САЯСАТТАНУ



Саясаттану

Саясаттану ілімі
XX г. 50 жж. саясаттану дербес ғылым саласы және оқу пәні ретінде қалыптасты. 1948 ж. ЮНЕСКО бастауымен Саяси ғылымның халықаралық бірлестігі құрылды.
Саяси ғылымның зерттеу объектілері:
саяси теория;
саяси институттар;
саяси партиялар, топтар, қоғамдық пікір;
халықаралық қатынастар.
Саясаттану - [грек, politike - мемлекетті басқару өнері, logos - сөз, түсінік, ілім] - саясат, саяси үрдіс, саяси билік туралы ғылым.

Саясаттану екі сипатта
Ғылым ретінде
Саясаттану ғылым ретінде қоғамның саяси саласын, саяси ойдың пайда болуы мен дамуын, саяси жүйе, саяси қатынастар мен үрдістер, саяси сана мен саяси мәдениет, халықаралық саяси үрдісті зерттейді.
Пән ретінде
саяси мәселелерден нақты білім беріп, нақты саяси шындықтың мәні мен дамуын, негізгі саяси институттар, ұйымдар, қозғалыстар мен үрдістер, саяси қатынастар жүйесіндегі жеке тұлғаның құқықтық жағдайы мен оның саяси өмірге қатысу жолдарын жан-жақты ашып көрсетеді.

Саясаттану құрамы
Саясаттану ғылым ретінде жалпы ғылыми әдістердің белгілі бір қорын пайдаланады. Ғылыми зерттеудің қандай да бір әдістері мен құралдарының басымдылығы саясаттанудың ғылым ретіндегі пәнінің өзіндік ерекшелігіне байланысты.
Әлеуметтанулық
Саясаттану әдістері
Тарихи
Құрылымды-функционалдық
Салыстырмалы
бихевиористік
Жүйелеу

Әлеуметтанулық әдіс - саясатты қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік құрылым, мəдениет және т. б. жағдайына байланысты анықтайды.
Тарихи тәсіл - әр түрлі саяси оқиғаларды, саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дәйекті, заманына қарай, бұрынғы, қазіргі және болашақтың байланысын айқындап қарастырады.
Салыстырмалы әдіс - әр елдердегі саяси құбылыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді.
Жүйелеу әдісі - саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымның бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердін әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін айналадағы ортамен, басқа құбылыстармен байланысын зерттейді.
Бихевиористік әдіс - жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда адамдардың өздерін өздері қалай ұстауын талдауға негізделеді.
Құрылымдық-функционалдық әдіс - саяси институттардың, саяси қатынас¬тар субъектілерінің қызметін сараптау жолымен саяси процестерді зерттеу әдісі. Функция арқылы құрылымдардың әлеуметтік мәні, қоғамдық-саяси процестегі орны мен рөлі лайықты түрде анықталады.

Саясаттанудың қызметі
Ең алдымен танымдық қызметі жатады. Ол қоғамдағы оқиғаларды танып-білуғе, олардың саяси мәнін түсінуге, болашақты болжауға мүмкіндік береді. Келесі қызметі - бағалау. Ол саяси құрылысқа, іс-әрекеттерге және оқиғаларға саяси баға береді.
Саясаттану реттеушілік, басқару қызметін атқарады. Ерекшелігі - қоғамның саяси өмірімен тығыз байланысында. Ол адамдардың саяси өмірінде өзін-өзі ұстауына, іс-әрекетіне тікелей әсер етеді. Саяси дамудың үрдіс, бағдарын бақылап, саясаттану қоғамдық оқиғаларды тиімді басқару үшін нақты мəлімет береді. Болжау қызметі - саяси зерттеулердің құндылығы саяси процестердің үрдісін айнытпай бейнелеумен белгілі бір саяси жағдайларда озық саяси өзгерістер жасауға бағытталған ғылыми негізделген болжаумен аяқталуы тиіс.

Саясаттанудағы өркениеттік тәсілдің пайда болуы
Əлемдік тарихты өзіндік сипат пен жеке даму динамикасына тән жергілікті өркениеттер кезеңдерінен тұрады деп есептейтін тұжырымға негізделеді. Саясаттанудағы өркениетті тәсіл нақты қоғамның саяси ұйымын зерттегенде бірінші кезекте саяси өмірдегі ұлттық-мәдени ерекшеліктерін қарастырады.
Бұл тәсілдің пайда болуы орыс ойшылы Н. Я. Данилевский (1822-1855) еңбектерімен байланысты. Ол өзінің "Ресей және Еуропа" (1869) еңбегінде саяси ғылымда алғаш жергілікті мәдени-тарихи түрлері (өркениеттер) бар екенін теориялық тұрғыдан дәлелдеді.
Н. Я. Данилевский жеке, дербес құндылықтары бар 10 өркениетті көрсетеді. Әр мәдени-тарихи түрлер қоғамның саяси жүйесіне негіз болатын өзіндік идеалды, үлгіні қалыптастырады.

XX ғ. өркениеттік тәсіл неміс философы О. Шпенглер (1880-1936) мен ағылшын саясаттанушысы А. Тойнби (1889-1975) еңбектерімен әрі қарай дамытылды. О. Шпенглер өзіне тән саяси ұйымдары бар 9 жергілікті мәдениетті көрсетеді. Ал, А. Тойнби 21 кейінірек, 13 аймақтық мәдениетті көрсетеді. Өркениеттік тәсілдің негізгі элементтерін К. Ясперс еңбектерінде де көрініс тапқан. Өркениеттік тәсілді зерттеушілердің пікірінше, әр жергілікті өркениет дамуында пайда болу, өсу, құлдырау және ыдырау, жойылу сияқты дәуірлерді басынан кешіруіне байланысты келесі бір өркениетке орын береді. Қазіргі заманда өркениеттік тәсілді "өркениеттер қақтығысы" теориясының авторы зерттеуші С. Хантингтон қолдайды. Оның пікірінше, қарама-қайшылықтар өркениеттік сипат алады. Ол ірі сегіз өркениеттің өзара қарым-қатынасы туралы айтады. Олар: батыстық, конфуциандық, жапондық, исламдық, үнділік, латын американдық, африкандық және православ-славяндық.
Өркениеттік тәсілді дамытуға үлес қосқандар

Хантингтонның өркениеттер арасында дау тудыруы мүмкін себептері
саяси идеология мен саяси тәртіптер арасындағы айырмашылықтардан гөрі, өркениеттік айырмашылықтар негіздірек;
өркениеттік өзін-өзі танудың өсуі, өркениеттер арасындағы айырмашы¬лықтар мен ортақтың тереңдеуін түсіну;
ұлттық-мемлекеттердің бірегейлік көзі ретіндегі рөлінің әлсіреуі. Діннің бірегейлік көзіне айналуы;
батыстық емес елдердегі элитаның батыстандырудан бас тартуы және ол¬ардың өздерінің мәдени тамырларына қайта оралуы;
өркениет дау-жанжалдарының көзі - мәдени ерекшеліктер мен айырмашы¬лықтар мәселенің "Сен кімсің?" тұрғысынан қойылады.

Саясаттану парадигмалары - [грек, paradeiqma - теория, үлгі] - саясаттануда парадигма деп саяси өмірді бейнелеуді, білімді ұйымдастырудың қисынын білдіретін, әлеуметтік құбылыстардың бір тобын теориялық пайымдау үлгісі деп мойындаған негізгі тұғырнама желісін айтады. Парадигма жасау арқылы зерттеушіде белгібір саяси құбылысты зерделеудің негізгі өлшемі, қалпы қалыптасады. Соған орай ол деректерді жинап, талдайды, түсіндіреді, мағлұматтарды жинақтайды, жүйелейді.
Саясаттану парадигмалары
Парадигмалар
Теологиялық парадигма
Натуралистік парадигма
Әлеуметтік парадигма
Тиімді парадигма
Жанжалдық парадигма
Мәмлеге келу парадигмасы

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz