Иондық каналдар мен тасымалдаушылар құрылысы мен қызметі. Электрогенез механизмі


Slide 1

Иондық каналдар мен тасымалдаушылар құрылысы мен қызметі. Электрогенез механизмі.

Семей мемлекеттік медицина университеті

Қазақстан тарихы және жалпы білім беру пәндер кафедрасы

Орындаған: 105-топ студенті Антеев А. Қ.

Тексерген: Кусаинова К. Т.

2018 ж

СӨЖ

Slide 2

1. Иондық канал түсінігі.

2. Иондық каналдардың түрлері . Олардың мен атқаратын қызметі.

3. Электрогенез механизмі.

4. Қорытынды

5. Пайдаланылған ақпарат көздері

Жоспар:

Slide 3

Мембранадағы тасымалдау түрлері

Траспортерлар

Транслоказалар

Иондық каналдар

3

Slide 4

Иондық каналдар дегеніміз не?

4

Иондық арналар - мембраның бимолекулярлы каркасына еңген, оны тігіп өтетін және заттардың электрохимиялық градиент бойынша тасымалдауын қамтамасыз ететін ақуыздардан туратын комплекс

Slide 5

Иондық каналдардың құрылысы

5

ИК трансмембраналық саңылау болу үшін конформацияланған және ол мембрананың липидті қабатына «жабысқан». Каналдық ақуыздық комплекс бір ақуыз молекуласынан немесе бірнеше біркелкі және әр-түрлі ақуыздық суббірліктерден тұруы мүмкін. Барлық ИК-дың осы суббірліктерінде реттегіш домендер болады. Олар басқарушы заттармен байланыса алу қасиетіне сәйкес каналдың құрылымы мен қызметін өзгертеді. Сонымен қатар құрамында модуляциялық, құрылымдық немесе тұрақтандырушы функцияларды орындайтын қосымша қосалқы суббөліктерден және мембрананың электр потенциалының сенсоры ретінде жұмыс істейтін оң зарядталған аминқышқылдардың арнайы жиынтығына (потенциал-басқарушы) ие болуы мүмкін

Slide 6

ИК қасиеттері:

6

Іріктелгіштік - ИК-дың тек белгілі иондарға ғана өткізгіштігі жоғары болады.

Басқарылатын өткізгіштік-канал белгілі бір күштің әсерінен ашылып жабыла алады.

Инактивация - ИК ашылуын белсендірген күш әлі әсер етіп тұрса да автоматты түрде өткізгіштігін төмендетуі.

Бұғатталу-антагонист немесе блоаторлар көмегімен басқарушы күшке жауап қайтармай алады.

Икемділік - ИК өз қасиеті мен сипатын өзгерту қабілетіне ие.

Slide 7

ИК қызметтері:

7

Мембрана арқылы ион тасымалын қамтамасыз ету;

Сумен алмасуды реттеу;

pH-ты реттеу;

Ион алмасуды реттеу;

Мембраналық потенциалды тудыру мен өзгерту;

Қозушы клеткаларға қозуды өткізу;

Сенсорлық рецепторда трансдукция(тітіркенуді қоздыруға айналдыру) ;

Клетка белсенділігін өзгерту;

Slide 8

Иондық каналдар түрлері

8

Slide 9

9

Қалыпты жағдайда толығымен ашық болып, саңылау арқылы клетка ішіне және сыртына үздіксіз калий ионын тасымалдап отырады.

Басқарылмайтын ИК

Slide 10

10

Деполяризация кезінде ашылып, клеткаға өзінің бойымен натрий (постсинапс) немесе кальций ионын(пресинапс) өткізеді

Потенциал-басқарылатын ИК

Slide 11

11

Медиатордың (лиганда) әсерінен ашылып, қоздырылған постсинаптық потенциал түрінде деполяризация тудыртатын натрий иондарын өз бойымен клеткаға өткізеді.

Хемо-басқарылатын ИК

Slide 12

12

Сенсорлық рецепторларда орналасып, тітіркендіргіш әсерінен ашылады.

Стимул-басқарылатын

Slide 13

Электрогенез механизмі.

Электрогенез грек тілінен аударғанда даму дегенді білдіреді. Электрогенез - тірі клетка ішінде иондардың біркелкі таралмауын қамтамасыз ететін физика-химиялық процестер жиынтығына негізделген тірі табиғаттағы әсер потенциалының пайда болуы.

13

Slide 14

Ыдысты жартылай өткізетін мембранамен бөлеміз және оның екі жағына да концентрациясы әртүрлі бір электролит ерітіндісін құямыз. Мембрана бір таңбалы ионды ғана өткізсін. Ыдыстың екі жағындағы калий хлоридінің концентрациясы. Калий иондары сол жақтағы ыдыстан оң жақтағы ыдысқа өтеді, ал мембрана арқылы өтпеген хлор иондары ыдыстың сол жағында қалып қалады. Сондықтан калий иондары оң зарядталған, сондықтан дысытың оң жағында оң зарядтар көп, ал ыдыстың сол жағындағы калий иондарын жоғалтқан бөлігі теріс зарядталады. Осы кезде пайда болған электр өрісі калий иондарының ары қарай диффузиялануына бөгет жасайды да, ол процесс тоқтайды. Мембрананың қарама-қарсы жағында калий және хлор иондарынан тұратын екі электр қабаты пайда болады, ол концентрация градиентіне кері бағытта.

14

Slide 15

ИК-тірі ағза құрылымында негізгі тасымалдауыш қызмет атқарады. Тек қана мембрананың липидтік фазасы арқылы ғана өтетін болса, онда олардың ағыны жеткіліксіз болушы еді. ИК-дың құрылымы әртүрлі және осыған сейкес қасиеті де көп. Біз оларды функционалдығына байланысты жіктейміз. Сонымен қатар биологиялық мембрананың электрлік қозу қасиетінің өзгерісі иондық арнаның әсеріне тәуелді. ИК-липидтік қосқабаттан өткен, бірнеше дискреттік күйде бола алатын ақуыз макромолекулалары. Іріктелегн Na+ К+ Са2+ иондары үшін каналдардың қасиеттері мембраналық потенциалдың мәніне сәйкес.

Қорытынды:

Slide 16

Пайдаланылған ақпарат көздері:

Сайбеков Т., Көшенов Б. Медициналық Биофизика. Алматы: Қарасай, 2015. 125-бет

http://kineziolog. su/content/ionnye-kanaly-membrany

http://referat. yabotanik. ru/fizika/mehanizm-jelektrogeneza-v-kletkah/241838/227217/page4. html

16


Ұқсас жұмыстар
Биологиялық мембрананың өткізгіштік механаимі. Иондық каналдар және тасымалдаушылардың құрылысы мен функциясы. Электрогенез механизмі
Мембрана құрылысы
Ионды каналдар
Биологиялық мембраналардың қызметтері
Биологиялық мембраналар. Иондық каналдар. Электрогенез механизімі
Иондық каналдар
ӨСІМДІКТЕРГЕ СЫРТҚЫ ОРТАНЫҢ ҚОЛАЙСЫЗ ЖАҒДАЙЛАРЫНЫҢ ӘСЕРІ
Интегралдық белоктар
Химиядағы органикалық реакциялардың жүру механизмдері
Мембрана құрылысының бұзылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz