Антибиотиктер. Медицинадағы маңызы



www. thmemgallery. com
Company Logo
Орындаған:Абдиева Ю.
Тобы: 102 Б ЖМ
Қабылдаған: Өмірқулов А. Ш.
Фармакогнозия және химия кафедрасы
Шымкент-2017
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК
ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
ПРЕЗЕНТАЦИЯ Тақырыбы: Антибиотиктер. Медицинадағы маңызы

Жоспары:
www. thmemgallery. com
Company Logo
Антибиотиктердің қолданылуы мен
Жанама әсерлері.
Қазіргі кезде кең қолданылатын
антибиотиктер.
Антибиотиктердің жіктелуі.
Антибиотиктердің ашылу тарихы.
Антибиотиктер туралы түсінік.

Антибиотиктер (грекше anti-қарсы, bios-өмір) -химиялық құрылыстарына орай әр түрлі күрделі органикалық қоспаларға жатады. Антибиотиктер микробтарға, вирустарға, саңырауқұлақтарға, протозойларға қарсы әсері жақсы білінген биологиялық белсенді заттар. Биологиялық жағынан қарасақ, антибиотиктер биологиялық эволюция үрдістерінің нәтижесінде синтезделген микроорганизмдердің, өсімдіктердің және жануарлардың ерекше өнімдері.
Кіріспе

Антибиотиктер дегеніміз - биологиялық қоспалар. Олар тірі клеткалардан алынады және аз мөлшерде байытылғанның өзінде оған сезімтал микроорганизмдерді толық жойып жібере алады немесе өрбуін бәсеңдетеді.
Антибиотиктер микробтар дүниесіндегі олардың бір тобының екінші бір тобына қарама - қарсылық әрекетіне негізделген.

www. thmemgallery. com
Company Logo
Антибиотиктер микробтар мен кейбір қатерлі ісікке әсер етіп, олардың дамуын тежейді немесе жойып жібереді. Антибиотиктердің пайда болуы микробтар дүниесінде кездесетін бір-біріне қарама-қарсылық әрекетіне негізделген. Антибиотиктер туралы ғылымның негізін қалап, алғаш көгерткіш саңырауқұлақтан пенициллин алған (1929) ағылшын ғалымы А. Флеминг болды.
Антибиотиктердің бірнеше жүздеген түрі бар, бірақ олардың бәрі бірдей медицинада қолданыла бермейді. Антибиотиктер шығу тегі, химиялық құрамы, микробтарға әсер ету механизмі тағы басқа қасиеттері бойынша жіктеледі. Антибиотиктерді ретсіз қолданудың әр түрлі салдары болуы мүмкін. Мыс., денеге бөртпе шығып, қышыма пайда болады, кейде естен тануға әкеп соғады.

Жіктелуі және әсер ету механизмі:
Антибиотиктерді олардың продуценттері - бактериялар, актиномицеттер, саңырау құлақтар бойынша жіктеген, топтастырған.


www. thmemgallery. com
Company Logo
Антибиотик» термині (anti - қарсы, bios - өмір) 1944 жылы стрептомицин Stp. griseus продуцетін ашқан З. Ваксман енгізген болатын.
Антибиотик
Тарихы

Антибиотикалық заттарды қолдану өте ертеде басталған. Осыдан 3500 жыл бұрын Қытайда көгерген ірімшік, кейіннен көгерген нан іріңді жараларды емдеу үшін қолданылғаны туралы деректер бар. Антибиотиктердің ашылуына жуықтап келген орыс ғалымы А. Г. Полотебнов. Ол 1872 жылы пенициллиум саңырауқұлағының спорының көгінен дайындалған ұнтақпен іріңді жараны емдегені туралы хабарлаған.

www. thmemgallery. com
Company Logo
Бірақ, антибиотик эрасы және антибиотикотерапия А. А. Флемингтің есімімен байланысты. Ол 1929 жылы пенициллиум көгінен алынған микробтарға қарсы әсер ететін зат туралы хабарлады. А. Флемингтің пенициллинді ашқаны - өте маңызды және шұғыл бетбұрысты жағдай болды, бірақ пенциллинді таза түрінде шығару технологиясы әлі көпке дейін жете зерттелді. Тек 1939 жылы Оксфорд университетінің мамандары /Г. У. Флори және Э. Б. Чейн басшылығымен/ пенциллинді бөліп тазарту әдісін ұсыныс етті. Ал Ресейде таза пенициллинді 1942 жылы З. В. Ермольева және Т. Балезина алды.

Антибиотиктерді көптеген актиномицеттер, бактериялар және саңырауқұлактар да бөледі. Антибиотиктердің микробтардың тіршілігін тежейтін әрекеті бар. Бұл жағдайда олар бактериостатикалық әсер етеді, кейде антибиотиктер микробтарды жойып жібереді, оны бактерицидті әсер деп атайды.

Антибиотиктердің классификациясын беру үшін олардың 4 қасиеттеріне сүйенген жөн:
Химиялық құрылыстарына;
Шығу тегіне;
Әсер ету бағытына;
Әсер ету механизміне.

Химиялық құрылыстары бойынша оларды 6 топқа бөлуге болады:
1. Гетероциклді құрылысы бар антибиотиктер.
Өкілдері- пенициллиндер мен цефалоспориндер;
2. Алициклді құрылысы бар антибиотиктер. Өкілдері - тетрациклиндер;
3. Гликозидтер мен аминогликозидтер. Бұл топқа гликозидтер, аминогликозидтер, макролидтер, полиендер және анзамициндер жатады;
4. Ароматты қатардағы антибиотиктер. Өкілдері- левомицетин;
5. Антибиотиктер-полипептидтер. Өкілдері- полимиксин, грамицидин және т. б. ;
6. Әр түрлі топтың өкілдері. Бұл топқа ісіктерге қарсы антибиотиктер жатады.

Шығу тектеріне қарай 4 топқа бөлінеді:
1. Саңырауқұлақтардың туындылары. Сәулелі саңырауқұлақтардан- пенициллиндер, цефалоспориндер; актиномицеттерден-аминогликозидтер; стрептомицеттерден- тетрациклиндер, макролидтер, стрептомицин, полиендер;
2. Бактериялардан алынатын антибиотиктер- полипептидтер;
3. Өсімдіктерден алынатын антибиотиктер- аренарин, иманин, хинин, сальвин және т. б. ;
4. Жануарлардың тіндерінен алынатын антибиотиктер- экмолин, интерферон, әр түрлі сұйықтар, лизоцим.

Әсер ету бағыттарына қарай:
1. Микробтарға әсер ететін антибиотиктер;
2. Микоздарға қарсы әсер ететін антибиотиктер;
3. Ісіктерге қарсы белсенді антибиотиктер;
4. Тоғышарларға қарсы әсер ететін антибиотиктер.

Биохимиялық әсерлерінің механизмдеріне байланысты антибиотиктерді 6 топқа бөледі:
Микроорганизмдердің торшалар қабырғаларының өткізгіштігін тежейтін антибиотиктер- пенициллиндер, цефалоспориндер;
Белоктың синтезін тежейтін антибиотиктер- тетрациклиндер, аминогликозидтер және макролидтер;
РНК-ның синтезін тежейтін антибиотиктер- рифампицин, оливомицин;
ДНК-ның синтезін тежейтін антибиотиктер- рубомицин;
Мембрана белсенді антибиотиктер- нистатин, полимиксин;
Дем алу процесін тежейтін антибиотиктер- патулин.

Сонымен қатар, кең және тар спектрлі антибиотиктер болып бөлінеді. Тар спектрлі антибиотиктер тек грамм оң микроорганизмдерге ғана, ал кең спектрлі антибиотиктер грамм оң және грамм теріс микроорганизмдерге әсер етеді.

Антибиотиктердің терапевтік профилактикалық тиімділігі олардың төмендегідей қасеиттеріне байланысты:
Микроорганизмдерге таңдамалы түрде әсер етуі;
Токсиндерді бейтараптауы;
Аз дозасының өзінің тиімділігі;
Тиімділігінің жылдам білінуі;
Белсенділігінің макроорганизмнің тіндері мен сұйықтарында сақталуы;
Макроорганизмге улылығының төмендігі;
Организмнің қорғаныс күшін белсендендіруі;
Топтап емдеу әдісімен қолданудың мүмкіншілігі.

Қазіргі кезде қолданылып жүрген антибиотиктердің маңыздылары:
Пенициллин - пенициллум зең саңырауқұлағынан алынған. Ол көптеген стрептококкаларға, стафилаккоккаларға күшті әсер етеді. Таяқша тәрізді микробтар мүның әсеріне төзімді келеді. Оны қазір медицинада, ветеринарияда кеңінен қолданады.
Стрептомицин - актиномицеттен алынады. Ол туберкулез таяқшасының тіршілігін тежейді. Бруцеллез және ішек ауруларын емдеуге қолданылады.

Грамицидин - топырақта кездесетін бациллус бревис деп аталатын таяқша бактериядан бөлінген. Жануарлардың бірқатар ауруларына қарсы қолданылады.
Биомицин - актиномицеттің бір түрінен алынған. Бұл да жануарлар мен адамдар ауруын емдеуге қолданылады. Соңғы жылдары мал мен адам ауруларына қарсы қолданылатын басқа да біраз антибиотиктер табылды және олар жан-жақты зерттелуде.
www. thmemgallery. com
Company Logo

Әр топ антибиотиктердің өзінің микробтарға қарсы спектрі бар. Спектрдің кеңділігі антибиотик молекуласының химиялық құрылысына және патогендік агенттің биологиялық ерекшеліктеріне байланысты.
www. thmemgallery. com
Company Logo

Антибиотиктерді қолданғанда олардың жанама әсерлерін де ескеріп отыру қажет: аллергия, дисбактериоз, нефротоксикалық, гепатотоксикалық және басқа да құбылыстардың байқалуы. Оларға үйреншікті микроорганизмдердің штаммдарының пайда болуы да мүмкін

Алициклді құрылысты антибиотиктер ( тетрациклиндер тобы, олардың синтетикалық аналогтары, т. б; )
Ароматты қатардағы антибиотиктер (левомицетин топтары)
Гетероциклді құрылысты антибиотиктер (пенициллиндер, олардың синтетикалық аналогтары, цефалоспориндер)
Антибиотик гликозидтер; стрептомициндер; антибиотик-аминогликозидтер (канамициндер, неомициндер, гентамициндер, мономициндер)
Қатерлі ісікке қарсы антибиотиктер ауреол қышқыл туындылары, антрациклиндер, хинолин-5, 8-дион туындылары және актиномициндер,
Антибиотик полипептидтер (грамициндер, полмиксиндер; )
Табиғи антибиотиктер және олардың жартылай синтетикалық аналогтары келесі топтарға бөлінеді:

Пенициллин
Толық атауы бензилпенициллин
Түрлі микробтарға қарсы, іріңді жараны, өкпе қабынуын, баспа, соз және басқа ауруларды емдеуге қолданылатын антибиотик. Ол ең әсерлі антибиотиктердің бірі. Пенициллин көптеген іріңді бактерияларды қоса алғанда, бактериялардың көптеген түрін жояды.
Зең саңырауқұлағынан пенициллин антибиотигі алынады.

МФ Х бойынша сандық мөлшерін анықтау екі кезеңнен тұрады:
пенициллиндер суммасын анықтау;
препарттардың мөлшерін анықтау;
Пенициллиндер суммасын анықтау иодометрия әдісімен жүргізіледі.
Әдіс пенициллиннің инактивация өнімі (1н натрий гидроксидімен бөлме температурасында) -пеницилоин қышқылының натрий тұзының цодпен тотығуына негізделген.

Соңғы кезде антибиоиктердің сандық мөлшерін физико-химиялық әдістермен анықтау кең таралған, әсіресе фотоколориметрия және спектрофотометрия әдістері.
Антибиотиктердің биологиялық белсенділігі ӘБ арқылы анықталады.
ӘБ деп белгілі қоректік ортада тест-организмнің стандарты штаммаларының өсуін тежейтін антибиотиктердің ең аз мөлшерін атайды.

Қазір пенициллиннің түрі көп (экмоновоциллин, новоциллин) . Ал феноксиметил пенициллинді ішуге болады. Пенициллиннің құрғақ түрін жараға себеді, ал ерітіндісімен жараны жуып емдейді.

Кейбір адамдарда пенициллин аллергиялық реакция туғызады. Қызыл таңдақтар немесе қызыл бөрітпелер шығып, қышуы аллергиялық реакциялардың жеңіл түріне жатады.
Пенициллинді қабылдай алмайтын адамдар таблетка түріндегі тетрациклинмен немесе эритромицинмен емделуіне болады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz