Бұдабай Қабылұлы



Бұдабай Қабылұлы
1842-1912

Бұдабай Қабылұлы
Бұдабай 1842 жылы қазіргі Қызылорда облысының, Шиелі ауданында, Сырдарияның сол жағалауында, Керделі деген жерде дүниеге келген. Бұл қазіргі «Қарғалы» ауылының маңы. Зираты сол төңіректегі «Әулие тораңғыл» деген жерде. Молда Мұсакен, Нәті қызбен, Қарлығамен айтыстары белгілі. Оның атын қазақ еліне түгел танытқан шығармасы «Әйекені жоқтауы» деп аталады. Бұл шығарманың туу тарихы, қысқаша айтқанда, мынандай: 1880 жылы Ақмешіт (қазіргі Қызылорда) қаласында Шиелінің сол кездегі волостной управителі Әйеке Бекежановты (1839-1880) болыс сайлауы кезінде Әлмембет Тұрсынбаев (1829-1909) атып өлтіреді. Мұның аяғы ел ішінде зор бөлінушілікке айналып кете жаздап, Бұғадай ақынның араласуымен рулық екі топ мәмілеге келеді. Ақынның көзі тірісінде, 1883 жылы қазанда осы жырдың үзіндісі, ал 1925 жылы Ахмет Байтұрсынұлы жинап, бастырған «Жиырма үш жоқтау» атты жинақта тағы бір нұсқасы жарық көрді.


«Қарғалы» ауылының тұрғындары Нұрбапа (Нұрпан) Оралбайұлы мен оның күйеу баласы Үсен Дүйсенбаев Бұдабайдың зиратына алып барушы, таныстырушы жандар. Өзінің де өлеңге әуестігі бар Нұрпан ол-жөнекей әңгіме үстінде кезінде Бұдабайдың қолда бар өлеңдерін «Бұдабай жинағын» құрастырған Нұрмахан Қасымовқа бергенін айтты. Қорым «Қарғалыдан» «Таштоп» деген жерге қарай жүргенде он шақырымдай жерде екен. Зират жолдың жиегінде, зәулім өскен тораңғыл ағаштың түбінде. Көлеңкесі қою, биік жабайы ағаш киелі ақын зиратының басында өсіп тұрғандықтан «Әулие тораңғыл» атанғандай. Басына туыстары жазып қойған мәрмәр көктас болмаса, Бұдабайдың жерленгеніне жүз жыл өткен, қазір теп-тегіс бұл жерді зират деп ойлай қоймайсың. Айнала қалың өскен жиде, жыңғыл, шеңгел, қамыс, тоғай, жал-жал бұйрат құмдар. Дария қашық емес.



Әуелі Құдай жаратқан,
Екінші сөзім - Мұхаммед.
Бейнетті басқа бір өлім,
Мұхаммедке болса үмбет.
Жылады деп сөкпеңіз,
Жиналып келген әлеумет.
Ақырын Алла бермесе,
Орнады бізге бір нәубет.
Қарадан шығып хан болса,
Қиын екен хүкімет.
Хүкіметті құрысын,
Тартқызып кетті-ау тақсырет.
Басымда менің қайғы көп,
Аузым - жалын, ішім - өрт.
Айналайын көкежан,
Қараның болдың ханыңдай.
Қарайғанды ықтаттың
Қамысқа түскен жалындай.
Адыра қалды ақ ордаң
Иесіз қалған ауылдай.
Көсегемді көгерттің
Көктемдегі жауындай.
Жерілмей қалды жеңсігім
Жаңа бір піскен қауындай.
Аға деп арқа сүйейтін
Арқада жатыр Ағыбай.
Әйтілеу болса қартайды
Тұғырдан түскен жабыдай.
Орта жүздің көркі едің
Қоңыраулы бұйра нарындай,
Ай мүйізді қошқардай,
Қол жетпейтін асқардай.
Порымың, көке, бар еді
Баязит пенен Бостандай.
Қазылығың бар еді
Хазіреті Омар, Оспандай.
Үммәтқа белді байладың
Алланың құлы Арыстандай.
Үлгілі қылып сөз айттың
Тәпсірден шыққан дастандай.
Құрама жиып, ел қылдың
Еспенің көзін ашкандай!
Қара суды қайнатын,
Қаймағын алған барма екен?
Қара нарды зарлатып,
Тайлағын алған барма екен?
Әйекем менің сыймайтын -
Дүние сонша тарма екен?!
Әйтекені жоқтау


3
4
6
5
7
9
1
2
8

Мәделі ақынның 1924жылы «Жас қайраттың» бесінші санында жарияланған толғауы?
«Арыстан Ташкент жаққа Шәріп барған» толғауы

Базар жырау қай
аймақтарды аралаған?
Хиуа, Хорезм, Бұхара

Шоқан қай ақыннан «Қозы Көрпеш- Баян сұлу » жырын қай жылы жазып алған?
1860жылы 6 наурызда, Шөже ақыннан

Базар Оңдасынұлы қандай поэтикалық тілдерді қолданды?
Әсірелеу
Теңеу
Эпитет
Метафора

Сара
шығармашылығының арқауы?
Замана қайшылықтары, кедей-кепшік пен әйел жұртының құқықсыздығы

Күні бүгінге дейін Сара шығармашылығын зерттеп, нәтижелі еңбек етіп жүрген зерттеуші?
Қалилаханов Тәңірберген

Я. Лютшьтің «Әйекені жоқтау» толғауын қай жылы, қай қалада бастырған?
1883 жылы, Ташкент қаласында

Бұдабай Қабылұлының өмір сүрген жылдары?
1842-1912жж.

Майлықожа ақынның әдеби мұрасын жанр мен мазмұнына қарай топталуы:
1. Ғибрат нақылдар;
2. Арнау өлеңдер;
3. Дастан-мысалдар;
4. Айтыстар;

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz