Стероидты гормондардың синтезі және олардың міндеттері. Менструальді фазалар бойынша эстрогендер мен прогестиндер қарым -қатынасы


Slide 1

Семей мемлекеттік медицина университеті

С. О. Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Стероидты гормондардың синтезі және олардың міндеттері. Менструальді фазалар бойынша эстрогендер мен прогестиндер қарым -қатынасы

Орындаған: Мусатаева Г. Б

235-ЖМ тобы

Тексерген: Советов Б. С

Семей 2018ж

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

- Стероидты гормондар туралы түсінік

және олардың әсер ету механизмі

- Жыныс гормондары : эстрогендер мен

прогестиндердің қарым-қатынасы

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Slide 3

Стероидты гормондар - омыртқалы және кейбір омыртқасыз организмдердің маңызды гормондарының бірі. Олар көп клеткалы организмнің фундаментальды процестердің - қалыпты өсудің, адаптацияның, көбеюдің және метаболизмнің регуляторы болып табылады. Стероидты гормондар көбінесе бүйрек үсті безінің қабығында, жыныс бездерінде холестериннен синтезделеді Бүйрек үсті безінің экстрактынан 30 шамасындай стероидты гормондар бөлініп алынған. Олар химиялық табиғаты жағынан өте ұқсас, олардың бәрінің құрамында ядросы бар.

Slide 4

Стероидты гормондар холестериннен синтезделеді, ол холестерин стериогенді клеткаларға қаннан келіп түседі немесе ацетил КоА-дан синтезделеді. Бұл клеткаларда холестерин май клеткаларымен қосылып, эфир түрінде цитозольдың липидті тамшыларында да оданары қарай холестеразаның әсерінен мобилизацияланып, митохондрияларға түседі.

Стероидты гормондардың синтезделуі

Slide 5

биологиялық мәні:

Белокты, амин қышқылды және көмірсулы алмасуды реттейді.

Клетка-нысаналардың цитозольды рецепторларымен байланысып, клетканың әрбір түріне тән заттар алмасуының өзгерістерін тудырады.

Бауыр мен бүйректен басқа барлық тканьдерде глюкокортикоидтар, белоктар, нуклеин қышқылдары және липидтер алмасуына катоболитикалық әсер көрсетеді.

Организмнің метоболиттік және энергетикалық қажеттілігін қамтамасыз етеді.

Slide 6

биологиялық мәні:

Электролиттердің және судың алмасуын реттейді.

Тердің құрамындағы Na иондарының шығарылуын азайтады, сілекейде, сүтте және басқа да бездердің сөлінде Na иондарының мөлшерін азайтады.

Миокард, бұлшықет және басқа мүшелердің клеткаларынан К иондарының орнына Na иондарының шығуын белсендіреді.

Бүйректе судың реабсорбциясын күшейтеді.

Ренин-ангиотензин-альдостнрон жүйесі - құсу, терлеу, диарея, қан кетуден туындайтын қанның сұйық бөлігінің көлемін қайта қалпына келтіреді.

Slide 7

Эстрогендердің биологиялық мәні:

Әртүрлі мүшелер мен тканьдердің құрылымы мен қызметінің ерекшеліктерінің қалыптасуына (бауыр, бүйрек, сүйек, сүт бездері, жүйке жүйесі, май және дәнекер тканьдері) әсер көрсетеді.

Әйелдің жыныс циклдерінің ритмін қамтамасыз етеді

Slide 8

Андростерон

Эстриол

Slide 9

Гормондардың әсер ету механизмі

Slide 10

Эстрогендер - Әйелдік жыныс гормондары, олар негізінен фолликуладардың ішкі қабатының клеткаларында және аналық бездердің фолликулдары қабатының гранулезды клеткаларында, сары денеде плацентада синтезделеді. Бұл гормондардың белгілі бір мөлшері аталық бездің лейдиг клеткаларымен және бүйрек үсті безінің торлы қабатының клеткаларымен өндіріледі.

Эстрогендер биосинтезі үшін бастапқы қосылыс холестерин болып табылады. Эстрогендердің өзгешелік құрылымы қалыптасуының маңызды кезеңдері мыналар:

Slide 11

Эстрогендердің негізгі арнайы әсер етуі - бұл біріншілік және екіншілік әйел жыныс белгілерінің дамуын реттеу болып табылады. Эстрогендер жатыр мен фоллокиев түтікшесінің өсуін күшейтеді. Жатырдың бұлшық етінің гипертрофиясы, шырышты қабатының пролиферациясы, қан тамырларының өсуі, қынап эпителиінің гипертрофиясы жүреді. Жатырдың окситоцинге сезімталдығы жоғарылайды. Эстрогендер сүт бездерінің, сүт жолдарының, емізіктің дамуын реттейді. Оның әсерінен екінші реттік жыныс белгілері қынапта (лобковая кость) түктердің өсуі, қолтықта өсуі, әйелге тән майдың таралуы дамиды. Эстрогендердің секрециясы төмендесе немесе болмаса әйел ағзасындағы жыныс мүшелері инфантильді (өспей) қалады, екінші белгілері де дамимайды.

Slide 12

Әйел және ерлер ағзасының репродуктивті емес тканьдерінде эстрогендер анаболитикалық әсер етіп, белоктар, РНҚ, ДНҚ синтезін май қышқылдары мен фосфолипидтер синтезін жеделдетеді. Эстрогендер пентозды жолмен көмірсулардың тотығуын және НАДФН2 жинақталуын жеделдетеді және холестерин синтезін баяулатады, Са++ иондарының бөлінуін азайтады да, олардың сүйек тканінде жинақталуын жеделдетеді.

Жыныстық жетілу кезеңіне дейін эстрогендердің жетіспеушілігі жыныс сферасы мүшелерінің және екіншілік жыныс белглерінің дамуының тежелуіне, жыныс циклдары қалыптасуының бұзылуына интерсексуалдық, әйел немесе еркектік тип бойынша жалған гермафродитизмге әкеліп соғады.

Slide 13

Прогестерон

Прогестиндердің (гестагендер) ең басты өкілі, негізінен аналық бездердің сары денесінде және плацентада синтезделеді. Прогестиндердің негізгі бір бқлігі аналық бездер фолликуласында және аталық бездердің лейдиг клеткаларында тұзіледі. Бүйрек үсті безінің қабатында прогестиндер холестериннен кортикостероидтардың биогенез жолында өтпелі өнім болып табылды. аталық бездердің сары денесінде прогестерон прегненолон түзілу кезеңі арқылы холестериннен синтезделеді.

Slide 14

Әйел ағзасында прогестерон синтезі овариальды циклдың лютеинді кезеңінде күшейеді және гипофиздың лютеониздеуші гормонымен, ал жүктілік кезеңінде-хориондық гонадотропинмен ынталандырылады. прогестерон мен оның аналогтары жыныстық даму процесінде екінші дәрежелі қызмет атқарады.

Прогестиндер

Прогестиндер жатырды жұктілікке дайындайды, гипоталамустың циклды орталығының белсенділігінмжәне аналық бездерде фолликулдың жетілуін, овуляцияны тежейді. Бұл кезеңде сары дене тәулігіне 20мг прогестеронды бөледі.

Прогестеронның жүктілікке дайындыққа қатысуы мынада: бұл гормон эндометрияның өсуін ынталандырады, ол ұрықтанған жұмыртқа клеткасының эндометрияға жылжуы мен имплантациясы үшін қажет. Миометрия клеткасының мембраналық потенциалын тұраұтандыру және механикалық пен электрлі беелсенділікті тежеу арқылы жатырдың окситоцинге сезімталдығын азайтады, бүл жүктіліктің сақталуын қамтамасыз етеді.

Slide 15

Аналық безде эстрогендермен қатар сары дене гормоны (геста-гендер) және андрогендер түзіледі. Сары дене гормондары - прогестерон, прогненол - ұрықтану және ұрпақ көтеру процестерін реттейді.

Прогестерон буаздық кезінде гипофиздің гонадотроптық гормондарының түзілуін, фолликуланың дамуын, жатырдың жиырылуын бөгеп, ұрықтың өсуіне, сүттену процесінің басталуына ықпал етеді.

Менструальды фазадағы гормондар қарым-қатынасы.

Slide 16 Slide 17

Фолликулярлы фазада гипофизбен ФСГ секрециясы біріншілік фолликулалардың өсуі мен дамуын ынталандырады, сонымен қатар фолликулярлы эпителий жасушаларымен эстрогендер өндірілуін үстемелейді.

Овуляторлы кезеңдегі ЛГ деңгейінің жоғарылауынан прогестерон бөлетін сары дене түзіледі. Прогестрон жаңа фолликулалардың өсуі мен дамуын тежейді, сонымен қатар эндометрийге ұрықтанған аналық без жасушасының енуіне қолайлы жағдай жасайды.

Овариальды (менструальды) циклдің ұзақтығы қалыпты жағдайда 21- 35 күн.

Менструальды кезеңнің үш фазасын ажыратады: менструальды (эндометрийдің десквамация фазасы), менструациядан кейінгі (эндометрийдің пролиферация фазасы), менструация алды (функциональды немесе секреторлы фаза) . Соңғы екі фаза арасындағы шекара овуляция болып табылады. Менструальды циклдің басы менструацияның бірінші күнінен бастап саналады.

Slide 18

Пебуртатты кезеңнің басталуына дейін аналық бездерде гонадотропиндерге тәуелсіз біріншілік фолликулалардың баяу өсіп дамуы жүреді. Жетілген фолликулалардың бұдан әрі қарай дамуы тек гипофиздің гормондары арқылы ғана іске асады: фолликулстимулдеуші (ФСГ), лютеиндеуші (ЛГ) гормондар деп аталады.

Овариальды циклде екі фазаны ажыратады- фолликулярлы және лютеинді, бұл өз кезегінде екі жағдаймен сипатталады - овуляция және етеккір

Slide 19 Slide 20

Етеркір циклінің реттелуі нейроэндокринді және шеткі перифериялық құрылымдармен реттеліп отырады. Толықтай айтатын болсақ, ерекірдің реттелуінде 5 сатысы бар. Олар:

1. Етеккір реттеудің бірінші сатысы (жоғарғы) : ОЖЖ, бас миының қыртысы және экстрагипоталамикалық церебральді құрылымдар (лямбиялық жүйе, гипокамп) .

2. Етеккірді екінші реттеуші орталығы гипоталамус болып табылады. Гипоталамус либерин бөлу арқылы стимулдеуші, статин бөліп тежеуші қызметті атқарады. Гипоталамустың нейросекреторлық қызметі ағзадағы жыныс гормондарының мөлшеріне, ОЖЖ бөлген нейротрансмиттер және нейропептидтерге байланысты.


Ұқсас жұмыстар
Стероидті гормондардың синтезі және олардың міндеттері. Менструальді фазалар бойынша эстрогендер мен прогестиндер қарым-қатынасы
СТЕРОИДТЫ ГОРМОНДАРДЫҢ СИНТЕЗІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ. МЕНСТРУАЛЬДЫ ФАЗАЛАР БОЙЫНША ЭСТРОГЕНДЕР МЕН ПРОГЕСТЕРОНДАР ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ
Стероидты гормонының синтезі және олардың міндеттері. Менструальды фазалар бойынша эстрогендер мен прогестерондар қарым-қатынасы
Стероидты гормондардың биосинтезі және олардың міндеттері
Аналық жыныс гормондарының препараттары
Стероидты гормондардың канцерогендік әсері
Сигналдық молекулаларға жалпы сипаттама. Гормондар
Жыныс гормондары
Жыныс бездерінің гормондары
Аталық жыныс безі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz