ФИЛОСОИЯЛЫҚ АНТРОПОЛОГИЯ


Slide 1

ФИЛОСОИЯЛЫҚ АНТРОПОЛОГИЯ

Slide 2

«Антропология» ұғымы

Гректің антропос - «адам» және логос «ілім» сөзінен құралған, антропология дегеніміз - адам туралы ғылым.

Адам тақырыбы - философияның өзекті, байырғы және өте маңызды мәселесі. Философияның адам мәселесін арнайы зерттейтін бөлігі антропология деп аталады. Антропология адамның табиғи құрылысын, оның бейімдері мен дағдысын, тілін, өнерін, діні мен өркениетін зерттейді.

Адам - ғылымда ақылды тіршілік иесінің бірі. Оның табиғи, биологиялық, психологиялық, әлеуметтік өлшемдері бар: бойының биіктігі - 160-180 см., өмір сүруінің орташа ұзақтығы 65-85 жас.

Slide 3

Антропологияның үш маңызды бағыты

Біріншісі, адамның табиғаттағы орнын қарастырып, басқа тіршілік иелерінен айырмашылығын анықтайды. Осы мақсатта адамның табиғи қасиеттері мен дамуының, өркениетінің өзара байланысына назар аударады.

Екіншісі, этнология - адамның нәсілдерін анықтап, жүйелеумен байланысты. Алғашқы адамдардың қаңқасы мен бассүйектерін қазіргі адамдармен салыстырып, әртүрлі халықтар мен нәсілдердің дәстүрлері мен дінін зертейді. Сөйтіп, әр халықтың өзіндік тарихи, мәдени ерекшеліктерін анықтайды.

Үшінші бағыт антропометрия деп аталады. Бұл ғылым адамның табиғи өлшемдерін бойын, салмағын, әртүрлі нәсілдің өкілдерінің сүйектерінің көлемін зерттейді

Slide 4

Адам дегеніміз не?

Адам мәселесін философиялық зерттеудің негізгі өзегі етіп қарастыратын экзистенциализм, персонализм және философиялық антропологияны қоспағанның өзінде психоанализ, герменевтика, структурализм, аналитикалық философия, социобиологияда адам тақырыбы көрнекті орын алып отыр. Қазіргі уақытта Адам төңірегіндегі мәселелердің алдыңғы қатарға шығып, әлемнің барлық түпкірінде өзекті мәселеге айналуы, ең алдымен, нақты индивидтің күнделікті өмір сүруінен кездесіп отырған жағдайдан туындап отыр. Ядролық қару - жарақтың күннен - күнге көбейе түсуі, табиғи ортаның бұзылуы адамдарды өте бір қиын сын сағатына әкеліп, апырау, осы адамзаттың ертеңгі күні не болмақ деген үрейлі сұрақтарды жиі - жиі туғыза түсуде.

Философиялық антропологияның басқа ғылымдардан айырмашылығы, ол адамды жалпы дүниетанымдық тұрғыдан зерттейді.

Жалпы, біртұтас, іргелі антропологиялық мәселелерді қарастыра отырып, адамның мәнін, өзіндік ерекшелігін түсіндіреді.

Slide 5

Адам табиғатының үш маңызды қыры

- табиғи - биологиялық (материалды) қасиеттері;

- психологиялық, әлеуметтік қасиеттері;

- рухани мәні мен қасиеттері.

С. Р. Аблеевтің пікірінше, адамның санасы үш маңызды фактордың көмегімен одан әрі дамыған:

- ғарыштық немесе рухани фактор (ғарыштың энергетикалық ықпалы)

- биологиялық (тұқым қуалаушылық, өзгергіштік, табиғи сұрыптау)

- әлеуметтік (қоғамдық қатынастар, еңбек, оқыту, тәжірибе алмасу)

Slide 6

Сақталыс рефлекстері

Қорғаныс рефлекстері

Сақталыс рефлекстер қатарына организмге тағам немесе оттегі келуімен байланысты тыныстық іс - әрекеттің ыдырау өнімдерін шығару (дем, зәр), тұқым жалғастыру және сақтау (жыныстың, ұрпаққа қамқорлық) әсерленістері жатады.

Қорғаныс рефлекстері организмді қатерлі, зиянды тітіркендіргіштердің ықпал өрісінен алыстатады, зиянды заттарды шығарады

Бағдарлау рефлекстері

Туа біткен рефлекстер

Адамның көру, есту және иіс сезу рефлекстері бағдарлау рефлекстері деп аталады

Туа біткен рефлекстер организмнің даралық қасиетін және түрін сақтауды, қамтамасыз етеді.

Slide 7

«Основы философии»

С. Р. Аблеев

-Адам ғарыштың бөлігі, кішкене ғарыш. (көне Үнді, Қытай, Грек философиясы)

-Адам - бұл мәңгі, абсолютті рух (атман) . (Көне Үнді философиясы - йога, веданта)

-Адам - барлық заттардың өлшемі (көне Грек софистері - Протагор)

-Адам - саяси жануар (Аристотель)

-Адам - Құдайдың бейнесі (орта ғасырлардағы христиандық теология)

-Адам - ойшыл жан (Р. Декарт)

-Адам адамға қасқыр (Т. Гоббс)

-Адам - жанды машина (Ж. Ламетри)

-Адам - екі әлемге қатысты жан. Табиғи қажеттілік әлеміне және адамгершілік еркіндік әлеміне (Им. Кант)

-Адам адамға - Құдай (Л. Фейербах)

-Адам - рационалды жануар (К. Линней)

-Адам - құрал жасай алатын жан (С. Кьеркегор)

-Адам - уәде беруге қабілетті жан (Ф. Ницше)

Slide 8

Адамның қалыптасуы туралы концепциялар

Философия адамды таңғажайып тірі Жан деп қарастырады. Адамның табиғаты мен мәні, оның өмір сүруінің мағынасы мен мақсаты аса күрделі дүниетанымдық мәселелер болып табылады.

Адам феноменінің мәні мен қалыптасуын түсіндіруде әртүрлі дүниетанымдық көзқарастар орын алған.

Жаратылыстану ғылымы адамды жер бетіндегі себептердің, яғни материяның дамуының нәтижесі, салдары деп түсіндіреді. Оның қалыптасуының маңызды алғы шарттары - еңбек ету мен сөйлеп үйрену. Еңбек ету дағдысы, яғни табиғатты арнайы құралдармен өңдеу мүмкіндігі, адамның жер бетіндегі тірі жандардың бірі болып қалуына, дамуына жағдай жасады.

Адам игілікті дүние құбылыстарын өзара сабақтастырып жатқан ең басты тұлға ретінде көрінеді. Рухани өмір ағымына ол табиғаттың ең биік сатысынан қарайды.

Әлеуметтік антропогенез теориясы Адам бұдан 30-40 мың жылдар бұрын қалыптасты деп есептейді. Жалпы Адам тарихы 3 млн. жылды қамтиды. Ол алғашқы Орталық Африкада пайда болып, кейіннен жер шарының барлық түкпіріне тарады.

Slide 9

Н. Н. Моисеев «әмбебап эволюционизм» теориясын жасады. Оның идеяларының бастауын В. И. Вернадский мен Н. Ф:Федоров еңбектерінен табуға болады. Моисеев адамды жер мен космостың қасиеттері жиынтығының өзара тоғысуының нәтижесі деп қарастырады. Адамның қалыптасуымен материя өзін - өзі түсініп, даму заңдылықтарын білім арқылы бақылауға мүмкіндік алды. Тіршілік пен адамның қалыптасуы - әлем тарихындағы ең үлкен төңкеріс.

Ақыл - ой пайда болғаннан бастап, әлемнің дамуы саналы сипатқа ие болды. Адамның ойлау қабілетінің негізгі ошағы - ми дамып, жетіле түсті. Әр түрлі іс - әрекеттердің іске асу жолына емін еркін араласып, оның бағытын өзгерте алатын ерік пайда болды. Ақпарат пен тәжірибені сақтап, оны қорытып, керек уақытында тауып беріп отыратын ес қалыптасты.

Адам табиғат шындығына бойлай отырып, оның «адамға тәуелсіз өз ерекшелігін» (Герцен) танып білу деңгейіне көтерілді.

Slide 10

Әлем халықтарының фольклорында Адам мен әлемнің қалыптасуы туралы әртүрлі тұжырым бар. Мәселен, эскимостардың айтуынша, Адам жерден соғылған, құстардың көмегімен бүкіл дүниеге тараған. Кейбір рулардың пікірінше, Адам тастан немесе ақ, қызыл, қоңыр қиыршықтардан пайда болған. Осы көзқарастардың бәріне ОРТАҚ ИДЕЯ - ол әлемді жарататын сыртқы күштің болуы.

Тейяр де Шарден «эволюциялық мәре» теориясын ұсынды. Ол Адам мен әлемнің пайда болуын түсіндіру үшін ғылым мен дінді, ақыл - ой мен мистиканы біріктіруге тырысты. Тейярдың ойынша, әлемнің тарихы - оның ұдайы күрделене түсуінің және саналылыққа ұмтыла түсуінің тарихы. Осы тарихи процесте әлем дамуының белгісіз бір бағыты, косомстық діңгек қалыптасты. Соның аясында тіршілік пен сананың негізгі болатын Жер рухы пайда болады.

Slide 11

С. Э. Крапивенскийдің «Әлеуметтік философия» оқулығында А. Роза (АҚШ) мен Я. Шепаньскийдің (Польша) еңбектерінен алынған

Адам организмінің бірнеше маңызды ерекшеліктері көрсетілген:


Ұқсас жұмыстар
Анатомияны тірі адамда оқып білу әдістері: антропометрия. Дене бітімінің түрлері ( типтері ) жайлы
Философиялық антропология
Адамның танымдық мүмкіндіктері және білім табиғаты туралы Демокриттің ілімі
Тас дәуірінің кезеңдерін ата
Оңтүстік Қазақстаннан табылған тұрақтар
Философиялық антропология жайлы
Адам тақырыбы - философияның өзекті, байырғы және өте маңызды мәселесі
Антропогенез кезеңдері
ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ДЕРЕКТЕРДІҢ МАҢЫЗЫ
Мәдениеттану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz