СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
Презентация қосу
СҰРАНЫС ПЕН
ҰСЫНЫС
ТЕОРИЯСЫНЫҢ
НЕГІЗДЕРІ
Сұраныс дегеніміз- белгілі уақыт ішінде бағасы
анықталған тауарларды тұтынушылардың сатып алу
қабілеттілігі немесе адамдардың бір нәрсе үшін ақы
төлеуге қабілеттілігі мен тілегін білдіреді.
Сұраныс пен баға арасындағы кері қатынасты сұраныс
заңы қарастырады.
Сұраныс заңы:
■ баға мен сатып алынатын тауар санының арасындағы кері
байланысты көрсетеді;
■ сол тауарға деген сұраныстың бірте-бірте азаюы.
Сұраныс қисығы дегеніміз – белгілі
уақыт аралығында әртүрлі бағамен
тұтынушылардың сатып алуға дайын
экономикалық игіліктер санын
көрсететін қисық.
Егер рынокта сұраныс азайса, онда тауар
бағасы төмендейді, ұсыныс көлемі азаяды.
Сұраныс деңгейінің өзгеруі – басқа шарттар өзгеріссіз
болған уақыттағы тауар бағасының өзгеруі
нәтижесінде белгілі бір уақытта тұтынушылардың
сатып алатын тауарларының саныдағы өзгеріс болып
табылады.
Сұраныстың өзгеруі дегеніміз – бағалық емес факторлардың өзгеруі
нәтижесінде сатып алушылардың сатып алатын тауарларының
санындағы өзгерістер.
■ Сұраныс деңгейінің өзгеруінің негізгі факторлары баға болып
табылады, ал сұраныстың өзгеруін қамтамасыз ететін бағалық емес
факторлар болып табылады.
■ Сұраныс деңгейінің өзгеруі сұраныс қисығын өз бойында
жылжытады, ал сұраныстың өзінің өзгеруі сұраныс қисығының
орнын бір жерден екінші жерге ауыстырады.
Тұтынушылар әрбір баға бойынша
осы тауардың көбін сатып алғысы
келсе, онда d1-ден d2-ге ауысады.
Ал тауарды аз қалау сұранысты
азайтады және сұраныс қисыны
солға d1-ден d2-ге қозғалады.
Сұраныс қисығынын қозғалысы
мен сұраныстың өзгеруі баға
факторының әсерінен болады.
P - баға
Q - тауар мөлшері
Сұраныс көлеміне әсер ететін факторлар 2-ге бөлінеді:
а) бағалық факторлар; Тауар бағасының төмендеуі сұраныс
деңгейін жоғарлатады, ал бағаның өсуі сұраныс деңгейін төмендетеді
ә) бағалық емес факторлар.
Сұранысқа әсер ететін бағалық емес факторларға жататындар:
- Тұрғындардың ақшалай табыстары;
- Тұтынушылар құрылымының өзгеруі;
- Тұтынушының талғамы мен талғауы;
- Жинақталған мүлік;
- Нарық көлемі, яғни бірін-бірі ауыстыратын және толықтыратын
тауарлар көлемі;
- Сатудан кейінгі көрсетілетін сервистік қызмет.
Ұсыныс дегеніміз- белгілі уақыт ішінде
бағасы қойылған тауарларды нарыққа
шығару немесе рынокқа сату үшін
шығарылған өнімдердің түрлі саны.
Тауарларды ұсыну мен баға арасындағы
тура қатынасты ұсыныс заңы
қарастырады.
Ұсыныс заңы баға мен ұсыныстың бір
бағытта өзгеруін көрсетеді.
Ұсыныс деңгейінің өзгеруі дегеніміз – басқа
шарттардың өзгеріссіз болған уақытындағы тауар
бағасындағы өзгерістің нәтижесінде өндірушілердің
сатуға мүмкіндігі және тілегін көрсететін тауарлар
санындағы өзгеріс.
Ұсыныстың өзгеруі дегеніміз – бағалық емес
факторлардың өзгеруіне байланысты өндірушілердің
сатуға тілегі бар тауарлар санының өзгеруі.
Ұсыныс қисығы дегеніміз – нақты уақыт кезінде
әртүрлі бағада өндірушілердің сатуға дайын
экономикалық игіліктерінің санын көрсететін қисық.
Ұсыныс көлеміне де 2 фактор әсерін тигізеді:
а) баға;
ә) бағалық емес факторлар.
Ұсынысқа әсер ететін бағалық емес факторларға
жататындар:
- Қолданылатын өндіріс технологиясының сипаты;
- Салықтар мен дотациялар;
- Табиғи-климаттық жағдайлар;
- өндіріс ресурстарының сапасы мен санының өзгеруі;
- ресурстардың бағаларының өзгеруі;
- күтім;
- маркетинг, бәсеке, жеткізушілер санының өзгеруі.
Басқа факторлар өзгеріссіз қалғанда,
тауардың бағасының өзгеруі сұраныс
деңгейін өзгертеді және ұсыныс қисығын өз
бойында жылжытады. Егер де баға өсетін
болса, онда ұсыныс деңгейі де өседі,
керісінше баға төмендейтін болса, онда
ұсыныс деңгейіде төмендейді.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz