ГЕЛЬМИНТОЗДАРДЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫ




Презентация қосу
ГЕЛЬМИНТОЗДАРДЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫ

Орындаған Алжанова Айдана
ВМ 406
Тексерген Тұрғанбаева Гүлнар
Елдесбайқызы
• жануарлардың ауру және өлім болған жағдайларында
гельминттер табылмайды, неге десеніз олар өз -
өзімен организмнен шығады де немесе иенің
мүшелерінде және ұлпаларында өліп қалады.
Сондықтан, гельминттерді анықтау үшін клиникалық,
паразитологиялық, патоморфологиялық және
эпизоотологиялық - критерийдің толық кешенің
назарға алу керек.
• Гельминттердің көбісінде, ереже түрінде, клиникалық
белгілері мінессіз өтеді. Өте жиі тыныс алу және
асқорыту жолының қызметі бұзылуы, өсіп-өну
тоқталуы, жүдеу, өнімділігі төмендеу байқалады.
• Бірақта, кейбір гельминтоздар, осындай: тауық
сингамозы мен
• простогонимозы, қоян пассалурозы, шошқа
аскаридозы сияқтылар кезінде, клиникалық белгілері
жақсы білінеді. Сондықтан гельминтоздарға соңғы
диагноз лабораторлық зерттеулеріне негізделінеді
және ашып сою нәтиже арқылы қойылады.
Гельминтоздардың диагностика әдістері
• Ауыл шаруашылық және жабайы жануарлардың
көптеген гельминтоздарында емдік - профилактикалық
шараларын өткізу алдында ауруға диагнозын уақытында
қою керек. Гельминтоздардың диагностика әдістерін екі
топқа бөледі: тіршілік кезінде және өлген кездегі,
• Диагностиканың негізгі әдістері - лабораториялық
зерттеулер.
• Жиі нәжісте, несепте, бөліндіде (өтте), ұлпаларда
(қанда, бұлшық етте), мүшелерде (тері кесігінде),
пунктаттың және абсцесстің сұйығында
гельминтоздардың қоздырушыларын, жұмыртқаларын
және личинкаларын табуға болады.
• Маңызына байланысты лабораториялық зерттеулерді
гельминто- овоскопиялық, гельминтоларвоскопиялық
және гельминтоскопиялық зерттеу әдістеріне бөледі.
• Гельминтоовоскопиялық зерттеу әдістері арқылы
экскретте, секретте және қарында көп паразиттік
құрттар жұмыртқаларын табуға болады.
• Гельминттердің личинкаларын (диктиокаул, мюллерий
және т.б.) табу үшін гельминтоларвоскопиялық зерттеу
әдістерін қолданады. Осы зерттеулерді өткізу үшін
Берман-Орлов және Вайда әдістерін пайдаланады.
• Нәжісте гельминттерді немесе олардың мүшелерін
табу үшін гельминтологиялық зерттеулерді қолданады.
• Гельминтоскопия. Нәжісті сумен араластырып,
қосындыны тұндырады. Бірнеше уақыттан соң судың
беткі қабатын төгіп, тұнбаға судың келесі мөлшерін
құяды, сөйтіп бірнеше рет қайталайды. Осылай бөтен
заттың көп бөлігі жайылып, тұнбада паразиттер мен
нәжістің ерімеген ауыр бөлігі қалады. Содан кейін
тұнбаны макроскопиялы және микроскопиялы
зерттейді.
• Гельминтоларвоскопиялық әдіс диктиокаулез,
мюллериоз, протостронгилидоз және тағы басқа күйіс
қайыратындардың асқорыту жолының стронгилятозын
балау үшін қолданады.
• Тұндыру әдісі. Нәжістің шамалы бөлігін (5-10 г) судың
10 бөлікті мөлшерімен араластырады. Қосындыны
металл елек (сүзгіш) немесе марлымен сүзеді де, 5
минут түндырады. Осыдан кейін сүйықтық қабатын
төгіп, тұнбаға таза су қосады да, тағы 5 минут
түндырады. Сөйтіп сүйықтықтың үстінгі бөлігі
мөлдірленгенінше қайталайды. Кейін сүйықтықты төгіп,
түнбадан трематода жүмыртқаларын микроскоппен
зерттейді. Берілген әдіспен фасциолез және басқа
трематодоздарға балайды.
• Флотациялы әдістер. Фюллеборн әдісі. 10-20 г
нәжісті банкаға немесе 100-200 мл-лік стақанға
салады да, ас түзының қаныққан ерітіндісінде шыны
немесе ағаш таяқшасы мен мүқият үнталайды
(ысқылайды). 1 л суда 400 г түзды ерітеді, оны
қайнатып, мақта немесе марлы арқылы сүзеді.
Ерітіндіні суық қалпында пайдаланады; оның
тығыздығы 1,2.
• Фюллеборн әдісін негізінен дөңгелек гельминттердің
жұмыртқаларын (аскарида, стронгилида,
трихоцефалят және т.б.) және таспа құрттардың
кейбіреуін (тений, аноплоцефалид) табу үшін
қолданады.
Дарлинг әдісіне
• Нәжісті сумен бірге жартылай сұйық консистенцияға
дейін араластырады да, 3-5 мин центрифугалайды,
соңында гельминт жұмыртқалары түбіне тұнады.
Пробиркадағы сұйықтықты төгіп, тұнбаға Дарлинг
сұйықтығын қосады. Тұнбаны мұқият араластырып,
екінші рет 3-5 мин центрифугалайды. Содан кейін ғана
паразитарлық құрттардың жұмыртқалары тұнбадан
бетіне шығады. Металл таяқшамен қабыршақты алып,
төсеніш шыныға көшіріп, жапқыш шыныны үстіне
жауып, зерттейді.
Щербович әдісін
жоғары тығыздықпен жұмыртқаларды табу үшін
қолданады. 920,0 күкірт қышқылды магнезияны 1
литр ыстық суда ерітеді.
• Ертіндіні сүзіп, суытады. Зерттеу үшін стақанға нәжістің
шамалы мөлшерін алып, су қосады да, бірқалыпты өнім
алғанға дейін араластырады. Араластырғанда осы
өнімді металл сүзгіш арқылы сүзіп, 1-2 мин
центрифугалайды. Осыдан кейін сұйықтықтың беткі
қабатын төгіп, тұнбаға алынған ерітіндіні қосады.
Тұнбаны араластырып, қайтадан 1-2 мин
центрифугалайды. Копрологиялық таяқшамен
пробиркадан үстіңгі қабатың төсеніш шыныға алып,
үстіне жапқыш шыны жабады да микроскоппен зерттейді
• Сандық гельминтоовоскопиялық зерттеулер.
Копрологиялық зерттеулерде инвазияның
интенсивтілігін анықтау үшін 1 г нәжістегі
жұмыртқаларды табудың сандық есебін жүргізеді.
Нәжісте жұмыртқалардың саны көп болса, жануар
ағзасында сол гельминттердің саны да көп болады.
Гельминт жұмыртқалары нәжіс массасында бірдей
таралмайды
• Столл әдісі. 100 грамм қолбаға басында 56 мл су
құяды да, сыртынан белгілеп қояды, кейін 4 мл су
құяды да, қайтадан жаңа белгі қояды. Содан кейін
суды құйып алып, колбаға 56 мл 0,14 күйдіргіш натр
ертіндісін құяды, сондай мөлшерде нәжіс қосады.
Себебі сұйықтық деңгейі 60 мл-ге жетеді (4см3 нәжіс),
10-15 шыны түймелерді салады да, бәрін дұрыстап
араластырады. Араластырғаннан кейін градуирлі
пипеткамен 0,075 немесе 0,1 мл қосынды алады, оны
төсеніш шыныға қойып,
• Берман және Орлов әдісі. Нәжіс сынамасын (10 г)
Берман аппараты воронкасына металл торда немесе
марлыда оралған күйінде салады. Алдын-ала воронкаға
бөлме температурасында суды құяды. Сынамамен
толтырылған аппаратты бөлме температурасында 3-6
сағатқа қалдырылады. Осы уақытта диктиокаулюс
личинкалары сынамадан сұйықтыққа жылжып шығады да,
түтік бойымен пробирка түбіне түседі. Сосын абайлы
резеңкелі түтіктен ағытып, жылдам қозғалыспен, тұнбаны
араластырмай әр пробиркадағы сүйықтықты тұнбаға дейін
төгіп алады (суды пипеткамен сарып алуға болады).
Пробиркаларды штативке қояды. Түнбаны
араластырғаннан кейін төсеніш шыныға қүяды да, кіші
өлшемде микроскоппен қарайды.
• Паренхиматозды мүшелерді (бауыр, өкпе, ұйқы безі,
бүйректер және т. б.) бөлек ыдысқа салып, детритке
айналдырып (фарш), қолмен үзеді немесе пышақпен
немесе қайшымен ұсақ кесектерге кеседі. Детрит,
қырынды, мүше құрамын сумен немесе
физиологиялық ерітіндімен жуып, дәйектілік жуу әдісін
қолданады. Гельминттерді тек кисточкалармен немесе
арнайы инелермен жинайды, бірақ пинцетпен немесе
қолмен алмайды.
Гельминттердің өлген кездегі диагностикасы
• Г ельминтоздардың өлген кездегі диагностикасы
жануарлардың мүшелері мен улпаларында
гельминттердің әртүрлі дәрежеде олардың дамуын
анықтауға тұжырымдалған. Гельминттер жануар
организімің бүкіл мүшелері мен ұлпаларында
паразиттейді. Сондықтан жиыны және келешекте
оларды анықтау сойып-ашудың ерекше
әдістемелерімен қамтамасыз етіледі, олар өлексені
қалыпты патолого-анатомиялық сойып-ашудан
ерекшеленеді. Толық гельминтологиялық сойып-
ашудың әдістемесі академик К. И. Скрябинмен
жетілдірілген.
• К. И. Скрябин бойынша толық гельминтологиялық
сойып-ашу және толық емес гельминтологиялық
сойып-ашуды ажыратады.
• Скрябин бойынша толық гельминтологиялық сойып-
ашу - ең сенімді әдіс, жануарға жүқтырылған, бүкіл
гельминттердің сандық жыне сапалық есеп жүргізуге
жағдай жасайды. Бүл әдіс келесіден түрады: өлексені
терісінен алып тастағаннан кейін тері асты
клетчатканы уқыпты қарап, содан кеуде және қүрсақ
қуысын ашып, асқорыту, тыныс алу, қан тамырлар,
несеп-жыныс және т. б. жүйелердің бүкіл мүшелерін
алады.

Ұқсас жұмыстар
ТОПЫРАҚТАҒЫ ГЕЛЬМИНТТЕРДІҢ ЖҰМЫРТҚАСЫН ДАРЛИНГ
Инвазия көзі тек адам
Сорғыш құрттар
Қоршаған орта топырағын гельминт жұмыртқаларына, балаңқұрттарына зерттеу
Күйістілердің протостронгилидоздары
ИТ ГЕЛЬМИНТОЗДАРЫ
Шошқалардың қоңы күрт
Шошқа метастронгилезі
Медициналық гельминтология
Топырақтың эпидемиологиялық маңызы. Топырақтың қасиеті мен құрамының маңызы
Пәндер