Испания




Презентация қосу
Абылай хан атындағы Қазақ халықарлық қатынастар мен әлем
тілдері университеті

Аударма және филология факультеті

Кәсіби қазақ тілі

Тақырыбы: Испания

206 топ
Кадырбаева Айжамал
Испания - туристер
арасындағы аса танымал әрі
өте көп сұранысқа ие
елдердің бірі. Әлем
халықтарының жүрегін оп-
оңай жаулап алып жүрген
елдің ерекшелігі неде?
Ойыңызға бірден көненің
көзі саналатын мәдени
ескерткіштер мен атақты
Барселона қаласы түсті.
Алайда, Испанияда сіз естіп-
білмеген талай қызықтар
бар, елдегі ежелгі дәстүрлер
мен көрікті мекендердің өзі
бір бөлек әңгіме.
Испания - Еуропаның ең таулы
мекені саналады, ал оның
астанасы Мадрид - Еуропаның
1ең биік" қаласы. Тағы бір
айта кетерлігі, Мадрид елдің
қақ ортасынан орын тепкен.
Сондай-ақ Испанияның
Еуропа шекарасында иеліктері
бар екендігін біреу білсе,
екіншісі біле бермейді. Олар:
Канар аралдары мен Африка
құрлығындағы Сеут және
Мелилья қалалары.
Жалпы халық саны - 46 млн. адам. Оның 95%-ы -
католиктер. Испан халқы өте діншіл болып
келгенімен, біржынысты некелер тіркелгендігі таң
қалдырады.
• Испания күнді ғашық еткен мекендердің бірі. Бұлай дейтініміз, мұнда
бір жылдың 280 күні толықтай күншуақты болып тұрады. Бұл жағдай
туристер үшін өте қолайлы болғанымен, испандық фермерлер
құрғақшылықпен күрестен зардап шегіп жатады. Еуропадағы жалғыз
шөл - Табернас Альмерия провинцисындағы Андалусия жерінде
жатыр. Табернас шөлі Испанияның да ең құрғақ жері болып тіркелген.

• Испаниядағы жағажайлардың жалпы саны - 200, ал жағалаулық
сызықтың ұзындығы 4964 шақырым.
Әлемдегі ең көп аумақты алып жатқан Санта Мария де
ла Седе (1402-1519 гг.) шіркеуінің қожайындары да
испандықтар. Оның ұзындығы - 123,2 м, ені - 82,6 м.
Әлемдегі ең кішкентай шіркеу Санта-Исабель-де-Унгрия-
ин-Коломарес Малага қаласынан бой көтерген. Бұл
ғимараттың ішкі ауданы бар болғаны 1,96 шаршы метр.
Кадис - Андалусияның батысында орналасқан өте көне қала.
Ол Испанияның ғана емес, Еуропаның ең ескі, тіпті, ең ежелгі
қаласы ретінде танылған. Тарихшылар қаланың б.з.д. 1110
жылдары бой көтергенін айтып отыр. Және де заманауи
Кадистің орнында финдық қалашықтың болғандығы туралы
деректер де жоқ емес.
Еуропаның ең үлкен гольф-
клубы Санта Клара
Испанияның Коста-дель-
Соль атты қаласында екен.
Негізінен Коста-дель-Соль
"гольф қаласы" (Коста дель
Гольф) деп аталып жатады.
Өйткені, мұнда
Еуропадағы ең көп гольф-
алаңдар
ұйымдастырылған,
шамамен 40-тан астам
гольф-алаңдары жұмыс
істейді.
Испаниядағы ең танымал спорт түрі - футбол. 2010, 2012
жылдары Испанияның футболдан әлем чемпионатын жеңіп
алғандығын өздеріңіз де жақсы білесіздер. Футбол
фанаттары арасында кең танылған «Оле-оле!» ұраны үшін
Испанияға қарыздармыз. Ерте кездерде бұл сөз коррида,
фламенко ойындарында айтылған. Онан кейінгі орындарда
теннис пен гольф ойындары тұр.
Эль Каминито дель Рей - әлемдегі ең қауіпті
жалғыз аяқ жаяу жол. Оның екінші атауы -
Кішкентай патшалық өткел.
• Испандықтардың ең қызықты дәстүрі - таңғы асты үйден ішпеу. Және де
дастархандарында соғыс, коррида, Франнсиско Франко диктатордың билік еткен
кезеңін айтуға тиым салынған. Жалпы, мейрамханалар мен барлардығ
кофеханалардың саны жөнінен Еуропа бойынша бірінші орында тұр. Мұндай
мекемелердің саны - 350 мың.

• Халық дәмді тағамдарды тоя жегенді қатты ұнатады және тағамды өте сапалы
дайындайды. Егер аспазға сый көрсетіп, рақмет айтқыңыз келсе, қосымша тамақ
сұраңыз. Испандық асхананың күллі әлемге танымал өкілдері - гаспаччо суық
сорпасы, палауға ұқсас келетін паэлья тағамы, тортилья омлеті, тапас тіске басары дер
едік. Және этохамон тағамы да үлкен құрметке ие.
Испандықтар өте көңілді әрі жылы шырайлы
халық. Егер сіз адасып қалсаңыз кез келген
испандық қолының бос еместігіне қарамастан
міндетті түрде көмектесе алады.
Назарларыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ
Испания чемпионы
Қазақстан –испан қарым қатынастары
Испания туралы
11-15 ғасырлардағы Италия, 7 - сынып
Испаниядағы аударма нарығын зерттеу
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті
ТУРИЗМ МАМАНДЫҒЫН ТАҢДАҒАН СЕБЕБІМ
Амансио Ортега
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДИПЛОМАТИЯСЫНЫҢ ЕУРОПАЛЫҚ БАҒЫТЫ
Пәндер