызмет стилі саяси режимдерге байланысты және соған сәйкес қалыптасады. Осыған орай ғылыми әдебиеттерде бірнеше басқару стилдері қарастырылған.
Директивті стильге биліктің шектен тыс орталықтандырылуы, көпшілікпен және бағыныштылармен санаспаушылық тән, мұнда нені қалай істеу керектігін басшы өзі шешеді.
Демократиялық стильде - бағынышталарға еркіндік беру арқылы, олардың белсенді түрде араласуы нәтижесінде шешімдер әзірленіп, қабылданады. Жұмысты орындауға қажетті алғышарттар жасалып, оның нәтижесі әділ бағаланады. Адамдармен сыйласымды қатынастар орнатылады.
Либералдық стиль - басшының бағыныштылардың іс-әрекеттеріне араласпауымен сипатталады. Ол жауапкершіліктен қашқақтап, тіпті үжым қызметінің ең күрделі мәселелерін шешуге де қатыспайды.

Қосымша стильдер
Аталып өткен стильдерден басқа әркім нені және қалай істегісі келсе өз бетінше орындайтын анархиялық стиль.
Белгілі бір шараны орындау, атқару кезінде ғана аса белсенділік танытатын, келесі жағдайларға дейін салғыртсу, әрекетсіздік білдіретін кампаниялық стиль (кампанейский) .
Көбінесе бұйрыққа, қызметтік тәуелділікке негізделіп, дөрекі психологиялық қысым жасалатын еріктілік стиль түрлері белгілі.
Сонымен қатар нормативтік, яғни көпшілік мойындаған, қоғам қолдайтын жалпы ортақ стиль.
Нақтылы басқару қызметінің жағдайларына, түрлеріне және қызметкерлердің қабілетіне байланысты қалыптасатын жеке стильдерді де атауға болады.

Курт Левиннің пікірі
Американдық психолог Курт Левин (1890-1947 жж. ) директивті басқарудағы қызметті ең өнімді деп санаған. Демократиялық басқару ең көп тараған және өнімділік пен сапа көрсеткіштеріне қол жеткізуге мүмкіндік туғызады. Басқарудың либералды стилі барлық жағынан нашар болып шықты. Левин мінез-құлықтық бағыттың өкілі болып табылады, себебі оған дейін басқару тиімділігін басқарушының жеке қасиеттерімен емес, бағынышты қызметкерлерге қатысты жүріс-тұрыс үлгісімен анықтайтын түлғалық және жағдайлық теориялар орын алған болатын. Осыған байланысты стильдер автократиялық жэне демократиялық болып жіктеледі. Авторлар сәйкесінше оларды «барлық күш-жігерін жүмысқа жұмылдырған» және «барлық күш-жігерін адамдарға бағыттаған» деп бөледі.
Барлық күш-жігерін жұмысқа жұмылдырған басшы үнемі мәселенің дұрыс қойылуы мен еңбек өнімділігін арттыру жайлы ойлайды. Ал «барлық кұш-жігерін адамдарға бағыттаған» басшы еңбек өнімділігінің өсуін тек адами қатынастарды жетілдіру жолдары арқылы ғана өз мақсаты етіп қояды.
Бірақ басшы тек жұмысқа ғана өз назарын аударып, қызметкерлеріне мүлдем көңіл бөлмеуге болмайтындығы кейіннен белгілі болды. Ол қандай да бір дәрежеде адами қатынастарды ынталандыруға, қарамағындағылардың кажеттілігін қанағаттандыруға мәжбүрлі. Авторитарлық бағыттың да, адами қатынастар позициясын ұстанушылардың да жақтаушылары бар. Бұл екі бағыт та тәжірибе жүзінде оң қолдауға ие болды және олар жұмыспен қанағаттанушылық, жоғары еңбек өнімділігінің болуымен бағаланады. Алайда, тәжірибе жүзінде бұл керсеткіштердің өсуін қандай да бір стильмен байланыстыруға болмайды. Жүмыспен қанағаттанушылық пен еңбек өнімділігінің жоғары болуы авторитарлық басқарудың нәтижесінде және керісінше, қарама-қарсы нәтижелер демократиялық басқару стилінде де болуы мүмкін.

Дуглас МакГрегор теориясы
60-шы жылдары амер. проф. Дуглас Мак Грегор адамдар тұрпатын ажырататын «X» теориясы мен «У» теориясына негізделген, басқаруды ұйымдастырудың екі тұжырымдамасын ұсынған.
«X» теориясы қатардағы адамның жұмыс істеуге ынтасының болмауы және одан жалтару жолдарын іздеуі тән, сондықтан белгіленген мақсаттарға жету үшін адамдардың көпшілігін мәжбүр ету, бақылау, бағыттау қажет; қатардағы адам бақылауды қалайды, жауапкершіліктен аулақ болуға ұмтылады; адамдар көбінесе қауіпсіздікті қажет етеді. Мак грегордың пікірінше мұздай адамдарға қатысты басшы авторитарлық стильді және формальды емес әдістерді қолдануды ұйғарады. Осыны ескеріп, қарамағындағыларға психологиялық әсер етеді, өкілеттіктерді орталықтандырып, бір жерден шешім қабылдайды. Авторитарлық лидер билік арқылы өзінің еркін қарамағындағыларға жүктейді, мойындатады.
«У» теориясы бойынша адамға атқаратын жұмысынан жалтару міндет емес, себебі ол еңбек белгілі жағдайларға байланысты тиісті жаза алу немесе табыс көзі болуы мүмкін; қызметкерлердің қызметіне сыртқы бақылау орнату олардың күш-жігерін жұмылдырудың жалғыз құрал емес, егер адам мақсатының орындалуына мүдделі болса өзін-өзі басқару мен бақылауды жүзеге асыра алады; ынталы қызметкерге жоғары марапат - оның өзін-өзі көрсетуін жүзеге асыру; көптеген адамдар ұйымның мәселелерін шешуге елеулі үлестерін қоса алады. Осындай қызметкерлерге қатысты басшы басқарудың демократиялық стилін және формальды үлес әдістерін қолданады. Бұл басқару стилінің ашық түрі, мұнда сенімділік орын алып, адамдар мәселені өздері шешіп, басшыға тек керек кезде ғана барады.
Мак Грегордың «X» теориясына әкімшілік қызметкерлер тек «сызықтық» қызметкерлерді бақылау үшін қолданады, ал «У» теориясына байланысты әкімшілік кызметкерлердің рөлі қалған басқару деңгейлеріне тек кәсіби көмекпен шектеледі.

“Х” теориясы
Лидерлік саласында әлемге әйгілі ғалым Дутлас Мак Грегор автократикалық басқарушының «X» теориясының жұмысшыларына қатынасын айтқан.

“У” теориясы

Демократиялық басшы
Демократиялы басшы өте жоғары деңгейдегі қажеттілікке сүйенетін әсер ету механизмін қалайды,
Олар төмендегі қажеттіліктер:
- керек-жараққа (жабдыкда) деген қажеттілік;
- жоғары мақсатты қажеттілік;
- автономиялар;
- өзінше ойын жеткізу қажеттілігі.
Демократиялы басшы бағынушыларға өзініқ еркін күштеп міндеттеуден қашады. Демократиялық стиль басым болған жағдайда, ұйымдарда орталықтандырылмаған биліктілік жоғары дәрежеде сипатталады. Бағынушылар шешім қабылдауға белсенді қатысады және тапсырманы орындауда тең бостандыққа ие болады.

Басқарушылық формалары
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz