Биологиялық ұлпаларға жоғары интенсивті лазерлік сәуле әсерінің механизмі
Презентация қосу
Семей Мемлекеттік медицина университеті
Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы және жалпы білім беру
сөж
пәндер кафедрасы
Тақырып:Биологиялық ұлпаларға жоғары
интенсивті лазерлік сәуле әсерінің механизмі
Орындаған: Антеев А. Қ
105-стоматология
Тексерген: Кусаинова К.Т
Семей 2018ж
Жоспар:
• I. Кіріспе.
• II. Негізгі бөлім:
Лазер сәулесінің биологиялық ұлпаларға әсер ету
механизмі.
Биомедицинада қолданылатын жоғары
интенсивті лазерлер.
• III. Қорытынды.
• IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
light amplification
by stimulated emission
of radiation
• Лазер терминін ағылшын тілінен аударғанда –
мәжбүрлі сәулелендіру көмегімен жарықтың
күшеюін білдіреді.
• Лазерлер өзінің уникалды қасиеттерімен
(монохромды, когеренттілігі, сәуленің жоғары
бағытымен) кең қолданылыс тапты. Әсіресе
өндірістік аймақтарда, ғылым мен техника,
байланыс, ауыл шаруашылығында, медицинада,
биология саласында.
• Лазер сәулесінің биологиялық ұлпалармен
әсерлесуінің сипатына қарай оның
фотобиологиялық әсерін үш түрге бөлуге болады:
Фотодеструктуралық әсер
Фотофизикалық және фотохимиялық әсер
Бұзылушылық тудырмайтын әсер
Лазерлік хирургия әдістері әртүрлі
биологиялық ұлпаларды өңдеуде
пайдаланылады. Алайда, назар
аударсаңыз, осындай әдістер
әсіресе тері үстіне өте жиі
жасалынады. Бұл тері
патологияларының, косметикалық
дефектілердің сан алуан болуымен
және емдеуді талап ететің
объектілердің беткей орналасуына
байланысты лазерлік
проедуралардың жеңіл өтуімен
сипатталады. Лазерлік жарықтың
био-ұлпаға әсерінің негізінде
ұлпалардың оптикалық қасиеті мен
лазерлік сәулеленудің физикалық
қасиеттері жатыр. Теріге түскен
бұл жарықтың 4 процессін
ажыратамыз:
1)Шағылу. Жарықтың
шамамен 5-7% мүйізді
қабат деңдейінде
шағылады.
2) Абсорбция. Ұлпа арқылы өткен жарықтың жұтылуы
оның бастапқы интенсивтілігіне, жарық өтетің зат
қабатының қалыңдығына, жұтылатын жарық
толқынының ұзындығы мен жұтылу коэффицентіне
тәуелді. Егер жарық жұтылмаса, оның ұлпаға еш
әсері болмайды. Фотон молекулалық мишень
арқылы(хромофор) жұтылған кезде, оның бар
энергиясы сол молекулаға беріледі. Маңызды
эндогенді хромофор ретінде меланин, гемоглобин, су
және коллаген қызмет атқарады. Экзогенді
хромофорларға татуировка бояғыш заттары және
жарақаттану барысында енген бөгде зат бөлшектері
жатады.
• 3) Шашырау. Бұл процесс дерма
колллагенімен сипатталады. Шашырау
құбылысының маңыздылығы- оның
хромоформ-мишень арқылы жұтылуға дайын
энергия ағынының тығыздығын жылдам
төмендетіп, ұлпаға клиникалық әсерін де
өзгерту. Толқын ұзындығы артқан сайын,
шашырау төмендейді де ұзын толқындарға
энергия ағынын терінің терең қабаттарына
тасымалдауға мүмкіндік береді.
4) Ену. Жарықтың теріасты құрылымдарына ену
тереңдігі, шашырау интенсивтілігі секілді толқын
ұзындығына байланысты. Қысқа толқындар (300-
400 нм) интенсивті шашырап 100 мкм-ден астам
тереңірек кірмейді. Ал ұзын толқындар тереңірек
енеді, себебі олар аз шашырайды.
• Жоғары интенсивті сәулелену лазерлік
хирургияда теріні қайта қалпына келтіру
(папилломалар, касиломалар, саңылаулар,
нервтер) жою, шрамды жою, тері жасарту
және эпиляциялау үшін қолданылады.
Лазерлік деструкция
сәулеленудің әсер ету
тереңдігін бақылауға
мүмкіндік береді және іс
жүзінде қоршаған
тіндерге зақым
келтірмейді. Операциядан
кейін әсер ету алаңына
күтім жасау қиын емес,
жараны жауып тастаудың
қажеті жоқ, ал оңалу
мүмкіндігінше тезірек
• Лазерлік эпиляция шашты кез келген жердегі
қажетсіз шаштарды жоюға мүмкіндік бере
отырып, шаштың фолликулдарын ыңғайлы
және ауырсынусыз түрде жояды.
Процедураның нәтижесі ұзақ
сақталғандықтан, бұл әдіс бүкіл әлемде кең
танымал болды. Денедегі шаштар өсудің әр
түрлі кезеңдерінде болғандықтан, оларды
толық жою үшін 1-3 ай аралығындағы бірнеше
процедуралар қажет
•Лазерлі дермабразия эпидермистің жоғарғы
қабатын алуды қамтиды, сондықтан ол теріні
жасартуға, тыртықты өңдеуде, татуларды
жоюда, акненің күрделі формасымен
науқастарды емдеуде кең қолданылады.
• Лазерлі терапияның жоғары тиімділігіне
қарамастан, ол қант диабеті, гипертония,
тиротоксикоз, онкологиялық аурулар,
стенокардия, қан аурулары және
психикалық ауруларды қамтитын бірқатар
маңызды қарсы көрсеткіштерге ие. Кез-
келген жағдайда, дерматологиялық
лазерлі терапияны кәсіби дәрігерлер ғана
жүзеге асырады, олар міндетті түрде
процедура алдында кеңес береді.
Қорытынды:
• Биологиялық ұлпаларға жоғары интенсивті лазерлік
сәуле әсері түрліше болып келеді. Лазер сәулесінің
биологиялық ұлпалармен әсерлесуінің сипатына қарай
оның фотобиологиялық әсерін үш түрге бөлуге
болады. Лазерлер қасиеттеріне байланысты
медицинаның түрлі салаларда пайдаланылады, мысалы
хирургияда, косметологияда, терапия, диагностикалау
және т.б салаларда. Сонымен қатар бірқатар
ауруларды: сүйел, папиллома, кератома,
кондилома; май бездері кистасын және т.б.
IV. Пайдаланылған ақпарат көзі.
• 1. http://referat911.ru/Fizika/mehanizmy-dejstviya-
vysokointensivnogo-lazernogo-izlucheniya/594582-
3484072-place4.html
• 2. http://www.med24info.com/books/ispolzovanie-
lazerov-v-serdechno-sosudistoy-hirurgii-ot-
eksperimenta-k-praktike/mehanizmy-deystviya-
lazernogo-izlucheniya-na-biologicheskie-obekty-
26806.html
• 3.http://apromed.info/xirurgiya/lazer.html
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz