Әсел Далиева - Тоғызқұмалақтан әлем чемпионы
Презентация қосу
Әсел Далиева
Тоғызқұмалақтан әлем
чемпионы
Ұлт мәдениетінің қалыптасып, жетілу
барысындағы зияткерлік ойындардың орны айрықша.
Олар - ғасырлар бойы үздіктерді анықтайтын
спорттық бәсеке, жарыс түрі ғана емес, өскелең ұрпақ
тәрбиесінде, ұлттардың интеллектуалдық әлеуетін
көтеруде маңызды феномен. Тарихы сан мың жылдық
тоғызқұмалақ ойыны – қазақ ұлтының әлемдік
өркениетке қосқан жарқын үлесінің бірі. Қазақтың
ұлттық зияткерлік спортының қазіргі жарық
жұлдызы – тоғызқұмалақтан әлемнің 7 дүркін
чемпионы 27 жасар Әсел Далиева.
Әсел– тоғызқұмалақтан Қазақстан еңбек сіңірген
спорт шебері атанған жалғыз әрі ұлттық спорт түрлері
арасында осы атақты иеленген тұңғыш спортшы.
Тоғызқұмалақты тоғыз жасында ойнай бастаған Әсел
Далиева он екі жасында - еліміздің ең жас спорт шебері,
ал он алты жасында - халықаралық дәрежедегі спорт
шебері нормативін орындаған ең жас спортшы
атанады. Жиырма жасына дейін жастар арасында
республикалық тоғызқұмалақ жарыстарының 6 дүркін
жеңімпазы болды. Ал ересектер арасындағы
республикалық додаларда 11 мәрте чемпион атанып,
көптеген халықарлық жарыстарда жеңіс тұғырына
көтеріледі. 2013 жылы Әселге Азияда ойындарының
алауын жағу мәртебесі берілді.
Шебер спортшы өзі жетістіктерге жетіп
қоймай, ұлттық ойынымыздан әлемдік
сайыстарға түсетін шәкірттер дайындап
үлгерді. Биыл Астанада өтіп жатқан 4-ші
Әлем Чемпионатына оқушысы Лина
Каримова ( ересектер арасындағы ҚР-ның
2-дүркін Чемпионы) қатысып, әлем
чемпионы атанды. Ол - 2015 жылдан бері
тоғызқұмалақтан жаттықтырушы.
Сонымен бірге Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ
Федерациясы спортшыларының жетекшісі
қызметін атқаруда.
Әсел Далиева - үнемі ізденіс үстіндегі, кәсіби
білігімен қоса білімін үздіксіз ұштап отыратын
талапты әрі еңбекқор жас. Қорқыт Ата атындағы
Қызылорда Мемлекеттік универстетінің «Дене
шынықтыру және спорт мамандығының» бакалавры
және Көлік және коммуникациялар академиясының
магистрі атағын алған. Ол қазақ тілінен өзге орыс,
ағылшын, түрік тілдерін еркін меңгерген. Бос
уақытында кітап оқып, теннис ойнап, суда жүзеді.
Қазақтың шебер ойыншысының жетістіктері
бағаланып, оған Қазақстан Тәуелсіздігінің 20
жылдығы медалі және Қызылорда облысының спорт
басқармасының 60 жылдық медалі, ТМД
Парламентаралық Кеңесінің «Денешынықтыру, спорт
және туризмді дамытудағы ерен еңбегі үшін» белгісі
берілген. Сонымен қатар Қызықстанның 100 жаңа
есімі қатарынан орын алды.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz