Жаңажол газ-конденсат кен орнының геологиясы, стратиграфиялық құрылымы және игеру тарихы


Slide 1

Жаңажол кен орны

Slide 2

Кен орны туралы жалпы мағұлмат

Каспи маңы ойысының шығыс ернеуі маңындағы ірі газ-конденсат кенорындарының бірі. Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы ауқымында, Ақтөбе қаласынан оңтүстікке қарай 240 км қашықтықта орналасқан. Кен сыйыстырушы көтерілім 1960 жылы сейсмикалық барлау жұмыстары нәтижесінде анықталды. Іздеу бұрғылауы 1961 жылы басталды. Алғашқы өнеркәсіптік ағым 1978 жылы ортаңғы карбонның карбонатты таужыныстарынан алынды.

Slide 3

Кен орынның игерілуі мен геологиялық зерттелу тарихы

Ауданның геологиялық құрылымы туралы алғашқы мәліметтер Е. К. Ковалевский жәнеА. П. Гаригросс еңбекьерінде көрсетіледі. Олар 1840 жылы Темір, Атжақсы, Ембі өзендерінің ауданын зерттеу маршруты одан әрі жалғасты. Территорияны барынша бөлшектеніп және жобалау бойынша зерттеу 1944-і жылдан басталды. Сонымен қатар 1944-1946 жылдар аралығында Каспий-Арал партияларын М-40 парағында масштабқа түсіруді Г. И. Водорезов басқарған геологиялық топ жүргізді. Жұмыс қортындысына геологиялық карта және территорияның тектоникасы мен стратиграфиялық сұрағына жауап ретінде параққа түсіндірмелі жазба берді. Бұл жұмыстар әлі күнге дейін өз құндылығын жойған жоқ.

1960 жылы Жаңажол ауданында Ақтөбенің геофизикалық экспедициясы толқынның шағылу әдісімен сейсмикалық зерттеулер жүргізді. Осы жұмыстардың нәтижесімен П1 горизонты бойынша Жаңажолкөтерілімі анықталды. 1961 жылы Ақтөбенің геофизикалық экспедициясы тереңірек бұрғылауды ескере отырып, құрылымды дайындау мақсатында толқынның шағылу әдісімен детальды сейсмикалық зерттеулер жүргізді. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесімен К (кунгур ярусының жабыны) және П1 (тұзасты жабынның түзілімі) карталары жасалды.

1961 жылы Жаңажолдың тұзасты құрылымында жобаланған 3200 метр тереңдіктегі №1 терең барлау ұңғысы бұрғылана басталды. 1976 жылдан бастап іздестіру жұмыстарын Ақтөбемұнайбарлау экспедициясы, ал 1978 жылдан бастап Қазақмұнайгазгеология бірлестігінің Кенқияқмұнайбарлау экспедициясы жүргізді. Алғашқы өндірістік мұнай ағыны 1978 жылы наурыз айында № 4 ұңғыда байқалды.

Slide 4

Литологиялық-стратиграфиялық сипаттама

Жаңажол кен орнындағы барлау жұмыстары арқылы төменгі таскөмір және жоғарғы бор жасындағы жыныс жиынтығы анықталған. Стратиграфиялық бөллшектеуде мұнай-газ қоры анықталғаннан кейінгі уақыттың ішінде игерудің технологиялық схемасы жасалғаннан кейін қарастырылып отырған кен орында 149 өндіру ұңғылары бұрғыланады. Сол ұңғылар бойынша талданған материалдар кеніштің геологиялық құрылымын, таралу шекарасын анықтауға мүмкіндік берді және өнімділік қабаттар параметрлерінің есептеулері келтірілді. Бірақ бұдан кейін флюидтердің анықталған қорына байланысты ешқандай өзгерулер болмады. Қарастырылып отырған кен орынның анықталған қимасы жыныстардың төрттік, төменгі бор, юра, триас, перм, және тас көмір т. с. с жастарымен сипатталады. Қазақстандағы Каспий маңы ойпатының аймағындағы табылған тұзасты шөгінділердегі соңғы түзілімдерде мұнай-газ кеніштерінің үлкен бөлігінің бар екені анықталады. Ол кеніштер касимовтік, жоғарғы москвалық, ярустарында және КТ-қабатынының төменгі москвалық (каширлік, верейлік), башкирлік, серпуховтық(протвиндік, стешевтік және тарустық горизонттары) және визе (вешевтік горизонт) ярустары интервалдарында жатыр.

Төменде кен орынды құрастыратын бөлімдердің және жүйелердің анықтамалары келтірілген

Pz-тобы

C- таскөмір жүйесі

C1 - төменгә бөлім

Slide 5

Жаңажол кен орны көлемінде анықталған барынша ерте шөгінді жыныс болып орта визе жасындағы терригенді шөгінділер табылады. Осы жыныстар №1- С ұңғының 4190-4200 метр аралығында кездесті. Терригенді шөгінділер қимасының жоғарғы бөлігі карбонатты қабатпен ауысады. Олардың жасы жоғарғы визе және серпуховтық жастарымен белгіленіп, құрамы қара-сұр аргиллит аралас әктастар мен доломиттерден тұрады. Төменгі карбон жыныс қабатының максималды анықталғаны 308 метр.

Slide 6

Тектоникасы

Тектоникалық қатынаста Жаңажол кен орны Каспий маңы ойпатының оңтүстігінде орналасқан. Яғни, орал алды геосинклинальды аймағынан Ащысай және солтүстік көпекті сызықтарынан көрінеді.

Геологиялық дамуының бір сипаттық қасиетті ауданның интенсивті түсуі және қалың шөгінділердің қабатшаларда 7 шақырымнан 10 шақырымға дейінгі аралықтарында болуына байланысты. Бұл қабаттың негізгі бөлігін кунгур ярусының гологенді табан шөгінділері және кембрий іргетасына дейінгі жыныстардың жоғарғы бетінде жатқан тұз асты жиынтығынан құрайды.

Тұз асты шөгінділерінің жоғарғы беті Ащысай бұзындыларына жақын маңда 2 немесе 2, 5 шақырымнан Беттеу күмбезінің меридианына қарай 5, 5 немесе 6 шақырымға дейінгі, яғни батыс бағытына қарай моноклинальды қалыңдай береді.

Аталмыш моноклинал көлемінде екі жақтан алынған тізбек қатарлары бөлінген. Соңғысы төменгі горизонттарда мықты байқалып, соған сәйкес ойпаттың ортаңғы бөлігіне қарай қалыңдай бастайды. Шығыстан Батысқа қарай Жаңажол, Кеңқияқ, Қожасай, Шұбарыш қатарларының жүйесі бөлінеді және олардың көлемінде 3 немесе 3, 5 шақырымдық тереңдіктерде (П1) тұз асты горизонтының қисығы түзелген. Жаңажол қатарының бір ерекшелігі қуатты карбонат массивтерінің дамуы болып табылады. Олар үлкен брохиантиклиналь тәріздес дөңбектерден құралған.

Сейсмикалық мәліметтерден бұрғылау жұмыстарының нәтижелерімен салыстырғанда әр түрлі локальды дөңестерінің морфологиясындағы өлшемдері, шөгінділердің тереңдік қатынастарында әр түрлі өзгешеліктер байқалады.


Ұқсас жұмыстар
Жаңажол мұнай-газ-конденсат кен орны: геологиясы, тектоникасы, қорлары және игеру тәжірибесі
Дипломдық жоба: Жаңажол мұнай-газ-конденсат кен орнын игерудің құрылымдық картасы және технологиялық схемасы (масштаб 1:25 000)
Газ және газконденсатты кен орындарын игеру мен ұңғыларды зерттеудің әдістері мен ерекшеліктері
Құмкөл кен орнын игеру: мұнай-газ өндіру технологиясы, ұңғыны игеру әдістері және жинақтау-дайындау жүйелері
Мұнай-газ кәсіпшілік геологиясының негіздері және кен орындарының құрылымы
Айранкөл мұнай кен орнының геологиялық құрылымы, мұнай қоры және ұңғы қорларының жағдайы
Қаражанбас, Қаламқас, Қаратұрын және Солтүстік Бозашы мұнай-газ кен орындарының геологиясы, қорлары және өндіру көрсеткіштері
Өзен кен орнының орналасуы, экологиялық әсерлері және қоршаған ортаны қорғау шаралары
Мұнай-газ кен орындарын игеру мен бұрғылау объектілерінің қоршаған ортаға әсері және экологиялық басқару шаралары
Жаңажол кен орнындағы фонтанды ұңғылардың жұмысының талдауы және өндірістік-экономикалық бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz