Еңбек шарты: жеке және ұжымдық түрлері мен құқықтық талаптары


Slide 1

Еңбек шарты

Белгілі бір жас пен білім дәрежесіне жеткеннен кейін, жұмысқа тұрғандардың әрқайсысының еңбек жолы осы құжаттан басталады.

Еңбек шарты заңмен рәсімделген екі жақтың (әдетте "жұмыс беруші" және "жұмысшы" деп аталады), нақты бір міндеттерді өзіне ерікті түрде алу туралы жазбаша келісімі болып табылады. Еңбек шарты 2-ге бөлінеді: жеке және ұжымдық

Slide 2 Slide 3

Жеке еңбек шарты

Жеке еңбек шарты дегеніміз - қызметкер мен жұмыс беруші арасында жазбаша түрде жасалынатын келісім. Ол шарт бойынша қызметкер белгілі бір мамандық бойынша жұмыс істеуге, ал жұмыс беруші қызметкерге жалақысын дер кезінде әрі толықтай көлемде төлеп тұруға міндеттенеді.

Қызметкер еңбек шартына сәйкес белгілі бір қызмет түріне қатысты, яғни мамандығына, кәсібіне, біліктілігіне және дәл сол кезеңде орындауға тиіс қызметіне және өндірістің жалпы қажетіне орай айқындалатын жұмысқа қатысты қызметті орындауға міндеттенеді.

Кәсіпорынның (мекемелердің, ұйымдардың) өндірістік қызметіне қызметкердің өз басының жеке, тікелей қатысуы жеке еңбек шартының тағы да бір белгісі болып табылады. Бұл жағдай қызметкерді құрамға (штатқа) кіргізіп, оны кәсіпорынның өндірістік қызметіне қосуды көздейді.

Жұмыс берушінің қызметкерге жалақы төлеп тұруға міндеттілігі жеке еңбек шартының ерекшелігі болып табылады.

Slide 4

Жеке еңбек шартын жасасудың мынадай мерзімдері болады:

белгісіз мерзімге - жеке еңбек шартының уақыты көрсетілмейді;

белгілі бір мерзімге - бір жылдан аспайтын;

істелетін жұмыстың аз уақытта атқарылуына немесе орындау жағдайына, сондай-ақ жұмыста жоқ қызметкердің орнын ауыстыруға байланысты бір жылдан аспайтын белгілі бір мерзімге.

Екі жақ оның барлық елеулі шарттары бойынша келісімге келген кезде - жеке еңбек шарты жасалды деп есептелінеді. Жеке еңбек шарты кем дегенде екі дана болып толтырылады және тараптардың қолы койылады. Қол қойылған жеке еңбек шартының бір данасы - қызметкерге, ал екіншісі -жұмыс берушіге беріледі.

Жеке еңбек шартының негізінде жалданатын қызметкердің еңбегіне ақы төлеу және материалдық көтермелеу шарттары тараптардың келісімі бойынша белгіленеді. Жеке еңбек шарты 16 жасқа толған соң жасалады.

Slide 5

Жұмысқа алар кезде сынақ мерзімін белгілеу мүмкіндігі қарастырылады. Сынау еңбек шартының міндетті емес шарттарының қатарына жатқызылады. Сынақ мерзімі қызметкердің оған тапсырылатын жұмысқа сәйкестігін тексеру мақсатында белгіленуі мүмкін. Сынақ мерзімі үш айдан артпауы керек.

Егер сынақ мерзімі өтіп кетсе және екі жактың бірде біреуі жазбаша түрде екінші жақты жеке еңбек шартын бұзу туралы ескертпесе, шарттық әрекет етуі жалғаса береді және оның тоқтатылуына жалпы негізде жол беріледі. Сынақтың нәтижесі қанағаттанғысыз болса, қызметкер жұмыс берушінің келісімі арқылы жұмыстан босатылады. Қызметкер өз кезегінде жұмыстан мұндай босатуға сот тәртібімен шағымдануына болады.

Қызметкерлерді маусымдық жұмысқа алған кезде тараптардың келісімімен сынақ мерзімін белгілеуге болмайды. Сынақтан өткізу шарты жеке еңбек шартында міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Егер ол жұмысқа алу жөніндегі бұйрықта ғана көрсетілген болса, онда сынақ мерзімін белгілеуді заңды деп есептеуге болмайды, өйткені бұйрық - бір жақты ғана кесім, ал заң мұндай шарттар жөнінде жұмыс беруші мен қызметкердің келісуін талап етеді. Жұмыс берушінің бір жақты сынақ мерзімін белгілеуі бұл қызметкердің құқығын бұзғандық болып табылады.

Slide 6

Ұжымдық шарт кәсіпкер немесе фирма әкімшілігі арқылы оның өкілі мен қызметкерлер кәсіподақ арқылы оның өкілдері арасындағы еңбек жағдайы, жалақы, кәсіпорындағы жұмысшы ұйымдарының құқықтары, т. б туралы келісім.

Slide 7

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасау үшін қажетті құжаттарға мыналар жатады:

1) Еңбекақы төлеуді нормалау, оның нысандары, жүйелері, қызметкерлерге, оның ішінде ауыр жұмыстарда, зиянды, (ерекше зиянды) және қауіпті жағдайлары бар жұмыстарда істейтін қызметкерлерге тарифтік ставкалар мен жалақылар, үстемақылар мен қосымша өтемақылар туралы;

2) еңбекақы төлеуді индекстеу туралы, жәрдемақылар мен өтемақы төлемдерін төлеу туралы, оның ішінде жазатайым оқиғалар кезіндегі қосымша өтемақылар туралы;

3) тиісті мамандықтың, ұйымдағы лауазымның ең жоғары және ең төменгі жалақысы мөлшерлерінің арасындағы жол берілетін арақатынас туралы;

4) разрядаралық коэффиценттерді белгілеу туралы;

5) жұмыс уақыты мен тынығу уақытының ұзақтығы, еңбек демалыстары туралы;

6) салауатты және қауіпсіз еңбек пен тұрмыс жағдайларын жасау туралы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі шараларды қаржыландыру көлемі туралы, денсаулық сақтауды жақсарту туралы, қызметкерлерді және олардың отбасы мүшелерін медициналық сақтандыру кепілдіктері туралы, қоршаған ортаны қорғау туралы;


Ұқсас жұмыстар
Жеке құрам бойынша құжаттар және жеке еңбек шарты: құрамы мен орналасу тәртібі
Еңбек шарты: құқықтық негіздері, мерзімі және тоқтатылуы
Жеке еңбек шарты: үлгі, шарттары, мерзімдері және тоқтату негіздері
Жеке қорғаныс құралдары: түрлері, талаптары және қолданылуы
Еңбек қатыстарын реттеу құжаттары: жеке іс парағы, еңбек келісімшарты және лауазымдық нұсқаулық
Еңбек шартының құқықтық негіздері: тараптардың құқықтары мен міндеттері, түрлері және практикалық жағдайлар
Еңбек құқығы субъектілерінің түсінігі, құқықтық мәртебесі және түрлері
Тіршілік қауіпсіздігін басқару: қауіпті және зиянды өндірістік факторлар, жеке қорғану құралдары және еңбек қауіпсіздігі талаптары
Келісімшарттар: сыртқы сауда және еңбек шарттарының құқықтық негіздері мен негізгі талаптары
Өтелмелі қызмет көрсету шарты: түсінігі, пәні және құқықтық реттелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz