ҚАҚТЫҒЫСТАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕРДІ БАСҚАРУ



Қақтығыстар мен өзгерістерді басқару

Конфликт деген не?
Ғылыми-әдістемелік, педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде ғылыми халықаралық термин - конфликт қазақ тілінде қақтығыс, егесу, керісу, жанжал, дау-жанжал, тартыс деген мағыналарда жиі қолданылады. Бұл аталған ұғым, түсініктер оқушыларға білім беру, оқыту, үйрету барысында, оларды тұлға ретінде қалыптастыруда, олардың мәдени қарым-қатынасында, мінез-құлқында жиі көрініс табатыны белгілі.
Оқушылардың даму процесінде, олардың жас және жеке педагог-психологиялық ерекшеліктеріне байланысты, олар арасындағы қақтығыс және оның басқа түрлерінің келіп шығуы, пайда болуы табиғи нәрсе екендігін де ұнытпаған жөн.

Қақтығыс түрлері
Ғылыми-педагогикалық және психологиялық туындыларға сүйене отырып, қақтығыс (конфлик) тің мынадай түрлерін атауға болады:
тұлғааралық қақтығыстар
отбасындағы (ерлі-зайыптылар) қақтығыстар
басшы-бағынушылар арасындағы қақтығыстар
әлеуметтік топтар арасындағы қақтығыстар
саяси және мемлекетаралық қақтығыстар және т. б.
Сонымен қатар, педагогикалық мамандыққа қатысты «педагогикалық еңбек, қызметтегі қақтығыстар», инновациялық (жаңалықтар енуімен байланысты) қақтығыстар»ды өз алдына бөліп жеке қарастыруға да болады.

Қақтығыс, конфликт адамдар арасындағы қарым-қатынас психологиясының негізгі бір компоненті болғандықтан сол ұнамсыз қатынастың келіп шығу себептері, факторлары, жағдайлары, оның түрлері, технологиясы мен механизмі, көріністері, дамуы немесе тежелуі, оларды болдырмау немесе шешімін табу жолдары сияқты мәселелерге жан-жақты тоқталамыз. Мамандық саламызға сай тұлғааралық қақтығыстар мәселесі терең де жан-жақты қамтылады.

Психолог-ғалымдардың тұлғааралық қақтығысқа анықтамалары

Тұлғааралық қақтығыс түсінігі

Отбасылық қақтығыстар
Субъекттердің өзара әрекетіне қарай отбасындағы қақтығыстар былайша бөлінеді:
ерлі-зайыптылар арасындағы қақтығыстар
ата-аналар мен балалар арасындағы қақтығыстар
ерлі-зайыптылар мен олардың ата-аналары арасындағы қақтығыстар
әкелер (аталар) мен немерелер арасындағы қақтығыстар


Ол себептер төмендегідей:

Қақтығыстардың пайда болуы мен дамуы
Қақтығыстардың келіп шығу себептері мен факторлары да түрліше болуы мүмкін. Қақтығыстардың келіп шығуы және дамуы 4 топ факторлар мен себептерге негізделеді. Олар: объективтік, ұйымдастыру-басқару, тұрмыстық-психологиялық және жеке тұлғалық:
I) Қақтығыстың объективтік себептеріне адамдардың тұрмыстық жағдайдағы өзара қимыл-әрекеттері, яғни олардың қызығу, көзқарас, пікір, ұстанымдардың қақтығысуы жатады. Объектив себептері қақтығыстық жағдайды тудырады. Ал субъектив себептер қақтығыс мүшелерінің (оппонеттер) жеке психологиялық ерекшеліктермен байланысты, яғни қақтығыс тудыратын, сол қақтығыс арқылы объектив қайшылықтарды шешуге бағытталған жеке психологиялық қасиеттерімен ерекшелінеді. Әрқандай ситуация (жағдайда) оны қақтығыспен және қақтығыссыз шешуге мүмкіндік болады.

Тәжірибедегі қақтығыстың объектив-субъектив себептер комплексі
Адамдардың күнделікті тұрмысында, өмірінде материалдық және рухани қызығулардың табиғи қақтығысы;
Адамдар арасындағы қарым-қатынас процесінің құқықтық және нормативтік қағидаларының, тұрмыстық қайшылықтардың толық жете жетілмегендігі;
Материалдық және рухани байлық, құндылықтардың адамның нормаға сай өмір сүруіне тең бөлінбеуінен;
Республика халқының тұрмыс- тәрізінің әртүрлілігі;
Ұлттар арасындағы жеке тұлғааралық және топаралық қақтығыстардың болуы.
Сонымен қатар, адамдар жасайтын өңірлерде экологиялық жағдайлардың нашарлауы, әртүрлі төтенше апат жағдайлары және т. б. қақтығыстардың келіп шығуына себеп болады.

II) . Қақтығыстың ұйымдастыру - басқару себептеріне - ұжымдар, ұйымдар және топтар құрылуымен, дамуымен және қызметімен байланысты болған жағдайлар жатады

Оқытушы мен оқушы арасында қақтығыстың
Психолог М. Рыбакованың пікірінше оқытушы мен оқушы арасында қақтығыстың төмендегідей түрлері кездеседі:
Қызмет, лауазымымен байланысты қақтығыстар, олар көбінесе балалардың үлгерімімен байланысты
Сабақтан тыс тапсырмаларды нашар орындауымен немесе орындамауымен байланысты пайда болады.

Оқытушы мен оқушы арасындағы қақтығыстың себептері
Оның себептері әртүрлі болуы мүмкін: Шаршау, оқу материалдарының қиындығы мен күрделілігі, оқытушының орынсыз ескертулер беруі және т. б;
Іс-әрекет, өзін ұстай білмеуден, құлықтағы ұнамсыз көріністерден келіп шығатын қақтығыстар. Яғни оқушылардың мектепте және мектептен тыс кезде өзін ұстай білу қағида, ерекшеліктерін бұзуы.
Ол ұнамсыз әрекеттердің себептері әртүрлі болуы мүмкін. Кейде оқытушы ол себептерді анықтамай тұрып, оқушыға баға береді, жазалауға әрекеттенеді;
Қатынастағы қақтығыстар яғни оқытушы мен оқушының эмоциялық көңіл-күйімен, тұлғаның мінез-құлқымен байланысты жүзеге келетін қақтығыстар. Мұндай жағдайда оқушының жеке тұлғалық мәні іске түседі, оларда оқытушыға деген ұзаққа созылатын наразылық, келіспеушілік, ұнамсыз пікір пайда болады. Олар арасындағы өзара қатынас ұзақ мерзімге бұзылады.

Оқытушы-оқушы арасындағы қақтығыстың ерекшеліктері
Проблемалық ситуация, жағдайларды дұрыс шешу оқытушының негізгі міндеті.
Қақтығыс мүшелерінің статусы (орны) айырықша (оқытушы-оқушы) -олардың қақтығыстағы құлқы, өзін ұстауы ерекше;
Қақтығыстың шешілуінде олардың өмір тәжірибесі әртүрлі дәрежеде, деңгейде, сондықтан да жауапкершілік те әр түрлі деңгейде болуы қажет;
Оқиғаның мәні мен себептерін олар түрліше түсінеді, пікірлейді;
Басқа оқушылардың қақтығыстың куәсі болуы олардың да тәрбиесіне әсер етеді;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz