Өт қабы мен өт шығару жолдарының гистологиясы
Презентация қосу
Семей мемлекеттік медицина университеті
Анатомия және гистология кафедрасы
сөж
Тақырыбы: Өт қабы мен өт шығару жолдарының
гистологиясы
Орындаған: Мусатаева Г.Б
235-ЖМ тобы
Қабылдаған: Мусайнова А.К
Семей 2018 жыл
Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Өт
2.2. Өт шығару жолдары мен құрлысы
2.3. Бауырдан тыс өт өзекшелері қабығының тіндік
құрамы
2.4.Өт қабы қабығының функциялық сипаттамалары
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Өт(bіlіs, fel) – адам мен омыртқалы жануарлардың бауырындағы
безді клеткалардан бөлінетін сарғыш-қоңыр түсті сұйықтық. Өт
тәулік бойы үздіксіз бөлінгенмен, оның бөліну жылдамдығы, көлемі әр
түрлі өзгеріп отырады, ол ас қабылдау мерзіміне сәйкес келеді.
Организмдегі өт, бауыр өті және қапшық өті болып бөлінеді. Ас
қорытудан тыс уақытта бауыр өті өт қапшығына жиналып, судың, әр
түрлі тұздардың (электролиттердің) кері сорылуына байланысты
қоюланып сақталады. Бауыр өтінің тығыздығы – 1,010 – 1,015, ақшыл-
сары түсті.
o Өт қапшығы сыртқы пішіні алмұрт
тәрізді,бауырдың өтқуығы шұңқырында
орналасқан өттің қоймасы болып
табылады.Өтқуық түбі fundus vesicae
fellae,денесі corpus vesicae
fellae,мойыны collum vesicae follae,және
түтігі,ductus cysticus ажыратылады.
o Сыйымдылығы 40-70мл,ұзындығы 8-
12см,ені30-50мм қабырғасы 1,5-2мм
болып келген қапшық.
Гистофункционалды сипаттамасы
Қабырғасы 3 қабықтан тұрады:
• Кілегейлі қабық
• Бұлшық етті қабығы
• Адвентициальды қабық
Өт
шығару
жолдары
Бауыр ішілік өт шығару жолдарының тіндік
құрамы
Бөлікше аралық өт өзектері қақпалық көктамырдың және
бауыр артериясының тармақтарымен бірігіп бауырда
үштіктер құрайды. Бөлікше аралық өзектердің қабырғасы
бірқабатты текшелі, ал ірілеу өзектерде жиекшелі цилиндр
тәрізді эпителийден және борпылдақ дәнекер тінінің жұқа
қабатынан құралады. Өзектердің эпителийлік
жасушаларының апикальдық бөліктерінде дән немесе
тамшылар түрінде өттің құрамдық бөліктері жиі
анықталады. Осының негізінде бөлікше аралық өт өзектерін
секреторлық қызмет атқарады деп топшылайды.
Бауырдан тыс өт шығару жолдарының тіндік
құрамы
Бауырдың, өт қабының, жалпы өт өзегінің құрылыстары шамамен
бірдей. Олар диаметрі 3,5-5 мм шамасындағы, қабырғасы үш қабықшадан
тұратын жіңішке түтікшелер. Шырышты қабықша бірқабатты биік
призмалық эпителийден және жақсы дамып жетілген дәнекер
тіннен(меншікті табақша) тұрады. Бұл өзектердің эпителиіне оның
жасушаларында лизосомалардың және өт пигменттерінің болуы тән, ал
бұл өзек эпителийлерінің резорбциялық, яғни сіңіру қызметінің белгісі
болып табылады. Эпителийдің құрамында эндокринді және бокал тәрізді
жасушалар кездеседі. Ақырғылардың саны өт жолдарының аурулары
жағдайында күрт артады.
Ас қорытудан тыс уақытта бауыр өті өт
қапшығына жиналып, судың, әр түрлі тұздардың
(электролиттердің) кері сорылуына байланысты
қоюланып сақталады. Бауыр өтінің тығызд. –
1,010 – 1,015, рН – 7,4 – 8,0, ақшыл-сары түсті
• Бауырдан жасалып, өтке келіп түсетін сұйықтық
“Өт сұйықтығы” деп аталады.
• Оның түсі сарғыш-қоңыр немесе жасылдау
болып келеді.
• Дәмі ашы.
• Өт сұйықтығын бауыр ұлпалары жасайды.
• Өт сұйықтығының құрамында өт қышқылы,
ақуыздар, билирубин пигменті, холестерин,
фосфолипидтер, бикарбонаттар, натрий, калий,
кальций, және физиологиялық белсенді заттар —
гормондар мен дәрумендер
• Өт ішектегі өт майларының ыдырауына,
бөлшектенуі мен сорылуына қажет.
• Ас қабылдаған соң өт ішекке құйылады,
яғни, алдымен өт өзегіндегі өт, одан соң өт
қапшығы өті, соңында бауыр өті түседі.
Ішекке қапшық өтінің түсуі гормондық
заттармен (секретин, холецистокинин)
реттеледі, одан басқа, майлы заттар өт
қапшығының жиырылуы мен босаңсуына
себепші болады.
• Ересек адамдардың бауыры тәулігіне 500 –
700 мл өт бөледі
Өтке қатысты мынадай ауру түрлері бар:
- Өттас ауруы (холелитиаз)
- Холецистит ауруы
- Өттің полипы (өттің ісіп қабынуы)
- Өт жолының тарылуы
Қорытынды
Бауырда өт толассыз түзіледі, себебі өт бауыр жасушаларының
түзіндісі ғана емес, бөліндісі де болып табылады. Өт өт қабында
жиналып, рефлекстік жолмен он екі елі ішекке құйылады. Өт шығару
жолдарының 2 бөлімі бар: бауырішілік және бауырдан тыс. Өт
шығару жолдарының тіндік құрамы:
- Шырышты қабықша бір қабатты биік призмалы эпителийден және жақсы
жетілген дәнекер тіннен(меншікті табақша) тұрады.
- Өт өзектерінің шырышты қабықшаларының меншікті табақшасында
эластикалық талшықтар бойлай және айналмалы орналасады.
- Бұлшық ет қабықшасы жұқа, айналмалы бағытталған жазық
миоциттердің шоғырларынан және айналарында орналасқан дәнекер тіннен
тұрады.
- Адвентициалды қабықша борпылдақ талшықты дәнекер тіннен тұрады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
• Ж.П.Аяпова
“Цитолология, эмбриология және
гистология”Алматы2009ж
• Сәтбаева.Х.Қ. Өтепбергенов .А.А Нілдібаева.Ж.Б “Адам
физиологиясы” Алматы 2005.
• Гистология,эмбриология,цитология оқулығы-
Ю.И.Афанасьев,Н.А.Юрина
• Интернет желісі
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz