Бұлшық еттердің физиологиялық қасиеттері. Бұлшық еттердің жиырылу түрлері


Slide 1 Slide 2

«ЖМФ» 2 курс

«Физиология-І»

№ 4 тәжірибелік сабақ

Тақырып: Бұлшық еттердің

физиологиялық қасиеттері.

Бұлшық еттердің жиырылу

түрлері.

Физиологиялық пәндер кафедрасы

м. ғ. к., аға оқытушы Рахыжанова

Сауле Орынгазыевна

23-27. 09. 2013ж

Slide 3

Сабақтың мақсаты:

- бұлшық ет ұлпалардың (қаңқа және біріңғай салалы) физиологиялық қасиеттері және қызметтері бойынша оқытуда білім алу және оны бекіту;

- бұлшық ет жиырылуы және қажуының құрылымдық-функционалды негізі бойынша білім алу және оны бекіту;

- оқшауланған бұлшық еттердің жиырылу амплитудасының тітіркендіргіш күшіне тәуелділігін зерттеу дағдысын үйрену және оны бекіту;

- қол динамометрімен және эргометрмен жұмыс дағдысын үйрену және оны бекіту;

Slide 4

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Қаңқа бұлшық еттерінің құрылысы, физиологиялық

қасиеттері және қызметік ерекшеліктері.

2. Бұлшық еттің дара жиырылуы. Бұлшық етті тітіркендіру

және оның тіркеу әдістері.

3. Бұлшық ет жиырылуының құрылымдық-функционалды

негіздері, (механизмі) қозу мен жиырылудың арақатынасы.

4. Тетанус, оның түрлері.

5. Бұлшық ет күші мен жұмысы.

6. Бұлшық ет қажуы, оқшауланған бұлшық ет қажуының

теориялары және бүкіл ағзадағы қажуы.

7. Біріңғай салалы бұлшық еттің физиологиялық қасиеттері,

қызметтері әрекетінің реттелуі.

8. Электромиография, динамометрия, олардың медицинадағы

мәні.

Slide 5

Тәжірибелік жұмыстар:

1. Бұлшық ет жиырылуын жазып алу және

оның анализі.

2. Тісті және беткей тетанус.

3. Оқшауланған бұлшық еттердің жиырылу

амплитудасының тітіркендіргіш күшіне

тәуелділігі.

4. Динамометрия.

5. Эргография.

Slide 6

Бастапқы білім деңгейін бағалауға арналған бақылау сұрақтары:

1. Актин және миозин дегеніміз не?

2. Бұлшық етті тура тітіркендірудің бұлшық етті

жанама тітіркендіруден айырмасы қандай?

3. Саркоплазмалық ретикулум дегеніміз не?

4. Қозғалыстық бірлік дегеніміз не?

5. Қажу дегеніміз не?

6. Бұлшық ет жұмысын қалай анықтайды?

Slide 7

Тірек-қимыл аппараты

Slide 8 Slide 9

Бұлшық еттер түрлері:

Қаңқаның көлденең жолақты бұлшық еттері;

Жүректің бұлшық еттері;

Бірыңғай салалы бұлшық еттер.

Slide 10

Бұлшық ет ұлпасы адам денесі салмағының шамамен 35-40% құрайды. Омыртқалыларда бұлшық ет жүйесі 3 топқа бөлінуі мүмкін:

1. көлденең жолақты қаңқа бұлшық еті;

2. бірыңғай салалы бұлшық еттер (қан

тамырлары мен ішкі дене мүшелері) ;

3. жүрек бұлшық еті.

Slide 11

Бұлшық еттер ұлпасының түрлері

Slide 12

Бұлшық еттер ұлпа ретінде жасушалардан - бұлшық ет талшықтарынан құралады. Олар бұлшық еттердің құрылым бірлігі болып табылады. Бұл талшықтар ядродан, миофибриллалардан, саркоплазма мен гранулалардан тұрады. Оларда міндетті түрде митохондриялар болады. Осы структураларда тотығу және фосфорлану реакциясына жауапты ферменттер жиынтығы орналасады. Бұлшық ет талшығы көп ядролы, сыртынан сарколеммамен қапталған жасуша. Бұлшық ет талшығының ұзына бойына диаметрі 0, 5-2 мк ұзын жіпшелер - миофибриллалар орналасады. Олар бұлшық еттерге көлденең жолақтық береді. Бұл миофибриллаларда бірдей деңгейде әр түрлі структуралы дискалар - екі қайтара сәуле сындыра алатын анизотропты (қарапайым сәуледе олар күңгірт) және сәуле сындыра алмайтын изотропты (кәдімгі сәуледе олар ашық түсті) дискалардан тұрады.

Slide 13

Күңгірт Z сызықтар миофибриллаларды қиып өтіп саркомерлер құрайды, олардың ұзындықтары 2, 5 мк. Миофибриллалар арасы саркоплазмамен толтырылған, онда митохондриялар бар. Бұлшық ет миофибрилласы 2500 протофибриллалардан тұрады, олар актин мен миозин деген белоктардан құралған. Миозин жіпшелері актинге қарағанда 2 есе жуан келеді. Тыныштық күйде актин жіпшелері ұштарымен миозин жіпшелерінің арасына кіріп тұрады. I дискісі тек актин талшықтарынан тұратын болса, A дискісі актин мен миозин талшықтарынан құралған. H жолағы актин жіпшелерінен бос аймақты көрсетеді. Z мембрана I дискісінің ортасынан өтіп талшықтарды өзара бекітіп тұрады.

Slide 14 Slide 15

Сурет 1

Slide 16 Slide 17

Қаңқа бұлшық еттері

Скелетные мышцы

Slide 18

Бұлшық еттердің негізгі физиологиялық қасиеттері:

қозғыштық,

қозу өткізгіштік,

жиырылғыштық.

Slide 19

Бұлшық еттің физиологиялық қасиеттері

1. Қозғыштық - бұлшық еттің тітіркендіргішке қозу потенциалын түзе отырып жауап бере алуы;

2. Өткізгіштік - бұлшық ет бойымен қозудың өткізіле алуы;

3. Жиырылғыштық - бұлшық еттің қозу кезінде ұзындығын немесе кернеуін өзгерте алуы;

4. Эластикалық (созылғыш, майысқақтық) - жиырылудан кейін бұлшық еттің бастапқы пішініне келе алуы;

5. Пластикалық - бұлшық еттің өзгерген ұзындығы пішінін біраз уақытқа дейін сақтай алуы.

Slide 20

Қозуды өткізу жылдамдығы:

-көлденең жолақты қаңқа бұлшық еті - 3, 5-14 м/сек;

-көлденең жолақты жүрек бұлшық еті - 0, 5-1м/сек;

-бірыңғай салалы бұлшық еттер- 0, 5мм - 5-10см/сек.

Slide 21 Slide 22 Slide 23

Қозғалтқыш бірлік

Жұлынның бір қозғалтқыш нейроны (мотонейрон) мен оның иннервациялайтын бұлшық ет талшықтары.

Slide 24

ҚОЗҒАЛТҚЫШ БІРЛІК

Slide 25 Slide 26 Slide 27 Slide 28 Slide 29 Slide 30

Режимы сокращения мышц

Slide 31

Синапста қажу локализациясы

Slide 32 Slide 33 Slide 34 Slide 35 Slide 36

Дара тітіркендіргіш әсеріне бұлшық ет дара жиырылу арқылы жауап береді; ол үш кезеңнен тұрады:

латентті;

қысқару ;

босаңсу.

Slide 37

БҰЛШЫҚ ЕТТІҢ ДАРА ЖИЫРЫЛУЫ

Slide 38

Бұлшық еттердің дара жиырылуы тек лабораториялық жағдайларда кездеседі, ал бүтіндігі жойылмаған организмде ол жоқ. Организмге қалыпты күйде тән жиырылу - сіресіп жиырылу.

Slide 39

Тетанусқа тән : тез арада пайда болып, таралатын қозу толқыны.

Тонусқа тән: жергілікті ұзақ мерзімді, тұрақты таралмайтын қозу.

Slide 40 Slide 41

Бұлшық ет - ұзын, цилиндр тәрізді көп ядролы миоциттерден тұрады. Миоциттерде бұлшық еттің жиырылғыш элементтері миофибриллалар орналасады. Миофибрилла актин мен миозин белоктарынан тұрады.

Slide 42

Актин белоктарының құрамына модуляторлы белоктар - тропонин мен тропомиозин енеді.

Бұлшық ет талшығы құрылымды-функциялық бірліктер саркомерлерге бөлінген.

Slide 43 Slide 44

Миоцит мембранасы - сарколеммада саркоплазмаға қарай бағытталған көлденең Т-өсінділері болады. Олар миофибрилді саркомерлерге бөлетін Z мембраналарының тұсында орналасқан. Саркоплазмалық ретикулум мембрананың Т-өсіндісімен түйісіп Са+ иондарымен толған цистерна құрайды. Бір Т-өсіндімен екі ретикулум цистернасынан триада құралады.

Slide 45 Slide 46 Slide 47

Хаксли лабораториясында әр түрлі жағдайлардағы бұлшық еттің препаратын жасап, соның негізінде «тайғанайтын жіпшелер» теориясы ұсынылды.

Бұлшық еттер жиырылғанда А дискісі ұзындығын өзгертпейді.

I дискісі қысқарады, сонымен бірге саркомер көлемі кішірейеді.

Н аймағы қысқарып, мұнда оптикалық тығыздық аймағы байқалады.

Екі Н арасы өзгермейді.

Slide 48

Бұлшық ет жиырылуы

Импульс сыртқы саркоплазмалық мембрананың деполяризациясын тудырады. Тыныштық күйде Са+ жоқ, сондықтан АТФ-аза әрекетсіз. Қозу Са+ ионынының ретикулумнан шығуымен аяқталады - электрохимиялық кезең. Са+ ионының әсерінен АТФ-аза АТФ молекулаларын ыдырата бастайды.

Slide 49

Бұлшық еттер жиырылуы

Импульс сыртқы саркоплазмалық мембрананың деполяризациясын тудырады. Тыныштық күйде Са2+ ретикулумда жоқ, сондықтан АТФаза әрекетсіз. Қозу Са2+ ионының шығуымен аяқталады - электрохимиялық кезең. Са2+ ионы босап шыға салысымен АТФаза АТФ молекулаларын ыдырата бастайды. Бұлшық ет босаңсығанда Са2+ саркоплазмалық мембранадағы ретикулумге активті механизм арқылы қайтарылады. Ал егер бұлшық етте АТФ болмаса жиырылмаған бұлшық ет босаңсымайды да қасарысып қалады (мышцы сводят) - контрактура. Мұндай жағдайда көпіршелер байланысы қатайып қалады. Контрактураға мысал - адам өлген кездегі бұлшық еттердің қатып қалуы.

Slide 50

Бұлшық еттер жиырылу теориялары. Соңғы уақыттарда қолданылатын теориялардың ішіндегі кеңінен таралғаны молекулярлық «тісті өткізу» теориясы. Бұлшық еттер механохимиялық жүйеге жатады. Оны құрайтын протофибриллалар ұзындығы бірдей - 2µ . Әрбір жуан протофибрилла жуандығы 200 А тең болса, жіңішке протофибриллалардың жуандығы-50 А тең. Олардың өзара орналасуы гексогоналды 6-бұрышты, әрбір жуан белок-миозин 6 жіңішке белок-актинмен қоршалып тұрады. Модуляторлы белок-трипсиннің әсерінен миозин екі молекулаға ыдыврайды:

1. ауыр меромиозин-глобулярлық;

2. жеңіл меромиозин-фибрилярлық. Молекулярлық салмағы- 5. Энгельгарт пен Любимова алғашқы рет миозин молекуласында ферменттік қасиет бар екенін ашқан.

Актин. Молекулалық салмағы- 7-тізбек құрайтын глобулалар. Екі еселенген спиральдің бұралуымен түзіледі. Ферменттік қасиеті жоқ Бірақ АТФ-пен комплекс түзеді. Саркомердің құрылыстық бағытына «жебе оғы ұшы» (наконечник стрелы) феномені тән. Хаксли лабораториясында әр түрлі жағдайдағы бұлшық еттің препаратын жасап, оның негізінде «тайғанайтын жіпшелер» тоериясы ұсынылды.

1. А дискісі бұлшық етттер жиырылу барысында өз ұзындығын өзгертпейді.

2. І дискісі қысқарады, сонымен бірге саркомер көлемі кішірейеді.

3. Н аймағы қысқарып, мұнда оптикалық тығыздық аймағы байқалады.

4. Екі Н арасы өзгермейді.

Жуан және жіңішке протофибриллалардың өзара сырғанауы жүзеге асады.

Бұлшық еттер күші

Бұлшық ет күшін - оның көтера алатын жүк салмағымен анықтайды.

Күш бұлшық ет жуандығы мен оның көлденең қимасы ауданына тәуелді.

Бұлшық еттің абсолютті күші - максималды дамытылған бұлшық ет кернеуінің оның көлден қимасы квадраты қатынасына тең.

Өлшем бірлігі кг/см2

Екі түрлі көлденең қима бар: геометриялық және физиологиялық.

Бұлшық ет жұмысы

Бұлшық ет жұмысы - көтерілген жүк салмағы мен оны көтеру биіктігі көбейтіндісімен анықталады.

W=HP мұнда W - жұмыс, H - биіктік, P - жүктеме салмағы.

Өлшем бірлігі - кг . м

Жұмыс түрлері:

Динамикалық

Статикалық

Орташа жүктеме заңы:

Орташа ырғақты жұмыс кезінде бұлшық еттер жұмыс қабілеті ұзаққа сақталып - жұмыс көп жасалады.

Қажу

ГУМОРАЛДЫ-ЛОКАЛДЫ ТЕОРИЯ

Әлсіреу

Тұншығу

Улану

ЖҮЙКЕЛІК ТЕОРИЯ

Белсенді дем алу

Ой еңбегінің дене еңбегімен алмасуы;

Қарама-қарсы қолдар жұмысы.


Ұқсас жұмыстар
Ет ткані. Қаңқа ет тканінің регенерациясы. Өмір сүру салтына және жасқа байланысты бұлшық еттердің өзгерісі. Жүрек ет тканінің регенерациялық қабілеті. Эпидермальды және нейралды ет ткані
Жиырылу аппараты
Баяу және шапшаң мотонейрон ерекшеліктері
Бағытталған түрлі гимнастикалық жаттығуардың бұлшық еттерге әсері
Бұлшықеттердің жиырылу түрлері
Бұлшықет жиырылу түрлері
Сенсорлық жүйе
Дененің еркін қимылы
Жануарлар ағзасының өсімдіктер әлемінен бір айырмашылығы - қимыл қызметін атқаратын бұлшық еттердің болуы
Бірыңғай салалы бұлшықет ұлпалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz