Иммундыэауаптың - нейроэндокриндіреттелуі




Презентация қосу
Семей Мемлекеттик Медицина Университеті
ИММУНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ВИЗУАЛЬДЫ ДИАГНОСТИКА КАФЕДРАСЫ

СӨЖ
Тақырыбы:Иммунды эауаптың
нейро-эндокринді реттелуі

Орындаған:Мырзағали Жадыра
337-топ ЖМФ
Тексерген: Абдрахманова Г. Ж.
Семей 2012 жыл
Ағзаның иммунды жауабы – жоғары спецификлық
үрдіс, бірақ оның интенсивтілігі бейспецификалық
нейрогуморальді жолмен реттеледі.
Нейрогуморальді реттелудің соңғы кезеңінде оның
механизмдеріне анализ жүргізіледі, нерогуморальді
әсерлесудің мүмкін болатын нысаналары зерттеледі,
нервтік және гуморальдік компоненттер және
олардың берілу жолдары.
Иммунды жүйенің жұмысы ми құрылымдарымен
реттеледі. Иммунды жауаптың интенсивтілігін
реттейтін ми құрылымдары: артқы
гипоталамикалық алаң, алдыңғы
гипоталамикалық алаң, гиппокамп, ортаңғы
мидағы ретикулярлы формация, шва ядролары,
миндалиналар.
Вегетативті нерв жүйесі, оның симпатикалық және
парасимпатиклық бөлімдері иммунды
реакциялардың интенсивтілігінің шартты орталық
өзгерістерін реттеуге қатысады. Бұл лимфоидты
жасушаларда орналасқан рецепторлармен
қабылданатын нейромедиаторлар арқылы жүзеге
асырылады, және екіншілік берілу жүйесі – циклды
нуклеотидтер арқылы лимфоциттердің метаболизімін
және функционалды активтілігін өзгертеді. Сонымен
қатар иммунды жүйенің орталық модуляциясы
эндокринді жүйе арқылы да реттеледі.

Иммунды жауаптың реттелу жолдары мен
механизмдері.
Гормональді, нервтік және нервтік-пептидтік жолдар
мидан иммунды жүйеге сигналдарды берудің негізгі
жолы. Жүйкелік және гуморальдік реттелу
нейромедиаторлар, нейропептидтер және гормондар
арқылы жүзеге асады.
Иммунды жасушаға әсер ету жолдары.
Лимфоидты жүйенің стромасы мен қатар
паренхимасы да симпатикалық және
парасимпатикалық жүйкелермен қамтылған.
Нейромедиаторлар мен нейропептидтер
аксоплазмалық транспорт с.қ., симпатикалық және
парасимпатикалық жүйкелерінің аксондары арқылы
иммунды жүйенің мүшелеріне жетеді.
Эндокринді жүйенің гормондары қанға
түсіп, қан ағымы арқылы иммунды
жүйе ағзаларына жеткізіледі.
Гормондар, нейромедиаторлар және
пептидтердің әсері жасушада
мембрана рецепторларымен
байланысуынан кейін басталады.
Жасушалық реттеу жүйесінің негізгі екі түрі бар. Біреуі
стероидты және тиреоидты гормондармен
қадағаланады. Бұл гормондардың бос молекулалары
жасушаға еніп, цитоплазмалық рецепторлармен
байланысады. Одан кейін гормонорецепторлық кешен
хроматиннің белгілі бір бөлігімен байланысып мРНҚ
және кейбір ақуыздар синтезіне әсер етеді. Олар
ферментативтік өзгерістерге әкеледі. цАМФ жүйесінің
активтенуі лимфойдты жүйенің қызметінің
төмендеуімен, цГМФ активациясы лимфоидты
жасушалардың қызметінің стимуляциясымен
байланыстырады.

Нейроиммунды әсерленіс.
Соңғы жылдары иммуннокомпонентті және жүйке
жасушалары арасындағы байланыстарды жүзеге
асыратын нақты медиаторлар анықталды.
Иммунореттегіш қасиеті бар нейропептидтердің
ашылуы жүйке жүйесінен сигналдардың иммунды
жүйеге берілу механизмі туралы түсінікті ұлғайтты
Иммуннокомпетентті жасушаларда көптеген
нейропептидтерге сәйкес келетін рецепторлар
анықталған. Бұл нейроиммунды әсерлесудің
эфферентті бұтағын жүзеге асыруға қатысатынын
көрсетеді.
Вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық
бөлімі және иммунды жауаптың реттелуі.
Лимфоидты ағзалар ВПЖ симпатикалық жүйкелерімен
жақсы қамтамасыздандырылған. Жүйке ұштарымен
бөлініп шығатын катехоламиндер иммуннокопетентті
жасушалардың пролиферациясы мен
дифференцировкасына жасуша мембранасында
орналасқан спецификалық рецепторларарқылы әсер
етеді.
Сонымен қатар лимфоидты ағзаларда гистохимиялық
және иммуногистохимиялық қасиеттері бойынша
АПУД-жүйесіне жатуы мүмкін жасушалар анықталған.
АПУД-жүйе ол мамандандырылған барлық маңызды
ағзаларда болатын, ағза деңгейінде, биогенді
аминдер және пептидті гормондар өндіру арқылы
гомеостазды сақтауға қатысатын арнайы жүйе.

Иммунды жүйенің ағзаларында олар өндіретін
биологиялық активті заттар:
а) тимус - серотонин, мелатонин, катехоламины;
б) сүйек кемігі - серотонин, мелатонин, СТГ
(соматотропты гормон);
в) көк бауыр- гистамин, серотонин;
г) лимфа түйіндері - гистамин.
Жоғарыдағы биологиялық активті заттар
маңайындағы иммунокомпетентті жасушаларға әсер
етеді.

Симпатикалық жүйке жүйесі, апудоциттер мен
лимфоиды ағзалар арасындағы арасындағы
әсерленістер туралы мәліметтер аздығына
қарамастан, апудоциттерден өндірілетін
катехоламиндер иммунды жауаптың түзілісіне
қатысады. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде
катехоламиндер Т-жасушалардың пролиферациясын
тежейді, Т-супрессорлардың дифференцировкасын
арттырады. Парасимпатикалық жүйке ұштарынан
бөлінетін ацетилхолин интерлейкин-1 мен
интерферон өндірілуін артттырады.
Эндокринді реттелу
АКТГ 3 түрлі иммунокомпетентті жасушалар
қызыметіне әсер етеді. Олар: макрофагтар, Т-, В-
лимфоциттер. АКТГ В-жасушалардың
дифференцировкасы мен өсуін жоғарылатады.
Тиротропин гормоны тимус тәуелді антигенге
антидене өндірілуін жоғарылатады. ТТГ әсер етуі үшін
Т-лимфоциттердің болы шарт.
Саматотропин гормоны. Т-жасушалық иммунодефецит
дамыған жағдайда СТГ Т-эффектор жасушалардың
пролиферациясы мен дифференцировкасын
арттырады.
Иммунды жауаптың аргинин-вазопрессин және
окситоцин арқылы реттелуі. АВП және окситоцин
гормондары өте төмен концентрацияда интерлейкин-
2 қызметіне әсер етеді. Хельперлік сигналдың
берілуіне қатысады.Самотостатин гомоны
гиперсезімталдықтың жедел типіндегі қабылулық
реакциялардың дамуына қатысады.
Иммунды жауаптың вазоактивті интестинальді полипептидпен ретттелуі. ВИП
лимфоциттер миграциясын реттеуге қатысады. Опоидтардың иммунды жүйеге
әсері оның дозасына байланысты.
Опоидты пептидтер иммуномодуляциялық әсердің кең спектріне ие:
Моноциттердің, полимороядролы лейкоциттердің және Т-жасушалардың
хемотаксисіне модуяциялық әсер.
Мактрофагтармен және тимоциттермен супероксидтік анион синтезінің
реттелуі.
Мес жасушалаына әсері.
Гуморальді иммунды жауаптың дамуына реттеуші әсер.
Активті цитотоксикалық жасушалармен табиғи киллер жасушаларының
активтілігіне реттеуші әсер.
Глюкокортикоидтар, инсулин лимфоциттер мөлшерін азайтады. Эстроген және
андрогендер фармакологиялық дозада тимустың массасын азайтып,
иммунокомпетентті жасушалар санын азайтады. Тиреоидты гормондан
иммунды жауапты белсендіреді. Паратгормон тимоциттердің пролиферативтік
қасиетін төмендетеді. Эпифиздің мелонин гормоны антиденетүзуші
жасушалардың түзілуін белсендіреді.

Пәндер