Стероидты гормонының синтезі және олардың міндеттері. Менструальды фазалар бойынша эстрогендер мен прогестерондар қарым-қатынасы




Презентация қосу
Университеті
Биохимия және химиялық пәндер
кафедра

Тақырыбы: Стероидты гормонының синтезі және олардың
міндеттері. Менструальды фазалар бойынша эстрогендер мен
прогестерондар қарым-қатынасы.

Орындаған: Санатбек Н.Д.
231 топ ЖМФ
Тексерген: Омарова А.Ш.
Семей қаласы 2016 жыл
Жоспа
р:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Стероидты гормондардың синтезделуі
2. Әйелдердің жыныс гормондары.
3. Аналық безінің сары дене гормоны.
4. Синтездік эстрогендер.
5. Стероидты гормондардың әсер ету
механизмі.
III.Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Стероидты гормондар-омыртқалы және кейбір омыртқасыз
организмдердің маңызды гормондарының бірі. Олар көп
клеткалы организмнің фундаментальды процестердің –
қалыпты өсудің, адаптацияның, көбеюдің және
метаболизмнің регуляторлары болып табылады. Стероидты
гормондар көбінесе бүйрек үсті безінің қабығында , жыныс
бездерінде холестериннен синтезделеді.
Стероидты гормондар
холестериннен
синтезделеді, ол
холестерин стериогенді
клеткаларға қаннан
келіп түседі немесе
ацетил КоА-дан
синтезделеді. Бұл
клеткаларда
холестерин май
клеткаларымен
қосылып, эфир түрінде
цитозольдың липидті
тамшыларында да
оданары қарай
холестеразаның
әсерінен
мобилизацияланып,
Митохондриялардың ішкі мембраналарында
холестериннің бүйірлі тізбегі қысқсрады
да , одан соң НАДФН2 мен отегінің
қатысуымен адренодоксин және цитохром
Р450 ферментінің әсерінен прегненолонға
гидроксильденеді.
Прегненолон митоходриялардан
шығарылады да, одан микросомаларда
прогестерон синтезделеді. Ары қарай
прогестероннан глюкокортикоидтар мен
миниралокортикоидтар синтезделеді.
Әйел жыныс гормоны
Әйелдердің жыныс
гармондары эстрогендер
деп аталады. Ол аналық
безінің фолликуласнда,
ұрық жолдасында түзіледі.
Шағын мөлшерде бүйрек
үсті безінің қабығында
және ұрық безінде
синтезделінеді. Эстрогеннің
3 түрі белгілі: эстрадиол,
эстрон және эстриол.
Эстрогендер көбінесе белокпен
байланысқан түрінде қан арқылы
таралады.Әйелдің нағыз жыныс
гармоны болып табылатн эстрадиол,
одан басқа екі эсьроген негізінде
эстрадиол метаболизмі кезінде
түзіледі. Әйелдер жыныс
гармондарының тікелей алғы заты
еркектің гармоны тестостерон. Әйел
организміне енген тестостеронның бір
бөлігі эстрадиолға айналады.
Әйелдердің жұмыртқалығында бір
тәулікте 1 мг эстрадиол түзіледі.
Эстроген
Химиялық табиғаты. Барлық
эстрогендер
циклопентанопергидрофенантреннің
туындысы, С18-стероидтарға жатады.
Олардың молекуласында 10
жағдайындағы метил тобы болмайды
және А сақинасы ароматты. Химиялық
құрлымы жөнінде эстрогендердің
гидроксильдік топтың болуына
байланысты айырмашылығы бар.
Эстрогендер
Зат алмасуға әсері. Эстрогендер
әйелдердің екінші кезектегі жыныс
белгілерінің дамуына және сүт қоректі
жануарлардың жыныс жүйесіндегі
қосымша бөліктерінің жетілуіне себеп
болады.Олар желіннің және емшектің
бірқалыпты өсіп жетілуіне әсер етеді,
тері астындағы майдың бөлінуіне,
әйел ерекшелігіне тән сүйектің өсуіне
және жыныс мүшелерінің жұмысыны
себепкер.
Эстрогендер белок синтезіне әсер
етеді, организмде натрий, калий,
фосфаттардың және судың сақталып
ұсталуын іске асырады, клеткалардың
өсіп көбеюін күшейтеді.
Эстрогендердің әсер ету механизмі
жатыр, қынап, желін мен емшек безі
тканьдерде арнаулы цитоплазмалық
рецепторлардың болуына
байланысты.
Мұнда гормон рецептормен
байланысады, осындай байланыстан
құралған гармон- рецептор-комплексі
ядроға енеді. Ядрода комплекс
хроматиннің белоктарымен өзара
әрекеттеседі де, жаңа иРНК түзілуін
іске асырады, ол иРНК тиісті белоктар
синтездеуге информация әкеледі.
Аналық безінің сары дене
гормоны
Аналық безінің фолликуласында аналық
клеткасы пісіп жетіледі. Аналық клеткасы
өскен сайын фолликула ұлғая береді, ішіне
сұйық зат толадыда, ол жарылады. Сөйтіп
фолликула сұйық заты ағып шығады және
аналық клеткасы аналық жолына түседі.
Жарылған фолликула орнына эндокриндік
жаңа туынды- сары дене пайда болады. Сол
сары дененің ішінде стероидтық гармон
прогесторон тьүзіледі. Ол гармон ұрық
жолдасында және шағын мөлшерде бүйрек
үсті безі мен ұрық безінде синтезделінеді.
Зат алмасуға әсері. Омыртқалы жануардың
барлық түрінеде прогестерон ұрықтанған
аналық клетканы қабылдауға дайындайды, ол
клетканың өсіп жетілуіне әсер етеді және
сүтқоректі жануарлардың буаз кезінің
қалыпты өтуін қамтамасыз етеді. Эстрогендер
негізінен аналық клетка ұрықтанғанға дейінгі
дайындық қызметін атқарады, ал прогестерон
аналық клетка ұрықтанып, зигота түзілгеннен
кейін әсер ете бастайды, ұрықтанғаннан
кейінгі процестерді-буаздық кезді, желіннің
өсіп жетілуін, тууды, желінде сүттің пайда
болуын реттейді.
Прогестерон әсерінің механизмі стероид
гармондар әсерінің механизміне ұқсас.
Оның рецепторы тауықтың аналық
жолынан бөліп алынады, ол рецептор екі
белок, м.м. 110000 және 117000. Осы екі
белок рецептор құрамына әртүрлі
мөлшерде енеді.
Прогестерон
Синтездік эстрогендер
Этинилэстрадиол мен
диэтилстрильбэстрол синтездік эжолмен
алынған, бұл екеуінің активтілігі
эстронмен салыстырғанда 5-10 есе
күшті. Бұлар ұрғашы организмде жыныс
циклы бұзылған кезде және аналық безі
дәрменсіз болған кезде қолданылады.
Стероидты гормондардың әсер ету
механизмі.
Арнайы тасымалдаушы белоктардың-
кортикостероид-транспортинмен,
адрогендер және эстрогендер арнайы
глобулиндермен, т.б. Көмегімен
стероидты гармондар қанға
қосылады.Стеройдты гармондардың
рецепторлары клетка ішінде-
цитоплазмада орналасқан. Нысана-
клеткамен кездескен кезде өзінің май
еріткіштігіне және шағын мөлшеріне
сәйкес стероидты гармондар цитоплазма
мембранасы арқылы өтіп кетеді.
Клетка ішіне енгеннен кейін стероидтар
арнаулы рецепторлармен байланысады.
Ядроға енген гармон-рецептор жиынтығы
хроматиннің арнайы бөлігімен байланысады
және белгілі бір гендер транскрипциясының
жылдамдығын өзгертеді. Транскрипцияны
қолдау иРНК молекуласының көбеюіне
себеп болады да, ондай молекулалар
ядродан цитоплазмаға шығады. Мұнда
арнайы белоктар синтезі күшейеді. Мұндай
стероидты гармондардың көмегімен іске
асатын процесс индукция деп аталады.
Жыныстық даму кезеңіне дейін эстрогеннің
жетіспеуі жыныс мүшелері дамуының
баяулауына, екіншілік жыныстық белгілерінің
нашарлауына, эпифизарлы шеміршектердің
қатаюына, жыныстық циклдың бұзылуына
алып келеді. Осы кезде теріс азоттық тепе-
теңдік орнап, кальции мен фосфаттың
жоғалту, гипергликемия орын алады.
Аналық гормондар аналық жыныс мүшелерін
физиологиялық тонуста ұстап, жыныстық
айналымды, сүт безінің қызметін
реттейді.Эстрогендер ( эстрадиол, эстрон,
эстроил ) аналық организмге тән белок пен
майдың, су мен минералды тұздардың алмасу
деңгейін қалыптастырады, капилляр
қабырғасының өтімділігін
жоғарытылады.Аналық безде эстрогендермен
қатар сары дене гормоны және андрогендер
түзіледі.Аналық бездің аралық торшаларында
түзілетін андрогендер фолликулаларда
қуыстың пайда болуын, овуляция реттеуге
қатысады.
1. Тапбергенов С.О. “Медициналық
биохимия”/Алматы: «Эверо», 2009ж. 307-
324 беттер.
2. Сеитов З.С «Биохимия»/ Алматы : «Эверо»,
2012ж 196-199 беттер.
3. Т.Т. Березов, Б.Ф.Коровкин “Биологическая
химия” /Москва: «Медицина»,1990ж . 191-
202 беттер
4. Биоморфология терминдерінің түсіндірме
сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009
жыл. ISBN 9965-822-54-9
5. http://fan-5.ru/best/best-159447.php

Ұқсас жұмыстар
СТЕРОИДТЫ ГОРМОНДАРДЫҢ СИНТЕЗІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ. МЕНСТРУАЛЬДЫ ФАЗАЛАР БОЙЫНША ЭСТРОГЕНДЕР МЕН ПРОГЕСТЕРОНДАР ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ
Стероидты гормондардың синтезі және олардың міндеттері. Менструальді фазалар бойынша эстрогендер мен прогестиндер қарым -қатынасы
Стероидті гормондардың синтезі және олардың міндеттері. Менструальді фазалар бойынша эстрогендер мен прогестиндер қарым-қатынасы
Стероидты гормондардың биосинтезі және олардың міндеттері
Аналық жыныс гормондарының препараттары
Стероидты гормондардың канцерогендік әсері
Сигналдық молекулаларға жалпы сипаттама. Гормондар
Етеккір циклның бұзылыстары
Жыныс гормондары
Жыныс бездерінің гормондары
Пәндер