БОЛМЫС ФИЛОСОФИЯСЫ. БОЛМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ




Презентация қосу
БОЛМЫС ФИЛОСОФИЯСЫ
БОЛМЫС
Болмыс – тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең
ауқымды философиялық ұғым. Әр заманда өмір сүрген
ойшылдар бұл ұғымды көбінесе жүйелі философиялық
толғаныстардың бастапқы негізі деп қараған. Осы
уақытқа дейін де болмыс туралы бұл көзқарас өз мәнін
сақтап келеді. Болмыс туралы философиялық мәселені
түсіну үшін ең алдымен оның адамзаттың шынайы
өмірінде қандай түбегейлі орын алатынын ұғыну
қажет.
«Онтология» термині грек тілінде екі сөз
тіркесінен тұрады: онтос – болмыс, логос –
ілім. Демек, онтология грек тілінен аударғанда
болмыс туралы ілім дегенді білдіреді.
Философияда бұл термин ХҮІІ ғасырдан
бастап қолданылады, бірақ оның сол кезге
дейінгі де тарихы бар. Екі жарым мың жыл
бойы философтар әлемдегі адамның орны
туралы ой толғап келеді, соның нәтижесінде
философияда осындай ерекше сала
қалыптасты.
БОЛМЫС ФИЛОСОФИЯСЫ

Болмыс философиядағы ең көне, дәстүрі мол, тарихы бай ұғымдардық бірі.
“бол”, “болу” сияқты түсініктердің баламасы. Бұл ұғым адамды қоршаған
ортаны біртұтас бүтіндік деп тану қажеттігінен туындаған. Болмыс туралы
түсініктер көне философияда қалыптасты.
Парменид, болмыс дегеніміз - тірлік, одан басқа еш нәрсе емес деп үйретті.
Болмыс жақсы, жаман жақтары бар толтырылған, қозғалмайтын шар іспеттес.
Діни дүниетаным үстемдік еткен орта ғасырлар дәуірінде болмыс құдай
жаратқан әлем деп қарастырылған. Құдай барлық тіршіліктің шыңы, мәні,
жетілдірілген реалдылық деп көрсетілген (Әулие Августин, Фома Аквинский).
Қайта Өркендеу, әсіресе Жаңа Дәуірден бастап жаратылыстану - механика,
математика, физика үлкен қарқынмен дами бастайды. Болмыс-жаратылыстану
мен адамның практикалық іс-әрекетінің негізгі объектісі болып табылатын
табиғат. Ол белгілі заңдылықтарға сүйеніп жұмыс істейтін механизм тәрізді.
БОЛМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ:

Заттар (денелер), процестер болмысы:
А) бірінші табиғат;
Б) екінші табиғат
Рухани болмыс:
А) жеке адамның рухани болмысы;
Б) қоғамның рухани болмысы.
Адам болмысы:
А) заттар дүниесіндегі адам болмысы;
Б) адамның өзіндік болмысы.
Әлеуметтік болмыс:
А) қоғамдағы және тарих процесіндегі
жекеленген адам болмысы;
Б) қоғам болмысы.
ЗАТТАР (ДЕНЕЛЕР), ПРОЦЕСТЕР БОЛМЫСЫ

Тарихи тұрғыдан келгенде адам қызметінің, өмір тіршілігінің
негізі – табиғат заттары мен табиғи процестер. Бірінші табиғат
ол адамзатқа дейін пайда болған, адамдардың санасынан тысқары
және тәуелсіз өмір сүреді. Ол теңіздер, мұхит, ормандар, ауа, жер,
т.б. Кейін адам Жер табиғатына қуатты да кең әрекет етуші болып
табылады.бұрын табиғатта өмір сүрмеген, адамдар өндірген
заттардың, процестердің, жай-күйлердің тұтас дүниесі пайда болды.
К. Маркс оны «Екінші табиғат» деп атады. «Екінші табиғатқа»
жататындар: үйлер, материалдық заттар, адам ойлап шығарған
өсімдіктер және тірі организмдер (табиғатта кездеспейтін). Ол
жасанды табиғат. Қазіргі заманда «екінші табиғат», өзі «бірінші
табиғаттың» туындысы болса да, басымды болды.
АДАМ БОЛМЫСЫ
Адам болмысы екіге бөлінеді: Адам тікелей жанды, нақты кісі ретінде өмір
сүреді. Оның үстіне адамның өмір сүруінің табиғи алғышарты - оның денесінің
өмір сүруі. Яғни адам, ең алдымен, «сүйек пен еттен жаралған пенде». Сонда
адам денесі – табиғат бөлшегі. Денесінің болуы адамды шектеулі, өткінші жан
иесі етеді. Ерте заманнан адамдар өз өмірлерінің ұзақтығының ұлғаю
мұмкіндіктерін іздестірген. Ағылшын биологтарының айтуынша, барлық
жағдайлар жасалса, адам денесі бір мың жыл өмір сүре алады. Өмір ұлғаю үшін
не керек? Біріншіден, адам денесінің тіршілігін қамтамасыз ету қажет.
Екіншіден, адамның ең алғашқы құқығы өз өмірін сақтаумен, адамзаттың аман-
есендігімен байланысты. Үшіншіден, жаңа организм ретінде адамдар тұқым
қуалаушылық заңдарына бағынады, мұны жойып жіберуге немесе жоққа
шығаруға олар дәрменсіз. Төртіншіден, философия адамның денесі және оның
ынтызарлығы, қуаныш – реніші, психикалық жай – күйі, ойы, мінез – құлқы,
ерік жігері, іс – әрекеті, бір сөзбен айтқанда, арасындағы байланысты үнемі
іздестіреді.
РУХАНИ БОЛМЫС
Рухани болмыс сана мен санасыздық процестерін қамтиды.
Рухани болмысты шартты түрде екі үлкен топқа: жеке кісілердің
өмірлік қызмет – тіршілігінен бөліп алуға келмейтін
(дербестенген руханилық) және кісіден тысқары өмір сүретін,
басқаша айтқанда, объективтендірілген (дербестенген емес)
руханилыққа бөлуге болады.
Бірінші жағдайда адам сананың көмегімен сыртқы дүние
туралы ойлайды, оның бейнесін туғызады (санасыздық
процестер, тіл мен сана, тіл мен ойдың байланысы). Екінші
жағдайға жататындар – кітаптар, сызбалар, жобалар,
ескерткіштер, идеялар, ойлар, музыка, т.б.
ӘЛЕУМЕТТІК БОЛМЫС
Әлеуметтік болмыс та екіге бөлінеді: тарих процесінде
жекеленген адам болмысына және қоғам болмысына. Жеке адам
тек қана қоғамда өмір сүре алады. Ол бір ұлтқа, тапқа кіреді, бір
мемлекетте тұрады, тарихи процестерге қатысады. Қоғамдық
болмыс жағдайлары мен мүдделері арасындағы қайшылықтар
туады. Қоғам неғұрлым жоғары дамыған сайын ондағы алуан
саладағы прогресті жоғарылату қарқыны бұқараның, таптардың,
жеке адамдардың жоғары саналылығына, әлеуметтік
белсенділігіне, яғни субъективтік факторларға тікелей
байланыстығын байқаймыз.
МАТЕРИЯ, ОНЫҢ ЖАЛПЫ ҚАСИЕТТЕРІ МЕН ӨМІР СҮРУ ТӘСІЛІ

oМатерия ұғымы философиялық материализмнің негізгі.
В.И. Ленин 1908 жылы материя ұғымының кеңейтілген анықтамасын берді: “Материя
дегеніміз - адамға оның түйсіктері арқылы мәлім болатын, біздің түйсіктерімізге тәуелсіз
бола отырып, сол түйсіктеріміз арқылы көшірмесі алынатын, суреті түсірілетін, бейнесі
жасалатын, объективтік реалдылықты белгілеу үшін қолданылатын философиялық
категория”.

Материяға біртұтастық, яғни бүтіндік және құрылымдылық, біркелкілік тән. Әлемнің
әр түрлі бөліктері мен қырлары өзара тікелей немесе бір бірі арқылы байланысқан – табиғат
пен қоғам, тұлға мен тап.

Материяның өмір сүру тәсілі - қозғалыс. Қозғалыс дегеніміз кез келген өзгеріс. Қозғалыс
объективті, абсолютті, салыстырмалы, мәңгі. Қозғалыс көп түрде болады. Ф.Энгельс
қозғалыстың негізгі бес түрін көрсетіп, жүйелеген еді. Олар: механикалық, физикалық,
химиялық, биологиялық, әлеуметтік деп аталған. Қозғалыстың ең қарапайым түрі
механикалық қозғалыс, ол заттар мен құбылыстардың кеңістікте орын алмастыруын
білдіреді. Әлеуметтік қозғалыс қоғам өміріндегі шым-шытырық құбылыстар мен
процестерді бейнелейді.
КЕҢІСТІК ПЕН УАҚЫТ

Материя кеңістік пен уақытта өмір сүреді. Уақыт дегеніміз
заттар мен құбылыстардың өмір сүруінің ұзындығын, олардың
әр түрлі жағдайының ауысуын білдіреді. оқиғалар ағымы.
Платонның сөзімен айтсақ “Мәңгіліктің қозғалу бейнесі”.
физикалық, әлеуметтік уақыт болады.
Уақыттың үш өлшемі бар: қазіргі, кешегі және болашақ. Уақыт
ұдайы алға ұмтылады , ешнәрсе, ешкім оның обьективті
бағытын өзгерте алмайды. Оны тоқтатуға болмайды. Қоғамда
уақыт ағысы жылдам және күрделі.
Уақыт - тіршіліктің мықты да аяусыз өшірушісі, сонымен
қатар оны жаратушысы да
КЕҢІСТІК
Кеңістік - заттар мен құбылыстардың бір - бірімен қатар
орналасу, өзара әрекеттесу ретін білдіретін философиялық ұғым.
Дүниедегі заттардың барлығы да, кеңістікте орналасқан.
Кеңістіктің негізгі бірліктері - нүкте, көлем, ұзындық,
қашықтық. Кеңістік объективті, өйткені ол материяның
ажырамас қасиеті. Кеңістіктің үш өлшемі бар, ол ұзындығы, ені
және биіктігі. Бұл өлшем тек заттық формаға ғана тән емес, әр
түрлі процестерге де тән. Уақыт пен кеңістік бір-бірімен тығыз
байланыста болғандықтан, уақыт оның төртінші өлшемі болып
табылады.
Монизм – бүкіл дүниедегі нәрселердің бір ғана бастамасын мойындайтын
философиялық ілім. Материалистік монизм идеясы бойынша, негізгі ұғым
материя болып табылады. Ұзақ тарихи уақыт барысында материя ретінде
белгілі бір заттың негізгі қасиетін таныды, бұл материяны жаратылыстың
ғылыми тұрғыдан анықтауының белгісі болды. Сонымен бірге, материя
ұғымы материяны философиялық тұрғыдан анықтауда көрініс беретін
философиялық аспектіге ие.

Дуализм – материалдық және рухани субстанцияларды өзара тең құқылы
бастаулар деп есептейтін, монизмге қарама-қарсы философиялық ілім.
Дуализмнің түп төркіні – материализм мен идеализмді ымыраластыру.
Дуалистік сананы материядан бөліп алу, идеализмге соқтырады. Әсіресе
дуализм Декарт пен Кант философиясына тән.

Плюрализм – дүниенің бастамасы ретінде көп субстанцияларды
мойындайтын философиялық ілім.

Ұқсас жұмыстар
Хайдеггер философиясының жалпы сипаты
Материалдық болмыс
ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫ
Мартин Хайдаггер өмірі
ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫ. ПӘН ФИЛОСОФИЯ
Бейнелеудің сатылары
Философияның міндеттері
Болмыс философиясы туралы
Болмыс философиясы жайлы
ФРИДРИХ НИЦШЕ ФИЛОСОФИЯСЫ
Пәндер