Мұнай өндірісіндегі ластаушы заттарды жою: тұндыру, ағынды және ағынсыз флотация қондырғылары мен топырақ емдеу әдістері


Slide 1

Мұнай өндірісі саласының ластаушы заттарын жою, залалсыздандыру әдістері мен қондырғылары

Slide 2

Қоршаған ортаны ластайтын ең бір қауіпті заттардың бірі - мұнай. Мұнай қасиеті әртүрлі және кең көлемді қолданыстағы күрделі зат, оның құрамы 3000-дай қоспадан тұрады және олардың көпшілігі оңай тотығады. Сондықтан мұнай және мұнай өнімдері өсімдіктер мен тірі ағзаларға зиянды уландырғыш заттармен кең көлемде әсер етеді.

Slide 3

Мұнай өнімдерінен суды тазалау әдістері:

Тұндыру, флотация және сүзу әдістері қолданылады.

Slide 4

Тұндыру-әр түрлі тығыздықтың әсерімен май бөлшектерінің өздігінен бөлінуі. Мұнай өнімдерінің бөлшектері суда су бетіндегі ауырлық күшінің әсерімен 2-3 мкм өлшеміндегі сфералық формаға ие болады. Дисперстік деңгейі-бөлшектің өлшеміне кері көлем. Дисперстіктің деңгейі жоғары болған сайын сарқынды судағы мұнай өнімдері бөлшектері соншалықты кіші болады. Тұндыру үшін мұнай ұстағыштар пайдаланылады.

Slide 5

1-сарқынды су; 2-қабылдау камерасы; 3-тұндыру аймағы; 4-тазаланған су; 5-тік жартылай батырылған қалқалар; 6-мұнай жинағыш құбырлар; 7-жүзіп шыққан мұнай өнімдерінің пленкасы.

Slide 6

Флотация-май бөлшегі-ауа көбігі кешенінің құрылуы және осы кешендердің әрі қарай судан бөлінуі.

Кешендердің жүзіп шығу жылдамдығы май бөлшектерінің жүзіп шығу жылдамдығынан 100-1000 есе артық. Су-ауа бөлімінің үлкен қабатын құру керек; көбіктер қаншалықты үлкен болса, оның дисперстігі соншалықты жоғары.

Бөлшек-көбік кешенінің түзілу механизмі әр түрлі болуы мүмкін. Осыған орай ағынды флотацияны бөлектейміз, мұнда ауаның көбіктері оның судағы қанық ерітіндісінен бөлінеді, ал ағынсыз флотацияда суға арнайы құрылғылар арқылы енгізілетін ауа көбігінің көмегімен жүзеге асады.

Slide 7

Ағынды флотацияда (7. 3а-сурет) ауа суда 0, 5Па-ға дейінгі артық қысыммен ериді, ол үшін құбырға су сорғыштың алдында ауа беріледі, содан соң ауалы-сулы қоспа 8-10минут ішінде арнайы ағынды ыдыс ішінде ұсталады, одан флотаторға жіберіледі, ол жерде қысымның түсуі менкөбіктің түзілуі процесі жүреді, жалпы алғанда су мен қоспаны бөлудің флотациялық процесі ісіне асады. Флотаторға кірерде судың қысымын түсіруде суда, ерітілген ауа көбіктер түзе отырып әп сәтте бөлінеді.

Slide 8

Ағынды флотацияға арналған құрылғының сызбасы.

1-судың кіруі; 2-қабылдау резервуары; 3-соратын құбыр; 4-ауа құбыры; 5-су сорғыш; 6-флотациялық камера; 7-көбік жинағы; 8-тазаланған судың әкетілуі;

Slide 9

Ағынсыз флотацияда (7. 3б-сурет) көбіктердің түзілуі механикалық(су сорғыш) немесе электрлік күш есебінен жүреді және флотаторға көбіктер-су десперстік жүйесі енгізіледі. Көбіктердің онтайлы өлшемі 15-30мкм-ға тең. Мұнай бөлшектерімен ұсталған осындай өлшемдегі көбіктердің су бетіне қалқып шығу жылдамдығы орташа 0, 9-10 м/с-ны құрайды, бұл 1, 5 мкм өлшемді мұнай бөлшегінің су бетіне қалқып шығу жылдамдығынан 900 есе артық.

Slide 10

Ағынсыз флотацияға арналған құрылғының сызбасы.

1-судың кіруі; 2-қабылдау резервуары; 3-соратын құбыр; 4-ауа құбыры; 5-су сорғыш; 6-флотациялық камера; 7-көбік жинағы; 8-тазаланған судың әкетілуі; 9-ағынды ыдыс.

Slide 11

Топырақтың мұнаймен ластануын жою әдістері

механикалық

Термиялық

Биологиялық

физика-химиялық әдiстер.


Ұқсас жұмыстар
Мұнай-химиялық қалдықтар мен мұнай шламын қайта өңдеу және жою әдістері
Атмосфераға ластаушы заттарды шығару: бақылау және бағалау
Ағынды суларды алдын ала және негізгі тазалау әдістері
Тамақ өндірісіндегі ағынды желілер мен автоматтардың атқарушы механизмдерінің жіктелуі
Ластаушы заттар мен токсиканттар: токсикология және ауа, су, топырақ ластануы
Тұндыру және таза тұндыру әдістері: теориясы, индикаторлары және титрлеу әдістері
Судың ластануы: гидросфера, ластаушы көздері, түрлері және тазарту әдістері
Ағынды суларды тазалау және залалсыздандыру әдістері
Ағынды суларды тазалаудың механикалық, физикохимиялық, биологиялық және химиялық әдістері
Мұнай өндірісіндегі ортадан тепкіш сорғылар: құрылымы, жұмыс принципі және іске қосу әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz