Парамфистоматоз, эуритремоз




Презентация қосу
I-СӨЖ

Тақырыбы: Парамфистоматоз,
эуритремоз

Орындаған: Алашканова Т.С
Тобы: ВМ 401
Тексерген: Ахметжанов О.Н
Жоспар:

•Парамфистоматоз.
•Қоздырғышы, өсіп-өнуі, аурудың өрбуі, емі,
сактандыру шаралары.
• Эуритремоз.
• Морфологиясы,биологиясы,ауруды
диагностикалау,емі,алдын-алу шаралары
Парамфистоматоз қанмен қоректенетін сорғыш
құрттар қоздыратын гельминтоз .Олар ірі қара,

қой, ешкі, енеке, бұлан және басқа күйіс
қайыратын малдарды зақымдайды. Ақтық иесінің
денсіндегі ересек құрттар малдың мес, жұмыршақ
кейде жалбыршақ қарындарының кілегей
қабығын, ал балаңдары ұлтабар, он екі ели ішек,
ащы ішектің алдыңғы бөлігі кілегей қабығын
мекндейді.Балаң трематодалар жетілген сайын мес
қарынға орын ауыыстырып отырады.Бұл ауру мал
шаруашылығына едәуір зиянын келтіреді. Аталған
гельминтоз жиі кездсетін аудандарда ірі қараның
төлі өлімге ұшырайды. Ауырған мал 2-3 айда
салмағынан 10-25 кг, кейде одан да көп
жоғалтады.
Қоздырғышы. Парамфистоматолардың
80-ге жуық түрлері бар, ал біздің елімізде
Liorchis scotiae, Paramphistomum ichikawai,
Castrotilax cruminefer деген түрлері
кездеседі.
Лиорхтар мен парамфистомалардың бір-
біріне ұқсастығы байқалады. Денелері
жұмырлау қызыл түсті, иілген үшбұрыш
тәрізді, ұзындығы 0,2-1,2 см
шамасында.Құрттың тұмсық тұсында
ауызы, оған жалғас домалақ бұлшық етті
жұтқыншағы және жанында жыныс тесігін
қамтыған шағын қуыс бар. Дөңгелек құрсақ
сорғышты құрт денесінің артқы шетіне
тақау орналасқан. Гастротилекстың денесі
үш қырлы конус сияқты, түсі қызғылт
қоңыр болады
Өсіп- өнуі. Парамфистоматалар жұмыртқалары мал нәжісімен сыртқа шығады.
Шашлықсулы жерде бір жерде бір апта немесе бір ай аралығында жұмыртқа
ішінде мирацидий дамып, су бетіне шығады. Құрттың аралық иесі – тұнық су
ұлулары – катушкалар болып табылады. Ұлу денесінде енген мирацидийлер 1,5- 3
ай аралығында спорациста , редия, церкарий сатыларына дейін дамиды.Жетілген
церкарийлер ұлуларды тастап, су өсімдіктерінің жапырағы мен сабағына
жабысып, құйрығын тастайды, қабыршақ қабықпен қапталып, жұқпалы сатысы
аделоскарийге айналады.
Аделоскарий кара ноқатқа ұқсаған, жай көзге ілінбейді,Мал бұларды жайылымда
шөппен қоса жұтып, ауру жұқырады. Ақтық иесінің денесінде бұл гелминттер 3
айда жынысы жетілген сорғыгтарға айналып, 5-7 жылдай өмір сүреді.
Эпизоотологиясы. Парамфистоматоз көбінесе орманды –
далалы, орманды аймақтарда, кейде тау етегиндегі
жайылымдарда кеңінен таралган. Бұл гельминтоз жыл
сайын су басып, батпаққа айналған шабындықтарда, өзен-
көл айналасында, сазды өрістерде, тұщы су ұлуларык көп
жерлерде жиі кездеседі.Шөпке жабысқан аделоскарийлер
көп тіршілігін сақтайды.
Парамфистоматоз Қазақстанның Алматы, Жамбыл,
Қызылорда, Атырау, Қостанай, Көкшетау, Солтүстік
Қазақстан, Павлодар обылыстарында кедеседі.
Аурудың өрбуі . Тікелей мал денесіндегі парамфистомата
құрттарының санына байланысты. Жас трематодалар
ұлтабар, он екі елі ащы ішекті жайлап, кейіннен олар
малдың таз, жумыршақ карындарына ауысып, аталған
мүшелердің барлығын зақымдайды. Сорқыш балаңқұрттары
ішектің кілегейлі қабатын жаралап, кабындырады, ас корыту
қызметі бұзылады. Ауруды патогенді микроб тар еніп одан
әрі асқындыруы мүмкін.
Сырт белгілері басқа іш құрт ауруларының клиникалық белгіліріне көп жағдайда
ұқсастау болады. Парамфистоматоз жіті және созылмалы түрде өтеді.
Жіті түрімен 1-2 жастағы күйістілер ауырады, ал дерттің алғашқы белгілері
малды өріске шығарысымен біліне бастайды. Ауруға шалдыққан бұзау, қозы,
лақтардың күйі күрт төмендейді, азыққа зауқы шаппайды, дене қызуы көтерілуі
мүмкін , іш өтеді. Мал нәжісіне кілегейлі шырыш пен қан араласады. Ауыз, танау
және көз кілегей қабықтары бозарып, түссізденеді, Жануардың қабақтары, алқымы,
омырауы, аяқ буындары ісініп кетеді. Қан құрамындағы қызыл қан түйіршіктері
кемиді, ал лейкоциттер көбейеді.
Инвазиялық созылмалы түрін ересек құрттар қоздырады. Малда ауру белгілері
байқалмайды, көзге шалынатын ауыз, танау кілегей қабықтары бозғылт клкеді,
денесінің кейбір тұстарында ісік пайда болады. Малдың біресе іші өтеді, немесе
қатады немесе бұлардың бірі де болмайды мал жүдеп көтеремге айналады. Өлімге
бұзау мен қозы. Тоқтылар ұшырайды.
Өлекседегі өзгерістер.
Парамфистоматоздан өлген мал өте арық
келеді. Терінің астынан, әсіресе
тамағынан, әуескі мен төсінен ісіктер
табылады, құрсақ қуысына сарқылма
сулар жиналады. Ащы ішектің алғы бөлігі
ісінген, жуандаған, ішкі қабаты
қатпарланған. Ал мес, тақия, жалбыршақ
қарындарының ішкі беті қабынып ісінген,
домбыққан. Аталған мүшелердің көптеген
сорғыштарды көруге болады.
Анықтау. Парамфистоматозды анықтау
үшін эпизоотологиялық деректеріне,
клиникалық белгілеріне жүгінеді.
Емдеу. Парамфистоматозға емдеу үшін қолданылатын
дәрілердің ең тәуірі битинол болып саналады. Қойға 0,6г/кг.
мөлшерінде әр малға дәріні көмейіне құйып, артыны шамалы
су ішкізеді. Малды (0,2/кг) топтастырып емдеу үшін,
антигельминтикті жемге (1:10 немесе 1:20 қатынаста )
араластырып жегізеді. Битинолды ірі қараға 0,07 г/кг. Есебінде
әр басқа жеке- жеке немесе азықпен қосып топтау әдісімен
береді. Қажет болған жағдайда малды 7-10 күн өткеннен соң
,екінші рет дәрілейді..
Алдын-ала сақтандыру шаралары. Дегельминтизацияны
жылына екі рет жүргізеді:қараша-қаңтар айларында және
бірінші емдеуден 12-14 күн өткен сон қайталайды.
Эуритремоз - қой мен ешкі, мүйізді ірі
қара мал, түйе, бұғы және басқа да
көптеген мал түрінің ұйқы бездерінің
зақымдануымен, ас қорыту жүйесінің
бұзылуымен, малдың өте қатты
арықтауымен сипатталатын гельминтоз,
яғни трематодоз ауруы.

Жіктелуі:
Тұқымдасы: Dicrocoeliidae
Туысы: Eurytrema
Түрі: E. pancreaticum
Морфологиясы
Эуритреманың денесі ашық
қызыл түсті, ұзындығы 13-18 мм,
ені 5-8 мм. Сопақша келген құрт,
дене бітімі сәл жуандау.
Дөңгеленген ауыз емізігі құрсақ
сорғышынан екі есе үлкен және
денесінің сыртына шығыңқырап
тұрады. Шеттері иректелген екі
ені көбіне сорғыштың екі жақ
қапталында орналасқан, ал
ұрғашы жыныс мүшелері орта
шеніне орныққан.
Биологиясы:
Биогельминт, триксендық сорғыш
кұрт, үш иесі болу керек, үш
иесінің қатынасуымен өсіп
жетіледі.
Мал нәжісімен құрттың жұмыртқасы
сыртқа шығады.
Оларды ұлулар жұтады. Аралық иесінің
денесінде мирацидийден спороцисталар,
редиялар және церкарийлер дамиды.
Сыртқы ортаға ұлудың тыныс жолы
арқылы шыққан церкарийлерді қосымша
аралық иелері - шегірткелер жұтып
қояды.
Олардың денесінде екі айдай мерзімде
залалдандырғыш балаң сатысы -
метацеркарийлер пайда болады.
Мал шөппен қоса осындай шегірткелерді
жеп қойған кезде мал эуритремозға
шалдығады.
Диагностикалау:
Эпизоотологиялық деректер.
Эуритремоз аралық және қосымша иелер қатар кездесетін
аймақтарда ғана тараған. Қазақстанда оңтүстік, оңтүстік-
шығыста, яғни Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан
облыстарында кең тараған, әсіресе таулы және тау бөктеріндегі
ауылдарда жиі байқалады. Жоғарыда аталған малдың ішінде
әсіресе мүйізді ірі қара жиірек осы ауруға шалдығады. Бұл дерт
барлық жастағы түлікте кездеседі, бірақ эуритремалар мал
денесінде бірнеше жыл тіршілік ететін болғандықтан, оның
саны жыл сайын күрт көбейіп отырады. Мал эуритремозға
жайылым маусымында негізінен алғанда жаз және күз
айларында шалдығады, қыста бұл аурудан шығын байқалады.
Зертханалық әдістер

Малдың нәжісін гельминтоовоскопиялық әдістермен
тексеріп, эуритреманың жұмыртқасын тапса ауру
анықталады. Қолданылатын зертханалық әдістер: 1. Шөгеру
(тұндыру) әдісі. 2. Демидовтың әдісі. 3. Вишняускастың әдісі.
Эуритрема жұмыртқасы – майда (0,36-0,44 мм), қою-қоңыр
түсті, ішінде жетілген ұрығы – мирацидий бар, бір шетінде
қақпақшасы, екінші шетінде денешесі бар. Оны дикроцелий
жұмыртқасынан ажырата білу керек, себебі олар бір-біріне өте
ұқсас келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.М.С.Сабаншиев. “Паразитология және жануарлардың
инвазиялық аурулары”
2.Ордабеков.С, С.Әміреев, С.Сүлейменов, М.Бердіқұлов
“Паразитология” Тараз университеті баспасы Тараз 2012.
3.Г.С.Шардарбаева, Г.Д.Ахметова, Г.Е.Тұрғанбаева, С.С
Усманғалиева, Д.У. Асылханов. “Гельминтология” Алматы 2013.
4. Сидоркин.В.А “ Паразитарные болезни плотоядных животных”
Москва, 2005
5. Субботин В.М и.др “Современные препаратығ применяемые в
ветеринарии. г.т Ростов на Дону,2000”
Назарларыңызға
рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Малдың арықтауы
Парамфистоматоз ауруынын балау, емі, және алдын алу
Инвазия көздері, инвазиялық аурулардың клиникалық, субьклиникалық және жасырын түрлері
Жылқы оксиурозы
Пәндер