САЯСИ САНА, САЯСИ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ САЯСИ ИДЕОЛОГИЯ



САЯСИ САНА, САЯСИ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ САЯСИ ИДЕОЛОГИЯ
Тексерген:
Орындаған:

Саяси мәдениет
Саяси мәдениет (ағылш. political culture, ағылш. cultura - тәрбие, білім, даму) - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің жиынтығы. Яғни, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесі. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді.

«Саяси мәдениет» термині
«Саяси мәдениет» терминін ғылыми айналымға неміс философы-ағартушысы - И. Гердер (1744-1803) болды. Саяси мәдениет теориясын жасауға үлес қосқан ғалымдар: Г. Алмонд, Т. Парсонс, Д. Истон, С. Верба, Л. Пай, Е. Вятр т. б.

Г. Алмонд пен С. Верба ұсынған саяси мәдениет түрлері:
"патриархалдық" мәдениет, мұнда жалпыұлттық саясаттың мақсаттары мен құндылықтары туралы біліктер, сезімдер мен нормативті пайымдаулар жоқтың қасы. Қатысу мәдениетінің осы типіне негізделген жүріс-тұрыс үлгісі бүкіл ұлтқа қатысты саяси процеске деген немқұрайлылықпен, бұл саладағы еш үміттердің болмауымен және жергілікті немесе этникалық ынтымақтастыққа негізделген бірегей топталумен сипатталады;
"Бағыну, тәуелділік пен табыну" мәдениеті саяси басшылық қадағалауға тиісті нормалар мен бағынуға тиісті өкімдерді "өндіруші мен сыйлаушы" ретінде қабылданатын жүріс-тұрыс үлгісін анықтайды. Бұл үлгідегі негізгі психологиялық мотивтер игіліктерді күтушілік пен жазадан қорқу болып табылады;
"Қатысу" мәдениеті жүріс-тұрыстың біршама күрделі үлгісіне ие. Оны әлеуметтік серіктестік ретінде сипаттауға болады, мұнда мемлекеттік биліктің саналы сипаты мен тиімділігіне қарай бағынуды қажет ететін нормалар мен өкімдерді "өндіруші" ретінде де, саяси шешімдерді қабылдауға төменнен келетін қатысушы ретінде де қабылдана алады.

Саяси мәдениет құрылымы
Саяси мәдениет құрылымы - ең алдымен қоғамның саяси өмірінің әр түрлі жақтарын бейнелейтін әдеттегі қалыптасқан түсініктер жатады. Ол саяси жүйе мен оның институттары, саяси тәртіп, билік тетіктері мен басқару, т. б. Саяси мәдениеттің келесі құрамдас бөлігіне саяси қазыналар мен құндылықтар жатады. Ол "еркіндік", "тендік", "әділдік", т. б. сияқты байлықтардың қайсысына басымдық, артықшылық беруден байқалады. Келесі бөлігі - адамдардың мемлекетке, саяси партиялар мен ұйымдарға қатынасы. Саяси мәдениетке саяси бағдар ұстау де кіреді. Саяси мәдениеттің ерекше белгісіне саяси рәміздер жатады. Әр халық өздерінің ғасырлар бойғы дәстүрлеріне сай ұлттық-мемлекеттік рәміздерін жасайды. Оған ең алдымен Жалау, Елтаңба, Әнүран, Ата Заң, үлттық валюта және т. б. енеді.
Саяси мәдениетке жалпы саяси жүйе мен оның институттарының қызмет етуі кіреді. Ол мемлекеттің, партиялардың және т. б. сайлауды ұйымдастыруын, әр түрлі деңгейде қабылданған саяси шешімдердің, саяси-әлеуметтік шиеленістерді ұғыну және зерттеудің мәдениеттілігін қамтиды.

«Саяси сана» ұғымы
Саяси өмірдің субъективтік жағы саяси санада бейнеленеді. Саяси сана, әрине, саяси болмыспен тікелей байланысты және соған тәуелді, бірақ жай ғана оның сұлық көшірмесі немесе енжар бейнесі ғана емес. Ол саяси болмысқа, тәжірибеге белсенді әсер етіп, қоғамдық-саяси үдерістердің дамуын болжай отырып, одан озып та кете алады. Жеке адамдардың, қоғамдық-саяси бірлестіктердің саяси мінез-құлқы, саяси іс-әрекеттерінің бағыт-бағдары саяси сананың деңгейіне байланысты.

Саяси сана дегеніміз - саяси субъектілердің (индивидтердің, топтардың, таптардың және т. б. ) саясат саласын(саяси құбылыстарды, үдерістерді) ой-сана жүзінде бейнелеуі. Саяси сана, жалпы алғанда, қоғамдық сананың ерекше бір формасы ретінде оның басқа формаларымен (философиялық ілімдермен, адамгершілік тұғырнамалармен, құқықтық теориялармен, эстетикалык көзқарастармен және т. б. ) тығыз өзара байланыста болады, олармен өзара әсерлесіп, түрленіп отырады.

Саяси сана элементтерІ
рационалдық
иррационалдық
әр түрлі нормалар, құндылықтар және т. б.
эмоциялар, бейсаналық үдерістер және т. б.
Олар саяси үдерістерді қабылдаудың, түсіну мен түсіндірмелеудің барлық деңгейлерін камтиды. Солардың негізінде саяси субъектілердің саяси бағдарлары мен мінез-құлқы, олардың мемлекеттік билікке, оның институттарына деген қарым-қатынасы калыптасады

Саяси сананың қызметтері
Саяси сананың қызметтерін былай деп жіктеуге болады:
а) танымдық (когнитивтік) : саясат саласының әр түрлі қыр-сырларын танып-білуге деген мұқтаждық;
ә) идеологиялық: мемлекетті, ұлтты, саяси партияны билікте қол жеткен шептерді берік ұстап, сақтап калуға топтастыру қажеттілігі;
б) коммуникативтік: саясат субъектілерін билік институттарымен өзара байланыстыруды камтамасыз етуге деген кызметі;
в) болжамдық: саясат субъектілерінің саяси үдерістердің барысын бағдарлауға, соған орай саяси мақсаттар қоя білуге деген қабілеттілігі;
г) тәрбиелік: белгілі мақсат-мұраттарға сай саяси мінез- құлықты қалыптастыруға ықпал етуге деген мүмкіндігі.
Саяси топтардың өз мүдделерін түсінуі, басқалардың мүмкіндіктерімен салыстыруы, мемлекеттік билік институттарымен қарым-қатынастарын сана-сезім елегінен өткізуі, саяси іс-әрекеттерге белсене қатысуға жұмылдырылуы саяси санаға тәуелді.

Саяси сана деңгейлері
Жүйелі құрылым ретіндегі саяси сананың өз деңгейлері бар. Ең төменгісі - оның қарапайым деңгейі, яғни адамдардың күнделікті өмірде туындайтын саяси көзқарастары, пікірлері, соларға байланысты сезімдері, жай-күйлері. Саяси ахуалға орай ол тез өзгеріп, құбылып отырады.
Одан кейінгісі - субъектілердің саяси үдерістерге тікелей қатынасынан, саяси-тәжірибелік іс-әрекетінен туындайтын эмпириялық деңгей; бұған саяси құбылыстарды қабылдаудан туатын сезімдер, елестер, күйзелулермен қатар индуктивтік қорытындылар жатады.
Саяси сананың жоғары деңгейі - саяси идеяларға, тұғырнамаларға негізделген көзқарастарды құрастыратын теориялық деңгей. Теориялық деңгейдегі саяси сана саяси мақсаттар мен міндеттерді, оларға қол жеткізудің әдістері мен құралдарын анықтауға, саяси шешімдер мен бағдарламаларды қалыптастырып, олардың іске асуын бақылауға жол ашады.

Саяси сананың негізгі екі түрі
арнайыланған саяси сана
бұқаралық саяси сана
басты мақсаты белгілі бір бағдарлар мен қағидаларды қалыптастыру, дамыту және оларды қоғамдық таптың, әлеуметтік топтың немесе партиялар мен козғалыстардың қатардағы мүшелерінің санасына енгізу болып табылады. Саяси партиялар, өзге де саяси ұйымдар мен бірлестіктер арнайыланған саяси сананың иегерлеріне жатады.
қоғам мұқтаждықтарының мазмұны мен деңгейін айқындап, саяси шындық жөніндегі қоғамдық білімнің тұрпатына, нақтылы тарихи ахуалдың мазмұнына сай
, үнемі өзгеріп отырады. көбіне саяси құбылыстардың ішкі мәнінен гөрі сыртқы сипатына ғана тоқталады.
Бұқаралық саяси сананың субъектілері - күнделікті өмірдің барлық қайталанбас оқиғаларына белсене араласып жүрген өз мінез-құлқы, қадір-қасиеті бар нақтылы адамдар, бұқара халықтың өкілдері.

Идеология
Саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі - саяси идеология. «Идеология» термині ежелгі гректің «идея» - бейне және «логос» - ғылым, ілім деген сөздерінен құралған. Бұл терминді ғылыми айналымға француз ғалымыАнтуан Дестют де Траси (1754-1836) енгізді. Идеологияны түсіндірудің негізгі теориялары: әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қарастыру, аксиологиялық (құндылықтық) тұрғыдан түсіндіру, психологиялық, социологиялық, «идеологиясыздандыру» концепциясы т. б.
Саяси теорияда идеология деп қайсыбір тараптың мүддесіне қызмет ететін кез келген идеялар жүйесі ұғынылады. Таным социологиясы бойынша, идеологиялар дегеніміз топтың өзіндік санасының теориялық жағынан бекітілген көрінісі, топтың өз мүддесін қорғауының құралы, шындықты түсіндіруге бір жақты келу жүйесі, сондықтан ол жалған білімдер жүйесі. Идеологияның қызметтері: танымдық, бағдарламалық, жұмылдыру, амортизациялық, бағалау. Қазіргі заманғы негізгі саяси идеологиялар: либерализм, консерватизм, социал-демократия, коммунизм, фашизм т. б.

Саяси идеология
Арнайыланған саяси сана саяси идеологияға жетелейді, ал бұқаралық саяси сана саяси психологиямен шендес. Саяси идеология шындықты саналы түрде бейнелеп, ұғымдар мен принциптер негізінде жүйелі түрде құрылады. Саяси психология болса, ол саяси нақтылықтың сезімдермен, әр түрлі көңіл-күй жағдайларымен (қуаныш, реніш, үрей және т. б. ) байланысты бейнеленуін білдіреді. Саяси идеологиясыз ешқандай мемлекеттік билік болмайды, өйткені ол билікті қолдап, қорғап, оған дем беріп отыруға арналған. Әлеуметтік топтың (таптың, ұлттың және т. б. ), жеке бір адамның (индивидтің) мүдделерін, оларға сай келетін құндылықтарын білдіретін қағидалар жүйесін идеология деп атайды.

саяси-идеологиялық ағымдардың сипаты
XIX ғасырдың орта шенінен бастап батыстық елдерде бір-бірімен бәсекелесіп, өзара қақтығысып келе жатқан
НЕГІЗГІ САЯСИ-ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ АҒЫМДАРЫ
либерализм
консерватизм
социализм
Осы қақтығыс XX ғасырда жалғасын тауып, тіпті күшейе түскені соншалықты, кейбір саясаткер ғалымдар XX ғасырды «идеология ғасыры» деп атайды.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz