Індетке қарсы шараларды жоспарлау және карантин мен шектеу шараларын ұйымдастыру


Slide 1

Індетке қарсы шараларды жоспарлау және карантин мен шектеу шараларын ұйымдастыру

Орындаған:Жадыраева Г.

Тобы:ВМ-406

Тексерген:Отарбаев Б.

Slide 2

Індетке қарсы шаралар

Індетке қарсы алдын алу және сауықтыру шаралары. Олардың кешенді және жоспарлы түрде мемлекет тарапынан және адам денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілуі.

Ұйымдастыру-шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық және арнайы шаралар. Инфекция қоздырушысының бастауы мен берілу тетіктеріне, ауруға бейім жануарларға қатысты шаралар. Жұқпалы аурулардың алдын алу үшін шекарадағы және мал фермаларындағы санитариялық бақылау, әкелінген жануарларды карантиндеу.

Жануарларды иммундеу, вакциналар және олардың түрлері, иммундеу әдістері. Жұқпалы ауруларды балау, індеттанулық, клиникалық, патологоанатомиялық, микробиологиялық, серологиялық, аллергиялық балау әдістері. Нозологиялық және эпизоотологиялық диагноз.

Індет ошағында жүргізілетін шаралар. Карантин және шектеу қою, алу. Ауру және ауруға күдікті жануарларға қатысты шаралар. Індет ошағындағы жануарларды вакциналау және фармакопрофилактика.

Ірі мал фермалары мен кешендерді індеттен қорғау. Кешендерді салу және малмен толтыруға қойылатын санитариялық талаптар. Кешендердің ішкі және сыртқы санитариялық аймақтары, олардағы індетке қарсы шаралар.

Slide 3

Ұйымдық шаралардың тағы бір міндетті бөлігі ветеринариялық білімді насихаттау. Тұрғындарға, малшыларға, мал иелері мен шаруашылық басшыларына олардың жауапкершіліктеріне сай мал аурулары және олармен күресу жолдары туралы түсіндіріп отыру қажет. Бұл жұмысты ветеринария органдары жүйелі түрде көпшілік ақпарат құралдарын пайдаланып, әңгіме, дәрістер өткізу арқылы жүргізеді.

Мал шаруашылығындағы ұйымдастыру және оның экономикалық тетіктері арнаулы пәндерде (ауыл шаруашылығының экономикасы, ауыл шаруашылығын ұйымдастыру) қарастырылады. Ал ветеринария ісін ұйымдастыру жеке пән ретінде оқытылады.

Slide 4

*Жеке және заңды тұлғалар жануарларды жаңадан келіп түсіруді, әкелуді, сатып алуды, әкетуді, орнын ауыстыруды жоспарлау алдында осылар туралы ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның бөлімшелерін (бұдан әрі - ветеринариялық бөлімшелер), ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствасының аумақтық бөлімшелері жануарларды жаңадан әкеліп түсіруді, әкелуі, сатып алуды, әкетуді, орнын ауыстыруды жоспарлауға дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен кеш емес ауызша немесе жазбаша хабарлайды.

*Ветеринариялық бөлімше жеке және заңды тұлғалардан алынған ақпарат негізінде күнтізбелік жеті күннен асырмай тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының келісімі бойынша ветеринариялық бөлімшенің басшысы бекітетін жануарларды карантиндеудің жоспарын әзірлейді. Ветеринариялық бөлімшемен келісілген және бекітілген жануарларды карантиндеу жоспарының көшірмесі, бекітілген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күннің ішінде тиісті ақпарат алған жеке және заңды тұлғаларға жолданады.

* Жануарларды карантиндеу жоспарында келтірілген жануарлардың карантиндеу шарттары және ұзақтығы, ветеринариялық өңдеумен оларды жүргізу уақыты көрсетіле отырып, диагностикалық зерттеуге жататын жануарлар ауруларының тізімі, ауру жануарлар, жануарлар ауруларына күдік туындаған кездегі іс-шараларды қос алғанда, ветеринариялық іс-шараларды орындауға жауапты тұлғалар көрсетіледі.

Slide 5

Жануарларды карантиндеу барысында диагностикалық зерттеулерді жүргізуді жоспарлаған кезде бұрын жүргізілген ветеринариялық өңдеулер, диагностикалық зерттеулердің сенімді емес қорытындыларын алуды болдырмау мақсатында жануарларды вакциналау, аумақты аймақтарға бөлу. Үшінші елдерден немесе Кеден Одағына мүше елдерден және Еуразиялық Экономикалық Кеңістігінен келтірілген жануарларды карантиндеу барысында диагностикалық зерттеулерді жүргізуді жоспарлаған кезде межелі орында Шмалленберг ауруына мониторингтік диагностикалық зерттеу жүргізу ескеріледі.

Егер алушы ел аумағында осы аурулардың профилактикасы және /немесе жойылуы бойынша бағдарламалар жүргізілген кезде ғана жануарлардың басқа ауруларына зерттеулер жүргізіледі.

Slide 6

Карантиндік шаралар ветеринария саласында да қолданылады. Ол кезде:

карантинге қойылған малды бөлек ұстап, сау малмен жанастырмау;

індет шыққан шаруашылықтан бірде бір мал басын, малдан алынған шикізат өнімдерін, азықтарды, құрал-саймандарды, т. б. сыртқа шығармау;

карантиндегі малды күтіп бағу үшін арнаулы адамдар тағайындау шаралары жүргізіледі.

Карантиндегі малдың ыстығы күніне екі рет өлшеніп отырады. Оларға арналған қора-жай сау мал тұратын қоралардан кемінде жарты шақырым қашықтықта болуға тиіс. Шаруашылыққа сырттан әкелінген әрбір мал басы туралы куәлікте келіп түскен малдың жұқпалы аурудан сау екендігі көрсетіледі. Ветеринарлық жарғыға сәйкес ондай малдар 30 күн бойы бақылауда болуы керек. Мал күтіміндегі адамдар жұмысқа керекті киім-кешекпен (таза халат, кебіс, алжапқыш, қолғап, т. б. ) қамтамасыз етіледі. Бұл жабдықтар жұмыс аяқталған соң изоляторда қалдырылады. Карантиндегі малдың қиын өртеп жібереді немесе белгілі тәртіппен мал қорымына апарып көміп тастайды. Өлексені ит-құсқа тастауға болмайды. Ауру мал жатқан жер, қоралар карантин мерзімі аяқталысымен мұқият зарарсыздандырылады.

Slide 7

Жаңадан келген малды карантиндеу. Шаруашылыққа шеттен әкелінген мал табынға қосардан бұрын бір ай бойы карантинде бөлектелініп ұсталынады. Карантин кезінде жануарлар ретті түрде клиникалық бақылау мен лабораториялық тексеруден өтеді. Шаруашылықта ұстау үшін жұқпалы аурулардан сау, арасында микроб алып жүрушілері жоқ малдар ғана жіберіледі.

Карантин кезінде жануарларды індет жағдайына сәйкес кейбір жұқпалы ауруларға қарсы егеді. Бордақылау кешендерінде жаңадан әкелінген бұзаулардың карантиндеу мерзімі 15 күнмен шектелінеді.

Жұқпалы аурулардан сау шаруашылықтарда сақтық шаралары ретінде жануарлардың белгілі бір топтарын кейбір ауруларға, негізінен созылмалы жұқпалы ауруларға, тексеріп отырады. Ондай ауруларға сиырда бруцеллез, туберкулез, лептоспироз, қойда бруцеллез, жұқпалы эпидидимит, хламидиялық іш тастау, жылқыда маңқа, инфекциялық анемия, т. б. жатады.

Дауалық шаралардың ішінде сақтық дезинфекциясы мен дератизациясының маңызы зор. Бұл екі шараны қатар жүргізген мезетте алдымен дератизация жүргізіп, кемірушілердің өлекселерін жинап алғаннан кейін дезинфекция жасалынады.

Slide 8

Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу тәртібі


Ұқсас жұмыстар
Ауру ошағын жою бойынша жоспарды қадағалау
ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ ШАРАЛАРДЫ ЖОСПАРЛАУ
ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ САУЫҚТЫРУ ШАРАЛАРЫ
Індет ошағы
Жұқпалы аурулардың табиғи ошағы, құрылымы, түрлері және олардың шекарасын анықтау
БИОЛОГИЯЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КЕЗІНДЕ
Топалаңды балау және індетке қарсы шараларды ұйымдастыру
Ветеринариядағы есеп және есеп беру, ветеринариялық қызметті материалды - техникалық қамтамасыз ету
Жұқпалы ауру кезіндегі ветеринариялық шараларды ұйымдастыру және олардың экономикалық тиімділігі
Жылқының инфекциялық анемиясы, тұмауы, індетті лимфангоиты, обасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz