Сырдария өзенінің бойындағы су қоймалары мен су тоспалары
Презентация қосу
* АБЫЛАЙ ХАНАТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕР УНИВЕРСИТЕТІ
АУДАРМА ІСІ ЖӘНЕ ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
Орындаған:Карымсакова Г.,Болатова М.,206-топ
Алматы-2015.
*
Жұмыс мазмұны
І.
Кіріспе ...........................................................................
........3
ІІ. Негізгі
бөлім ..............................................................................
.....4
2.1. Сырдария өзенінің бойындағы су қоймалары
мен су тоспаларының
салыну мақсаты және олардың аймақтың
экологиялық жағдайына
тигізетін
әсері ...............................................................................
...4
2.2.Өзен бойындағы су тоспалары мен аралық
арналарда кездесетін
проблемалар және оларды шешудің
жолдары ........................................................................
.........8
ІІІ.
Қорытынды ..................................................................
...............12
*Сыр өңірі-Сырдария...
*
* Жер – ана жаралғанан бері ондағы барша тіршілік
иелерінің өмір сүруі мен, табиғаттың тепе – теңдігін
сақтауда планетамыздың ¾ бөлігін алып жатқан су
ресурстары (мұхит, теңіз, өзендер мен көлдер, жер
асты сулары ) басты маңызға ие болған. Бұл мәлімет
адам тіршілігіндегі судың орны зор екендігін
көрсетеді. Жалпы адамзат қабылдаған теория
бойынша «алғашқы тіршіліктің өзі жерде емес, суда
пайда болған». Мысал ретінде қарапайым зат алмасу,
қоректену үрдістерін айтуға болады. Адам денесі 65 %
судан тұрады екен. Өсімдіктердің, жан –
жануарлардың өсуінде, олардың қоректенуі үшін
жүретін биохимиялық реакциялардың барлығына
дерлік су әсер етеді.
Су ғаламшаларының көптеген жерлерінде:
мұхиттарда, өзендер мен көлдерде, мұздықтарда, жер
астында бар. Мысалы: Жер тереңдігінің 1 шқ – ында 4
миллион текше шақырым су сақталады екен.
Атмосферадағы сулар әр шаршы шақырымда 20
тоннадай су бу күйіндегі қалқып тұрады. Біздің
планетамыздағы ғарыштан қарағанда су деп
бағалауға болады. Ғалымдар біздің планетада үш жүз
елу миллион текше шақырым су сақталады деп
есептейді.
* *
Судың қалыпты жағдайдан
сәл ауытқуының өзі, атап
айтқанда судың көбеюінен
туындайтын су тасқыны, сел
немесе судың азаюынан
болатын құрғақшылық,
қуаңшылық т.б сияқты
табиғи апаттар сол аймақтың
тіршілік иелеріне елеуші
қиындықтар әкеліп, кейде
тіпті өмірлеріне айтарлықтай
қауіп төндіріп отырған.
* Сырдария алабы – Сырдария алабын қамтитын
жер асты сулары. Қызылорда, Шымкент
облыстарының жерін түгел, Өзбекстанның біраз
жерін қамтиды. Ауданы 200 мың шқ 2 . Сулы
қабаттарының маңыздылары жоғарғы бордың
құмдары мен тастарында. Бұлардың қалыңдығы
алап шетінде 200 – 250 м. Ортасында 650 – 700 м.
су ағыны шығыстан батысқа беттеген. 1000 – 1200
м. Тереңдікке дейін бұрғыланған скважиналардан
арыны күшті су жер бетінен 10 – 30 м – ге шапшып
көтеріледі. Тәуліктің өнімі 2500 – 4000 м 3 ,
минералдылығы 1 л / г – дей, тек Арал теңізі
маңында 1,5 – 3,0 г / л. Су қоры 300 м 3 / сек.
Алаптың ортаңғы бөлігінде жоғары
температуралары (80 0) және минералды сулар
бар. Бұлар – Сарыағаш санаторийінде Манкент,
Түркістан қалалары маңындағы шипалы су.
* Сырдария өзенінің алабы егістік алқаптарын
жасанды суғарумен айналысатын, ылғалға тапшы
аумақта орналасқан. Өзен алабындағы негізгі
суды тұтынушы – жыл сайын суға деген сұранысы
көбейіп келе жатқан суармлы егін шаруашылығы.
Сонымен қатар, суға деген сұраныс өнеркәсіп,
қызмет көрсету және балық шаруашылықтары
жағынан да туындап отыр. Осыған байланысты
төмендегі кестеде көрсетілген Арал – Сырдария
алабының су шаруашылығы басқармасының
(СШБ) 2004 жылғы зерттеулері бойынша алынған
көрсеткіштерін мысалға алуға болады.
Сырдария өзенінің су деңгейіне гидрометриялық
бақылау жасау Қазақстанда 1910 – 1913 жылдары
төрт гидропосттан басталды: Төманарық,
Қызылорда, Қараөзек, Қазалы. Қазіргі уақытта 8
тірек гидропосттар жұмыс істейді: Чиназ –
Көкбұлақ, Шардара су қоймасы, Көктөбе,
Төменарық, Тасбөгет, Қараөзек, Қазалы және
Қаратерең.
Арал теңізінің жасы 8 – 10 мың жыл шамасы. Теңіз суының
көлемі жағынан ТМД – да 2 – орын, дүниежүзінде 4 – орын
алатын көл. 1998 жылы теңіз деңгейі 18 шқ төмендеді.
Өйткені теңізге құятын басты өзендер – сырдария 1974
дылдан, Әмудария 1982 жылдан мүлдем сарқылды. 38 жыл
ішінде теңіз деңгейі 18 метрге төмендеді. Арал теңізі
жағалауынан 150 – 170 шқ шегінді. Кепкен теңіз түбі
сортаңға айналуда. Ашылған теңіз жағлауын тұз бен құм
жауып жатыр. Көл суының тұздылығы 3 есе артып, 27
промилге жетті.
Қазір сол Арал жоғалуға, тіпті құруға таяу. Өйткені, бұрынғы
теңіздің 66 мың шаршы шақырымын алып жатқан су
айдынынан қазірге дейін небәрі шамамен 25 мың шаршы
шақырымға жуық қана су айдыны қалғаны бұған дәлел бола
алады. Мысалы, 1925 – 1951 жылдары Сырдарияның
жылдық орташа ағысы Қазалы қаласы тұсында 14,54 текше
шақырым болса, 1950 – 1960 жылдары Сыр атырауының
басы саналатын Төменарық стансасының тұсына келетін
Сырдарияның жылдық орташа ағысы 25,1 текше шақырым,
ал Қазалы тұсында 17,2 текше шақырым болған. Жетпісінші
жылдары сол су бірінші жағдайда 3,8 – ге, екіншіде 0,6 текше
шақырымға дейін, тиісінше 6 және 30 есе аазайды.
Енді облыс көлеміндегі өзен суының көп жылдық ағысының
орта мөлшерінен де аздаған мәліметтерді келтіре кеткен
артық болмас. Мысалы, сырдың Көктөбе бекеті тұсында
1980 – 1990 жылдары Сырдарияның суы мол ағатын мамыр
айындағы орташа ағысы 645,0 м 3 секунд, маусымда 11646,м
3 секунд, яғни, Көктөбеден Қазалыға дейін Сырдарияның
суы 5 еседен артық азайғаны байқалады. Ал дарияның
Қазалы тұсынан Арал теңізіне құяр сағасының ара
қашықтығы 150 шақырымға жуық.
Шардара су қоймасына сыймағандықтан оны еріксіз төменгі арнаға жіберетін.
Қыста қалың мұз құрсап жатқан дарияға сыймаған су арнадан асып, жағадағы
елді мекендерді жыл сайын әбігерге түсіретін. Шардарадан жіберілген судың
артығын Көксарайға жинақтап, оны жаз айларында болатын су тапшылығы
кезінде төменгі арнаға бағыттайтын кешенді шара бүгінде өзін - өзі толық ақтап
отыр.
Дария ұлтанының топырағы қалыңдауының тағы бір себебі бұрын өзеннің екі
жағалауын ала қаптай өсетін қалың қамыс пен ну тоғайдың сиреп, кей тұстардың
мүлде жалаңаштанып қалуы. Сырдария өзенінің арнасы негізінен сусымалы,
құмды жерлермен өтіп, аймақтың табиғаты көбіне желді болып келетіндіктен
арнаның топырақпен көмілу қаупі де анағұрлым жоғары. Дарияны ықылым
заманнан бері сусымалы құм, суырған топырақтан қорғап келген, ені бірнеше
шақырымды алып жататын қамыс, тоғайы болатын.
Соңғы жылдары судың азайып, топырақтың тұздануы, қамыстың қыста құрылыс
материалы, тоғайдағы талдардың отын ретінде аяусыз шабылуы, жазда қамыс –
құрақтың мал азығы ретінде дәні толыспай жатып орылуы сияқты адам қолымен
жасалған қиянатты істердің кесірінен, Су – Ананың табиғи қорғанышы болып
келген сол қамыс, тоғайлар да жойылып кетуге аз – ақ тұр.
Бұрын үй мен қора – қопсының қабырғасын көтеру үшін қамыстың сапалы,
ірілерін таңдап шабатында, айналасындағы майда қамыстар бір – екі жылда өсіп
жетілетін. Кейінгі кезде қамыстан құрылысқа қажет сығылған тақтайшалар
шығаратын (ДВП, ДСП т.б) шағын зауыттар іске қосылғалы, қамыстың ірі –
майдасына қарамай жаппай шабу белең алды. Бұлай жалғаса берсе енді біраз
жылда бұрын арасында жолбарыс жортқан ну қамысты тек қызыл кітаптан ғана
көріп қалуымыз ғажап емес.
Дарияның қос жағасында қуалай өскен қамыс, тоғайдың тағы бір пайдасы бір –
бірімен шырмала өскен тамырларының тұтаса келе шымға айналып, жағалаудың
беріктігін де қамтамасыз ететіні . Ал, дария жиегімен жымдаса біткен салынды
қамыстар арнаның топырағын толқын шайып, құлатпауына көп септігін тигізеді.
Сонымен қатар, маңайда тіршілік ететін аң – құстың қауіпсіз мекені болатын
қамыс, тоғайдың, аймақтың табиғи тепе – теңдігін сақтауда да тигізер пайдасы
зор.
Қорыта айтқанда Сырдарияның төменгі ағысында орналасқан су
тоспаларының суды ысырапсыз пайдалану мен аймақтың экологиялық
ахуалына тигізер пайдасы мол екендігін түсінуіміз қажет. Олардың
жұмыс істеу жүйесіне ішінара өзгерістер енгізу арқылы біз басты
байлығымыз суды ғана емес, аймақтағы аң – құс, өсімдіктер әлемін де
сақтап ұрпаққа аманат ете аламыз.
*Назар
аударғанығызғ
а рахмет!!!
*
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Ә. С. Бейсенова. Ш. Б. Шілдебаев «Экология оқу
құралы»
2. «География және табиғат» №1. 2004 ж.
3. С. Байконов «Табиғатым тағдырым». 1991 ж .
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz