Өт шығару жолдарының сипаттамасы мен құрылысы бауырішілік және бауырдан тыс. Бауырдан тыс өт өзекшелері қабығының тіндік құрамы


Slide 1

Семей Медицина Университеті Анатомия және гистология кафедрасы

Тақырыбы: Өт шығару жолдарының сипаттамасы мен құрылысы: бауырішілік және бауырдан тыс. Бауырдан тыс өт өзекшелері қабығының тіндік құрамы.

Орындаған: 220 топ Қойшыбаева Д. М.

Тексерген: Мусайнова А. К.

Семей 2018ж

СӨЖ

Slide 2

1. Кіріспе бөлім 2. Негізгі бөлім 2. 1. Бауырішілік өт шығару жолдарының тіндік құрамы 2. 2. Бауырдан тыс өт шығару жолдарының тіндік құрамы 2. 3. Өт жолдарының бұзылыстары 3. Қорытынды

Жоспар:

Slide 3

Өт(bіlіs, fel) - адам мен омыртқалы жануарлардың бауырындағы безді клеткалардан бөлінетін сарғыш-қоңыр түсті сұйықтық. Өт тәулік бойы үздіксіз бөлінгенмен, оның бөліну жылдамдығы, көлемі әр түрлі өзгеріп отырады, ол ас қабылдау мерзіміне сәйкес келеді. Организмдегі өт, бауыр өті және қапшық өті болып бөлінеді. Ас қорытудан тыс уақытта бауыр өті өт қапшығына жиналып, судың, әр түрлі тұздардың (электролиттердің) кері сорылуына байланысты қоюланып сақталады. Бауыр өтінің тығыздығы - 1, 010 - 1, 015, ақшыл-сары түсті.

Кіріспе

Slide 4

Өт қапшығы өтінің құрамындағы негізгі заттардың (өт қышқылы тұздары, пигменттер, холестерин, майлы қышқылдар, аниондар, катиондар) тығыздығы бауыр өтімен салыстырғанда 5 - 10 есе жоғары болады. Қара-қоңыр түсті, қою, тұтқыр болып келеді. Өт түзу қалыпты бауыр клеткаларының (гепатоциттер) суды, өт қышқылдарын, билирубинді өт түтікшелеріне бөлуден басталады. Өт ішектегі өт майларының ыдырауына, бөлшектенуі мен сорылуына қажет. Ас қабылдаған соң өт ішекке құйылады, яғни, алдымен өт өзегіндегі өт, одан соң өт қапшығы өті, соңында бауыр өті түседі. Ішекке қапшық өтінің түсуі гормондық заттармен (секретин, холецистокинин) реттеледі, одан басқа, майлы заттар өт қапшығының жиырылуы мен босаңсуына себепші болады. Ересек адамдардың бауыры тәулігіне 500 - 700 мл өт бөледі. Жануарлардың, әсіресе, ірі қара малдың өтінен алынған препараттар медицинада кеңінен қолданылады.

Slide 5 Slide 6

Өт шығару жолдары:

Slide 7 Slide 8

Бөлікше аралық өт өзектері қақпалық көктамырдың және бауыр артериясының тармақтарымен бірігіп бауырда үштіктер құрайды. Бөлікше аралық өзектердің қабырғасы бірқабатты текшелі, ал ірілеу өзектерде жиекшелі цилиндр тәрізді эпителийден және борпылдақ дәнекер тінінің жұқа қабатынан құралады. Өзектердің эпителийлік жасушаларының апикальдық бөліктерінде дән немесе тамшылар түрінде өттің құрамдық бөліктері жиі анықталады. Осының негізінде бөлікше аралық өт өзектерін секреторлық қызмет атқарады деп топшылайды.

Бауыр ішілік өт шығару жолдарының тіндік құрамы

Slide 9

Бауырдың, өт қабының, жалпы өт өзегінің құрылыстары шамамен бірдей. Олар диаметрі 3, 5-5 мм шамасындағы, қабырғасы үш қабықшадан тұратын жіңішке түтікшелер. Шырышты қабықша бірқабатты биік призмалық эпителийден және жақсы дамып жетілген дәнекер тіннен(меншікті табақша) тұрады. Бұл өзектердің эпителиіне оның жасушаларында лизосомалардың және өт пигменттерінің болуы тән, ал бұл өзек эпителийлерінің резорбциялық, яғни сіңіру қызметінің белгісі болып табылады. Эпителийдің құрамында эндокринді және бокал тәрізді жасушалар кездеседі. Ақырғылардың саны өт жолдарының аурулары жағдайында күрт артады.

Бауырдан тыс өт шығару жолдарының тіндік құрамы

Slide 10

Өт өзектерінің шырышты қабықшаларының меншікті табақшасында эластикалық талшықтар молынан анықталып, олар бойлай және айналмалы бағытта орналасады. Оның құрамында аздаған шырышты бездер болады. Бұлшық ет қабықшасы жұқа, айналмалы бағытталған жазық миоциттердің шоғырларынан және олардың араларында орналасқан дәнекер тіннің әжептеуір мөлшерінен тұрады. Бұлшық ет қабықшасы өзектердің белгілі аймағында ғана жақсы жетілген: өт қабының қабырғасында - оның өт қабына ұласқан жерінде және жалпы өт өзегінің қабырғасында - оның он екі елі ішекке құятын аймағында. Бұл жерлерде жазық миоциттердің шоғырлары негізінен айналмалы бағытта орналасады. Олар өттің ішке түсуін реттейтін сфинктерді түзейді. Адвентициалды қабықша борпылдақ талшықты дәнекер тіннен тұрады.

Slide 11 Slide 12
Ұқсас жұмыстар
Бауыр өтінің тығызд
Өт қабы мен өт шығару жолдарының гистологиясы
Өт қабы мен өт шығару жолдарының гистологиясы туралы
Өттің құрамы мен қасиеттері. Жаңа туылған балалардың қасиеттері. Жаңа туылған балалардың физиологиялық сарғаюы физиологиялық сарғаюы
Өт қапшығы және өт шығару жолдарының гистофункционалды сипаттамасы
Бауыр үлестері
Асқазан ішек жолдарының функциясы бұзылуы
Өт қапшығы мен өт шығару жолдарының гистофункциялық сипаттамасы туралы
Өт қапшығы мен өт шығару жолдарының гистофункциялық сипаттамасы
Ішкі аурулар негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz