Әдеби тіл: тұжырымдама, қалыптасу жолдары және қазақ әдеби тілінің даму тарихы


Slide 1

ӘДЕБИ ТІЛ ЖӘНЕ ОНЫҢ НОРМАЛАРЫ

Slide 2

Әдеби тіл - жалпы халықтық тілдің белгілі жүйеге түскен, жазу дәстүрі мен әр түрлі жазба және ауызша әдебиеттің негізінде қалыптасқан тұрақты, орныққан қалыптары, стильдік-жанрлық тармақтары бар, сол тілде сөйлейтін адамдардың бәріне ортақ, түсінікті.

Slide 3

Әдеби тіл дегеніміз- жалпыхалықтық тілдің хатқа түскен, белгілі бір дәрежеде өңделген ерекше түрі.

Slide 4

М. Балақаев:

“Әдеби тіл-жазба тіл. Жазба әдебиет

арқылы тіл байлықтары, оның құрылысы сымбатты

қалыпта түсіп, екшеленеді. Жазуы болмаған халықтың

тілі әдеби тіл дәрежесіне көтеріле алмайды. ”

Slide 5

Ғ. Мұсабаев:

“Әдеби тіл ең әуелі-ақ жазуға сүйенеді. Жазу стилінсіз әдеби тіл болмақ емес. ”

Slide 6

Әдеби тіл дегеннің ең басты белгісі-оның өңделген, сұрыпталған, нормаланған тіл болуы, бұл-бір.

Әдеби тілді тану үшін, оның қарама-қарсысына қойылатын басты құбылыс - ауыз-екі сөйлеу тілі.

Slide 7

Қазақ әдеби тілінің басталар тұсы жайындағы

көзқарастарды беске бөліп қарастыруға болады:

1. Қазақ әдеби тілінің тарихын ертеден, көне түркі дәуірінен, хундар мемлекеті кезінен бастайды. (Ғ. Мұсабаев, Ә. Марғұлан )

2. Қазақ әдеби тілінің тарихы XVIII ғасырдан басталады. ( Қ. Жұмалиев, М. Балақаев )

Slide 8

3. XIX ғасырдың екінші жартысынан басталады ( Қ. Жұбанов, Н. Сауранбаев )

4. Қазақ әдеби тілі Октябрь революциясынан кейін басталады( Т. Қордабаев )

5. Қазақтың төл әдеби тілі ауызша дамыған авторлық поэзия түрінде оның халық болып құралған кезеңінен, 15-16 ғасырлардан басталады, ал ескі жазба әдеби тілі 16-17 ғасырлардан, жаңа ұлттық жазба әдеби тілі 19 ғасырдың екінші жартысынан басталады. (Р. Сыздықова, Қ. Өмірәлиев)

Slide 9

ӘДЕБИ тілдің қалыптасуының негізгі үш жолын көрсетуге болады:

Slide 10

1. Әдеби тіл белгілі халықтың бір ғана тобы сөйлейтін бір диалектісінің негізінде қалыптасады. Ондайға бұл диалектінің не геогр., не экон., не лингвистика, не тектік-этник., не мәдени дәрежесі т. б. жағынан артықшылығы болады. Орыс Әдеби тіл Мәскеу диалектісінің, татар Ә. т. Қазан (орта) диалектісінің негізінде қалыптасты деген қорытынды осындай ерекшеліктерге сүйенеді.

Slide 11

2. Әдеби тіл кейде сол халықтың өз ана тілі емес, бөтен халықтың тілі болуы да мүмкін. Бөтен тілдің Әдеби тіл болуы сол халықтың тәуелсіздігінің жоқтығымен, басқа бір елге бағынышты болуымен, мәдениетінің мешеу қалуымен байланысты. Кейде ондай Әдеби тіл ол халық үшін белгілі бір мерзім ішінде өмір сүріп, кейін ол қасиетінен айрылып қалуы мүмкін, немесе жергілікті халық тілімен қатар өмір сүріп, көбіне тек ресми әдеби тіл шеңберінде қалып та қояды, немесе жергілікті халық тілімен қарым-қатынасқа түсудің нәтижесінде әр түрлі өзгерістерге ұшырауы да ықтимал.

Slide 12

3. Көп жағдайда Әдеби тіл сол халықтың бар болса барлық, я бірнеше диалектісінің негізінде немесе жалпы халықтық тілінің негізінде, сол сияқты сөйлеу тілі мен бай ауыз әдебиетінің дәстүрінде қалыптасады. Қазақ Әдеби тіл, соңғы кезде тіл мамандарының көрсетуінше, жалпы халықтық тілдің негізінде қалыптасты деп саналады.

Slide 13

1-тапсырма:

Әдеби тіл

ӘДЕБИ тілдің қалыптасуының негізгі үш жолы

Қазақ әдеби тілінің тарихы қай ғасырдан басталады.

Қазақ әдеби тілі қай революциясыдан кейін басталады?

Білім алушылар өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қоя алады

Slide 14

2-тапсырма:

Білім алушылар өткен тақырыптар мен бүгінгі тақырыптар бойынша сұрақтар қоя алады.

Білім алушы сабақ айту барысында стоп кадр деп түсініксіз айтқан кате айткан жерлерін дұрыстайды.

Slide 15

3-тапсырма:

Slide 16
Ұқсас жұмыстар
Әдеби тіл: анықтамасы, нормалары, белгілері және қалыптасу жолдары
Қазақ әдеби тілінің анықтамасы, қалыптасу кезеңдері және ғылыми көзқарастар
Қазіргі қазақ әдеби тілінің ерекшеліктері, құрылымы және функционалдық стильдері
Қазақ әдеби тілінің қалыптасуы: көне дәуірден ұлттық кезеңге дейін
Ғабдолла Қалиев: қазақ диалектологиясы мен әдеби тіл саласындағы ғылыми мұра
Қазақ әдеби тілінің функционалды стильдері: публицистикалық стильдің тарихы, жанрлары және тілдік ерекшеліктері
Қазақ әдеби тілінің стильдері: түрлері, ерекшеліктері және қолданылу аясы
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болуы: қалыптасу тарихы мен қоғамдағы рөлі
Қазақ әдеби тілінің стильдері: түрлері, қызметі және тілдік құралдары
Қазақ тілінің сөз байлығы: 10-сыныптағы әдеби мәтіндер мен лексикалық талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz