БЕКЗАТ САТТАРХАНОВ




Презентация қосу
Өзіңіз білетін Қазақстан спорт
шысы туралы

БЕКЗАТ
САТТАРХАНОВ

Кадырбаева
Айжамал
206-топ
Бекзат Сейілханұлы Саттарханов
(04.04.1980 жыл, - 31.12.2000 жыл)

Халықаралық дәреже
дегі спорт шебері, Қа
зақстанға еңбек сіңірг
ен спорт шебері. 200
0 жылы өткен Сидней
Олимпиадасының жа
ртылай жеңіл салмақ
бойынша чемпионы
(57 кг дейін). І дәреж
елі «Барыс» орденіні
ң бірінші иегері.
Отбасы

1980 жылы 4 сәуірде Түркістан қаласында
дүниеге келген. 2000 жылдың 31 желтоқсаны
күні, жаңа жылға санаулы минуттар
қалғанда, Шымкент қаласы жанындағы
Темірлан бекеті маңында автокөлік апатынан
қаза болды. Бекзат Саттарханов Түркістан
қаласындағы қарапайым отбасында дүниеге
келген. Бекзат әкесі Сейілхан мен
анасы Сырлыкүлдің кенже баласы.
Саттархановтардың Бекзаттан өзге мектеп
қабырғасындағы спорттық бәсекелерде оза
шапқан үш ұлы болды. Бағдат, Болат, Мақсат
есімді балалары да спортты серік еткенімен,
Бекзат секілді ешқайсысы алдына биік мұрат
қойған жоқ. Сәби күнінде өте нәзік, аурушаң,
әлжуаз болған Бекзаттан атағы жер жүзіне
жайылатын даңқты боксшы шығады деп
ешкім ойламаса керек.
Балалық шағы
Алғашында өзін-өзі қорғап үйренсін деген
оймен ата-анасы Бекзатты күрес үйірмесі
не қатыстырады. Алайда күреске ынтасы
болмай, екінші жағынан күреспен айналы
су бойдың өсуін тежейтінін ұғып үйірмеге
бармай, бірден боксқа бет бұрады.
1986-1996 жылдар аралығында Абай аты
ндағы мектеп интернатта, кейін Жұмабек
Еділбаев атындағы №18 орта мектепте оқ
иды. 1995 жылы алғаш рет бокс үйрімесін
е жазылып, балалар бапкері Нұрлан Жұм
абаевтан тәлім ала бастайды. Ата-анасы
мен туыстары Бекзаттың боксқа деген ын
тасын байқағанымен, мұны жай, өтпелі ке
зең деп ойлаған. Бірақ ол бокспен шұғыл
данғанына бір жыл толмастан республика
лық сайыстың жеңімпазы атанып, былғар
ы қолғапты бекер кимегенін дәлелдейді.
Заң саласы мамандығын игерген. Алдымен Мұхтар Әу
езов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік универс
итетінің дене шынықтыру факультетіне түсіп, кейін Түр
кістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халық
аралық қазақ-түрік университетінің заң факультетін тәм
амдаған. Бекзат бокста Серік Қонақбаевты үлгі тұтқан.
Анасы Сырлыкүл Саттарханованың Серік Қонақбаев се
кілді Бекзат та чемпион болсын деген үлкен арманы бо
лған. Бекзат кейін ана арманын орындайды да. Ол Сид
нейдегі жеңісін Түркістан қаласының 1500 жылдығына
тарту ететіндігін айтқан.
Спорт
1995 жылы он бес жасында Түркістан қаласын
да өткен З. Сейітбековты еске алу турнирінде
тұңғыш рет топ жарған.
1996 жылы Қостанай қаласында өткен бокстан
жастар арасындағы Қазақстан Республикасын
ың ішкі біріншілігінде чемпион атанады. Дәл с
ол жылы шымкенттік Анатолий Визириякин атт
ы бапкердің қарамағына өткен.
1997 жылы Қарағанды және Германияның Кел
ьн қалаларында өткен халықаралық турнирле
рде топ жарады. Сонымен қатар Олимпиадаға
даярлау облыстық орталығына қабылданады.
1998 жыл Аргентинада өткен жасөспірімдер а
расындағы әлем чемпионатында күміс жүлдег
ер атанды.
1999 жылы Венгрия және Болгарияда өткен ха
лықаралық турнирлерде оза шауып, Ташкентт
е өткен бүкіл Азия біріншілігінде күміс жүлдеге
қол жеткізеді. Дәл осы күміс жүлдесімен бірге
Сидней Олимпиадасының жолдамасына да ие
болады.
Бекзаттың қысқа ғұмырында 2000
жыл тек Сидней Олимпиадасындағ
ы жеңісімен ерекшеленбейді. Ол м
ұхиттың арғы бетіндегі төртжылдық
додасына аттанғанға дейін Қырғыз
станда өткен Орта Азия ойындары
нда, Испанияда жалауы желбірген
халықаралық жарыстарда жеңіс тұғ
ырына көтеріледі.
Астана қаласындағы «Қазақстан-Ку
ба» кездесуінде қарсыласын айқын
басымдықпен жеңіп, Чехияда өткен
«Гран Приде» жеңімпазға берілер
Кубокті төбесіне көтереді. Мәскеуд
егі ТМД елдерінің біріншілігінде 4 ж
үлдемен қатар, сайыстың үздік бок
сшысы деген атақты еншілейді.
Сидней олимпиадасы

57 келіде ел намысын Атланта Олимпиада
сында қорғаған Бақтияр Тілегенов көп сал
мақ қуатындықтан, бапкерлер оған сенбей
ді. Оның үстіне 1999 жылы Хьюстон қалас
ында өткен бокстан әлем чемпионатында
Бақтияр жеңіліс тауып, бапкер үмітін ақта
майды. Қазақстандық жанкүйерлер мен бо
кс мамандары Бекзаттың жастығын алға т
артып, оны Олимпиадаға жібергісі келмей
ді. Бірақ ұлттық құраманың бас бапкері Тұ
рсынғали Еділов Бекзаттың көзінде от бар
ын байқап, ел намысын қорғауды Түркіста
ндық жас ұланға сеніп тапсырады.
Бекзаттың финалдағы қар
сыласы әлем чемпионы, а
мерикалық Рикарду Хуаре
с еді. Ол Сидней финалын
а жету жолында Атланта
Олимпиадасының чемпио
ны С. Камсингті тізерлетке
н мықты боксшы болатын.
Атағы алысқа кеткен қарс
ыласын Бекзат Саттархан
ов 22-14 есебімен жеңіп, С
идней Олимпиадасының ч
емпионы атанады.
Мемлекеттік марапаттамалар

Сидней Олимпиадасындағы жеңісі үшін президент Нұрсұлтан Назарбаев Бекз
ат Саттархановқа І дәрежелі «Барыс» орденін табыс етті. Тарихта Бекзат «Ба
рыс» орденінің тұңғыш иегері ретінде де қалды.
Бекзатты еске алу шаралары

Бүгінде Түркістан қаласында Бекзат Саттарханов атындағы ықшамаудан мен спорт к
ешені бар.
Алматы қаласында көшеге Бекзат Саттарханов аты берілді. 2002 жылдан бастап бок
стан Бекзат Саттархановты еске алуға арналған дәстүрлі халықаралық турнир өтеді.
2005 жылы спорт журналисі Қыдырбек Рысбекұлы «Бекзат» атты кітап жазды. 2006 ж
ылы «Қазығұрт» баспасынан спорт журналисі Несіп Жүнісбайұлы мен баспагер Темір
ғали Көпбаев құрастырған «Бекзат» фотоальбомы жарық көрді. Фотоальбом «Дара Б
екзат», «Бала Бекзат», «Мәңгілік Бекзат» деген үш бөлімнен тұрады.
2009 жылы режиссер Сатыбалды Текеев «Бекзат» атты деректі фильм түсіріп, тұсау
ын кесті. Бұл фильм кейін «Құлагер» жүлдесін жеңіп алды. Фильм тек «Еларна» арна
сынан көрсетілген.
Әнші композитор Гүлнұр Өмірбаева «Бекзат» әнін дүниеге әкелді. Бұл ән 2002 жылы
өткен «Азия дауысы» фестивалінің «Қазақ әндері» бәйгесінде «Алтын домбыра» жүл
десін жеңіп алды.
2011 жылдың мамыр айында Бекзат Саттархановтың қабірі басындағы жүлделердің к
өшірмесі ұрланып кетті. Бекзат жүлделерінің көшірмесі бағалы металдан жасалғанын
біліп, қолды қылған күдіктілер әлі ұсталған жоқ.

Ұқсас жұмыстар
Қазақ боксшылары
Саралау оқыту әдісі
"Дарабоз" спорттық интелектуальдық сайыс
Бокс ережелері
Қазақ әдебиетіне үлес қосушылар
Қазақ елінің тұңғыш президенті
Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы
ДӘРІГЕР МЕН КЛИНИКАНЫҢ ИМИДЖІ
Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары
Әлеуметтену институттары
Пәндер