БАСҚАРУ ФОРМАЛАРЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ




Презентация қосу
БАСҚАРУ ФОРМАЛАРЫ МЕН
ҚҰРЫЛЫМЫ
БАСҚАРУ ҒЫЛЫМЫ
Орыс тілінде «басқару» термині мемлекетті, мекемені, өндірісті, ұйымды,
техниканы, сонымен бірге автокөлікті басқару деген мағынада қолданылады.
Ағылшын тіліндегі «менеджмент» сөзі орыс тіліне аударғанда «басқару», ол негізгі
түбірі латынның «қол» деген сөзі.

Нарықтық экономикаға көшкен соң «менеджмент», «менеджер» - терминдерімен
бірге «басқару», «басқару жүйесі», «директор», «жетекші» сөздері қолданысқа енді.
Менеджмент - бұл нарықтық экономикадағы басқару шарты

Субъектілері:
экономикалық әдіспен басқаруды қолдану;
нарықтық сұранысты қадағалай білу;
сатып алушылардың сұранысын талап ететін өнімдерді шығару және одан пайда таба білу;
аз шығынмен көп пайда табуға ұмтылу;
нарықтық өндірістік бағдарламасындағы сұраныстарын үнемі бақылау.
А.ФАЙОЛЬДІҢ «БАСҚАРУ»
ФУНКЦИЯЛАРЫ
oтехникалық операциялар (өндіріс);
oкоммерциялық операциялар (сатып алу, сату және айырбас);
oқаржылық операциялар (қаражаттарды тарту және оларды
иелену);
oсақтандыру операциялары (адамдар мен мүлікті сақтандыру
және қорғау);
oесептік операциялар (бухгалтерия, калькуляция тауар және
басқалардың өзіндік бағасын және сатып алынатын, сататын
бағасын есептеп шығару), есепке алу, статистика және т.б.;
oәкімшілік операциялар (алдын ала болжау, ұйымдастыру,
басқарушылық, үйлестіру және бақылау).
БАСҚАРУ ДЫҢ МӘНІ
Басқарудың мәнін ашатын «жүйе» ұғымы, мынадай белгілермен сипатталады:
1.міндеттер мен мақсат;
2.басқарудың субъектісі мен нысаны;
3.функциялар;
4.ұйымдық құрылымы;
5.бірлігі;
6.жүйе элементтерінің дербестігі және өзара байланыстылығы;
7.қызметтің белгіленген әдістері мен нысандары.

Жалпы мағынада басқару, басқару субъектісінің басқару нысанына ақпараттық байланыстар
мен қатынастар негізінде, жүйенің қызметін тиімді жасау мақсатында бағытталған әсер етуі деп
түсінуге болады.
Басқару анықтамасының ең дәл түсінігін ресейлік ғалым Г.В. Атаманчук беріп отыр:
басқару — бұл адамдардың қоғамдық өмір тіршілігіне мақсатты, жасампаз, ойластырылған,
ұйымдастырылған және де арнаулы құрылған органдар мен құрылымдар (мемлекеттік
органдар, саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, кәсіпорындар, қоғамдар, кеңестер және
т.б.) арқылы жүзеге асырылады.
БАСҚАРУ ҒЫЛЫМЫ НЕНІ
ЗЕРТТЕЙДІ
1. Ұйым құрылуының әдістері мен принциптерін, заңдарын;
2. Ұйымды басқаруда жетекшілік ететін жұмысшылардың
қызметі негізінде жататын принциптер мен
заңдылықтарды;
3. Ұйымды басқару бойынша жетекшілік ететін
қызметкерлердің қызметін;
4. Жеке тұлғаға қатысты (физиологиялық, психологиялық
және әлеуметтік) жетекшінің жауап беретін талаптарын;
5. Басқару процесінде адамдар арасында қалыптасатын
қарым-қатынасты.
«Басқару — алдын ала болжау, ұйымдастыру, басқару, үйлестіру және бақылау»

алдын ала болжау, яғни болашақты ескеру және әрекет бағдарламасы
ұйымдастыру, яғни кәсіпорын организмінің материалдық және әлеуметтік құрылысын
жасау
басқару, яғни қызметкерлер құрамын тиімді жұмыс істеуге мәжбүрлеу
үйлестіру, яғни барлық әрекеттер мен барлық күшті байланыстыру, біріктіру, үндестіру
бақылау, яғни барлық іс-әрекеттер белгіленген ережелер мен берілген өкімдерге
сәйкестікте істелуінің қамын ойлау
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ
ФУНКЦИЯЛАРЫ
- елдің экономикалық, әлеуметтік және технологиялық
дамуының негізгі бағыттарын жоспарлау мен даярлау;
- адамдардың өзара іс-әрекетінің қолайлы жағдайларын
жасау немесе ұйымдастыру;
- қоғамдық өмірдің түрлі саласындағы іс-әрекетін реттеу;
- еңбектік қатынастарды бақылау мен реттеу;
- ғылыми-техникалық дамуды қамтамасыз ету;
- барлық деңгейдегі білім жүйесін қолдау;
- әлеуметтік саланың үздіксіз қызмет істеуін қамтамасыз ету.
БАСҚАРУ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ
ТҮСІНІГІ
Ұйымның және оның бөлімшелерінің тиімді жұмыс істеуі
үшін оның жұмысын үнемі үйлестіріп отыру керек, бұл басқару
жүйесінің-формалардың жиынтығының міндетіне кіреді, оның
көмегімен практика жүзінде басқару процесі жүзеге
асырылады. Мұндай фор-маларға басқару қызметінің
субъектілерін, олардың арасындағы байланыстарды, мақсат-
тарды, функцияларын, әдістерін, басқарудың техникалық
тәсілдерін жатқызуға болады.
Басқару жүйесі сияқты оның құрылымы да көп қырлы, бірақ
онда базалық элементті – басқару субъектілерін (органдарын)
және олардың арасындағы байланысты, яғни басқару және
коммуникациялық құрылымдарды бөлуге болады.
БАСҚАРУ МАҚСАТТАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ
ҚҰРЫЛЫМДАРЫ
Қоғамдық – саяси, қоғамның тұтастай, кешендік, теңестірілген және
сапалы дамуын қамтушы.
Әлеуметтік, қоғамның әлеуметтік құрылымына қоғамдық-саяси
мақсаттардың ықпалы, олардың элементтерінің өзарақатынасы,
адамдардың әлеуметтік өмірінің деңгейі және жағдайы.
Экономикалық, экономикалық қатынастардың жүйесін бекітуші және
сипаттаушы, қоғамдық-саяси мақсаттарды жүзеге асырушы материалдық
негіздерді қамтушы.
Өндірістік – ұйымдық, функционалдық және ұйымдық құрылымдарды
құру- мемлекеттік басқарудың субъект және объектілеріндегі ұйымдық
шешімдерді шешуге бағытталған.
Ақпараттық – мақсаттарға қажетті ақпараттар.
БАСҚАРУ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ МАМАНДАНУ
ЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ БАҒЫТТАРЫ

Ұйым бөлімшелерінің Функциялардың жалпы
құрылым құрамына сипаттамасына байланысты
байланысты маркетингті жоспарлаумен шұғылданатын,
жүзеге асыратын басқару ендірісті, еңбекті және
құрылымының, өндіріс басқаруды ұйымдастыратын,
менеджментінің, ғылыми- ұйымда барлық процестерді
техникалық процестің бақылайтын, басқару
тізбектері өзара процесінің міндетін
ажыратылады. орындайтын органдар
қалыптасады.
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ОБЪЕКТІЛЕРІ
МЕН СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖҮЙЕСІ
Мемлекеттік басқарудың объектісі мен субъектісі жөніндегі
мәселе мемлекеттік басқару теориясының негізгі әдістемелік
мәселелерінің бірі болып табылады. Оны шешу - мемлекеттік
басқарудағы субъект пен объект қатынастарын түсінуге және
объектінің демократиялық сипатын қамтамасыз етуге мүмкіндік
береді.

Басқару субектісі—мемлекет

Басқару объектісі—қоғам

Ұқсас жұмыстар
Қоғамдық сана және оның құрылымы мен формалары
Топтағы құрылымдық элементтер
Басшылық, адамдарды және топтарды басқару
Басқару əдістері
Биліктің институттары
Оқу процесін ұйымдастыру формалары
ЖОСПАР ӘЛЕУМЕТТАНУ ТҮСІНІГІ
Коммерциялық банктердің операциялары
МЕНШІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНСТИТУТ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ
Меншік формалары
Пәндер