Ілияс Есенберлин шығармалары-қазақ халқының тарихи ұлттық санасының қалыптасуының қайнар көзі




Презентация қосу
«Ілияс Есенберлин – қазақ әдебиетінің ғана емес, қазақ
халқы тарихының төрінен алатын дара тұлға. Олай деуіміздің
бірнеше себептері бар. Қазақ хандығының бостандық пен
тәуелсіздік жолындағы күресі тақырыбына қалам тартты.
Қалам тартып қана қойған жоқ, өзінің эпикалық құлашы,
халық өмірінің сан алуан қырын кең қамтуы, қазақ тарихының
кемеңгер көсемдерінің қайталаңбас бейнесін сомдауы
жағынан өзге туындылардан оқ бойы алда тұрған талантты
шығармасы - «Көшпенділер» тарихи трилогиясын дүниеге
әкелді. Бүгінде дүниежүзінің көптеген халықтарының тіліне
аудрылып, әлденеше рет басылған жазушының осы еңбегін
хандық дәуірдегі қазақ өмірінің энциклопедиясы десек артық
айтқандық бола қоймас».

Нұрсұлтан Назарбаев
Мазмұны:
Кіріспе.
Негізгі бөлім:
1. Жазушының өмірбаяны
2. Шығармашылығы
Қорытынды.
Пайдаланған дерек көздері.
Кіріспе
Ұлттық тарихи сананың тамыршысы бола білген, ғасырлар
тағылымын зердесіне тоқыған І.Есенберлиннің шығармалары
тарихымызды әріден толғап, хандық жүйеден кейінгі Ресей
өкіметінің отарлау саясатын да бейнелеп, қалың қазақтың
жүрегіне жол тапты. Ілияс Есенберлиннің сан қырлы
шығармашылық өнері өз заманының саяси жүйесінің
қалыбына сыймады. Ата тарихымыздың «ақтаңдақтарын»
зерттеуге тиым салынған жылдары ол қиын да күрделі
тақырыптарға қалам тартты. Ілияс Есенберлиннің қазақ
ұлтының тарихи жадысының оянуына ерекше ықпал етіп,
ұлттық санаға ерекше еңбек сіңірген ерен тұлға екенін ұлы
төреші уақыт дәлелдеп берді. “Көшпенділер” алған асуынан,
көрінген биігінен аласармады. І.Есенберлиннің жазушылық
жолын шолып, тұжырымдай келгенде, оның қаламына тән
ерекшеліктер көзге айқын шалынады.
Өмірбаяны
1915 жылдың 10 қаңтарында, Ақмола
облысының Атбасар уезінде,
ағаш шеберінің отбасында дүниеге келді.
Ілияс Есенберлин және інісі Раунақ ерте
жетімсіреп қалды, өйткені олардың әке-
шешесі індет (қорасан) кезінде қайтыс
болды. Туыстар Раунақты өзіне алды,
ал Ілияс панасыз қалды. Әлсіреп кеткен,
ауырып қалған, ашыққан Ілияс балалар
үйіне түседі. Мектеп қабырғасында
математикаға өзінің бейімділігін көрсетіп,
қазақ фольклорын да керемет білген
екен. Әлемдік классика туындыларын
оқып, суретті жақсы салған.
Мектептен соң рабфакта (жұмысшы факультеті)
оқып, 1940 жылы Алматы металлургиялық
институтын бітірді. Ұлы Отан соғысына қатысып,
майданда ауыр жарақаттанды, 1944 жылы
Алма-Атыға қайтып келді. Ілияс Есеберлин
«халық жауы» Хамза Жүсіпбековтың қызына
үйленіп, саяси құғынға ұшырады. Осы
үшін жұмыстан қудаланып, Қарақұм каналының
құрылысына жер аударылып, қаза таба
жаздады. Болашақ жазушы білімі бойынша
инженер болғандығы арқасында ғана тірі
қалады. Мұнда ол құрылыстың маңызды
аймағын басқарды. Сталин өлімінен кейін Ілияс
Есенберлин есімі, ақталды.
Ілияс жұбайымен бірге Семей облысында орналасқан кен
ошағына барады. Ілияс Есенберлин соғысқа қатысқанда
өз шығармаларын жаза бастады. 1945 жылы
алғашқы поэтикалық шығармалары жарық көрді. Дегенмен,
соғыстан кейін ғана жазушылыққа өз жақындығын түсінді.
Алматы қаласына көшіп, көркем әдебиет баспасында
редактор болып жұмыс істеді. Мұнда «Адам туралы ән»
романын жаза бастады. Кейін Есенберлин
киностудияға жұмысқа тұрып, Қапан Сатыбалдин, Шәкен
Айманов, Олжас Сүлейменов және өнер
саласындағы басқа майталман адамдармен бірге жұмыс.
Жазушы 1983 жылдың 5 қазанында жүректің жарылуынан
қайтыс болды. Осы күні Ілияс Есенберлинның
• 1942-1947 жылдар аралығында Қазақстан КП ОК-нің
нұсқаушысы,
• 1951 жылдары Қазақ мемлекеттік филармониясының
директоры,
• 1953-1954 жылдары ҚР Геология министрлігінде аға инспектор
1954-1955 жылдары Берсүгір шахта басқармасының (Ақтөбе
облысы) бастығы,
1955-1957 жылдары Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет
баспасының аға редакторы,
1958-1967 жылдары "Қазақфильм" киностудиясының аға
редакторы, сценарий редколлегиясының мүшесі,
1967-1971 жылдары "Жазушы" баспасының директоры,
1971-1975 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы
басқармасының 2-хатшысы болып қызмет атқарады.
Шығармашылығы
І. Есенберлин қазақ әдебиетінде өнімді еңбек
еткен аса көрнекті жазушылардың бірі.
Алғашында ақын ретінде танылған оның
шығармалары 1940 жылдан бастап жарық көре
бастайды. 1945 жылы "Сұлтан", "Айша"
дастандары, "Адамгершілік туралы жыр" өлеңдер
жинағы (1949), революционер, большевик Ә.
Майкөтовке арналған "Большевик туралы
поэмасы" (1957), "Біржан сал трагедиясы" (1959)
дастандары жарияланды. 1960 жылдары проза
жанрына қалам тарта бастады. "Өзен жағасында"
(1960), "Толқиды Есіл" (1965), орыс тілінде
жазылған "Адам туралы ән" (1957) атты повестері
жарық көрді.
"Айқас" (1966), "Қатерлі өткел" (1967),
"Ғашықтар" (1968), "Қаһар" (1969), "Алмас
қылыш" (1971), "Алтын құс" (1972),
"Жанталас" (1973), тың туралы
"Көлеңкеңмен қорғай жүр" (1974)
романдары, "Көшпенділер" трилогиясы
(1976), Алтын Орда трилогиясы (1982-1983),
"Махаббат мейрамы", "Алыстағы аралдар"
(1983), Аққу құстың қуанышы" (1984)
романдары, шығармаларының онтомдық
жинағы (1984-1990) жарияланды.
Есенберлиннің "Маңғыстау майданы",
"Аманат" (1978) романдары қазақ
әдебиетіндегі сүбелі шығармалары
қатарында. Кеңес өкіметі жылдарында туып
қалыптасқан қазақ интеллигенциясының
өмірін, олардың қазақ даласында
социалистік өнеркәсіп орнату жолындағы
қажырлы еңбегін, ескіліктің адам
санасындағы қалдығына қарсы күресті
баяндайтын "Айқас" романына 1968 жылы
Қаз КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді.
Марапаттары
Еңбек Қызыл ту ордені
«Құрмет белгісі» ордені
«За боевые заслуги»
«За оборону Ленинграда» медалі
Қазақ КСР мемлекеттік сыйлықсының
жүлдегері, 1968 жыл («Айқас» романы
үшін).
Тарихи романдары
Есенберлиннің нағыз жазушылық орнын
белгілеген шығармалары — "Қаһар", "Алмас
қылыш", "Жанталас" атты тарихи романдары.

Тарихи романдар деп өткен тарихтың
маңызды оқиғаларын қайта жаңғыртып,
оларды көркем түрде баяндайтын
романдарды айтады. Жазушылар тарихи
романда тарихты жаңғыртумен шектеліп
қоймай, адамгершілік, психологиялық, мәдени
мәселелерді біртұтас көтеруге көңіл бөледі.
«Көшпенділер» қазақ
халқының, ұлттық
тарихының бастау көзі
беріде емес, әріде
жатқандығына жөн
сілтеді. Бүкіл бір халықтың
өмір-тарихы ұмытылып
бара жатқандығын еске
сала отырып, оған кінәлі -
коммунистік саясат
екендігін ашып айтпаса
да, өмір ағысы басқа
арнамен ағып бара
жатқандығын, тарих
беттері
бұрмаланғандығын
көркем тілмен бейнелеп
берді.
Қорытынды
Бүгінгі ұрпақ қазақ тарихынан
І.Есенберлин шығармалары арқылы
сусындады, солар арқылы танып, білді.
Әміршілдік жүйенің тар бұғауына
шегендеп қойған тар кезеңнің өзінде- ақ
бар ауыртпалықты қайыспай көтерген
жазушының ерлігі мен ел алдындағы
азаматтық биік тұлғасына бас июден артық
құрмет те болмақ емес.
Пайдаланған дерек көздері
http://www.qamshy.kz/article/iesenberlyn-
shindiq-izdep-brezhnevtinh-atina-otinish-xat-
zhazghan.html

http://netref.ru/eoj-818-992-tarihi-sanani-
tamirshisi.html

http://e-history.kz/ru/contents/view/3835

Ұқсас жұмыстар
Қазақ солдаты
Аты әлемге мәшһүр жазушы. Ілияс Есенберлин 100 жыл
"Әдебиет пен өнер" тақырыбындағы сабақ жоспарына презентация
XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ зиялылары
Ілияс Есенберлин (1915 – 1983)
Есенберлин қазақ әдебиетінің ғана емес, қазақ халқы тарихының төрінен лайықты орын алатын дара тұлға
Қарағанды обл
Үш бәйтерек: тағдыр мен тағылым
Ілияс Жансүгіровтің шығармашылығы
Әдебиет пен өнер
Пәндер