Жылқы стронгилоидозы. Торайлар стронгилоидозы


Slide 1

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігі Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

Орындаған: ВМ-406 студенті Лайбек Рүстембек

Тексерген: б. ғ. к қауымдастық профессор Тұрғанбаева Гүлнар

СӨЖ

Тақырыбы: Жылқы стронгилоидозы

Торайлар стронгилоидозы

Slide 2

Стронгилятоз ауруын малдың тоқ ішегінде мекендейтін Strongylidae және Trichonematidae тұқымдастарына жататын нематодалар тудырады. Олардың балаңқұрттары түрлеріне байланысты, мал денесінің саналуан ұлпаларын жайлайды. Стронгилятоздар жылқыны құлынтай күнінен бастап, ересек жасына дейін індетке ұрындыра береді.

Жылқы стронгилятозы

Қазақстанда кеңінен таралған гельминтоз.

Slide 3

Қоздырғышы

Стронгиляталардың бас жағы тегіс, ауыз тесігін бір немесе екі қатар тізілген жапырақшылар қоршаған, ауыз қуысы мен көмейінің пішіні құрттардың түрлеріне байланысты әрқилы келеді, ауыз бен өғешті жоталы өзек жалғасытырп жатады; ауыз қуысының түбінде, жоталы өзек айналасында тістері орналасады немесе олар мүлдем болмауы да мүмкін.

Slide 4

Еркегінің құйрық жағын қоғырау тәрізді, шағылысу бұлтығы алып тұрады және оның ішінен іңішке, ұзындығы тең келген, қоңыр түсті спикуласын көруге болады.

Ұрғашысының құйрығы сүйір, еркектерінен ұзын, ал жыныс тесігі көбінесе құрт денесінің артқы шетіне жақын бөлігінде ашылады.

Slide 5

Стронгилиделердің ұзындығы 1, 5-4, 7 см-ге жететін нематодалар, олардың ауыз қуысы жақсы жетілген, аумақты тостаған немесе шар тәрізді.

Delafondia vulgaris

Alfortia edentatus

Strongylus eguinus

Slide 6

Трихонемаматиделер ұсақ құрттар, ұзындығы 0, 5-2, 0 см-ден аспайды. Ауыз қуысы шағын цилиндр пішіндес, ауыс тесігі жапырақшалармен қоршалған, бірақ тістері жоқ. Осы тұқымдасқа кіретін 7 туыстықтағы құрттар түгелімен жылқы паразиттері болып саналады, ал олардың ішіндегі ең қатерлісі Trichonema туысы.

Тоқ ішектің кілегей қабвғвн трихонематидтың зақымдауы

Slide 7

Өсіп-өнуі

Slide 8

Аурудың өрбуі

Жылқы ішегінен 200 мыңға жуық стронгилята құрттарын табуға болады. Олар организмде әртүрлі патологиялық өзгерістер тудырады. Көлемді ауыз қуысымен олар ішектің кілегей қабығына қадалып, оны жаралайды, қабындырады. Ішектің қызметі бүлінеді, зардапты микробтардың енуіне мүмкіндік туады.

Slide 9

Сырт белгілері мен өлекседегі өзгерістер

Сырт белгілері айқын емес. Қоңы төмендеп, мініске, жегуге жарамайды, азыққа зауқы азаяды, кейде денесі қызып, іші өтеді, арықтай бастайды, тезегінен көптеген жұмыр құрттарды көруге болады.

Ішектің сыртындағы көптеген жерлері нүктедей болып қанталаған, кейде кейбіреулерінің жарылғандығынан құрсақ қуысына қан жиналып қалады. Қарта мен тоқ ішекті жарып қарағанда ішінен жүздеген, мыңдаған нематодалар табылады, ішкі қабығы суланып, қанталаған немесе жарақаттанған.

Slide 10

Анықтау

Ересек құрттар тудыратын стронгилятоздарды анықтау қиындау, себебі аурудың айқын клиникалық белгілері жоқ.

Гельминтоовоскопия-

лық әдістер

Фюллеборн

Дарлинг

Гельминтоларвооскопия тәсілдері арқылы нақты диагноз қоюға болады, өйткені бұл әдістермен ішқұрттардың туындысын, ол кейбіреулерін түрдерін ажыратуға болады. Ол үшін стронгилята балаңқұрттарын жасанды түрде бөлмеде немесе термостатта өсіреді. Балаңқұрттарды өсіріп, жұқпалы сатысына жеткізу үшін 50 гр-дай жылқының жас нәжісін стаканға салып, аузын қағазбен жауып, 20-25С жылылықта 1 апта ұстайды

Slide 11

Балаңқұрттардың өзгешелігіне келсек

деляфондияныкі ірілеу және жуандау, ішек торшаларының жалпы саны 32, олар 16-дан екі қатарға тізіледі.

альфортияныкі жіңішкелеу, тым жұқа, иректелген, қабықша ішінде орналасқан, он-оннан екі қатар түзген, ішек торшаларының саны 20.

стронгилюстікі өте жіңішке ине секілді, ішек торшаларының барлық саны 16, олар сегіз-сегізден екі қатар құрады.

трихонеманың ішегі созылыңқы, бір-бірімен жалғасқан сегіз торшадан құрылған.

Slide 12

Емі

Қолданылатын антигельминттердің ішіндегі тиімділері:

төрт-хлорлы көміртек

пиперазин тұздары

фенотиазин т. б

Slide 13

Сақтандыру

Жылқыны аурудан сақтандыру үшін, оларды жылыны 2 дүркін-көктемде және күзде дегельминтизациядан өткізеді. Гельминттердің жұқпалы балаңқұрттарын құрті мақсатымен қоры қиын қалыңдап ойп, оны белгілі жерге жинап үйіп, биотермиялық тәсілмен өңдейді.

Slide 14

ТОРАЙЛАР СТРОНГИЛОИДОЗЫ

ТОРАЙЛАР СТРОНГИЛОИДОЗЫ-доңыздың ащы ішегінде күнелтетін Strongyloididae тұқымдасына, Strongyloides туысына жататын жұмыр құрт қоздырады.

Қоздырғышы. Тоғышарлық сатысы - S. ransomi ұзындығы

3, 5-6, 0 мм, ені 0, 05-0, 08 мм: денесі жіптей жіңішке, бас жағы үшкірлеу келген. Ауызы кішкентай үш ерінмен көмкеріліп, әрі қарай созылыңқы өңешпен жалғасады, өңеші қос томпақты, ұсақ жұмыртқаларының көлемі 0, 040 - 0, 060 * 0, 026 - 0, 042 мм, қабықшасы ӛте жұқа, ішінде личинкасы бар.

Slide 15

Анықтау.


Ұқсас жұмыстар
Шошқа стронгилоидозы
ӨКПЕГЕ ЖЕТКЕН ЛИЧИНКАЛАР ОНЫ ЗАҚЫМДАП
РАБДИТАТОЗДАР. Күйістілер стронгилоидозы. Шошқа стронгтлоидозы
Инвазиялық аурулар
Шошқа тілмесі
Шошқа аскаридозын, жылқы параскаридозын диагностикалау
Гастрит жіктелуі
Шошқалар гигенасы және күтімі
ШОШҚАНЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ШАРУАШЫЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ішектердің түйілуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz