ЖЫЛҚЫ ДРАШЕЙОЗЫ ЖӘНЕ ГАБРОНЕМАТОЗЫ




Презентация қосу
ЖЫЛҚЫ ДРАШЕЙОЗЫ
ЖӘНЕ
ГАБРОНЕМАТОЗЫ
Тексерген:Турганбаева
Г.Е
Орындаған:Жадыраева
Г.Ә
Вм-406
Драшейоз бен габронематоз Spirurata тармағына
жататын, Spiruridae тұқымдасына жататын
Draschea megastoma,Habronema
microstoma,H.Muscae құрттары
тудыратын,жылқы аурулары.
Қоздырғышы: ұсақ құрттар,ұзындығы 0,7-ден 2,5см-ге
дейін,ені 0,55мм.Түсі ақ,ауыз тесігі төрт ерінмен көмкерілген,ауыз
қуысы цилиндр тәрізді.Еркектерінің құйрық буынтығы жоқ,бірақ
бүйірлерінде екі қанатшалары және екі тең емес спикуласы бар.
Драшейаның ауыз еріндері айқын көрінсе,габронемалардікі аса
көп білінбейді.
Құрт жұмыртқасы сопақша не жартылай цилиндір сияқты
сияқты,қабығы тым жұқа,тұрқы 0,087мм,ішінде қалыптасқан
балаңқұрттары бар
*Гельминттердің ақтық иелері- жылқы тектес жануарлар.

*Аралық иелері-үй шыбындары(Musca domestica)және қара
шыбындар(Stomoxys calcitrans).

Габронемалар қарын бездеріне бастарын тығып,тікелей қарын
қуысына орналасады.
Драшеялар фистулдық өзектері бар,қарынның ісікті
қабырғасында орналасады.
Өсіп-өнуі
Құрт аналықтары нәжіспен бірге сыртқы ортаға,ішіндегі
балаңқұрттары бар,жұмыртқалар бөліп шығарады.Нәжістегі құрт
жұмыртқаларын шыбындар жұтады.Шыбынның ішінде балаң
құрттар 13-15 күн аралығында инвазиялық сатысында
дамиды.Жылқының ағзасына құрттар екі түрмен түседі.Біріншісі
жылқылар шыбынды жұтып алуының нәтижесінде,екіншісінде
шыбын жылқы таңауына қонғанда,балаң құрт шыбын тұмсығын
жарып,жылқы ағзасына енеді.
Жылқы қарнында балаңқұрттар 44-46 күнде ересек сатысына
жетеді.
Одан басқа залалды шыбындар жылқының денесіндегі жарақатқа
қонып,жұмыртқаларын қалдыруы мүмкін.Нәтижесінде тері
драшейозы немесе тері габронематозы пайда болады.
Аурудың өрбуі және
өлекседегі өзгерістер:
Ең қауіпті құрт-драшейа,ол қарынның кілегейлі қабығы ішінен бірнеше
ісіктер тудырады, олардың көлемі жаңғақ,кейде тауық жұмыртқасындай
болады.Ісіктердің іші көптеген дәнекер қалқаншалар мен бөлектенген
түтікше жолдардан құралған.Ондағы сарғыш,сұрғылт қойыртпақ
арасынан жүздеген гельминттер табылады. Ісіктердің бетінен үңгірлі
тесіктер көрініп тұрады. Кейде ісіктер іріңдеп,қарынның тесіліп кету
қауіпін туғызады,құрсақ қуысының сірлі қабығы қабынып,процесс
зардапты перитонитке апарып соғады.
Габронемалар асқазанның кілегей қабығына бекініп,оны
жарақаттап,қабындырады.Кейде ойлымдар пайда болады, ас қорыту
бездері семіп кетеді. Нәтижесінде қарынның қызметі бұзылады,қорғалу-
жиырылу, сөл-шырын шығару қабілеті нашарлайды.
Теріге енген габронема балаңқұрттары жаз бойы жазылмайтын ісіңген
жараларды тудырады,артынан олар ойылымдарға айналады. Ал өкпедегі
габронема түйінінің үлкендігі орман жаңғағына дейін жетеді,іші іріңмен
балаңқұрттарға толы.
Анықталуы:
Драшейоз бен габронемотозға диагноз қою үшін И.П.Горшков әдісін
пайдалануға болады.Бұл әдіс лавроскопиялық Берман тәсіліне негізделген.
200-300г. жылқы нәжісін дәкеге орап,воронкаға салады .Воронка шүмегін
темір қысқышпен қысып,қанжылым су құйып,6-24 сағат
тұндырады.Белгіленген уақыт өткен соң,шүмекті ашып,тұнбаны шыны
түтікке құйып,центрифугамен 2-3 минут айналдырады.Шөгіндіден
микроскоп арқылы паразитті іздестіреді. “Тері габронематозын”анықтау
үшін ойылымдардан қырынды алып,зерттейді.
Емі:
Емі:
Қолданылатын дәрілер иодтың су ертіндісі,төртхлорлы
көміртегі және күкірт көміртек.
Йодтың су ерітіндісін 4мл-дей мөлшерде жылқыға танау-
өңеш түтігі арқалы құяды.Бірақ жануарды емдеу
алдында,тері астына 0,2-0,3 г морфи жібереді.
Төртхлорлы көміртегіні сақа малға 40-60 мл есебінде
түтік көмегімен ішкізеді.
Күкіртті көміртек-жағымсыз иісті,түссіз сұйық.Бұл дәрі-
дәрмекті желатин капсуласымен 6 мл. көлемінде үш дүркін
береді.
Тері габронемозын- оташылық тәсілмен емдейді.
Дауалау:
Сақтандыру дауалары: үй және қара
шыбындарды жоюға және ауру жылқыларды
сауықтыруға бағытталған.Қорадағы,ауладағы
жылқы тезегін күн сайын жинап,биотермиялық
әдіспен өңдеген жөн.Ал жазда қораны,ауланы
дезинвазиялау керек.Шаруашылықта драшейоз
және габронемоз орын алған болса,онда
жылқыны сақтық дегельминтизациядан екі рет
көктем және күз айларында өткізген жөн.

Ұқсас жұмыстар
ЖЫЛҚЫ ГАБРОНЕМАТОЗЫ МЕН ДРАШЕЙОЗЫ
Паразитология және инвазиялық аурулар
Ірі - қара телязиозын және жылқы спируратозын балау
Жылқының қасиеті
Қазақстандағы жылқы тұқымдары
Жылқы тұқымдары
Жылқы тұқымдары туралы
Жылқы етіне түсініктеме беру
Жылқы. Жылқы тұқымдарының шығу тегі мен шығару жолдары
Жылқының тұқымдары
Пәндер