ЖАҢАЖОЛ КЕН ОРНЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МАҒҰЛМАТ




Презентация қосу
ЖАҢАЖОЛ КЕН ОРНЫ
КЕН ОРНЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МАҒҰЛМАТ

• Каспи маңы ойысының шығыс ернеуі маңындағы ірі газ-
конденсат кенорындарының бірі. Ақтөбе облысы Мұғалжар
ауданы ауқымында, Ақтөбе қаласынан оңтүстікке қарай 240 км
қашықтықта орналасқан. Кен сыйыстырушы көтерілім 1960
жылы сейсмикалық барлау жұмыстары нәтижесінде
анықталды. Іздеу бұрғылауы 1961 жылы басталды. Алғашқы
өнеркәсіптік ағым 1978 жылы ортаңғы карбонның карбонатты
таужыныстарынан алынды.
КЕН ОРЫННЫҢ ИГЕРІЛУІ МЕН ГЕОЛОГИЯЛЫҚ
ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ
• Ауданның геологиялық құрылымы туралы алғашқы мәліметтер Е.К. Ковалевский жәнеА.П.Гаригросс
еңбекьерінде көрсетіледі. Олар 1840 жылы Темір, Атжақсы, Ембі өзендерінің ауданын зерттеу
маршруты одан әрі жалғасты. Территорияны барынша бөлшектеніп және жобалау бойынша зерттеу
1944-і жылдан басталды. Сонымен қатар 1944-1946 жылдар аралығында Каспий-Арал партияларын М-
40 парағында масштабқа түсіруді Г.И. Водорезов басқарған геологиялық топ жүргізді. Жұмыс
қортындысына геологиялық карта және территорияның тектоникасы мен стратиграфиялық сұрағына
жауап ретінде параққа түсіндірмелі жазба берді. Бұл жұмыстар әлі күнге дейін өз құндылығын
жойған жоқ.
• 1960 жылы Жаңажол ауданында Ақтөбенің геофизикалық экспедициясы толқынның шағылу әдісімен
сейсмикалық зерттеулер жүргізді. Осы жұмыстардың нәтижесімен П1 горизонты бойынша
Жаңажолкөтерілімі анықталды. 1961 жылы Ақтөбенің геофизикалық экспедициясы тереңірек
бұрғылауды ескере отырып, құрылымды дайындау мақсатында толқынның шағылу әдісімен детальды
сейсмикалық зерттеулер жүргізді. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесімен К (кунгур ярусының
жабыны) және П1 (тұзасты жабынның түзілімі) горизонттарыныңқұрылымдық карталары жасалды.
• 1961 жылы Жаңажолдың тұзасты құрылымында жобаланған 3200 метр тереңдіктегі №1 терең барлау
ұңғысы бұрғылана басталды. 1976 жылдан бастап іздестіру жұмыстарын Ақтөбемұнайбарлау
экспедициясы , ал 1978 жылдан бастап Қазақмұнайгазгеология бірлестігінің Кенқияқмұнайбарлау
экспедициясы жүргізді. Алғашқы өндірістік мұнай ағыны 1978 жылы наурыз айында № 4 ұңғыда
байқалды.
ЛИТОЛОГИЯЛЫҚ-СТРАТИГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА

• Жаңажол кен орнындағы барлау жұмыстары арқылы төменгі таскөмір және жоғарғы бор жасындағы
жыныс жиынтығы анықталған. Стратиграфиялық бөллшектеуде мұнай-газ қоры анықталғаннан кейінгі
уақыттың ішінде игерудің технологиялық схемасы жасалғаннан кейін қарастырылып отырған кен
орында 149 өндіру ұңғылары бұрғыланады. Сол ұңғылар бойынша талданған материалдар кеніштің
геологиялық құрылымын , таралу шекарасын анықтауға мүмкіндік берді және өнімділік қабаттар
параметрлерінің есептеулері келтірілді. Бірақ бұдан кейін флюидтердің анықталған қорына
байланысты ешқандай өзгерулер болмады. Қарастырылып отырған кен орынның анықталған қимасы
жыныстардың төрттік, төменгі бор, юра, триас, перм, және тас көмір т.с.с жастарымен сипатталады.
Қазақстандағы Каспий маңы ойпатының аймағындағы табылған тұзасты шөгінділердегі соңғы
түзілімдерде мұнай-газ кеніштерінің үлкен бөлігінің бар екені анықталады. Ол кеніштер касимовтік,
жоғарғы москвалық, ярустарында және КТ-||қабатынының төменгі москвалық (каширлік,верейлік),
башкирлік, серпуховтық(протвиндік, стешевтік және тарустық горизонттары) және визе (вешевтік
горизонт) ярустары интервалдарында жатыр.
• Төменде кен орынды құрастыратын бөлімдердің және жүйелердің анықтамалары келтірілген
• Pz-тобы
• C- таскөмір жүйесі
• C1 – төменгә бөлім
Жаңажол кен орны көлемінде анықталған барынша ерте
шөгінді жыныс болып орта визе жасындағы терригенді
шөгінділер табылады. Осы жыныстар №1- С ұңғының 4190-
4200 метр аралығында кездесті. Терригенді шөгінділер
қимасының жоғарғы бөлігі карбонатты қабатпен ауысады.
Олардың жасы жоғарғы визе және серпуховтық жастарымен
белгіленіп , құрамы қара-сұр аргиллит аралас әктастар мен
доломиттерден тұрады. Төменгі карбон жыныс қабатының
максималды анықталғаны 308 метр.
ТЕКТОНИКАСЫ
Тектоникалық қатынаста Жаңажол кен орны Каспий маңы ойпатының оңтүстігінде орналасқан.
Яғни , орал алды геосинклинальды аймағынан Ащысай және солтүстік көпекті сызықтарынан
көрінеді.
Геологиялық дамуының бір сипаттық қасиетті ауданның интенсивті түсуі және қалың
шөгінділердің қабатшаларда 7 шақырымнан 10 шақырымға дейінгі аралықтарында болуына
байланысты. Бұл қабаттың негізгі бөлігін кунгур ярусының гологенді табан шөгінділері және
кембрий іргетасына дейінгі жыныстардың жоғарғы бетінде жатқан тұз асты жиынтығынан
құрайды.
Тұз асты шөгінділерінің жоғарғы беті Ащысай бұзындыларына жақын маңда 2 немесе 2,5
шақырымнан Беттеу күмбезінің меридианына қарай 5,5 немесе 6 шақырымға дейінгі , яғни батыс
бағытына қарай моноклинальды қалыңдай береді.
Аталмыш моноклинал көлемінде екі жақтан алынған тізбек қатарлары бөлінген. Соңғысы төменгі
горизонттарда мықты байқалып, соған сәйкес ойпаттың ортаңғы бөлігіне қарай қалыңдай
бастайды. Шығыстан Батысқа қарай Жаңажол ,Кеңқияқ, Қожасай, Шұбарыш қатарларының жүйесі
бөлінеді және олардың көлемінде 3 немесе 3,5 шақырымдық тереңдіктерде (П1) тұз асты
горизонтының қисығы түзелген. Жаңажол қатарының бір ерекшелігі қуатты карбонат
массивтерінің дамуы болып табылады. Олар үлкен брохиантиклиналь тәріздес дөңбектерден
құралған.
Сейсмикалық мәліметтерден бұрғылау жұмыстарының нәтижелерімен салыстырғанда әр түрлі
локальды дөңестерінің морфологиясындағы өлшемдері, шөгінділердің тереңдік қатынастарында
әр түрлі өзгешеліктер байқалады.
Құрылым картасында жоғарғы карбон шөгінділерінің табаны бойыынша екі локалды дөңес анық
көрсетіліп, 50-і ұңғы ауданына 2,5 шақырымдық изогипс енгізуімен контурланған.
Құрылымдық картасында жоғарғы желелі қиманың қисығы бойынша гжельдік
ярусының сульфатты карбонатты қабатының карбонат үсті қалыңдықта
терригенді қабатпен ауысуы жылдам тығыз шекараны реттейді.
Жаңажол дөңестері ұзындық ось бойынша 28 шақырым болып, қабаттың
карбонатты массивінің ішінде субмеридианды құрылымдар құрайтын
брахиантиклиналды қырлардан тұрады.
Ол екі локалды дөңестен тұрады. 50-і ұңғы ауданына солтүстік локальді дөңесі
2,3 шақырымдық изогипспен контурленген. 25 шақырымдық тұйық изогипс
бойынша дөңестің ауданы 10,535 шақырым болады. Оңтүстік көтерілімнің дөңесі
50 метр төменде жатыр және 2,3 шақырымдық изогипспен 19-ы ұңғы аймағында
контурланған. 2,3 шақырымдық изогипсті көтерілімнің өлшемдері 9,534 шақырым
болады.
1982-1985 жылдар аралығындағы ауданды барлау ұңғыларымен бұрғылаған
кезде төменгі карбонаььы қабаттың қимасында тектоникалық бұзулардың бар
екені анықталды, олардың ішінде созылғаны 100-150 метрлік ығысу амплитудасы
еді. Сол бұзулардың болғанына байланысты барлық құрылым 3 блокқа бөлінді:
1. (оңтүстік бөлігі)
2. (61-і ұңғы аймағы)
3. (солтүстік бөлігі)
Флюидтердің қорлары негізінен 1 және 2 блоктарда шоғырланған.
МҰНАЙГАЗДЫЛЫҒЫ

• Жаңажол кен орны Қазақстандағы өнімділігі карбонатты коллекторларға
байланысты алғаш ашылған кен орны болып табылады. Ол белгілі Кенқияқ,
Құмсай, Көкжиек, Батнекөл, Қаратөбе, Ақжар және Қопа сияқты төменгі
бор,юра,триас, жоғарғы және төменгі перьм жүйелерінің шөгінділеріндегі
мұнай қабаттары бар аудандарда орналасқан.
• Жаңажол аймағының мұнайгаздылығы туралы алғашқы мәлімет 1-ұңғыда
бұрғылау жұмыстары жүріп жатқан кезде байқалған жоғары
газкөрсеткіштігіне, таскөмір жынысын керн бойынша зерттеген кездегі
мұнай белгілеріне және сазбалшықты ерітіндінің газдануына байланысты
анықталды. 3050-3020 метр аралықтарындағы тереңдікті тексеру
барысында 62,5% метан 1% этан, 1% ауыр көмірсутектер жиынтығынан
құралған газды судың әлсіз ағыны байқалды. 1978-жылдың 3-наурызында 4-
ұңғыдағы орта карбон әктастарының ашық оқпанында сыналған қабаттан
газдалған мұнай табылды.
МҰНАЙ,ГАЗ ЖӘНЕ КОНДЕНСАТТЫҢ
ҚОРЛАРЫ
ЖАҢАЖОЛ МҰНАЙГАЗКОНДЕНСАТТЫ КЕН ОРНЫ (АЛЫНАТЫН ЖАЛПЫ ҚОР 121 МЛН
ТОННА, ҚАЛҒАН ҚОР 70 МЛН ТОННА) 1978 ЖЫЛЫ АШЫЛДЫ. ТӘЖІРИБЕЛІК –
КӘСІПТІК ИГЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ 1983 ЖЫЛДАН БАСТАЛСА, 1987 ЖЫЛДАН БЕРІ
КӘСІПШІЛІК ИГЕРУ ЖҮРГІЗІЛІП КЕЛЕДІ. 2008 ЖЫЛЫ CNPC АҚТӨБЕМҰНАЙГАЗ
ӨНДІРУ КӨРСЕТКІШІ БОЙЫНША РЕКОРДТЫ КӨРСЕТКІШКЕ 5,9МЛН ТОННА МҰНАЙ
ЖӘНЕ 2,95 МЛН ТЕКШЕ МЕТР ГАЗ ӨНДІРІЛДІ. СОНЫМЕН 3,6 МЛН ТОННА ҚАРА
АЛТЫН ӨНДІРІП, ЖОСПАРДЫ 100 ПАЙЫЗҒА ОРЫНДАП ШЫҚТЫ.
ЖАҢАЖОЛ КЕН ОРЫННЫҢ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗДЫҢ СИПАТТАМАСЫ
ГИПРОВОСТОКНЕФТЬ ИНСТИТУТЫ ОРЫНДАҒАН ТЕРЕҢДІК ЖӘНЕ БЕТТІК.
САТЫЛАТЫН МҰНАЙ СИПАТТАМА БОЙЫНША ЖЕҢІЛ, АЛ, ТЫҒЫЗДЫҒЫ 809-827 КГМ3
БОЛАДЫ, АЗТҰТҚЫРЛЫҚТЫ, КҮКІРТТІ(0,7- 1,11%) ПАРАФИНДІ (4,9-7,1 %) 3000С-
ҚА ДЕЙІН АҚШЫЛ ФРАКЦИЯЛАРДЫҢ ШЫҒУЫ 50,7% -І ҚҰРАЙДЫ. ҚАБАТ
МҰНАЙЫНЫҢ ГАЗҒА ҚАНЫҚҚАН 168,2-319,5 МЕТР АРАЛЫҒЫНДА ЖАТЫР
Г-111 ОБЬЕКТІСІ ГАЗ ТЕЛПЕГІ БАР МҰНАЙ КЕНІШІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. БҰЛ КЕНІШ
ЕКІНШІ КАРБОНАТТЫ ҚАЛЫҢДЫҚТА ИГЕРІЛЕТІН НЕГІЗГІ ОБЬЕКТ. 01.10.2008
ЖЫЛДА ӨНДІРУ ҰҢҒЫМАЛАРЫНЫНҢ ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰРҒАН ҚОРЫ -131 ҰҢҒЫМАНЫ
ҚҰРАДЫ.
ЖАҢАЖОЛ КЕН ОРНЫ БОЙЫНША МҰНАЙ,ГАЗ ЖӘНЕ КОНДЕНСАТ ҚОРЛАРЫ

• Горизонт Мұнай қоры
• Еріген Газ қоры
• Газ Конденсат қоры
Кен орындарының игеру жүйесі
Қазіргі кезде Жаңажол кен орнында 2000 жылдың Жаңажол мұнайгазконденсатты
кен орнын игерудің технологиялық схемасы жүзеге асырылуда. Бұл жоба бойынша
КТ-1 қабаттарында жаңа ұңғымалар бұрғылау қарастырылмады, өндіруді көтеру
негізінен газлифт жұмыс көлемін көбейту, қосымша перфорация және тұз
қышқылымен өңдеу сияқты технологиялық шаралар көмегімен жүргізіледі. Жобаны
жүзеге асыру процесінде, мұнайдың қалдық қоры көп аймақтарда ұңғымалар торын
тығыздау үшінжәне кейінгі мұнай өндіру қабатының қалыңдығы 16 м және
өткізгіштігі жоғары аймақтарда кен орының игрілу жағдайын жақсарту және өнім
алу қарқынын жоғарылату үшін ұңғымалар торын тығыздау қажет.
Ұсынылған нұсқада жаңа 116 ұңғыма бұрғылау қарастырылады, олардың ішінде:92
ұңғыма өндіру, 24 ұңғыма айдау, 70 ұңғыма резервтегі, 16 ұңғыма айдауға
ауыстырылатын , 49 ұңғыма өндіру ұңғымаларын қосымша перфорациялау үшін, 36
ұңғыма айдау ұңғымаларын қосымша перфорациялау үшін, 136 газлифтілі және
сорапты ұңғымалар , 193 ұңғыма өндіру ұңғыларында ТҚӨ жүргізу үшін.
МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ӨНДІРУДІҢ
ТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ
ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Мұнайгазды өндірудің көп жолдары бар
1. Фонтанды

2. Газлифтілі

3. Механикалық өндіру

Жаңадан алынған мұнай кен орындарында алғашқы кезде
ұңғылардың барлығы фонтандайды, өйткені қабат энергиясының
қоры жеткілікті болады. Сондықтан ұңғының түп қысымы-
ұңғыдағы сұйық бағанасының гидростатикалық қысымын,
сағадағы қарсы қысымды, сұйықтың қозғалысы үйкелісіне
жұмсалатын қысымды жоюға мүмкіндігі болады.
ҰҢҒЫНЫҢ ФОНТАНДАУЫНЫҢ 2 ТҮРІ БОЛАДЫ:

• 1) Құрамында газ көбіктері болмайтын сұйықтардың
фонтандауы, - артезиянды фонтандау;
• 2) Құрамында газ көбіктері болатын сұйықтардың фонтандауы-
фонтандаудың кең тараған түрі.

Ұқсас жұмыстар
Жаңажол кен орны
Жаңажол кен орны мұнайын ультратолқынды өңдеудің әсерін зерттеу
Қазақстан мұнай-газды аумақтарының геотектоникалық құрылысы және жалпы сипаттамасы
Жаңажол кен орнындағы фонтанды ұңғылардың жұмысын талдау
ДИЗЕЛЬ ОТЫНЫН ОЗОНМЕН ӨҢДЕУ
Қарағанды көмір бассейні жалпы қоры
Қазақстанның жалпы көмір қоры
ЖАҢАЖОЛ КЕНОРНЫ
МҰНАЙ МЕН КӨМІРДЕН АЛЫНҒАН ДИЗЕЛЬ ОТЫНЫНЫҢ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ
Қазіргі Атырау мұнай өңдеу зауыты
Пәндер