Қанның биохимиясы оттегінің токсикалық түрлері, олардың пайда болуы және ағзаның клеткаларына әсері




Презентация қосу
Семей қаласының Мемлекеттік Медицина Университеті
Биохимия және химиялық пәндер кафедрасы

СӨЖ
Тақырып: Қанның биохимиясы: оттегінің токсикалық
түрлері, олардың пайда болуы және ағзаның
клеткаларына әсері.

Орындаған: Сарқытбекова Е.С.
ЖМФ. 231топ
Тексерген: Омарова А.Ш.

Семей
2016 жыл
Жоспар:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім:
2.1.Қанның биохимиясы;
2.2.Оттегінің токсикалық түрлері, олардың

пайда болуы және ағза клеткаларына
әсерлері;
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Адам организмінде басты қызмет
атқарушы қан жүйесі болып
табылады. Ол ағза үшін өте
маңызды бірқатар қызметтерді
атқарады. Қан арқылы тіндерге
қоректік заттар мен бірге оттегі
тасымалданады.
Қанның құрамы, физикалық - химиялық
қасиеттері :

Қан – тұйық қантамырлар жүйесімен айналатын, сұйық ұлпа. Ол ішкі
ортаның тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Адам самағының 6-8% - 4,5-6 литр қаннан тұрады.
Қан тығыздығы 1,055-1,065
Тұтқырлығы судан 5-6 есе көп. Ол эритроциттерге байланысты.
37ºС қан плазмасының осмостық қысымы 7,6 атм. жуық.
Клеткалық құрамы - 45 % формалық элементтерден тұрады. Оның 44 % -
эритроциттер (оның 95 % - гемоглобиндер), 1 % - лейкоциттер,
лимфоциттер, тромбоциттер.
Қанның биологиялық қызметі

1.Қанның тыныс алудағы атқаратын
қызметі. Қалыпты жағдайда адам
ұлпалары минутына 200-250 мл О2,
тәулігіне 300 л, ауыр жұмыс кезінде 10
есе артады.
О2 капилляр қабырғасынан қан
плазмасына өтіп ериді, эритроциттер
мембранасынан өтіп гемоглобинмен(Hg)
байланысады. 1г Hg 1,34 мл О2
байланыстырады.
2.Қоректік заттарды тасымалдайды.
3.Зат алмасуды реттеуге қатысады
4.Зат амасу нәтижесінде түзілген
қалдық заттарды бөліп шығарады.
5Гомеостаздағы ролі – қан рН,
осмостық қысымның тұрақты болуын
Қан плазмасы – бұл ақшыл-сары түті
сұйықтық,оның 90% су,ал 1 % суда
еріген заттар құрайды.Қалыпты
жағдайда плазмада кейбір еріген
заттардың концентрациясы тұрақты
болады,ал басқаларының мөлшері
қаннан алыну жылдамдығымен,басқа
мүшелерден келіп түсуіне қарай ауытқып
отырады.Қан плазмасының өзіне тән
константасы бар,бірақ бұл мөлшер
патологиялық жағдайларды ауытқуы
мүмкін.
Плазманың физико-химиялық
констанатасы:
тығыздығы-1,024-1,030.
рН-7,36-7,44
Осмостық қысым шамамен-7,6 атм.
онкотикалық қысым-0,02 атм.
Қан плазмасының құрамы
Плазма
Су (90-92 % ) Ақуыздар (8-10 % )
альбуминдер 4-5 %
глобулиндер 2-3 %
фибриногендер 0,2-04 %
Азоттық заттар концентрациясы Азотсыз органикалық заттар
14-20 мм жалпы майлар 1-7г/л
мочевина 3-6 мм глюкоза 80-120 мг н/е 3,5-5,5
ммоль/л
амин қышқылдары 3-4 мм тұздар –қанның сарысуының 0,9
%
глютатион – SH, креатин,холин Na+, K+, Ca 2+,CI -,
HPO4,
Қан плазмасының
ақуыздары
Албуминдер
m=7000 жуық жай ақуыз
Жартылай ыдырау уақыты 7 күн
Қандағы мөлшері 50-60 г/л
Қанның коллоидты – осмостық қысымын сақтауда ролі ерекше
Глобулиндер
α1 – антитрипсин
α2 - макроглобулин – тромбин мен кининогеннің белсенділігін реттейді
α2 -гликопротеин – суық тигенде мөлшері артады
β – глобулиндер – трансферрин -2-3,2г/л, Fe тасымалдауға, қан плазмасының тұрақты
болуын қамтамасыз етеді.
β – глобулин – гемопексин – гемді өзіне байланыстырып, бүйрек арқылы оның сыртқа
шықпауын қамтамасыз етеді
Комплемент
11 ақуыздан тұратын көп компонентті күрделі жүйе.Антиденелермен әрекеттескенде
клетканың қызметін бұзуға, мембранасын зақымдауға дейін барады. Лейкоциттерді
белсендіреді. Клиникада қандағы бактерияларды анықтауға қолданады.
Кейбір ауруларда қанда өзгеше ақуыздар пайда болады, ол парапротеинемия деп
аталады
Қанның ферменттері:
Сау адамда қан плазмасының ферменттері 3 түрге бөлінеді:
1.Плазмоөзгешелік ферменттер - бауырда синтезделеді және өзінің
каталитикалық әсерін қан плазмасында көрсетеді.Плазмаөзгешелік
ферменттерге:бауырдың липопротеидлипазасы,холинэстераза,лизоцим,қан
ұюдың ферменттері,фибринолиз және кинингенез
ферменттері(тромбин,плазмин,ки-
ниноген ферменттері клеткада синтезделеді және өз қызметін атқарады.
2.Клеткалық немесе индикаторлы ферменттер - клеткада синтезделеді
және өз қызметтерін атқарады.Сау адамның қан плазмасында олардың
концентрациясы төмен және клеткалардың қартаюымен ыдырауының
физиологиялық процестерімен байланысты.
3.Экскреторлы ферменттер , негізінен бауырда синтезделеді.Оларға
лайцинаминопептидаза,қышқылдық фосфотаза және т.б жатады.Олардың
эксктреторлы деп аталуы олар ағзадан өттің құрамында шығады.
Патологиялық жағдайларда,қан плазмасында ферменттер мөлшері
менбелсенділігі артып немесе төмендеп кетуі мүмкін.
Артуы-гиперферментемия
Кемуі-гипоферментемия.
Эритроциттердің биохимиясы
Барлық клетканың 36-48 % құрайды.
1 мм3 4-5 млн-ға дейін жетеді
Өмір сүру ұзақтығы 110-120 күн.
Күн сайын 2-10” эритроцит ыдырап, соншалықты
эритроцит синтезделеді.
Клеткасында ядросы болмайды, сондықтан ақуыз
синтезі жүрмейді
1 сағатта қандағы барлық эритроцит 0,7г глюкоза
беретін энергияны пайдаланады.
Эритроциттерде пентозофосфаттық жол белсенді.
Ондағы глюкозаның 90 % гликолиз жолымен, ал
10 % пентозофосфаттық жолмен ыдырайды.
Эритроциттердің биохимиясы
Эритроциттерге қанмен түскен улы заттар,О2
бірден зақым келтіреді. О2 және басқа
тотықтырғыштар гемоглобинді метгемоглобинге
дейін тотықтырады, метгемоглобинде Fe 3+ үш
валентті. Ол О2 қосып алмайды, сондықтан
ұлпалардың тыныс алуын қамтамасыз ете
алмайды.
Hb(Fe2+) +O2 MetHb(Fe3+)+O2
Метгемоглобиннің түзілуі үздіксіз жүріп отырады,
күнделікті барлық гемоглобиннің 0,5 %-не
жуығы метгемоглобинге айналып отырады. Оның
қайтадан гемоглобинге айналуы НАДН-
метгемоглобинредуктазаның қатысуымен жүреді.
Эритроциттердің биохимиясы
Гемоглобин.
Жалпы қандағы мөлшері 13-16 %, эритроциттердің
95 % массасы гемоглобиннен тұрады.
96-98 % НвА, 2-3 % НвА2, 1 % НвҒ (α2, γ2)
Эритропоез – эритроциттердің түзілуі, эритропоэтин
деп аталатын гликопротеинмен жылдамдайды.
Бұл ақуыз бүйректе қанның ағысымен түсетін
ақуыз түзушіден түзілетін болуы керек.
Гемоглобин синтезі ретикулоциттерде жүреді.
Ретикулоцитте глобиннен α, β – пептидтік
тізбегінен және гемнен түзіледі. Гем синтезі
глициннен және сукцинил-КоА –дан басталады.
Оттегі ағзаға маңызды әсер ететін элемент
болып табылады,Бірақ оттегінің кейбір
түрлері ағзаға жағымсыз әсер етеді.
Ағзаны энергиямен қамтамасыз
ететін,клеткалық тыныс алу
барысында,оттегінің кейбір молекулалары
ағзаға түсіп,нәтижесінде оттегінің
токсикалық түрлері қалыптасады.Олар
“артық” (ағзаға қажет емес) энергияға
бай,стабилді емес байланыстар,сондықтан
олар ағзаға түскен кезде ағзаның кейбір
клеткаларының,артық энергия
есебінен,функциясы бұзылады.
Токсикалық оттегінің ағзаға әсері:
Олар организмге түскен кезде:зат алмасыуға
қатысатын клеткаларды зақымдайды,тұқым
қуалау ақпараты сақталған ДНҚ
құрылымын бұзады,және зиянды
холестерин синтезіне қатысып,соның
есебінен қауіпті ісік және атеросклероз
қалыптасады.Сонымен қатар оттегінің
токсикалық түрлері қартаю процесіне де
тікелей әсер етеді.
Оттегінің токсикалық түрлері:
1.Оксигемоглобин
2.Метгемоглобин
3.Карбгемоглобин
Карбгемоглобин
Тканьдерден өкпеге көмір қышқыл
газының тасымалдануы гемоглобинннің
қатысуымен өтетін бірнеше
механизмдер арқылы жүзеге
асырылады. Көмірқышқыл газының
шамамен 20% гемоглобиннің N- соңды
аминтоптарымен байланысқан,
көміртегі диоксидының қосылысы,
карбгемоглобин түрінде:Hb-NH-COOH
тасымалданады.
Көміртегі диоксидінің 80%
карбангидразаның және гемоглобиннің
қатысуымен түзілетін гидрокарбонаттар
калий және натрий гидрокарбонаттар
түрінде тасымалданады.
СО2 порциальды қысымы салыстырмалы
түрде жоғары болатын тканьдерде
көмір қышқыл газы эритроциттерге
диффузияланады да, карбангидразаның
әсерінен көмір қышқылын түзеді:
СО2+HOH H2CO3
Гидрокарбонат аниондары
эритроциттердің ішінде калий
гидрокарбонатын түзе отырып,
калий иондармен бейтараптанады.
Гидрокарбонаттардың басым бөлігі
қан плазмасына диффузияланып,
натрий гидрокарбонаттарын
түзеді. Сонымен гемоглобиннің
әсерінен эритроциттерде және
плазмада гидрокарбонатты буфер
қалыптасады.
Гидрокарбонаттар түрінде көмір
қышқыл газы өкпеге жеткізіледі.
Өкпеде кері процесстер жүреді.
Оттегінің жоғарғы парциальды
қысымы гемоглобиннен
протондарды ығыстырады да,
оксигемоглобин түзіледі.көмір
қышқылы карбонгидраза әсерінен
ыдырайды. Түзілген көмір қышқыл
газы өкпеден дем алатын ауа
арқылы шығарылады.
Оттегі мен көмір қышқыл газын
тасымалдау процесі барысында
эритроциттер мен қан плазмасында
түзілген көмір қышқылының
концентрациясы өзгереді, ол қанның рН
да өзгертуі керек еді. Алайда, қалыпты
жағдайда гемоглобиннің буферлік
қасиеттеріне байланысты ол мүмкін
болмайды. Гемоглобиннің әсерінен
гидрокарбонатты буфердегі қатынас
сақталады, қалыпты жағдайда ол 20:1
тең болады да, қанның рН-ы 7,36-7,44
аралығында жоғары дәлдәкпен
сақталып отырады.
Өкпенің гипервентиляциясы
кезінде қан плазмасында
көмір қышқылының
концентрациясы төмендейді
де, гидрокарбонатты
буфердегі қатынас артады
тыныс алу алкалозы
дамиды.
Гиповентиляция кезінде
көмір қышқылының деңгейі
артып, тыныс алу
ацидозы дамиды.
Егер ағзада, айталық кетон
денелерінің жинақталуынан
болатын метоболитикалық
ацидоз орын алса, онда
тыныс алу орталығы қозады,
өкпе вентиляциясы көбейеді
де, метоболитикалық
ацидоз тыныс алу
алкалозымен жартылай
компенсацияланады.
Метгемоглобин
Оттегі оксигемоглобиннің түзілуі үшін ғана
пайдаланылмайды, сонымен қатар гемоглобиннің
метгемоглобинге ферментті емес тотығуын тудырады,
мұнда темір 3 валентті. Метгемоглобиннің түзілуі ағзаға
тотықтырушылар, мысалы, бертолет тұзы, нитраттар,
нитриттер, анилин, нитробензол және т.б түскен кезде
байқалады.
Метгемоглобин оттегімен қосыла алмайды, сондықтан
тканьдердің тыныс алуын қамтамасыз ете алмайды.
Метгемоглобиннің түзілуі үздіксіз жүріп отырады: күніне
гемоглобиннің шамамен 0,5%-ы метгемоглобинге айналады.
Метгемоглобин қайтадан гемоглобинге
метгемоглобинредуктаза ферментімен (НАДН2 немесе
НАДФН2 пайдаланушы) тотықсызданады.
Гемоглобиннің метгемоглобинге
оттегімен тотығуы супероксидті
анионның(О2) пайда болуына әкеледі:
Нв(Fe++)+O2 MetHb(Fe+++)+O2
супероксидтті анион ағзада
тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш
та бола алады. Бір электронды
қабылдай отыра, тотықтырғыш ретінде
әсер етіп, сулы ортада ол сутегі
пероксидіне айналады:
O2+ e +H HO-OH
Сутегі пероксиді өз кезегінде
супероксидті анионмен бос
гидроксильды радикалды түзе
отыра, тотықсыздануы мүмкін (ОН):
О2+HO-OH OH*+ OH+O2
Гидроксильді радикал супероксидті
анионмен анионмен өзара әсер
еткен кезде синглетті оттегіні
түзеді, оның молекуласындағы
сыртқы орбитаның екі электронның
әртүрлі бағытты бар:
O2+OH* “O2+OH
Ағзадағы оттегінің белсенді
түрлері әртүрлі заттардың
өздігінен болған тотығу
реакцияларында, сонымен қатар
әртүрлі оксидазалар катализдейтін
реакцияларда түзіледі.
Супероксид(O2-), гидроксильді
радикал (ОН),сутегі пероксиды мен
синглентті оттегінің химиялық
белсенділігі жоғары және ағзаның
көптеген заттарымен, соның ішінде
нуклеин қышқылдарымен,
белоктармен және липидтермен
әрекеттеседі.
Оттегінің белсенді түрлері әсіресе
липидтерге неғұрлым көп зиянды әсер
етеді, олар қанықпаған май
қышқылдарының пероксидтері
түзілуінің тізбекті реакциясын іске
қосады. Пероксидтер тұрақты емес
және альдегидтерді түзе отыра,
ыдырайды. Липидтердің пероксидті
тотығуы липидтердің гидрофобтығын
төмендетеді, олардың конформациясын
өзгертеді, липидтердің молекулалары
және липидтер мен белоктардың
молекулалары арасындағы ковалентті
байланыстардың түзілуіне әкеледі.
Соның салдарынан мембраналық липидтердің тотығуы кезінде
мембраналардың құрылымы мен қызметтері күрт зақымдалады. Ал бұл өз
кезегінде эритроциттердің гемолизін тудырады.

Гемолиз- гемоглобиннің эритроциттердің қабығын жыртып
шығып, қан плазмасына өтуі. Сол себептен қанның түсі
қоюланады. Жасанды жағдайларда эритроцит гемолизі тек
гипотоникалық ерітінділерде байқалады.
Сау адамдарға
осматикалық төзімділіктің
төменгі шекарасы NaCl
0,42-0,48%, жоғарғы
шекарасы NaCl 0,30-0,34%
концентрацияда толық
гемолиз журеді.
Барлық клеткаларда, соның ішінде
эритроциттерде, оттегінің токсикалық
әсерінен қорғану механизмдері бар.
Мысалы, супероксидті анион
супероксиддисмутазаның әсерінен
сутегінің асқын тотығына айналады.:
О2+O2+2H супероксиддисмутаза H2O2+O2
Сутегінің асқын тотығы каталазаның
әсерінен су мен оттегіні түзе отырып,
ыдырайды:
2(H2O2) каталаза 2(H2О)+O2
Бізді қоршаған ортада оттегінің
токсикалық түрлері өте
көп.Олардың көзі:темекі
түтіні,алкаголь,тағам,ауа және
судағы сіңірілмеген
майлар,озон,азот оксиді.
Бірақ,адам организмінде осы
оттегінің токсикалық түрлеріне
қарсы жауап көрстетін
антиоксиданты қорғау жүйесі бар.
Қолданылған әдебиеттер:

1.Тапбергенов С.О “Медициналық биохимия” /Павлодар:
ЭКО, 2007 ж. 325-357 беттер
2.А.Я николаев “Биологическая химия” 1989 ж 245 бет
4.Азизова О.А. Биофизика 1985. 36-392беттер
5.Интернет желісі:
http://bioword.narod.ru/K/K095.htm

http://dic.academic.ru/dic.nsf/eng_rus/150403/%D0%BC
%D0%B5%D1%82%D0%B3%D0%B5%D0%BC%D0%BE
%D0%B3%D0%BB%D0%BE%D0%B1%D0%B8%D0%BD
Назарларыңызға
рахмет

Ұқсас жұмыстар
От тегінің токсикалық түрлері, олардың пайда болуы және ағзаның клеткаларына әсері
Оттегінің токсикалық түрлері. Олардың пайда болуы. Ағзаның клеткаларына әсері. Антиоксидантты қорғау жүйесі
Қанның қызметі
Эндотоксикоздың жүйелілігі
Қан плазмасының ақуыздары
Көмірсу алмасудың диагностикасы
Белок алмасуы
Бүйректегі зат алмасуының ерекшелігі
Дәріні ағзаға енгізу жолдары
ҚАН ӨКПЕДЕ
Пәндер