Гормондардың биохимиясы. Тағам қорытылу реттелуінің биохимиялық механизмдері асқазан- ішек жолдың гормондары


Slide 1

СӨЖ

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім:

1. Асқазан-ішек жолдың гормондары немесе

гастроинтестинальды гормондар

2. Гастроинтестинальды гормондардың түрлері

және маңызы

3. Асқазан-ішек жолдың гормондарының түзілу

орны

4. Асқазан-ішек жолдың гормондарының қызметі

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Ішек - қарынның кілегейлі қабығында әсіресе қарын пилорусы мен он екі елі ішекте көптеген гормондар түзіледі. Олар қанға енеді де, алдымен ас қорыту процесін зат алмасу, өсіп - өну, есею процестерін реттеп, басқарып отырады. Қарын мен ішекте түзілетін мұндай гормондар (грек. gaster асқазан + лат. intestinum ішек) гастроинтестинальдық деп аталады.

Slide 4

1. Асқазан-ішек жолдың гормондары немесе

гастроинтестинальды гормондар

Олар:

- белсенді биологиялық активті пептидтер тобы. - эндокрин жасушалардан, асқазан-ішек жолдары

нейрондарынан, ұйқы безінен бөлінеді. - бірқалыпты секреторлы қызметке, сіңуге, асқазан-ішек

жолдарының қанмен қамтамасыз етілуіне және

трофикалық қызметіне қатысады

Бірнеше белгілерімен ерекшеленеді: - гормон түзетін жасушалар бір-бірінен алшақ орналасқан. - гормон құрамындағы пептидтер ОЖЖ де, перифериялық нерв жүйесінде және зәр шығару жүйесі мен өкпеде кездеседі. Басқа гормондар сияқты ОЖЖсі арқылы реттеліп отырады.

Slide 5

2. Гастроинтестинальды гормондардың түрлері

және маңызы

Қазіргі кезде ішек-қарын шырышты қабығынан шамамен

25 гормон бөлініп шығатыны анықталды. Олардың көбі пептидтер, ал бірқатары мысалы, гастрин, секретин, холецистокинин-панкреозимин, энтерокинин, гастрон т. б. бұрыннан белгілі.

Гастроинтестинальды гормондардың туыстастығы:

1. Гастрин туыстастығы: (гастрин, холецистокинин)

2. Секретин туыстастығы: (глюкагон, энтероглюкагон, вазоактивный интестинальды полипептид, асқазан ингибирлеуші пептид и және т. б .

3. Панкреатиттік пептид(панкреатиттік пептид және нейропептид рилизинг-гормон, соматостатин, мотилин, нейротензин и др

Slide 6

Жұмыс істеу механизмі:

спецификалық цитомембраналық рецепторлармен әрекеттескеннен кейін аденилат-циклазды механизм іске қосылады, ол жасушалық метаболизмді іске қосады, нерв жүйесі арқылы барлық беріледі, ол асқорту органдарын асты қорыту кезінде де тыныштық кезінде де қамтамасыз етеді.

Slide 7 Slide 8

Асқазан-ішек жолдарының көптеген патологиялық жағдайы осы гормондардың жұмысының бұзылуынан болады. Астыда көбірек зерттелген гастроинтестинальды гормондар мысалға келтірілген:

Соматостатин- асқазан, жіңішке ішектің проксимальді бөлігі, ұйқы безінде түзіледі. D жасушалары. Инсулин, секретин, мотилин, гастрин, глюкогон бөлінуді тежейді; асқазанның париетальді бөлігінің белсенділігін және ұйқы безінің аринарлық жасушаларын тежейді.

3. Асқазан-ішек жолдың гормондарының

түзілу орны

Slide 9

Он екі елі ішектің D- және A- клеткаларында, ұйқы безінің A- клеткаларында орналасқан. Соматостатин ұйқы безінің аралша аппараттарына әсер ету арқылы өсу гормондарының және тиреотропиннің секрециясын басады, инсулин, глюкагон, гастриннің бөлінуін тежейді, асқазан секрециясын басады. Ұйқы безінен су және бикарбонаттардың бөлінуін белсендіретін секретинді басады, амин қышқылдары мен пептон қосылысын енгізгеннен кейінгі эндогенді холецистокининнің бөлінуін белсендіретін ферменттер секрециясын тежейді. Қандағы гастриннің деңгейіне әсер етпей, асқазан моторикасын тежейді

Соматостотин

Slide 10

Вазоактивті интестинальді (ВИП) пептид- асқазан-ішек жолының барлық бөлігінде кездеседі. D жасушалары. Холецистокенин жұмысын, тұз қышқылы мен асқазан пепсинінің секрециясын, тежейді, қантамырлардың және қуықтың бірыңғай салалы бұлшықеттерін босаңсытады

Бульбогастрон- асқазанның антральді бөлігінде түзіледі. Gжасушалар. Асқазан секрециясын және моторикасын тежейді.

Бұл пептид он екі елі ішекте орналасқан. Қосымша мәліметке сүйенсек бульбогастрон асқазан мен он екі елі ішек арасындағы рефлекстік жолдардың жұмысын іске асыруға қатысады

Дуокринин- орналасуы, секреттелуі, құрылымы белгісіз.

асқазанның антральді бөлігінде түзіледі. Gжасушалар. Он екі елі ішектен броуннер бездерінен секрет бөлінуді белсендіреді.

Slide 11

Вазоактивті интестинальды полипептид (ВИП)

D- немесе H- клеткада орналасқан. ВИП секретин- гастрин тобына кіреді. Гормон химиялық жағынан иденцифирленген және синтезделген, оның молекуласы құрылымға ие. ВИП биологиялық және радиоиммунохимиялық әдіспен анықталады.

Slide 12

ВИП бүкіл асқорыту жүйесінде таралған, негігі қызметі жіңішке ішекте.

Ол :

тамырларды кеңейтеді гипотоникалық әсер көрсетеді, әсіресе, өкпенің және бауырдың тамырларын кеңейтеді.

Трахеяның, асқазанның, өт қабының жайпақ бұлшық еттерін босаңсытады, қан ағысын тездетеді.

Гормон холецистокининнің әсерін тежейді, бірақ басқа гормондардың өт бөлуін күшейтеді. Пантогастрин және гистаминмен белсендірілген асқазан қышқылы және пепсиннің секрециясын тежейді.

Ас қабылдағаннан кейін гастрин деңгейі төмендейді.

Гормон бауырдағы және ішектің шырышты қабатындағы цАМФ мөлшерін көбейтеді.

Липолиз және гликогенолизді белсендіреді және инсулиннің бөлінуін күшейтеді.

Slide 13 Slide 14

Панкреатикалық полипептид (ПП) - ұйқы безінде түзіледі. D2- жасушалары. Антагонист ХЦК-ПЗ- жіңішке ішек қабықшасының, ұйқы безінің және бауырдың пролиферациясын күшейтеді. Көмірсулар мен липидтердің алмасуына қатысады.

Гастрин- асқазанның антральді бөлігі, ұйқы безі, жіңішке ішектің проксимальді бөлігінде түзіледі. Gжасушалар. Асқазанның, он екі елі ішектің, қуықтың босаңсу моторикасын іске асырады; пепсиннің бөлінуін реттейді.

Гастрон- орналасуы мен құрылымы, секрециясы белгісіз.

асқазанның антральді бөлігінде түзіледі. Gжасушалар. Асқазан секрециясының көлемін төмендетеді және асқазан сөлінен қышқылдың шығуын қамтамасыз етеді. Асқазан сөліндегі тұз қышқылының мөлшерін 50% - ке төмендетеді.

Урогастрон- орналасуы мен құрылымы, секрециясы белгісіз. Ол 52 аминқышқылы қалдығынан тұрады, бірақ оның орналасуы нақты дәлелденбеген. Урогастрон асқазан және ұйқы безін алып тастаған операциядан кейігі науқастардың зәрінен табылған.

Slide 15 Slide 16

Бомбезин- асқазан, жіңішке ішектің проксимальді бөлігінде түзіледі. Ржасушалар. Гастрин бөлінуді реттейді. Қуықтың жиырылуын, ұйқы безінен фермент бөлінуді қамтамасыз етеді, энтероглюкагон бөлінуді күшейтеді. аминқышқылының қысқа тізбегінен құралған полипептид. Өтті бөлу қабілеті холецистекинин деңгейінен де жоғары. Бомбезин гастрин және холецистокинин бөлінуі үшін лизинг - фактор ретінде өзіндік қызмет атқарады. Асқазан секрециясын белсендіреді, өт қабын жиырады, гасртин мен холецистекини бөлінуін белсендіреді.

Холецистокинин-панкреозимин (ХЦК-ПЗ) - жіңішке ішекте түзіледі. I-жасушалары. Ферменттердің шығуын және әлсіз түрде ұйқы безінен бикарбонаттардың шығуын қамтамасыз етеді. Асқазанда тұз қышқылының секрециясын тежейді, қуықтың жиырылуын күшейтеді, жіңішке ішектің моторикасын күшейтеді.

Энтероглюкагон- жіңішке ішекте түзіледі. ЕС1-жасушалар. Асқазанның секреторлы тежейді, асқазан сөлі құрамында К+ді төмендетеді де Са2+ті жоғарылатады, жіңішке ішек пен асқазан моторикасын тежейді.

Slide 17

жіңішке және он екі елі ішектің I-клеткаларында орналасқан. Бұл он екі елі ішек, бауыр, ұйқы безі, асқазан сияқты мүшелердің жұмысын реттеуге қатысатын асқазан- ішек жолының негізгі гормоны ғана емес, тәбеттің ашылуы, зат алмасуды реттеу сияқты нәтиже береді. Холецистекинин- панкреозимин өт қабын жиырады, ішектегі су, натрий, калий, хлор адсорбциясын азайтады, өт және бруннер бездерінің секрециясын күшейтеді.

Холецистекин панкреозимин

Slide 18

Қан сарысуында инсулин деңгейін жоғарылатады.

Жоғарғы артериядағы қан ағысын күшейтеді,

жүйелік артерия қысымын төмендетеді,

ұйқы безіне трофикалық әсер көрсетеді,

тәбетті төмендетеді,

тойымдылық сезімін тудырады,

мидың электрлік белсенділігін қолданып, аш қарындағы деңгейі- 0, 75 пг/мл, астан кейін - 18, 6- дан 29, 3 пг/мл - ге дейін ауытқиды.

Slide 19

Секретин- жіңішке ішекте түзіледі. Sжасушалар. Ұйқы безінде, бауырда, Буннер бездерінде бикарбанаттар мен су секрециясын реттейді.

Мотилин- жіңішке ішектің проксимальді бөлігінде түзіледі. ЕС2-жасушалар. Асқазан пепсинінің, ұйқы безінің секрециясын қоздырады, асқазаннан қоймалжың заттың шығуын тездетеді . 22 аминқышқылынан тұратын, молекулалық массасы 2700 болатын полипептид. Мотилин асқазан моторикасын және асқазан секрециясын қоздырады, он екі елі ішек құрамының эвакуациясын тездетеді, радиоиммунохимиялық әдіспен аш қарындағы мөлшері 30-дан 100 пг/ мл - ге дейін ауытқитыны анықталды.

Гастроингибирлеуші пептид (ГИП) - жіңішке ішекте түзіледі. К-жасушалар. Тұз қышқылы мен пепсиннің бөлінуін, гастриннің босауын, асқазан моторикасын тежейді; тоқ ішектің моторикасын қоздырады.

Slide 20

жіңішке ішектің S- клеткаларында орналасқан. 1866 жылы секретин молекуласындағы аминқышқыл реттілігі ашылған. Секретиннің молекулалық массасы 3035. 17-34 аминқышқылды гастриннің деңгейін төмендетеді, асқазанның қызметін және жіңішке ішектің электрлік белсенділігін тежейді.

Секретин

Slide 21

Секретинді енгізгеннен кейін қанда инсулин деңгейі төмендеп, құрамындағы глюкагон азаяды. Секретин өңештің жиырылуын босаңсытады, ұйқы безіндегі және оның сөліндегі цАМФ мөлшерін көбейтеді, өт қабының жиырылуы кезінде холецистокининнің әсерін күшейтеді. Су мен натрий абсорбциясын тежейді, клеткалардың гастринмен

шақырылған

гиперплазиясын төмендетеді.

СекретиСекретин

н

Slide 22

Секретин ұйқы безіне трофикалық әсер етеді. Ішектің әртүрлі бөлігінен гормон алу гормон градиентінің асқазаннан жуан ішекке қарай төмендейтінін көрсетті. Қандағы эндогенді секретин мөлшерін өлшеу биологиялық әдіспен іске асады. Ұйқы безінің секрециясын тудыратын секретиннің ең аз мөлшері клиникалық бірлік ретінде анықталды.

СекретиСекретин

н

Slide 23

Нейротензин- ас ішектің дистальді бөлігінде түзіледі. N-жасушалар. Тұз қышқылы секрециясын тежейді, глюкогонның босап шығуын күшейтеді. Гипоталамустан бөлінген тридекапетидтің 50пг/мл мөлшерін вена ішіне енгізгенде, сақазан секрециясын тежейді. Сондықтан оны нейротензин деп атау ұсынылған.

Энкефалиндер (эндорфиндер) - жіңішке ішектің проксимальді бөлігінде, ұйқы безінде түзіледі. L-жасушалар. Ұйқы безі секрециясын тежейді, гастриннің босап шығуын күшейтеді, асқазан моторикасын қоздырады.

Субстанция Р- жіңішке ішекте түзіледі. ЕС1-жасушалар. Ішек моторикасын, сілекей бөлінуді күшейтеді. Инсулиннің босап шығуын тежейді.

Slide 24

Вилликинин- он екі елі ішекте түзіледі. ЕС1-жасушалар. Ас ішек жиырылуын реттейді. Жуан ішектің шырышты қабатының кірпікшелерін қозғалысқа келтіреді. Молекулалық массасы 1200, шығу табиғаты белгісіз гормон. Ұзақ электрофорез жолымен қысқа тізбекті қышқылды полипептидтің екі фракциясы анықталды: біріншісі, кірпікшелердің қозғалысын белсендіреді, екіншісі тежейді.

Энтерогастрон- он екі елі ішекте түзіледі. Секреторлық белсенділікті және асқазан моторикасын тежейді.

Серотонин- асқазан-ішек жолында түзіледі. ЕС1, ЕС2-жасушалар. Тұз қышқылының бөлінуін тежейді, пепсин мөлшерін реттейді, ұйқы безінің секрециясын, ішек секрециясын белсендіреді

Slide 25

Инсулин- ұйқы безінде түзіледі. Бета- жасушалар. Жасушалық мембрана арқылы зат алмасуды, глюкоген түзілуді реттейді. Липолизді тежейді, ақуыз синтезін белсендіреді

Глюкагон- ұйқы безінде түзіледі. Альфа- жасушалар. Көмірсу белсенділігін арттырады; асқазан, ұйқы безі секрециясын, асқазан-ішек моторикасын тежейді.

Гистамин- асқазан-ішек жолында түзіледі. Ұйқы безі мен асқазан бездерінің бөлінуін реттейді. Асқазан-ішек жолы моторикасын белсендіреді. Капиллярларды кеңейтеді

Slide 26

СекретиГлюкагон

н

ұйқы безінің альфа- клеткаларында орналасқан

он екі елі ішектің шырышты қабатының аргирофильді клеткаларында түзіледі.

Slide 27

Ұйқы безі сөлінен бикарбонат пен ферменттің бөлінуіндегі секретиннің әсерін тежейді.

ұйқы безі және ішек глюкагоны көмірсу ыдырауын белсендіреді,

глюкагонның липокинетикалық және глюкогенолитикалық белсенділігі тіркеледі.

адамның асқорыту секрециясын тежейді. Глюкагон әсерінен бүйректен калий, кальций, натрийдің шығуы күшейеді,

сарысудағы кальций концентрациясы төмендейді, сілекейдегі протеин мен амилаза құрамы көбейеді, катехоламиннің шығуы күшейеді.

глюкагон адамның асқазан және жіңішке ішек қызметін тежейді.

Ұйқы безі глюкагоны:

н

Slide 28

Тамақ қабылдағанда ішек глюкагоны ұйқы безінің глюкагонына қарағанда тез көбейеді, бұл сарысуда инсулин деңгейінің жоғарылауымен және қанда глюкоза концентрациясы төмендеуінен көрінеді. Ішек глюкагон мөлшері он екі елі ішекке глюкозаның гипертониялық ерітіндісін енгізгенде көбейеді, триглицерид енгізгенде керісінше азаяды

Slide 29

Гастроингибирлеуші полипептид (ГИП)

Он екі елі ішек және ұйқы безінің D- клеткаларында орналасқан. ГИП бар клеткалардың көбі он екі елі ішектің ортаңғы бөлігінде орналасқан.


Ұқсас жұмыстар
Ұйқы безі гормондарының биохимиясы. Бүйрек үсті қыртысты және милы қабығының гормондарының биохимиясы
Заттар алмасуының реттелуі. Гормондар алмасуының биохимиясы
ГОРМОНДАРЫ КІРІСПЕ
Гонадотропты гормондар
Көмірсу алмасудың диагностикасы
Гормондардың биохимиясы. Гормональді реттелу бұзылыстары. Заттар алмасуының гормональды реттелуі
Йодтың адам ағзасындағы артық мөлшері
Қан плазмасының ақуыздары
Бұлшықет тінінің биохимиясы
Қалқанша без эндокринді жасушалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz