Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясат


Slide 1

Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясат

Slide 2

Жыныстық тәрбие

Жыныстық тәрбие - балалардың жыныстық сана-сезімі мен тәртібін қалыптастыруға жүйелі, саналы жоспарланып жүзеге асырылатын ықпал, оларды отбасылық өмірге дайындау. Жыныстық тәрбие - өнегелі, физикалық, эстетикалық көз-қарастары тұрғысынан жастарды жыныстық дамуының дұрыс бағдары.

Өнегелі жыныс тәрбиесі:

- жарқын адам дамуына жағдай жасайды;

- оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай өткізіледі;

- нақтылы ақпараттарды хабарлайды;

- “жәйден күрделіге” деген принципті жүзеге асыратын әр түрлі оқыту тәсілдерді қолданады;

- өтілген құжаттарға жүйелі түрде қайта оралып отыру;

- түрлі ұғым мен пікірлер талқыланады, пікір сайысы қолдауын табады;

- жекелей және ұжымдық ой-қызметті дамытатын дағды мен ыңғайдың жетілдірілуі ынталандырылады;

- өзін-өзі талдау, өзін-өзі бағалау дағдысын дамытады;

- ақылға ыңғайланған мінез-құлықтың қалыптасуына жағдай жасалынады;

- алғашқы мағлұматтарды (хабардар, қажеттілік және т. б. ) анықтау үшін нақтылы жағдайды зерттеу қарастырылады.

Slide 3

Гендерлік саясат түсінігі

Гендер (ағылш. Gender) - қоғамдағы адамның жүріс-тұрысын анықтайтын әлеуметтік жыныс.

Гендер биологиялық айырмашылыққа емес, қоғамның әлеуметтік ұйымына бағынышты ерлер мен әйелдер қызметінің теңдігін белгілейді.

Гендерлік саясат әйелдерге тең қол жетімділікті және өмірдің барлық салаларына қатысуды қамтамасыз етуі қажет.

Slide 4

Мемлекеттегі гендерлік саясат

Әлемдегі әрбір мемлекет өзінің Конституциясына сәйкес сыртқы және ішкі саясатпен айналысатыны белгілі. Өзінің атауы айтып отырғандай, сыртқы саясат - шет мемлекеттермен жүргізілетін қарым-қатынас, ал ішкі саясат мемлекеттің тәуелсіздігін нығайтып, жаһандану процесінен қалмай, алға қарай даму үшін қажетті тетіктердің бірі.

Ал соңғы жылдары ішкі саясаттың бір құрылымы ретінде «гендерлік саясат» деген ұғым көп айтылып жүр.

Гендерлiк саясаттың негiзгi қағидаттары Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепiлдiк берiлген әйелдер мен ерлердiң тең құқығы мен еркiндiгiн белгiлейдi.

Slide 5

Қазақстанда гендерлік саясатты жүргізу жұмысын ҚР президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия үйлестіреді.

Негізгі міндеті қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы, қазақстан республикасында 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясы және қазақстан қатысушысы болатын отбасы мен гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі халықаралық келісім-шарттар аясында отбасына, әйелдер мен ерлердің теңдігіне қатысты кешенді мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады, атап айтқанда:

Әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі пекин тұғырнамасы (1995 ж. ) ;

Бұұ әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы конвенциясы (1998 ж. ) ;

Әйелдердің саяси құқықтары туралы конвенция (2000 ж. ) ;

Тұрмыс құрған әйелдердің азаматтығы туралы конвенциия (2000 ж. ) ;

Деұ-ның 1951 жылғы № 100 ерлер мен әйелдердің тең құндылықты еңбекке тең сыйақы алуы туралы конвенциясы (2000 ж. ) ;

Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы конвенциясының факультативтік хаттамасы (2001 ж. ) ;

Бұұ мыңжылдықтар мақсаттары - «ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізу, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту» атты үшінші мақсаты.

Елімізге гендерлік саясаттың енуі

Slide 6

1999 жылы ел Президентінің бастамасының аудандық буындарға дейінгі ішкі істер құрылымдарында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі арнайы бөлімшелер құрылды. Қазақстан бұрынғы кеңестік кеңістіктегі мұндай құрылымды құрған жалғыз ел болып табылады.

Олардың негізгі міндеттері:

әйелдердің конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін құқыққа жат қол сұғудан қорғау;

әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мен жолын кесу мәселелерінде ішкі істер органдары бөлімшелерінің қызметін үйлестіру;

әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың түрлеріне, нысандары мен әдістеріне, сондай-ақ оларды жасауға жағдай жасайтын себептер мен шарттарға талдау зерттеуін жүргізу;

әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мен жолын кесу мәселелерінде халыққа құқықтық көмек көрсету болып табылады.

Slide 7 Slide 8

ҚР-дағы гендерлік саясаттың принципі

Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясаттың негізгі принциптері ерлер мен әйелдер үшін Қазақстан Республикасы Конституциясымен кепілдендірілген тең құқықты және бостандықты орнатады.

Гендерлік теңдік саясатының алға жылжуы үшін әйелдерге саяси, экономикалық және қоғамдық өмірге араласу қажет.

Демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекетті бекітуде қазақстан әйелдерінің рөлі ерекше. «Әке баласын тәрбиелейді, шеше ұлтты тәрбиелейді» деген қазақ мақалы бекер айтылмаған.

Slide 9

ҚР - дағы гендерлік ерекшелік

Қазақстанның гендерлік саясатының ерекше өзгешелігі - гендерлік жобалардың бастамашысы бірінші кезекте гендерлік даму саласында алдын алу және озық шараларын қабылдайтын мемлекет болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстан адам құқықтары бойынша, соның ішінде жыныстар арасында тең құқылықты қамтамасыз етуге және әйелдер мен балаларды қорғауға бағытталған 20-дан астам әртүрлі шарттар мен конвенциялардың қатысушысы. Қазақстанда Үкімет қаулысымен республикадағы әйелдердің жағдайын жақсарту бойынша іс-шаралардың ұлттық жоспарын жасап, бекітті. ҚР Конституциясының 33-бабына сәйкес, азаматтар мемлекет істерін басқаруға тең құқықтар мен мүмкіндіктерге ие.

Slide 10

Әлеуметтік және гендерлік ғылыми зерттеулер институты

Әлеуметтік және гендерлік ғылыми зерттеулер институты төмендегі ұйымдар­мен әріптестік қарым-қатынас орнатқан:

- ҚР Президенті жанындағы Әйелдер icтepi және отбасылық-демографиялық сая­сат жөніндегі ұлттық комиссия;

- Қазақстан іскер әйелдер ассоциациясы, Алматы қалалық әйелдер ақпараттық орталығы, Гендерлік зерттеу орталығы т. б.

ГЗО Орталық Азияның «Гендерлік зерттеулер: Батыстан Шығысқа қарай» атты жазғы мектеп, бірінші ұлттық студенттік конференциясын өткізді.

Slide 11

Төртінші дүниежүзілік конференциясы


Ұқсас жұмыстар
ОБӨЖ КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ҰЛДАР
Қазақстан Республикасындағы Гендерлік саясат: жетістіктері, кемшіліктері, болашақ дамуы
Отбасындағы гендерлік рөлдер
Қазақстан Республикасындағы туылуы, олардың тәрбиесі нәзік гендерлік саясаттың негізгі әйелдердің мойнында
Гендерлік және рассалық теңдік
ГЕНДЕРЛІК ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ КОНЦЕПЦИЯЛАРЫ
Кейінірек гендерлік зерттеулер шеңбері кеңейіп, пəнаралық мəртебе алған кезеңде гендер термині тіл біліміне жаңа мағынада енді
ӘЛЕУМЕТТІК - МӘДЕНИ САТЫБАЛДЫ АЙБЕК ЖӘНЕ ГЕНДЕРЛІК
Әлеуметтану теориясы
ҚР инфляцияға қарсы саясаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz