Геннадий Геннадьевич Головкин


Slide 1

Геннадий Геннадьевич Головкин

Абылайхан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдер Университеті

Орындаған: 206-топ студенті-Кадырбаева Айжамал

Slide 2

Жоспар

Кіріспе:Қысқаша өмірбаяны

Негізгі бөлім

Отбасы

Әуесқой мансабы

Олимпиада ойындары

Жетістіктері

Қорытынды

Дереккөздер

Slide 3

Головкин Геннадий Геннадьевич (8 сәуір 1982 жыл Қарағанды, Қазақстан) - қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақта өнер көрсетеді. Орта салмақтағы әлем чемпионы (IBO тұжырымы, 2010 - қ. у; WBA тұжырымы, 2011 - қ. у; уақытша WBC, 2014 - қ. у) . The Ring журналына сәйкес P4P салмақ дәрежесіне қарамастан үздік боксшылардың ондығына кіреді. 2013 жылдың соңында WBA тұжырымы бойынша орта салмақ дәрежесіндегі қазақстандық суперчемпион Геннадий Головкин беделді американдық USA Today басылымының нұсқасы бойынша «Жыл боксшысы» атанған болатын.

Slide 4

Отбасы

Әкесі - орыс, мамандығы - шахтер, анасының ұлты - кәріс, химиялық зертханада көмекші қызметін атқарған. Головкиннің 3 ағасының екеуі әскерде қызмет атқарып белгісіз жағдайларда қаза тапты (Вадим - 1990 жылы, Сергей - 1994 жылы) . Үшінші ағасы - Максим де бокспен айналысқан, қазіргі уақытта бокстан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген бапкері болып саналады. Ағайындар бірдей салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен, бірақ бір-бірімен ешқашан да бетпе-бет шайқасқан емес. Бір-бірімен шайқас түскенде екеуінің біреуін жарыстан алып тастайтын болған. 2004 жылғы Олимпиадаға іріктеу кезінде Максимге осылай істеуге тура келді. Қазіргі уақытта Геннадийдің ағасы онымен бір командада жұмыс істейді және чемпионға ұрыстарға дайындық кезінде көмектеседі. Геннадий Головкин үйленген. Жұбайы Алина және ұлы Вадим чемпионның берік отбасын құрайды.

Slide 5

Әуесқой мансабы

Головкиннің әуесқой мансабы ұзаққа созылды әрі қанық, оқиғаға толы болды. Өзінің алғашқы ресми ұрысын Головкин 11 жасында облыстық деңгейдегі жарыста өткізді. Онда ол өзінен 2 - 4 жас үлкен қарсыластармен ұрысты, бірақ, ақырында сол жарыста жеңіске жетті.

2000 жылы Геннадий Головкин Будапештте жартылай орта салмақ дәрежесіндегі жастар арасында өткен Чемпионатта жеңіске жетті.

2001 жылы Шығыс Азиялық ойындардың финалында Дэниэль Гилды жеңді (15 - 3) .

2002 жылы Астанада өткен командалық Әлем кубогында Қазақстан құрамасының құрамында күміс медальді жеңіп алды. Головкин жарыстағы барлық 4 ұрыста жеңіске қол жеткізді. Топтық кезеңде Қазақстан - Әзірбайжан матчында Джавид Тагиевті жеңді (19 - 8), ал Қазақстан - Камерун матчында Фостер Нкодоны мерзімінен бұрын жеңді (RSCO 3) . Жартылай финалдық Қазақстан - Ресей матчы кезінде Андрей Балановты жеңіп шықты (10 - 7) . Ал жалпылай санағанда 7 - 5 есебімен кубалықтар жеңімпаз атанған Қазақстан - Куба финалдық матчында Дамиан Остинды жеңген болатын (6 - 4) .

2002 жылы Пусанда (Оңтүстік Корея) алтын медальді жеңіп алды. Финалда Пхленчит Сурияны нокаутпен жеңді.

2003 жылы Бангкоктегі Әлем чемпионатында алдымен ресейлік Матвей Коробовты, кейін әйгілі ирландиялық Энди Лиді ірі есеппен жеңіп, содан соң болашақ әлем чемпионы - Лучиан Бутені нокаутпен жеңіп, жартылай финалда кубалық Йорданис Деспагноны жеңіп, финалда украиналық боксшы - Алексей Машкинді нокаутпен құлатып, алтын медальға ие болды.

Slide 6

Олимпиада ойындары

2004 жылғы Олимпиада ойындарында 75 кг дейінгі салмақ дәрежесінде 2 орынға ие болды. Іріктеу шайқасында Головкиннен жеңілген Артаев 72 кг дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медальді жеңіп алды.

Финалдың 1/16 бөлігі - автоматты түрде өтті;

Финалдың 1/8 бөлігі - Ахмед Али Ханды жеңді (Пәкістан) 31 - 10;

Финалдың 1/4 бөлігі - Рамадан Яссирді жеңді (Мысыр) 31 - 20;

Финалдың 1/2 бөлігі - Андре Дирелланы жеңді (АҚШ) 23 - 18;

Финал - Гайдарбек Гайдарбековтен жеңілді (Ресей) 18 - 28

Slide 7

Оның ешқандай жеңілісі болмаған. Ол атақты кәсіпқой боксшыларды 34 дүркін жеңген боксшы.

Slide 8

Жетістіктері

2003 жылы әлем чемпионы және 2004 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.

7 дүркін Қазақстан Республикасының чемпионы, халықаралық турнирлердің жеңімпазы: жастар арасындағы әлем чемпионы (Мажарстан, Будапешт, 2000 ж. ) ;

ҚР I спартакиадасының чемпионы (2001 ж. ) ;

Шығыс Азия ойындарының чемпионы (Жапония, Осака, 2001 ж. ) ;

Азия ойындарының чемпионы - (Оңтүстік Корея, Пусан, 2002 ж. ) ;

Жеке сынақ бойынша Әлем кубогының чемпионы (2002 ж. ) ;

«А» класты турнирлердің бірнеше мәрте жеңімпазы.

WBA нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы (атағын 8 рет қорғады)

IBO нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы (атағын 5 рет қорғады) .

89% нокауттық үлесімен Головкин кәсіпқой бокс тарихында орташа салмақ бойынша ноукат үлесімен бірінші орында тұр.

2006 жылы кәсіпқой боксқа ауысты.

Slide 9

Дереккөздер

Геннадий Головкин WBA титулының иегері атанды

Gennady Golovkin's Professional Boxing Record - BoxRec. com


Ұқсас жұмыстар
Бокс ережелері
ШЫҢҒЫС АЙТМАТОВТЫҢ 90 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ (1928 – 2008)
Тоқырау жылдарындағы Қазақстан
Экономиканы реформаттаудың кезекті қадамдары
Жеңімпаз Олимпиада жеңімпазы
БИЛІК ЕТКЕН ЖЫЛДАР ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР
Адам ресурстарына Қазақстан экономистерінің көзқарасы
Карденолидтер. Буфадиенолидтер
Жануарлардан және минералдардан дайындалатын дәрілік заттар
Шырыштар мен шырышты өсімдіктер және шикізат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz