Өт қабы мен өт шығару жолдарының гистологиясы туралы




Презентация қосу
Семей Медицина Университеті
Анатомия және гистология кафедрасы.

СӨЖ
Өт қабы мен өт шығару
жолдарының гистологиясы.
Орындаған: Бақытова Айым
Топ: 238
Факультет: ЖМ
Тексерген: Секей.Н.С.

Семей, 2018 жыл
Жоспар:
I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім;
2.1 Өт шығару жолдарының сипаттамасы мен құрылысы :
бауырішілік және бауырдан тыс;
2.2 Өт қабы қабығының функциялық сипаттамалары,
құрылысы;
III. Қорытынды;
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.
Ӏ Кіріспе.
Өт (bіlіs, fel) – адам мен омыртқалы жануарлардың бауырындағы безді
клеткалардан бөлінетін сарғыш-қоңыр түсті сұйықтық. Өт тәулік бойы үздіксіз
бөлінгенмен, оның бөліну жылдамдығы, көлемі әр түрлі өзгеріп отырады, ол
асқабылдау мерзіміне сәйкес келеді. Өтте бауырдан бөлініп шығатын өт
сұйықтығы жиналады.
Өттің ұзындығы 5-14 см аралығында, ені 2,5-4 см аралығында болады.
Сыртқы қабаты (терісі) жұқа әрі созылмалы болып келетін өтке 200 мл
мөлшеріндегі өт сұйықтығы сыйып кетеді. Өттің түсі — қою жасыл түс.
• Бөлікаралық өт өзектері, қақпа көк тамыры және бауыр артериясы
үштіктер түзейді.
Бөлікаралық өт өзектердің қабырғасы бір қабатты аласа призмалы, ал
үлкен өзектерде жиекті биік призмалы эпителийден және болбыр
дәнекер тінінің жұқа қабатынан тұрады. Өзектердің эпителий
жасушаларының жоғарғы бөліктерінде өт құрамына кіретін заттар
түйіршіктер немесе тамшылар түрінде жиі кездеседі. Осыған сүйеніп,
бөлікаралық өт өзектері секреторлық қызмет атқарады деп болжайды.

Кілегейлі қабық бір қабатты биік призмалық эпителийден және
дәнекер тіні жақсы жетілген меншікті қабаттан тұрады. Бұл өзектердің
эпителиі үшін оның жасушаларына лизосомалар мен өт пигменттерінің
қосындыларының болуы тән. Кейбіреулер мұны өзек эпителиінің
резорбциялық, яғни сіңіру қызметінің дәлелі деп санайды. Эпителийде
бокал тәрізді жасушалар кездеседі, олардың саны өт жолдары
ауруларында тез өседі. Өт өзектерінің меншікті қабаты бойлай және
айнала орналасқан эластикалық талшықтарға бай болуымен
ерекшеленеді. Онда аздаған мөлшерде кілегей бездері бар.
• Ет қабығы жұқа, араларында көп дәнекер тіні бар, бірыңгай салалы ет
шоғырлары шиыршықты орналасады. Ет қабығы өзектердің белгілі бір
аймақтарында өт өзегінің өт қабына және жалпы өт өзегінің ұлтабарға ауысқан
қабырғасында жақсы білінеді. Бұл жерлерде бірыңгай салалы ет
жасушаларының шоғырлары негізінен айнымалы болып орналасады. Олар
өттің ішіктерге құйылуын реттейтін сфинктілерді құрайды.
Бауырдан шыққан өт өт қапшығында жиналады. Өт қапшығының өзінде өт
жасалмайды. Бауырдан келген сұйық күйіндегі өт, қапшықта ұзақ
сақталғандықтан, сұйықтық қайта сорылады да өт қоюланады. Тағам майлы
болған кезде өт қапшығы өтті ұлтабарға өткізіп жібереді. Өйткені майдың
үлкен түйіршіктерін өт бөлшектеп, ыдыратып, ферменттерге даярлап береді

Бауырдан шығатын сыртқы өт жолдарының құрылысы бір - біріне ұқсас. Бұлар
диаметрі 3,5 – 5 мм –дей.
Өт қапшығы – қабырғасы 1,5 – 2 мм, сыйымдылығы 40 – 70 мл болып келген
қапшық, қабырғасында үш қабығы бар. Кілегейлі қабығының меншікті
пластинкасында альвеолярлы – түтікшелі бездер орналасқан. Ет қабығы тегіс
салалы миоциттерден тұрады. Сыртқы адвентициальді қабығы – тығыз
талшықты дәнекер тіні.
Өт қабының қызметтері:
Өттің депосы (өт жиналады);
Өттің құрамындағы сұықтықты сорып концентрациясын реттейді;
Шырышты бөледі;
Өт жолдарының бітелуінің алдын алу (ісік,тастардың пайда болуы);
Өттің атқаратын қызметтері:
- ұйқы безі және ішек сөлдері ферментін белсендендіреді;
- майларды ұсақ тамшыларға (оның бетін ферменттермен
әрекеттесуін күшейту) бөлшектеу;
- май қышқылдарының ерітілуін күшейту;
- аш ішек қабырғасының жиырылуын белсендендіру;
- ішектегі шіру процесін тоқтатады;
- өтті қорға жинау;
- өттің сұйық құрамын сору арқылы өтті түзу;
- шырышты секрет бөлу;
• Қорытынды
Бауырда өт толассыз түзіледі, себебі өт бауыр Жасушаларының
түзіндісі ғана емес, бөліндісі де болып табылады. Өттің құрамында ас
корыту процесіне қатыспайтын холестерин, лецитин, холин,
дезоксихолин, литохолин, өт ішгмештері (билирубин,биливердин)
сияқты зат алмасу өнімдері де болады. Ал, ішек қуысына өт тек ас
қорыту үстінде қорек қабылдаумен байланысты бөлінеді. Қоректену
аралығында өт өт қапшығында жиналады. Жылқыда, түйеде, бүғыңа,
кептерде, егеуқүйрықта өт қабы болмайды, оның рөлін бауыр өзегінің
кеңіген жері - өт цистернасы атқарады. Сондықтан организмде өттің екі
түрі болады бауыр өті және қапшық өті. Олар бір-бірінен негізінен
физикалық қасиеттерімен ерекшеленеді. Қапнтың өті қоюлау, қоңыр-
қай келеді де, оның тұтқырлығы мен тығыздығы бауыр өтімен
салыстырғанда жоғары болады. Оның себебі өт қабынан судың едәуір
мөлшері кері сорылады. Қапшық өтінің құрамында 85% су болса,
бауыр өтінде бұл көрсеткіш 97,5% құрайды.
•Пайдаланылған әдебиеттер:
• Гистология, цитология және эмбриология атласы
медицина жоғары оқу орындарының студенттеріне
арналған Р.Б. Абильдинов, Ж.О. Аяпова, Р.И. Юй. –
Алматы «Эффект» баспасы, 2006. -416 б.
• https://kk.wikipedia.org/wiki/Өт
• https://kazmedic.org › Теориялық білім › Адам
анатомиясы

Ұқсас жұмыстар
Өт қабы мен өт шығару жолдарының гистологиясы
Ішкі аурулар
Бауыр өтінің тығызд
Өт қапшығы және өт шығару жолдарының гистофункционалды сипаттамасы
Өт қапшығы мен өт шығару жолдарының гистофункциялық сипаттамасы
Өт қапшығы мен өт шығару жолдарының гистофункциялық сипаттамасы туралы
Бауырдың созылмалы аурулары
Жануарлар ішкі аурулары клиникалық балаумен пәні
Өттің құрамы мен қасиеттері. Жаңа туылған балалардың қасиеттері. Жаңа туылған балалардың физиологиялық сарғаюы физиологиялық сарғаюы
Бауыр топографиясы
Пәндер